Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Символдың мазмұнының кешенділігі мен мағыналарының теңдігі және имманентті көпмағыналылығы

Мақалада символдың мазмұнының кешенділігі мен мағыналарының теңдігі жайлы ойлар айтылған. Соған қоса символдың имманентті көпмағыналық қасиеті жайлы сөз етілген. Символдың кешенділігі оның бірлігімен диалектикалық тұрғыда арақатыста болады. Символдың мазмұнын құратындар өз-өздеріне барабар емес, бірақ олар жаңа мағына екі ұғымның амальгамасын береді. Символдың имманентті көпмағыналылығы онда мағыналық перспективаның бар екендігін көрсетеді, алғашқы мағынасының жойылуы барысында одан да абстрактілі болатын мағыналар тізбегі және оның ең соңғы, негізгі мағынасына жету мүмкін емес. Бұл жерде символдың осындай қасиеттерін ашу барысында троптарды да зерттеу қолға алынған. Мысалы, метанимиялық мағыналарда ауыспалы символикалық мағыналардың, оның гипосемасы болатын, тууының нүктесі тура мағынаның интенсионалына немесе оның мүмкін болатын импликациясына (яғни оның міндетті немесе көзге көрінетін) сәйкес келеді.

Символдың маңызыды қасиеттерінің бірі болып олардың мазмұнының кешенділігі және мағыналарының теңдігі болып табылыды. Символ сөзінің өзі «symballein» (қабаттап салу) деген грек етістігінен және «symbolon» (екі жақ бір бірін тану үшін және «өзінікі» мен

«бөтендерді» ажырату үшін бөліп алған тиынның жартсы) деген зат есімнен тұрады. Символ тең білімдердің конгламераты р етінде жүреді. Символдың бұндай қасиеттері оны аллегория мен схемадан және троптардан принципиалды ерекшелігін көрсетеді. Символ-

дың мағынасының кешенділігі мен теңдігі неміс классик философтарымен, соның ішінде Ф.В. Шеллингпен қарастырылған.

Соның ойын жалғастыра отырып А.Ф. Лосев «символда «ішкі» мен «сыртқының», идея мен образдың, «идеалды» мен «реалдының» арасында толыққанды теңдік бар» деп атап өтеді. Егер схемада «идея» «құбылыспен» теңдестірілсе, кейінгісі жаңа ешнәрсе алып келмей соның артынан механикалық түрде жүре береді... ал аллегорияда «құбылыс» пен «образдың» теңесуі сондай, соңғысы жаңа ештеңе алып келмей құбылыстың артынан механикалық тұрғыдан жүреді..., кейде символда «идея» да «образға» жаңа нәрсе алып келсе, «образ» да «идеяға» айтқысыз жаңа нәрсе береді...» [1, 40].

Символдың кешенділігі оның бірлігімен диалектикалық тұрғыда арақатыста болады – символдың мазмұнын құратындар өз-өздеріне бара-бар емес, бірақ олар жаңа мағына екі ұғымның амальгамасын береді. А.Ф.Лосев былй дейді: «Алайда ол (символ) болмыстың екі жоспарының кездесуі болса да, олар толық, абсолютті айырмашылығы жоқ болып берілген...» және жоғарыда: «идея» тек жай ғана «образдылықтың» үйлестігімен емес, ал «идея» мен «образдың» теңдігімен көрсетіледі, «образ» да дәл солай алшақтанған «идеяның» үйлестігінен емес, екеуінің теңдігі болып табылады [1, 40].

Символдық мазмұнның құрылымы тұрғысынан қарасақ, символдар мазмұн жоспарының ортақ кешені бар күрделі таңба болып табылады, ол мағыналардың (тілдік қатынаста) немесе концепттердің (мазмұндық-логикалық қатынас) қосындысы мен қиысуынан пайда болады. Символдарда қосу принципі жүреді – логикадағы көптіктерді қосу операциясына сәйкес келетін ұғымдардың қиысуы (мағыналардың).

