Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Шығыс биі» пәні бойынша оқу бағдарламаларындағы би мұрасы жөніндегі мәселелер

Бүгін «Шығыс биі» пәні өнер, мәдениет жоғары және орта оқу орындарының білім бағдарла­ маларына енгізілген. Осыған байланысты кәсіби маман­педагогтарды, режиссер­хореографтарды, Шығыс халықтары билері ансамбльдерінің жетекшілерін дайындау мәселесіне байланысты шығыс биін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша оқу бағдарламасын дайындау қажеттілігі пайда болды. Сондықтан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» фа­ культетінде бірінші рет дайындалған және енгізілген «Шығыс биін оқытудың теориясы мен әдісте­ месі» пәні пайда болды.

Бұл мақалада «Шығыс биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытылатын Қы­ тай, Корея және Жапония елдерінің, сондай­ақ Шығыс Азия халықтарының би мәдениеті туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазіргі уақытта бұл елдердің тұрғылықты халқы көп жағынан заманауи сахналық шығыс биінің даму жолдарын белгілейтін хореографиялық дәстүрге бай өте құнды би мұрасына ие.

«Шығыс биі» оқу пəні ретінде Қазақстанда алғаш рет 1967 жылы қазіргі Ж.Елебеков атындағы колледжде, ол кездегі Республикалық эстрада-цирк студиясында оқытылған. Апалы-сіңлілі Диляфрус Бакиқызы жəне Гуляфрус Бакиқызы Кияковалар пəннің тұңғыш ұстаздары болды. Олар практика жүзінде шығыс биін орындаушыларды жүйелі түрде тəрбиелей отырып, осы өнердің дамуына жəне қалыптасуына зор үлес қосқан. Олардың оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының халық артисі Гүлжан Талпақова, «Гүлдер» эстрадалық-жастар ансамблі мен «Қазахконцерт» бірлестігінің бишілерінің бірнеше буыны бар.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанында «Хореография» бөлімінің ашылуы Республикадағы маңызды оқиғалардың бірі болып, ол жерде оқу бағдарламасына шығыс биін енгізу арқылы оқытушылар білімін кеңейтуде Д. Б. Киякова белгілі роль атқарды.

Бүгін «Шығыс биі» пəні кеңінен таралып, өнер, мəдениет жоғары жəне орта оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізілген. Кəсіби маман-педагогтарды, режиссер-хореографтарды, халық би ансамбльдерінің жетекшілерін дайындау мəселесіне байланысты шығыс биін оқытудың теориясы мен əдістемесі бойынша оқу бағдарламасын дайындау қажеттілігі туындады. Осыған орай, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінде бірінші рет дайындалған жəне енгізілген «Шығыс биін оқытудың теориясы мен əдістемесі» пəні пайда болды.

«Шығыс биін оқытудың теориясы мен əдістемесі» пəні хореография пəнінің келешек оқытушыларына Шығыс халықтарының би мəдениеті мен музыкасының пайда болуын, дамуын жəне өзара байланысын біліп, үйренуде җəрдем беруді қарастырған. Оқытылып отырған халықтың этнографиясын, тарихы мен географиялық орналасу жағдайымен таныстыру курстың міндеті болып есептелінеді. Сонымен қатар студент оқу процесінде сол халықтың салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, киім үлгілерін, сөз байлығын, стилін, мəнерін, орындау ерекшелігін, мəдени жəне би мұрасын үйренеді.

Осы жерде «Характерлік бидің негіздері» кітабының авторлары А.В. Лопухов, А.В. Ширяев, А.И. Бочаров жазған кейбір нақты дəлелдерді келтірген орынды. «Шығыс халықтарының билерінде қолдың ең айқын іс-əрекеті характерлік билердің сахналық жəне жаттығу əрекетінде бүгінге дейін тіпті жоқ болған, не белгілі бір стильмен өзгерістерге ұшраған, оларды осындай келеңсіздіктен тазартуда алдын-ала үлкен жұмыс атқаруды талап етеді. Әрине, бұл əрекеттерді өз қалпында тəжірибеге енгізу, оларды халықтық түп нұсқаға қайтару, сөз жоқ, қажет» [1].

