Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

XI-XII ғасыр ескерткіштеріндегі көнерген зат есімдер

Мақалада орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі зат есімдердің қазіргі қазақ тілі тұрғысынан қаншалықты дәрежеде көнергені әңгімеленеді. Бірқатар зат есімдер сыртқы пішіні өзгергенмен ішкі лексикалық мазмұнын қазақ тілінде сақтап қалған. Керісінше зат есімдердің ендігі бір тобы сыртқы пішіні өзгермегенімен, ішкі лексикалық мазмұны өзгерген. Бірқатарының ескі мағыналары жойы­ лып кетсе, бірқатары тың лексикалық мағыналар қосып алған.

Қазіргі тіл білімінде «көне сөздер», «тарихи сөздер» деген ұғым бар. Көне, тарихи сөздерді, көне дəуірлерге тəн құбылыс болғандықтан, қазіргі заманның адамдары түсіне бермейді. Ол атаулардың бірқатары қазіргі тілдің лексикасынан мүлдем шығып қалған болса, едəуір бөлігі актив лексикадан пассив лексикаға ауысқан. Көне түркі жазба ескерткіштерін оқығанда да осындай түсініксіз сөздер ұшырасып қалады. Қазіргі тілдердегі көне сөздерден олардың айырмашылығы өз заманында жиі қолданыста болып, архаизмге айналмаған. Демек, ескерткіштер тіліндегі қазіргі оқырмандарға түсініксіз сөздер – осы кездің тұрғысынан ғана архаизм сияқты болып көрінетін лексикалық тұлғалар. XI-XII ғасырлардағы архаизмдерді (көне сөздерді) анықтау біздің міндетімізге жатпайды. Көне түркі жазба ескерткіштері лексикасында біршама дəрежеде ұшырасатын сөздерді қазіргі қазақ тілі тұрғысынан «көне сөздер», «көнерген сөздер» деп атасақ, мұның өзі шартты. Бұл, қайталап айтамыз, ол сөздер орта ғасырларда-ақ «көне сөзге айналған», «көнеріп кеткен» деген түсінік емес. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көнерген зат есімдерді 1) қазақ тілі лексикасында ұшырасатын көнерген зат есімдер, 2) қазақ тілі лексикасынан мүлдем шығып қалған көне зат есімдер деп екіге бөліп қарауға болады. Қазақ тілінде ұшырасатын көнерген сөздерді біз өз тарапымыздан алты топқа бөлдік: 1) түбірі де, жұрнағы да жекелей алғанда қазіргі тілдерде қолданыста болғанымен, бұрынғы тіркесімділік қабілетін жойып алған атаулар; 2) дыбыстық өзгерістерге ұшырағандықтан, сыртқы фонетикалық тұрпаты көнерген сөздер; 3) қазақ тілінде көне түркілік сыртқы тұрпаты сақталғанымен, мағынасы сəйкес келмейтін (делексикаланған) сөздер; 4) түбірі тірі, жұрнағы өлі зат есімдер;

  1. керісінше, түбірі өлі, жұрнағы тірі зат есімдер; 6) лексикалық мағынасы көмескіленгенімен, этимологиясын тұспалдауға болатын зат есімдер.

Қазақ тілі лексикасынан мүлдем шығып қалған зат есімдерді: 1) бүкіл түркі тілдерінің сөздік құрамынан шығып қалған зат есімдер; 2) қазіргі тілдердің белгілі бір тобында ғана сақталып қалған зат есімдер деп екіге бөлуге болады. Бірақ бұл мəселе арнайы зерттеуді талап етеді. Бүкіл түркі тілдерінен шығып қалған сөздерді немесе белгілі бір тілдер тобында ғана сақталып қалған сөздерді айқындап, анықтау оңай жұмыс емес. Түркі тілдерінің белгілі бір тобында сақталып қалған сөздерді Б. Сағындықұлы үшке бөледі: 1) оғыз тобындағы тілдерге ғана тəн сөздер. Мысалы, алын (маңдай), бағырсуқ (іш), көлкә (көлеңке), соған (жуа), утан (ұялу), чоғ (көп) т.б.; 2) қарлұқ-ұйғыр тобындағы тілдерге ғана тəн сөздер. Мысалы, асығ (пайда), пуш (өкпе), көкүс (кеуде), кеслан (кесіртке), йарут (жарық ету) т.б.; 3) қыпшақ тобындағы тілдерге ғана тəн сөздер. Мысалы, бақыр (жез), күң (күң), таңсуқ (таңсық), үрк (үрку), сүңгү (сүңгі) т.б. [1, 12-13]. Ірі-ірі тілдер тобына жататын мұндай сөздер «Қутадғу билиг» жəне «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері тілін де де кездеседі. Енді осы ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көнерген сөздердің бірсыпырасын талдап көрелік.