Символдағы тура мағына өзінің жекелігін сақтап қалады да, оның қалыбы абстрактілі символикалық мағынасының қатынасына тепетең. Символдың тура және ауыспалы мағынасы онтологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Образ (көрініс немесе нақты, жеке ұғым) бен идея (жалпы, абстрактілі ұғым) бір-бірін айқындау үшін символикалық байланыста жүреді. Абстрактіліні нақты арқылы көрсету үшін нақты мазмұнда абстрактілі идея кодталған, бірақ абстрактілімен нақтыны да кодтауға болады, ол оның иделды мағынасын көрсету үшін жасалады. Ұғымдар мен «ойлаудың көрінісін» байланыстыратын символизация екі қарама-қарсы мүшелерді байытады [2, 51].

Абстрактілі (жалпы) және нақты (жеке) қабылдау мен танымның өте маңызды объектілеріне жатады: ой нақтыдан абстактіге қарай да, абстрактіліден нақтыға қарай да қозғалады.

«...«күн» «алтынның» символы, алайда «алтын» да «күннің» символы. Символикалық қатынас бір-біріне ауысу (взаимообратимость) қатынасы болып табылады [3, 7]». Символда екі объект те, референт және денотат, теңқұқылы болады.

Символдың троптармен, метонимия, синекдоха, метафора және синестезия, транспозицияның негізгі типтерін бөліскеніне қарамастан, символдағы екінші мағына алғашқысындағы архисеманы басып алмайды (метонимия мен синекдохада сияқты) және азайтпайды (метафорада немесе синестезияда сияқты), ондағы мағынадар тең дәрежеде жүреді. Соған қоса, транспозиция типі мағыналық ядролардың – интенсионалдардың – тура және ауыспалы мағыналарының жақындық деңгейіне ықпал етеді.

Метаномиялық мағыналарда ауыспалы символикалық мағыналардың, оның гипосемасы болатын, тууының нүктесі тура мағынаның интенсионалына немесе оның мүмкін болатын импликациясына (яғни оның міндетті немесе көзге көрінетін ) сәйкес келеді. Мысалы, К. Мидлтонның «The Thousand Things» атты өлеңінде «жүзімнің кеуіп қалған және жасыл жапырағы – өлім мен өмір» символы, бұл жерде тура мағыналардың интенсионалы ауыспалыға гипосема құқығында қосылады: (кеуіп қалған жапырақтар – өліп қалған бұтақ, жасыл жапырақ – тірі бұтақ). Х.Немеровтың «Brainstorm» атты өлеңінде «қарға – найзағай, жаман ауа-райы» символы, бұнда тура мағынаның интенсионалы ауыспалы қатынаспен мүмкін болатын импликация (қарғаның қарғалауы найзағайды шақырады) арқылы байланысты.

Сема «тудыратын» метафоралық символдар қатты және әлсіз деңгейде мүмкін болатын алғашқы мағынаның импликациясын құра алады. Соған байланысты пайда болған мағынаның интенсионалы көп жағдайда алғашқы мағынаның интенсионалынан алшақ болады. Ауысудың негізінде жатқан ұқсастық тура және ауыспалы мағыналардың ортақтығының деректі немесе дерексіз сипатының немесе олардың арасындағы ұқсастығы бар стереотиптік ассоциацияның болуымен негізделеді. Интенсионалдардың тура және ауыспалы символдық мағыналарының бір-бірінен алшақ болуы мынадай метафоралық символдардан көрінеді: М.Хэмберджердің «Tides» өлеңіндегі «теңіз – циклдылық, уақыт айналымы» (толқындардың қимылы уақыттың айналым әрекеттерінің жасалуы сияқты қайталанады), Т.С. Элиоттың «Burnt Norton» («Төрт квартет» циклі) өлеңінде «раушан гүлі бағы – махаббат пен рухани таным» (раушан гүлі бағы мен махаббат сұлулық, гармония ассоциациясымен сәйкес келеді) символы.