«Мұраға бүгінгі күнгі көзқарас жаңа контекстпен, белгілі, уақыт жəне кеңістікке байланысты өзгеретін ақпарат тарату ортамен белсенді байланыста болуына негізделген», – деп атап өтеді өнертану докторы Н.Р. Ахмедова «Мəдени мұраларды Орта Азияның заманауи өнері контекстінде үйренудің теориялық аспекттері» мақаласында [2, 3].

Мақалада «Шығыс биін оқытудың теориясы мен əдістемесі» пəні оқытылатын Қытай, Корея жəне Жапония елдерінің мысалында Шығыс Азия халықтарының би мəдениеті туралы қысқаша мəлімет берілген. Қазіргі уақытта бұл елдердің тұрғылықты халқы көп жағынан заманауи сахналық шығыс биінің даму жолдарын белгілейтін хореографиялық дəстүрге бай өте құнды би мұрасына ие.

Бұл елдердің би мəдениетінде жалпы жəне тарихи тағдырының ерекшеліктеріне байланысты өзіне тəн өзгешіліктер бар.

Шығыс Азия елдерінің ежелде діни салт жораларының элементі түрінде пайда болған би дəстүрі, осы елдер территориясында тұратын халықтардың қоршаған ортасы мен өмір жағдайы, тұрмыс-тіршілігінің əсері арқылы қалыптасқан.

Сондықтан, Қытай, Корея жəне Жапонияның би өнерінде буддизм, конфуциандықтың діни дəстүрлерінің орны маңызды болып қана қалмай бүгінге дейін сақталған.

Ұлттық театрлардың пайда болу жəне қалыптасу үрдісінде – белгілі символикалық түрлі маскалар, грим-маска, əр түрлі аксессуарларды (қылыштар, қол шатырлар, желпуіштер, ленталар, шамдар) қолдану жалғасын табуда. Грим җəне кіим-кешектерде түс символикасы кең түрде қолданылады. Мəселен, қызыл түс батылдықтың белгісін білдіреді, ақ – шаттық, қара – оңбағандықты білдірсе, сары – император түсі. Биші шеберлікпен қолданатын əйелдердің ұзын кең жеңді киім-кешегі де маңызды.

«Б.э. ІІІ ғасырдың басында солтүстік Қытай жауланып алынады. Соның нəтижесінде қытайлар Орта Азия халықтарының өзіне тəн хореографиясымен, биімен танысады. Осы кезеңде бұл билердің хань дəуірі билерімен араласуы жүзеге асады» [3, 166]. Басқа халықтардың мəдени байлығын өзіне сіңіре отырып, қайта өңдеу арқылы іске асырды. Ұлы Жібек жолы өтетін елдердің əсері арқылы Қытайдың музыка-би өнері өркендеді. Бұл туралы ізденуші Чжоу Цзи: «Цюцы (қазіргі Куча ШҰАР. ҚХР) музыкасы мен биі өзінің айқын ерекшелігімен бүкіл Батыс өлкесінен асып түседі. Олар Қытай, Корея, Вьетнам, Жапония, Индия елдерінің музыка өнеріне əсер етіп, Персия, Аравия жəне басқа да елдерге жетті. Әсіресе Қытайаға көп əсерін тигізді: халықтық жəне шын музыкаға əуестенуге, биге, əуендерге, музыкалық жанрларға, драмаға жəне дацюйге» [4, 166].

Өз ара мəдени байланыстар үрдісінде музыкалық аспаптардың баюы, олардың органологиясының жəне орындау шеберлігінің жетілуі жүзеге асты. Би музыкалық ұрмалы, ішекті жəне үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.

Бидің ең кең таралған сүйемелдеуі ырғағы суреттерге бай баньгу, янгу (қытайдың), чанго немесе чангу, бук немесе пук, кенгари, тин (корейдің), өзбектің дойра (дап) секілді соғып ойналатын аспаптарына жалпы ұқсастығы бар, жапонның – датайко, тайко, сёке (гонг) сияқты ұрмалы аспаптардың барабандарға қосылуы арқылы жүзеге асады. Бишілік жəне музыкалықорындаушылық компоненттер тығыз қосылып кеткен ескі заманнан қалған бұл орындау үлгісінің белгісі бүгінгі күнге дейін сақталған. Мəселен, Қытайдың Юньнань өлкесінің оңтүстік-батыс бөлігінде адамдарды дүниежүзілік селден сақтаған «Муиди» əулие рұхына тағзым етуге арналған «Ағаш барабандар биі» орындалады [5].