Дыбыстық өзгерістерге ұшырағандықтан, сыртқы фонетикалық тұрпаты көнерген сөздер. Тарихи ескерткіштерде бірқатар туынды сөздер жоғарыда сипатталғанындай түбірі де, жұрнағы да қазіргі тілдерде жиі қолданыста болғанымен, тіркесу қабілетін жойып алғандықтан көне сөздердің қатарына қосылған. Енді бір алуан сөздер сыртқы тұлғасы адам танығысыздай дəрежеде өзгеріске ұшырап кеткендіктен, көне сөз ретінде ұғынылады. Әйтпесе бұрынғы кездің тұрғысынан да, қазіргі кездің тұрғысынан да олардың лексикалық мағыналары бірдей. Мұндай сөздерді мағынасы сақталғанымен, сыртқы фонетикалық тұрпаты көнерген сөздер деп атауға болады. Шату саты. Шату көрдім елиг аның бағнасы ҚБ 361 (Елу баспалдақты саты көрдім) Саты. Үйдің төбесіне, қораның үстіне шығуға арналған, екі таянышы бар баспалдақты ағаш, баспалдақ [2, 204].

Шату зат есімін осы заманғы оқырманға түсініксіз етіп тұрған дыбыстар ш ~ с жəне у ~ ы дыбыс сəйкестіктері ғана. Оғыз тілдерінде сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында қатаң ш дауыссызымен айтылатын сөздер қыпшақ тілдерінде қатаң с дауыссызымен айтылады. Көне түркі, орта ғасыр ескерткіштерінде екі, үш буынды, сондай-ақ көп буынды сөздерде ұшырайтын ерінді у дауыстысы уақыт өте келе қазақ тілінде езулік ы дауыстысына айналып кеткен. Міне, осы заңдылықтың нəтижесінде көне тіл мен жаңа тілдің айырмашылығын көрсететін шату – саты жарыспалы (параллель) сөздері пайда болған. Бірақ лексикалық мағынасы тепе-тең.

Қадаш. Бірге туған туыс, бауыр. Қадашың йоқ ерса йоры тут адаш Адаш едгү болса бу болды қадаш ҚБ 183 (Туысың жоқ болса, дос іздеп тап Досың ізгі болса, туыс бола алады). Қандас шығу тегі бір, бауырлас [3, 5].

Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде кездесетін өнімсіз -даш жұрнағы зат есімдерге қосылып, сол жалғанған түбірлердің нақты мағыналарына сəйкес туысқандықты, жақындықты, ниеттестікті, сондай-ақ əлеуметтік тұрмыс жағдайдарының ортақтығын білдіретін зат есімдер жасайды [4, 22]. Қазақ тіліндегі -дас (-дес, -тас, -тес) осы жұрнақпен тектес. Қа түбірі мен қан (дененің барлық клеткаларына қорек беріп тұратын, тамырларды қуалап ағатын қызыл сұйық зат) түбірін өзара салыстырсақ, ескерткіштер тілінде н үндісінің түсіріліп айтылғанын байқау қиын емес. Сөз соңындағы н дауыссызын үнемдеу – оғыз тілдеріне тəн заңдылық. Демек, н элизияға ұшыраған: қа ~ қан. Қадаш ~ қандас мағыналық жағынан алғанда «қаны бір» деген тура мағына береді. Осыдан «бірге туған туыс, бауыр, шығу тегі бір, бауырлас» деген ауыспалы мағыналар өрбіген.

Көлəга. Көлеңке. Көләга турур күнда артар өзи ҚБ 134 (Ол өзі – көлеңке, күн шыққанда жоғалады). Көлеңке. Белгілі бір заттың сәуле түсіп тұрған жағынан қарама-қарсы тұсына түсетін сәуле тосқауылының қараңғылығы [5, 148].