Кешенділік троптарға да тән – құрамында кешенділік бар екінші оказионалдық номинацияның таңбаларына тән және олардың құрамында екі мағынаның да интенсионалдары сақталады. Соған қоса, троптарда тура мағынада ауыспалы мағынаға деген бағынушылық мәртебесі басым. Троптың мақсаты – бір ұғымның спецификалық қасиеттерін басқаға ұқсату арқылы ашу. Тропта ауыспалы мағына – танымның объектісі – негізгі болып табылады, бұл уақытта тура мағына екінші қатарда болады.

Ономасиологиялық көзқараспен қарасақ, тура мағынаның денотатының белгілерін ауыспалы мағынаның референтіне ауысуын сөз етеміз, бұнда бірінші өзінің белгілерін кейінгіге берген уақытта «соның ішінде жоғалғандай (өлгендей)» болады... [3, 6]. Метафораны жалпы квалификативті белгілердің узуалды денотаттан референтке ауысуы деп көруге болады; метонимия – олар денотат пен референт арасындағы заттық-логикалық байланысты көрсететін белгілердің тасымалы (іргелестік, шектестік және т.б.); синекдоханы – бөлшек (денотат) белгілерін бүтінге (референт) немесе бүтінді (денотат) бөлшекке (референт) ауыстыру.

Мазмұндық мағына аспектісінде троптарда әрекет ететін негізгі принциптер – мағыналардың қосылуы және қиысуы, бірақ символдағыдай мағыналардың қосылуы қатар қолданылмайды: 1) тура мағынаның интенсионалының ауспалы мағынаның интенсионалына гипосема құқығында қосылуы – метонимия, тура мағынаның барлық сигнификатының ауыспалы мағынаның интенсионалына типосема құқығында қосылуы, 3) тура мағынаның интенсионалының ауыспалының импликационалымен қиысуы және тура мағынаның ауыспалы мағынаның қиысу аймағымен бірігуі – метафора, 4) ұқсас коннотация негізіндегі мағыналардың қиысуы – синестезия [4, 25].

Символдың имманентті көпмағыналылығы онда мағыналық перспективаның бар екендігін көрсетеді, алғашқы мағынасының жойылуы барысында одан да абстрактілі болатын

мағыналар тізбегі және оның ең соңғы, негізгі мағынасына жету мүмкін емес. Символдың имманентті көпмағыналылыңының идеясы бастауын идеологиялық діни дәстүрден алады, онда ол діни символдың трансцендентальдық идеясында көрсетілген. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде И.Кант, Ф.В. Шеллинг, Г.В. Гегель, И.В. Гете символды ақиқатты танудың, құдіретті мағынаның әдісі деп қарастырған. Гетенің айтуы бойынша, «қасиеттімен ұқсасу барысында ешқашан тікелей танымды болдыртпайтын» барлық нәрсенің (все сущее) мағынасы бар. Біз оны тек мысалда, символда, туыс немесе туыс емес құбылыстарда ғана тамашалаймыз» [5, 354]. Заттық шындықтың құбылысы символдың мәні, қасиетті идеялардың іске асуы, «абсолюттінің образды көрінісі». Осы идеяның ары қарай жүзеге асуы П. Флоренскиға тиесілі, ал батыста – М. Хайдеггер мен Э. Гуссерлю.

Символдың имманентті көпмағыналылығы тек діни адамдарды ғана толғандырған жоқ. Символизм теоретиктерінде олар мистикалылық, эзотерикалық пен символ туралы пікірлерде пайда болды. А.Белый былай деп жазған: «алуан жүзді, көпмағыналы және соңғы тереңдікте тақырыпты... Суретші өзі таңдап алған символды суреттесе, адамның сөзі үшін ол ұлан-байтақ және айтқысыз болады» [2, 128].