Корейдің сарай билері сəнді характерға ие болған, оларда салмақты əрекеттер орындалған. Хореография амалдары арқылы тұрмыс қалпын конфуциандық жүйеге тəн сезім шыдамдылығымен қабылдау жеткізілген.

V ғасырдан бастап орта азиялық музыка дəстүріның, VІІ ғасырдан бастап қытай музыкасының əсері сынынан өткен шын характерге ие музыка хянак сияқты жанрларға бөлінген. Екінші жанр – танак – VІІ ғасырдан, онда «Тан жəне Сун дəуіріндегі қытай музыкалық аспаптары жəне музыкасының репертуары соған сəйкес би түрлерімен қолданылған» [6, 271].

Кореяның классикалық билерінде жалпыадамгершілік жəне философиялық идеяларды жеткізу үшін қол, аяқ, тұлабойының ерекше əрекеттері қолданылған.

Бүгінгі күнге дейін жетіп келген кейбір əрекет элементтері сахнадағы корей билерінде кездеседі. «Қол əрекеттері тіпті əр түрлі; корей биі үшін бос түскен қолын екінші қолын қозғалтпаған күйде алға жəне артқа жайлап шайқау; қолын кезекпен бірде алдынан, бірде артынан тұлабойына жеткізу; бір қолын бармақтарымен бетіне жеткізу; бүктелген білезікті жазу арқылы қолдарын жоғары тастау ж.б. тəн» [7, 5].

Әрекеттері жəне жүрісі жиі-жиі тұлабойының бірде оңға, бірде солға бұрылуымен жүзеге асады. Бидегі қадамдар жайлы, жарты отырыс түрінде өкшесінен толық табанына айқастырыла орындалады. Корей биінде жүрістер үзіліссіз орындалады.

Әрекеттегі ғажайып əсемді қимылдар жатық, бірегей орындалатын «Желпуішпен би» өзгеше болып саналады. «Желпуішпен билеу үшін ептілік, машық талап етіледі, мəселен, қолды бір сермеумен желпуішті ашу немесе оны аяққа немесе басқа желпуішке ұрып жабу» [7, 5].

Корей халық биінің өзгеше ерекшелігі, бұл, ең алдымен, нəзік тыныштықты жеткізетін əрекет пластикасы жəне музыканың үйлесімділігі. Сонымен бірге корей халық биіне жылдамдық, қызулық, жігерлілік тəн. Ашық түсті киімдерінің арқасында көркемдікке ие болады. Белгілі түстердің гаммасын ұқыпты таңдау салттық билерге тəн.

Сонымен, корей биі тұрмыстық ортада «халықтық би» ретінде дамыған, бірақ үлкен шіркеу жəне сарайлардағы ойындарда орындалғанда ол жаңа ерекшеліктерге ие болды: əсем қимылдар тілінің лексикасының өзгеруі жəне оны құратын əректтердің символды характерінің басқашалығы. «Вокалдық жəне аспаптық композициялардың қостауымен бишілік дəстүрінің дамығандығы, кейінірек, Кореяның музыка мəдениетін Алыс Шығыс елдері арасынан атап көрсетті» [6, 271].

Жапон халық биінің өзгеше қалыптасуына қытай мəдениетінен – бугаку жəне сангаку екі халық биін алып пайдаланғаны үлкен əсерін жеткізді. Сахнадағы театрландырылған ойында бугаку биіктігі 3 метрге жететін үлкен барабандардың қостауымен өткен. Актерлер ашық түсті киімдерде жəне адам шошыйтын маскаларда ойын көрсеткен. Бугаку өнері бүкіл жапон театрының қалыптасуында үлкен роль атқарған.

ҮІІ ғасырдың ортасында «саругаку күлкілі мимикасын қосқан сангаку халық театр өнері» [3, 174], Жапонияның бірінші ұлттық биі болып дамиды. Саругаку халық арасында да, сарай аристократтарының арасында да үлкен танымалдылыққа ие болады. Монастырь жə не шіркеулердің діни мерекелер кезінде театрландырылған ойын көрсететін саругаку актерлық труппалары болды. Саругакуның дамуымен саругаку-но НОО театралдық ойын-сауық түрі пайда болады.

