Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Актер мамандарын даярлаудағы актер шеберлігі мен сахна тілінің ықпалдастығы

Тақырыптың өзектілігі – кез келген елдің мәдениет тарихына мән берер болсақ, қалыптасу мен қарқынды даму үрдісінде заман талабының өз заңдылығы байқалады. Сондай заңдылықтың бір бөлігі – сөйлеу мәдениеті бүгінгі уақытта үлкен қоғамдық мәселеге айналып отыр. Мұны өнер адам­ дарының, оның ішінде театр және кино актерлары мен режиссерларының, теле­радио жүргізушіле­ рі мен көркемсөз оқу шеберлерінің, әнші­вокалистердің, сонымен қатар мешіт имамдары мен уа­ ғызшылардың, лекторлар мен мұғалімдердің, адвокаттар мен соттардың, қоғам қайраткерлері мен ұжым басшыларының, жалпы сөз өнеріне қатысы бар мамандардың өзіндік спецификасына қайшы келетін сөйлеу мәнерінен байқаймыз. Сонымен, сөз өнерінің ғасырлар бойы жинақталған тәжіри­ белерін актердің сөйлеу мәдениетінде шыңдап, сахналық тілдің жетістіктерін бүгінгі күнгі театр өне­ рінің ағымына сай дамытып, жетілдіруді қажет ететін заманауи талаптар мақаланың өзектілігін арт­ тырады. Өйткені сөйлеу мәдениетінің аясы кең, атқарар қызметі сан алуан. Сол себепті, бұл ғылыми еңбекте актер шеберлігі мен сахна тілінің маңызы, бейіндік ерекшеліктері бірізділікпен зерттеліп, оның өзіндік бағдарламасы болашақ актерларға, басқа да сөз өнеріне қатысы бар мамандарға жә­ не өз дауысын меңгергісі келетін жалпы қауымға арналады.

 

  1. Біз, қандай да бір іс бастамас бұрын (мақала хақында) оның актуалдығын айқындаудан бастайтынымыз анық.
  2. Тамыры тереңде жатқан театр өнері, көптеген даму мен өркендеу белестерін бастан кешіріп, бұл күні қанатын кең жайған. Ұлттар мен ұлыстардың рухани азығына айналды. Оның, қазақ жерінде де өз тарихы мен орны бар.
  3. Қазақ театр өнерін синтезік деп те атадық. Себебі, ол бірнеше өнердің басын қосқан салмақты өнер.
  4. Әдет-ғұрпымыздың барлығы дерлік, бүгінгі күні салт-санамыздың рухани тірегіне айналған театрдан көрініс тапты.
  5. Халық санасына ізгілік пен адамгершілік ұялататын мəдени орта – театр дейтін болсақ, актерлық өнердің қоғамдағы маңызды зор.
  6. Біздің мақсатымыз – актер дайындаудың бүгінгі күнгі əдіс-тəсілін ертеден келе жатқан театр педагогикасының методикасы мен методологиясын негізге ала отырып, актер шеберлігі мен сахна тілі пəндерінің өзара ықпалдастығын нақтылап яғни, оқу бағдарламаларындағы тақырыптарды бірізділікпен сəйкестендіру арқылы жолға қою.

«Қазақстандықтардың тіл мəдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мəдениетін дамыту болуға тиіс» [1]. Табиғат құбылыстарының, адамның рухани-моральдық өмірінің айнасы болып табылатын – тілдің қоғамдағы ролі өз алдына, сол тіл арқылы халық санасына ізгілік пен адамгершілік ұялататын мəдени орта бұл – театр. Ал, сахна өнерінің алмастай қырын, абзал сырын ұқтыратын тұлға – актер дайындаудағы сахна тілінің маңызы күн санап артып отыр. Себебі, «Актер сахнаға бес қаруы сай болып шығуы тиіс. Ал, дауыс – оның шығармашылығының маңыздысы бөлігі» [2, 62].

Рухани тамыры ежелгі Грекиядан тараған театр өнері көптеген дəуірлер мен дамудың белгілі сатыларынан өтіп, қазақ топырағында да қалыптасты, дамыды. Бұл туралы жазған кемеңгер жазушы М.Әуезовтің: «Өзге жұрттың мысалына қарағанда, театр өнерінің ұрығы елдің əдет-салтынан, ойын-сауығынан, əн-күй, өлең-жырларынан басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт, елдің өз денесінен шыққан, өнердің ірге тасын қалайтын елдің өзі» – деген сөзі қазақ өнеріне афоризм болып қаланды.