Имманентті көпмағыналылық жайды әлдеқайда формалды амалды символды анықтауда А.Ф. Лосев қолданған. Оның ойынша, символ математикалық функция сияқты «осы алғашқы қызметті шексіз мүшелер қатарына қояды, бұл жерде әрқайсысы өзінің осы қатардың басқа мүшелерімен және алғашқы қызметінің заңды байланысының негізінде қалған мүшелер мен солардың қызметіне балама (эквивалент) және өзінің табиғаты бойынша амбивалент бола алады» [1, 325].

Символдың функционалды табиғаты жайлы идея шетел ғылымында да орын табады. В. Хиндерер корреляциялық нүктелердің негізіндегі символдың мағынасының аккумуляциясы жайлы айтады [Hinderer 1968]. К.Леви-Строс үшін мифологиялық әлем бейнесінің құрылымында қандай да бір негізгі нүктелер тәріздес, олар кодтардың иерархиясымен сәйкес түрлі классификаторлармен толықтырылады (мысалы, вегетативті кодқа арналған өсімдік, жануар зооморфты код үшін және т.б.). Символға қатысты осы «формалданған» (формализованный) амалдардың негізінде жасалатын негізгі қорытынды – символдың «соңғы, шекті» мағынасын іздеудің қажеті жоқ, біз көңілімізді символды түсініп қабылдау үшін туындаған мағыналарға және символдағы мағыналардың корреляция нүктесіне бөлгеніміз жөн.

Имманентті көпмағыналық қасиетке символдың комплементарлығы кіреді, оған Ф.Уилрайт «плюрисигнация» терминін берген – абсолютті қарама-қарсы мағыналарды беретін семантикалық көптілік. Комплементарлық заңы «примитивті» символдарға тән, себебі коллективті ойлау қарама-қайшы емес заң немесе сыртта қалған үшінші заңды қолдануды да, тұжырыамдауды да қажет етпейді [6, 152]. Әлем түтігін (трубка мира) тарту индейцтер үшін әрі соғысты, әрі тыныштықтың символы, одан шығатын түтін бұлттар тәріздес: жамандықты білдіретін дауыл бұлттары және астық беретін, тайпаның саулығы мен тыныштығын білдіретін жауын бұлттары тәрізді [6, 219].

Поэзиядағы символдың имманентті көпмағыналылығының хрестоматиялық мысалын біз Т.С. Элиоттың «Төрт квартетінен» шыққан «Little Gidding» өлеңінен көре аламыз. Көгершіннің образы бомбалаушыны да, Қасиетті Рухтың да символы болып табылады (алайда, контекстте «бейбітшілік әлемі» деген мағына жүзеге аспайды). Оттың образында қасірет пен өлім қатар рухани тазалану арқылы жүретін тозақтың да, мақшардың да (чистилище) символы болып тұр.

Имманенттік көпмағыналылықпен қатар символдың мағынасындағы шекараның көмескілігі байқалады. П. Рикердің айтуынша, оның себебі символда екі шындықтың кездесуі – лингвистикалық және лингвистикалық емес [7, 93]. Бұған ұқсас ойды анық емес реңктердің кешені түрінде жүретін мағынаның айқын бір жерге топталған орталығы ретінде өмір сүретін «жұмсақ фокус» немесе амбиваленттілік терминімен атаған Ф. Уилрайттан көре аламыз («a penumbra of vagueness») [6, 220].

 

Әдебиеттер

  1. Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое искусство. – М., 1976.
  2. Мантатов В.В. Образ, знак, условность. – М., 1980.
  3. Косиков Г.К. Два пути французского постромантизма: Символисты и Лотреамон // Поэзия французского символизма. Лотреамон. Песни Мальдорора. – М., 1993.
  4. Никитин М.В. Лексическое значение слова. – М., 1983.
  5. Гете И.В. Избранные философские произведения. – М., 1964.
  6. Wheelwright P. The archetypal symbol // Perspectives in literary symbolism. – V. I. – The Pennsylvania State University Press. – University Park; London, 1968.
  7. Ricoeur P. Interpretation theory: discourse and the surplus of meaning. – Fort Worth: Texas Christian University Press, 1976.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.