Үнді н дыбысы түсіріліп айтылуы себепті бұл сөздің де түр-тұрпаты өзгеріп кеткен. Қатар тұрған екі дауыссыздың бірі жойылған соң, екі дауыстының арасындағы к ұяңданып г-ге айналған. Бұл қыпшақ тілдері мен оғыз тілдерінің екі бағытта дамығандығын көрсетеді.

Инч. Тыныш, тыныштық. Бозун инчка тегди туруқ семриди ҚБ 227. (Халық тыныштыққа ие болды, тұралап қалғандар семірді). Тыныш. Тыным табужайшылық, алаңсыздық [6, 369].

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін де кейбір сөздердің басында т дауыссызының үнемдеу заңының əсерінен жойылып кеткенін айтып өткенбіз. Солардың бірі -инч. Көне түркі тілдері мен қазіргі тілдер арасындағы и ~ ы, ч ~ ш сəйкестерін есепке алсақ, инч ~ тыныш параллельдерінің сыры түсінікті болады.

Артут. Сый, сыйлық, тарту. Тапуғ тозғу бирла нең артут қылып ҚБ 86 (Қызметі мен құрметін көрсете отырып заттарды тарту етті). Мен артут қылайын шаһымға аны ҺХ 42 (Мен оны шаһыма сыйлық етейін). Тарту. Біреуге арнап берілетін ерекше сый, арналған бағалы зат [6, 36]. Дос тартуы, табиғат тартуы, т.б.

Мағынасы бірдей осы екі сөзді өзара салыстарғанымызда көне түркі тілінде алғашқы т дауыссызының, қазақ тілінде соңғы т дауыссызының элизияға ұшырағанын байқаймыз. Ежелгі дəуірде т (ат, ит, ут) тұлғасы көптік мағына беретін болған [7, 137-138]. Олай болса, көне түркілік артут көптік мағынада, қазақ тілінде гі тарту жекешелік мағынада тұр. Бірінде басқы дыбысының, екіншісінде соңғы дыбысының үнемделуі салдарынан екеуі екі басқа сөз сияқты ұғынылады.

Ақы. Жомарт, қолы ашықАқы суратин ким көрайин теса ҚБ 15 (Кім жомарттың келбетін көрейін десе). Ақы бол ақылық сени сəвдүрүр. ҺХ 260 (Жомарт бол. Жомарттық сені сүйіспеншілікке бөлейді). Сақы. Қолы ашық береген жомарт [2, 111].(2) Яғни ақы ~ сақы. Көне түркі тілінде сөз басындағы қатаң с дауыссызы элизияға ұшыраған. Сақы – түркі тілдеріне араб тілінен ауысқан сөз. «Һибат-ул хақайиқ» ескерткішінде бұл сөздің араб тіліндегі формасы сақталып қолданылған. Сахасы макарим йига дарманы ҺХ 50 (Асқан жомарттығы күллі аурудың емі). Осы сөз формадан ақылық (жомарттық) туынды сөзі жасалған. Ақылық била бег безүр ҚБ 224 (Билеуші бек жомарттығымен даңқы көтеріледі). Сақылық. Жомарттық, қолы ашықтық [2, 8-113]. Араб сөздері ислам діні тарағаннан кейін барып түркі тілдеріне енді. Бұдан оғыз тілдерінде сөз басындағы с, т дыбыстарын түсіріп айту заңдылығы соңғы мыңжылдыққа дейін сақталғанын көреміз.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің бірқатарында дз аффрикатының жіңішкеруінен пайда болған д’з’ аффрикатының қатысуымен жасалған сөздер бар. Бұл жіңішке аффрикат түркі тілдерінің барлығына бірдей таралмаған, аймақтық сипатта болған. Ескерткіштердің біреуінде бар болып, екіншісінде болмауы сондықтан. Бір ғана дыбыстың көнеруі, бүтіндей сөзді архаизмге айналдырып жібереді, жіңішке д’з’ аффрикаты жоғарыда аталып кеткеніндей қазіргі башқұрт, түрікпен тілдерінде ғана кездеседі. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көне [8, 91-96].