Расында, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында халық арасыннан жасақталған үйірмелер, əдебиет, əн-күй, сауық кештері ұйымдастырылғаны қазақ театрының тарихынан белгілі. Уақыт өте келе бұл мəдени ұжымдар əншілік, жыршылық, шешендік өнер, айтыс, көркемсөз сияқты тіл өнеріне негізделген ортаға айналды. Бұған, Ресей ғалымы В.В.Радловтың: «Қазақтардың басқа түркі халықтарынан ерекшелігі – сөз бен тіл өнерінде» [3, 141], – деген сөзі дəлел бола алады.

Ішкі толғаныс, сезім, махаббат, батырлық сынды адам табиғатындағы бүкіл қасиеттерді көрерменнің көз алдына алып келуде сөз өнері маңызды орын алды. Ондағы ақындар айтысындағы шешендік пен суырып-салмалық, жар-жардағы ақ тілек, беташардағы туған-туыстарды таныстыру, жоқтау айтудағы зар, сыңсудағы қимастық пен қоштасу сияқты тұрмыстық жырлар сөз құдіреті яғни, сөйлеу мəдениеті арқылы өзінің міндетті функцияларын атқарды. Тілтанушы, профессор Рабиға Сыздықова: «Сөйлеу мəдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мəдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тəн формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тəртібін айтады»

[4, 45], – деп жазды. Бұл, көрерменді белгілі бір шындыққа сендіріп, ұтқыр оймен, нанымды əрекеттермен олардың сезіміне əсер ету үшін анық сөйлеу, екпінді дұрыс қоя білу, дауыс күші, сөз астарын ашу сияқты сахна тілінің өзекті мəселелерінің тұруы заңды құбылыс деген сөз. Себебі, «Дыбысқа, тіл тазалығы – дикцияны бағалау көрсеткіші ретінде қарасақ, оның кепілі деп əрбір дыбыстың артикуляциясын айтамыз. Ол, анық, еш бұрмаланбай таза жəне дұрыс айтылуы керек» [5, 78].

Актер шеберлігі мен сахна тілінің бір-біріне ықпалдастығын актерлік өнердің негізгі заңдылығы ретінде қарастырамыз. Ол қазақ театр шежіресінің алғашқы сəттерінен-ақ көрініс бере бастағандығы белгілі. Қазақ актерлік өнерінің шығармашылық тұрғыдан қалыптасу кезеңін XX ғасырдан бастайтын болсақ, ал, театр сахнасындағы кəсіби сөйлеу мəдениеті ежелден келе жатқан сөз өнерімен тамырлас.

«Қазақ театрының тарихы» кітабында: «Қай ұлттың болмасын қазіргі профессионал театры нақ бүгінгі күйінде, дайын түрінде ғұмырға келе қоймағаны мəлім. Әрқайсысының да қалыптасу жолы,өзіне лайық өмірбаяны бар» [6, 23], – деп жазылған. Кез-келген мəдени болмыстың уақыт өте келе пішіндік келбеті айқындалып, көркемдік мəні тереңдеп, ол адам баласының қажетіне қызмет етуі тиіс. Бұл, біз зерделеп отырған актер шеберлігі мен сахна тілінің өзара ықпалдастығын олардың дəріс тақырыптарының сəйкестігі арқылы анықтауымызды талап етеді. Осыған байланысты болашақ актерларды тəрбиелеудегі актер шеберлігі жəне сахна тілі сабақтарының төрт жылдық бағдарламасына сай пəнаралық байланыстың модулін ұсынамыз:

Актер шеберлігі пәні

Сахна тілі пәні

I курс

Сахналық зейін

Сөйлеу кемшіліктерін анықтау

Дене бұлшық еттерін босату

Дене бұлшық еттерінің еркіндігі

Физикалық іс-əрекеттерді есте сақтауға арналған жаттығулар

Тыныс-дауыс бұлшық еттерінің орналасуын табу, нығайту

Ұсынылған жағдай

Фонациялық тыныстауға тəрбиелеу

Елестету мен қиял

Резонаторларды табу жəне оларды іске қосу

Өлшем мен ырғақ

Регисторлар. Демді бағындыру (санамақ, балалар өлеңі)

Затқа деген қатынасқа ауысудағы физикалық сезіну

Үндестік заңы. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру

Әрекет орнына деген қатынастың ауысуы

Дыбыс нəтижесі

Болған жағдайды бағалау

Әдеби тілдің нормалары (жаңылтпаштар)

Серіктеске деген қатынасқа ауысуы

Ауызекі тіл мен жазба тілдің айырмашылығы (мақал-мəтелдер)

Жағдайға байланысты қарым-қатынас жасауға арналған этюдтар

Сөз əрекеті негізінде игерілген жұмыстарды нығайту (ертегілер, сықақтар, əңгімелер)

Актер шеберлігі пəнінің алғашқы жылындағы басты мақсаттарының бірі – студенттің өз-өзімен жұмыс жасауы болып табылады.Сол

сияқты сахна тілі сабағында олар, сөйлеу аппараттарын шынықтырып, дұрыс дем алуға жəне таза сөйлеуге машықтанады.