ХІІ ғасырда буддаға шоқыну салт жораларына гагаку ойын түрі кіргізілді. Гагаку – бұл маскадағы бишілердің би əрекеттерімен символ мəнінде жауыз рухтарды қуып шығаратын салтанатты жүрісі. Салтанатты жүріс сырнай, литавр жəне мыс табақшалармен əуен ойнайтын музыканттар қостауымен орындалады. Музыканттардың артынан «арыстан» жетелеген жас жігіт еріп жүреді.

Жапон музыкасы «ІІІ ғасырдан қытай жəне корей музыка мəдениетімен өз ара əрекет жасау арқылы дамыған, ортаазиялық жəне оңтүстік-шығысазиялық мəдениеттің əсерін сынаған, сондай-ақ инд-будда, ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірінен бастап – европалық жəне америкалық» [6, 669]. Осы дəлелдерге аса көңіл аударған Э. Шефер: «Төрт императормен сарайда үлкен қызмет атқарған Кучалық Бо Минда олардың бұйрығымен көптеген əуендерді, əндерді, билерді, музыкалық қойылымдарды шығарған». Оның көптеген шығармалары орта ғасырдағы Шығыс музыкасының алтын қорына енген. Кучаның əуендерімен жарқын əсемделген «Көктемдегі сарғалдақтың құбылған əні» балеті ... Юань Чжэннің өлеңдерінде жырланған жəне бүгінге дейін Жапонияда қойылып келеді [8, 84].

Осы айтылғандардан Қытай, Корея, Жапонияның би мүрасының бай спектрі негізінен сарайдағы, шамандық, будда, конфуциандық, халық биі жəне маскадағы би ойындары болып бөлінеді.

Маскадағы би ойындарының бір түрі болған салтанатты жүріс биі бұл елдердің көптеген аймақтарында бүгінге дейін ұйымдастырылып келеді. Бишілердің үлкен тобы фантастикалық киім-кешектерде жəне гротесктік маскалар да бүкіл процесті импровизациялық билермен алып жүреді.

Діні жəне халық билерінің элементтерін өзіне сіңірген Алыс Шығыс елдерінің хореографиясы бүгін қытай, корей жəне жапон билерінің классикалық мектебінің негізі болып қалды. Осы халықтар өмірінде үлкен маңызға ие кез келген мереке белгілі бір əдет-ғұрып бойынша өткізіледі, оның сценарийіне əндер мен билер, ойындар табиғи байланыста енеді. Сонымен тұрмыста таралған жəне үй-тұрмыстық əдет-ғұрыпқа кіретін əр бір халқ биі өзінің аймақтық түріне, өзінің ерекшелік белгілеріне ие.

 

Әдебиеттер

  1. Лопухов А.В., Ширяев А.В., Бочаров А.И. Характерлік бидің негіздері. Екінші басылым. – С.-Петербург – М. – Краснодар: Лань, 2006.
  2. Ахмедова Н.Р. «Мəдени мұраларды Орта Азияның заманауи өнері контекстінде үйренудің теориялық аспекттері» // Мəдени мұраларды сақтау: Проблемалар жəне Келешек. Халықаралық ғылыми конференция материалдары (20 желтоқсан, 2012 ж.). – Алматы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2012. – 248 б.
  3. Баглай В.Е. Дүние халықтарының этникалық хореографиясы: оқу құралы (Жоғары білім). – Ростов-на-Дону: Феникс, 2007 – 405 б.
  4. Чжоу Цзи. Цюцы юэ ишу тэсэ чутань (Музыка өнерінің характерлік ерекшеліктері туралы) // Юзу ишу. – Урумчи (СУАР. КНР), 1985.
  5. Қытай ақпараттық ғаламтор-орталығы. – China. org.cn 19/12/2005
  6. Музыкалық энциклопедиялық сөздік / Бас редакторы Г.В. Кельдыш. – М.: Советская энциклопедия, 1991. – 672 б.
  7. Ан Сон Хи, Ткаченко Т.Львов Н. Корей биі. – М.: Искусство, 1981 – 147 б.
  8. Шефер Э. Самарқанның алтын шабдалысы. Ағыл.тілінен тəрж. – М., 1981.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.