Кед’з’им. Киім, киім-кешек. Йетурса ичурса кед’з’үрса кед’з’им ҚБ 172 (Жегізсе, ішкізсе, киім кидірсе). Киім. Адам үстіне киюге арналып тігілген бұйым. Жіңішке д’з’ аффрикатының көнеруі себепті құрамында бұл аффрикат бар сөздер қазіргі көптеген түркі тілділеріне бейтаныс. Талдағалы отырған сөзіміздің тұлға-тұрпаты «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіші тілінде өзгешерек, қазіргі қазақ тіліне жақындау. Кейім. Киім тон толусы көнилик тоны ҺХ 168 (Киім-кешектің көріктісі əділдік киімі) кед’з’им, кейим варианттарымен қатар «Қутадғу билиг»,

«Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері лексикасында кедим варианты да бар. Кейим вариантынан қазақ тіліндегі вариантының айырмашылығы е ~ і, и ~ і сəйкестігінде ғана. Бірқатар сөздерде ұшырасатын д’з’ ~ д сəйкестігі туралы «фонетикалық айырмашылықтар» əңгімеленген тараушада айтып өткенбіз. Бұл сөздің түбірі кед’з’ (кию) етістігі де ескерткіштерде үш вариантта жарыса қолданылған: кед’з ~ кет ~ кей. Жіңішке д’з’аффрикаты сөз арасында, сөз аяғында көбірек ұшырасады.

Қатыр. Қашыр. Йазыда қалын йунд ақурда қатыр ҚБ 385 (Далада қалың жылқы жайылып жатса, ақырда қашыр тұр). Қашыр. Бие мен есек айғырының шағылысуынан туған мал. XI ғасыр ескерткіші мен қазақ тілінің арасында т ~ ш сəйкестігі байқалғанымен екеуінің даму жолы екі түрлі. 1) тс→т/сº→тø→т. 2) тш→т⁰ш→øш. Дауыссыз т қатаңын оғыз, қарлұқ -ұйғыр тілдеріне, ш қатаңын қыпшақ тілдеріне тəн ерекшелік деп танимыз.

Үгір. Үйір, табын. Қамуғ нəңни көрдүм өз үгрүн йорыр Киши йылқы қуш қурт өз үгрүн билир ҚБ 302 (Барша затты көрдім өз үйірінде өмір сүреді. Адам, мал,құс,құрт бəрі де өз үйірін біледі). Үйір. Бір айғырдың қарамағындағы құлын-тайы аралас 15-20 шақты биелер тобы. Ұяң г дыбысының үнді й дыбысына айналып кету салдарынан үгүр архаизм ретінде қабылданады. Бұрын бұл сөз адам, жан-жануар, құс атаулының барлығына бірдей ортақ жалпы мағыналы сөз болса, қазір жылқыға ғана байланысты қолданылады.

Өрдəк. Үйрек. Қаз өрдәк қүғу қыл қалықығ туды ҚБ 18 (Қаз, үйрек, қу, қасқалдақ аспан ды толтырды). Үйрек. Башпайларының арасы жұқа жарғақ терімен тұтасқан, тұмсығы жалпақ су құсы. Сөз құрамындағы р, к дауыссыздары ғана бұл сөздердің бір негізден шыққанын мегзеп тұр. д мен р даму барысында орын алмастырып, метатеза түзіп тұр. Орхон-Енисей ескерткіштері лексикасында ұшырайтын өдирəк сөзі де д мен р-дың орын ауыстырғанын дəлелдей алады. Өдирəк. Үйрек. Ур қойын тоңуз тақығу қаз өдирəк бу мунтағ тынлығлар бир күнтə үч қата келип мени ысурурлар соқарлар ДТС 377 (Сиыр, қой, доңыз, тауық, қаз, үйрек осы сияқты жан-жануарлар, құстар бір күнде үш қайтара келіп мені тістеледі, шұқыды, соққылады). Демек, ілгері заманда өрдəк емес, өдрəк болып айтылған. й үндісінің кез-келген дауыссызды ауыстыра алатын ығыстырушылық қасиеті бар екендігі кейінгі кездегі зерттеулерден белгілі. Үйрек пен өрдəк – дыбыстық өзгерістерге ұшыраған, параллель сөздер.

Сөйтіп, тарихи дамудың нəтижесінде пайда болған дыбыс сəйкестіктері, белгілі бір дыбыстардың элизияға ұшырауы, əлде бір себептермен бір дыбысты екінші бір дыбыстың алмастыруы, дыбыстардың метатеза құбылысына ұшырауы т.б. дыбыстық өзгерістер, тұтас сөздің сыртқы сипаты, түр-тұрпаты көнеруіне əкеледі. Мұндай фонетикалық айырмашылықтарды тарихи жазба ескерткіштерден көптеп ұшырата аламыз. Осы заңдылықтардың қыр-сырын таныту мақсатымен дыбыстық өзгерістердің бірқатарына жоғарыдағыдай талдау жасадық. Әр заңдылық өз төңірегіне бірнеше сөздерді топтастыра алады. Осы ретте ерекше көзге түсетін жайт, сыртқы фонетикалық тұрпаты көнеріп, түсінілуі қиындаған сөздердің ішкі лексикалық мағыналарына нұқсан келмеген. Қазіргі қазақ тіліндегі мағыналармен бірдей.