II курс

Үзінділер

Тынысдауыс бұлшық еттерін нығайту жұмыстарын жалғастыру

Сюжет-уақиғаларға мақсат қою, оларды үйлесімділікпен ақтау

Сөздегі дем

Сахнадағы сөздің тууы

Қимыл-əрекет жасау кезіндегі демнің тұрақтылығы жəне дауыс орталығын нығайту. Сөз тудыру үдерісі. Сөз астары

Әрекетті сөзге көшу

Прозалық жəне поэтикалық мəтіндерге əрекетті талдау. Дауысты

«ұшыру». Дауыс қарқыны

Оқудың екінші жылында шəкірттер өздерінің жан-дүниелеріне жақын қысқаша үзінділер таңдай білуге, автордың ұсынған жағдаяттарында өз ағзалық табиғаты арқылы сахналық жəне сезім шындықтарына жете білуге, үзінділердегі уақиға желісі мен оның өрбу үдерістерін қадағалап

оларға деген сенімділік шараларына мəн беруге, іс əрекеті мен сөз əрекетінің айырмашылықтарын ажырата білуге, автордың жазған сөзі мен актердің айтатын сөзінің ара жігі мен астарлық ой иірімдерінің құпияларын зерттеуге жəне сөздің туу себеп-салдарларын анықтауға үйренеді.

III курс

Актер шеберлігі элементтерінің əрқилылығы мен əрмінезділігі

Сөз мінездемесі

Әрекеттік анализ арқылы мизансценаның туу жолдары

Сөздің астарлық ой иірімдері

Кейіпкер мінезділік

Сөз қисыны

Студенттер оқудың үшінші жылында бағалау сияқты элементтердің əрқилылығы мен əрмінезділігін аша білуге, əртүрлі əрекетке бағындырылған сахналық үзінділердің мінез-

құлықтарының ара жігін ажырата білумен қатар кейіпкерлер өмірбаяндарын, кезеңдік мəдениетті, тарихи уақиғаларды актерлік тұрғысында зерттеуге үйренеді.

IV курс

Пьесаны сахналық жəне жанрлық талаптарға сай ықшамдау, ондағы сюжеттік түзілімдердің қисыны

Пьесадағы уақиға желісі мен оның өрбу үдерістері, оларға деген сенімділік шаралары. Сөз əрекетін меңгеру

Қойылым архитектоникасын түзу

Сөздің туу себеп-салдарлары, əрекеттік қақтығыстар

Автор ұсынып отырған жекелеген сахналардағы мақсаттар мен актердің орындаушылық мақсаттарының өзгешеліктері. Роль жасаудағы актерлық режиссура мен қойылым режиссурасының бірлігі

Сөйлеу мəдениеті мен сахналық əрекет табиғилығы

Сахнада, іс-əрекеттен сөз əрекеті туады деп жатамыз. Ал, кей жағдайда қимыл-əрекетке алып баратын бұл – «ой», яғни сыртқы сөзді тудырушы – ішкі сөз. Көрерменді сендіріп, көкейіне ой салатын əрекетті сөздің арғы жағында оның тууына дейінгі заңдылықтар мен қисынды үдерістердің болуы заңды. Олар, сөз астарын аша білуге, жүйелі түрде ойлануға, жалпы сезімнен ой өрбітіп, дене қимыл-əрекетінің көмегі арқылы сөз əрекетін іске асыруға жеткізеді. Бұдан, актер үшін сөздің де, іс-əрекеттің де маңыздылығы бірдей жəне олардың параллельдік жүйеде өрбуі міндетті екендігіне көз жеткіземіз. Сол себепті, актер шеберлігі мен сахна тілінің өзара ықпалдастығын жəне оның əрбір сатысындағы методикалық əдіс-тəсілдерін нақтылаудың бүгінгі күнгі театр педагогикасындағы маңызы зор.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН).
  2. Станиславский К.С// Соч.В 8 т. – М., 1955. – Т. 3. – С. 503.
  3. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, казахские наречия. – М.: Санкт-Петербург, 1985. – Т. 5. – С. 190.
  4. Сыздық Р. Сөз сазы. – Алматы: Санат, 1995. – 117 б.
  5. Титова А.А. Проблемы сценической речи. – М.: Искусство, 1968. – С. 228.
  6. Қазақ театрының тарихы. – Алматы: Ғылым, 1975. – Т. 1. – 400 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.