Қазақ тілінде көне түркілік сыртқы тұрпаты сақталғанымен, мағынасы сəйкес келмейтін (делексикаланған ) сөздер. XI-XII ғасыр ескерткіштері лексикасында сан жағынан аз болғанымен сыртқы пішінін өзгертпеген, бірақ мағынасы қазіргі тілдердегі мағынасынан бөлек сөздер де кездеседі. Солардың бірқатары мыналар:

Таң. Ғажап, керемет. Тириг есан болса таң өкүш көрүр ДТС, 532 (Егер тірі аман болса, талай ғажапты көреді). Таң. Сенерін де, сенбесін де біле алмаған қалып; аң-таң. Соңғы сын есімдік мағынаның алғашқы «керемет, ғажап» деген зат есімдік мағынадан туындағаны сөзсіз. Бірақ мағыналық байланысы тым алшақтап кеткен.

От. Бұл сөз бірінші мағынасында дәрі деген ұғымда жұмсалады. Бу игка еми йоқ тилама оты ҚБ 47 (Бұл аурудың емі жоқ, дəрі сұрама). Екінші мағынасында у, заһар ұғымын береді. Өлүм отын ичүрдүм ДТС, 373 (Өлім уын ішкіздім). От малға азық боларлық шөп. Қазақ тілінде бұл сөз жалпы алғанда «шөп» мағынасында түсініледі. Бұл омонимдік сөз формалар əр басқа ұғымды бергенімен, түпкі архисемасы бір. «Қутадғу билиг» ескерткіші тілінде «дəрі шөп» мағынасында қолданылатын «от ем» қос сөзі бар. Боғуздин кирүр иг кишига кеми Боғуздин болур һəм аңар от еми ҚБ 164 (Адам баласына ауру өңештен кіреді Сол өңештен дəрі болатын шөп те енеді). Бұл айтылғаннан шөптен дəрі, тағамнан ауру пайда болатыны түсінікті болып тұр.

Сарт. Саудагер, алыпсатар. Негү тер ешит емди сартлар башы ҚБ 163 (Саудагерлердің басшысы не деп айтады, тыңда енді) Сарт. Өзбектерге революцияға дейін телініп келген ат. Көне түркі тілінде сарт жалпы есім болса, қазақ тілінде жалқы есім – белгілі бір этностың атауы. Саудагерлік кəсіппен жаппай шұғылданғандықтан, өзбектер мен тəжіктерге осы атау таңылған. Мағыналарындағы сəйкессіздік осыдан келіп шығады.

Төр. Баға, мән-мағына. Бу төрт нəң учуз тутма йүксəк төрү ҚБ 34 (Бұл төрт нəрсені арзан деме, бағасы жоғары). Төр. 1. Үйдің есігіне қарама-қарсы жоғарғы жағы. 2. Ең жақсы, құрметті орын. «Қутадғу билиг» ескерткішінде қазақ тіліндегі мағыналардың екеуі де бар. Бірақ үшінші мағына көне. Аталмыш сөздің «баға, мəн-мағына» деген ұғымы қазақ тілінде ұмытылған. Көне мағынасы біздің тілімізде сəйкессіздік түзіп тұр. Түркі халықтарының киіз үйдің төрін қатты бағалауынан, құрметтеуінен осы ауыспалы мағынасының туындағанын теріске шығаруға болмайды. Ауыспалы мағыналардың кейбіреуі осылайша тарихи даму барысында ұмытылады.

Тек. Құлып. Тилиң текта тутғыл тишиң сынмасун ҺХ 131 (Тіліңе құлып сал, тісің сынбасын). Тек 1. Құр бекер, босқа, жай. 2. «Қой», «тыныш» деген тәрізді тежеу мағынасындағы одағай сөз. Қазақ тіліндегі осы екі ұғым ғана көне түркілік ұғымға аздап та болса жуықтайды. Өйткені, «тилиң текта тутғыл» деген тіркесті «тіліңді тыныш ұста, өз жайына қой»деп те түсінуге болады. Құлып – араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің ұғымын көне түркі тілінде тек сөзі бергенге ұқсайды. Қор. Шығын, зиян, зарар. Чықыш көрмаса ыш болур ерка қор ҚБ 54 (Шығысын көре білмеген адамның ісі шығынға ұшырайды) Йана қорқа түшəр нəң булмаз ДТС, 457 (Қайтадан зиянға түседі, еш нəрсе таба алмайды). Қор мол болып жиналған қазына, дәулет. Пайда, табыс табудың арқасында қазына, дəулет жиналатынын ескерсек, бұл ұғым көне түркілік ұғымға қарама-қарсы. Осы себепті мысалға алынған сөзформаларды омонимдес сөздер ретінде қабылдаймыз. Қазақ тіліндегі «сорлы, бейшара, байғұс» мағыналарында түсінілетін қор сын есімі көне түркі тілінде «шығын, зиян, зарар» мағыналарын беретін қор зат есімінен туындауы мүмкін.

Үнемі шығынға, зиянға батқан адам өз-өзінен сорлы, бейшара болып қалатыны түсінікті.

Тоқ. Рақат, жұбаныш. Негү тер ешитгил бу бəйтиг оқы көңүл сырры кизла ай көңлүм тоқы ҚБ 200 (Мына бəйітті оқы, не деп айтады екен, ұғып ал! Ей, көңілімнің жұбанышы, жүрек сырларын əрқашан жасырын ұста). Тоқ. Тоя ішіпжеген астың қуаты.Тоя жеген ас адамға рақат та, жұбаныш та əкеледі. Қазақ тілінде тура мағынасы, ескерткіштер тілінде ауыспалы мағынасы сақталған. Осы себепті мағыналары сəйкеспейді. «Ішіп-жеп тойған» деген мағынадағы тоқ сын есімі де талданған сөздермен сабақтас.

Өз. Жан. Меңа болса фазлың қутулды өзүм ҺХ 39 (Маған кешірімің болса, жаным азаптан құтылады). Жан – осы сөздің тура мағынасы. Осы мағынаның негізінде ескерткіштерде өмір мағынасы туындаған сияқты. Ағылыңта йылқын болсун өзүң узун болсун ДТС, 394 б. (Жайылымыңда жылқың болсын, өмірің ұзақ болсын). Бір нәрсенің мәні, өзегі деген мағына осы екі мағынаның негізінде пайда болған сияқты. Ол меңигү түкаллиг мунсыз өзүң үзүн көралим ДТС, 394 (Біз сенің мəңгі, əбден жетілген, мінсіз өзегіңді көргіміз келеді). Бұл сөз ескерткіштер материалдарына қарағанда бірте-бірте өз есімдігіне ауысқан. Аның өз тили өз башыны йейүр ҺХ 120 (Оның өз тілі өз басын жейді). Себебі, əуелде ол мен, сен, ол есімдіктерімен жиі тіркесіп, пайдаланылатын болған. Мен өзүм қаған олуртуқум үчүн ДТС, 394 (Мен өзім қаған болып таққа отырғаным үшін). Қазақ тілінде өз іс-әрекетті, затты, нәрсені меншіктенуші, иеленуші жақ. Парсы-араб тілдеріндегі жан тұлғасы төл тіліміздегі өз тұлғасын ығыстырғаннан кейін, ескі сөзформа архаизмге айналған да, өз есімдігімен мағыналық байланысын үзіп алған. Алайда бұрынғы фонетикалық тұрпаты сақталып қалған.

 

Әдебиеттер

  1. Сағындықұлы Б. Алтын Орда ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 1987. – 48 б.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 томдық / Жалпы ред. басқ. А.Ы. Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1985. – 8 т. – 91 б.
  3. Манкеева Ж.А. Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка. – Алматы: Наука, 1991. – 52 с.
  4. Керімұлы Ә. Түркі əдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (XIV ғ.). – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті, 1999. – 11 б.
  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 томдық / Жалпы ред. басқ. А.Ы. Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1980. – 5 т. – 64 б.
  6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 томдық / Жалпы ред. басқ. А.Ы. Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1986. – 9 т. – 56 б.
  7. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 26 б.
  8. Наджип Э.Н. Историко-сравнительный словарь тюркских языков XIV века. – М.: Главная редакция восточной литературы, 1979. – 48 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.