Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық паремиологиядағы «тағдыр» концептісі

Бұл мақалада қазақтың паремиологиялық дүние суретіндегі адам болмысы», яғни адамның тағдыры, күнделікті өмір тіршілігінде көрген рахаты мен тартқан азабы бірінен бірі туындап, бірімен-бірі сабақтасып келіп, «адам және оның ортасы», «адам және ақиқат шындық» арасындағы күрделі қарым-қатынастарды реттеуші тілдік тетік қызметінде жұмсалып қана қоймайды, ұлттық мәдениеттің төл тума болмысына қатысты құнды мәлімет беретін этномәдени ақпараттар қоймасы – концептілік аяның қалыптасу негізі болады. Бұл концептілік аяның ауқымына енген әрбір паремиялардың (мақал-мәтел) өз бойына ғалам бейнесінің бірнеше фрагменттерін тоғыстырылады. Автор мақал-мәтелде кездесетін әр концептің ерекшелігіне тоқталып, Шерхан Мұртаза тіліндегі қазақ дүниетанымының «қазығы» боларлық «тағдыр», концептісіне, сонымен бірге ұлттық танымдық құрылымдар негізінде қалыптасқан паремиялар этнос болмысының, мәдениетінің рухани дүниетанымының көріністері екендігін талдаған.

Кез келген ұлттық ұжым негізінде қалыптасқан қоғамда ұлттық паремиологияның ерекше көңіл бөліп, өзінің барша мазмұн-мәніне арқау етіп келе жатқан тақырыптарының бірі – «Адам болмысы», яғни адамның тағдыры, күнделікті өмір тіршілігінде көрген рахаты мен тартқан азабы бірінен бірі туындап, бірімен бірі сабақтасып келіп, «адам және оның ортасы», «адам және ақиқат шындық» арасындағы күрделі қарым-қатынастарды реттеуші тілдік тетік қызметінде жұмсалып қана қоймайды, ұлттық мәдениеттің төл тума болмысына қатысты құнды мәлімет беретін этномәдени ақпараттар қоймасы – концептілік аяның қалыптасуына да негіз болады. Бұл концептілік ая ауқымына енген әрбір паремия (мақал-мәтел) өз бойына ғалам бейнесінің бірнеше фрагменттерін тоғыстырып, тілдік дүние бейнесін қазақ ұлтының мәдени дүние бейнесімен ұштастырады.

Осы тұрғыдан келгенде мақал-мәтелдер қазіргі заман лингвистикасындағы өзекті проблемалардың бірі – «тілдегі адам факторы» мәселесін зерттеуде маңызды тілдік дереккөз қызметін атқарады.

Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [1, 142].

Халық даналығының сарқылмас көзі мақал-мәтелдер бір-бірімен үзіліссіз қатыстылықта, тығыз қарым-қатынаста, өзара байланыста болып келетін дүниенің мәдени бейнесі мен дүниенің тілдік бейнесі тарамдалатын реалды дүние суретіне барып саятындығымен маңызды. Бізді қоршаған реалды дүние қалайболса солай құрылған, бей-берекет әлем емес, ол өзінің онтологиялық негізіне ұқсастықтар мен айырмашылықтар және т.б. қарым-қатынастарды жинақтайтын жүйелі құрылым. «Реалды әлемдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарым-қатынасы туралы түсінік біздің санамыздың фундаменталды бөлігі болғандықтан, олар біздің іс-әрекетіміздің кейбір түрлерін, атап айтқанда, концептуализация және категоризация процестерін анықтайды. Адам миында, психикасында концептуалды құрылымдардың, концептердің, тіптен бүкіл концептік жүйенің түзілуіне алып келетін ақпараттарды адамның түсіну, қорыту әрекетін концептуализация дейміз, ол процесс «адамзат тәжірибесінің ең кіші бірлігін» айқындау ға бағытталады. Демек концепт – концептуализацияның нәтижесі» [2, 11].

Ұлттық танымдық құрылымдар негізінде қалыптасқан паремиялар этнос болмысының, мәдениетінің рухани дүниетанымының көріністері. Ал «этнос» ұғымы «ұлт» ұғымына қарағанда тереңірек уақытты қамтиды. Атап айтқанда, ол сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық та дәуірлерді басынан кешірген адамдар қауымдасты-

ғын танытады. Олай болса, этностың басынан кешірген жоғарыда көрсетілген барлық кезеңінен толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Ұлтқа ғана тән мәдени концептілер туралы В.Н.Телия: «Это в самом общем виде интерпретация денотативного или образномотивированного, квазиденотативного аспектов значения в категориях культуры» деуі осының айғағы [3, 288].

Осыған байланысты «тіл әлемі» – этностың өзін танып білудің қайнар көзі. Осы кезеңге тән ғаламды танудың, ойлау жүйесінің түрі ұлттық танымның мазмұндық межесі деп бағаласақ, оны бейнелеудің, тілде сақтаудың және қолданудың тұрпаттық межесі (план выражения) – тілдегі мақал-мәтелдер. Ғалым Ислам Айбарша: «Дүниенің тілдік суреті дегенімізді біз тілде көрініс тапқан жалпы ұлт өкілдеріне ортақ ұжымдық ұлттық мәдени тәжірибе негізінде жиналған білім жүйесі. Дүниенің тілдік суреті феномені тіл мен ойлаудың өзара қатынасын танымдық (когнитивтік) ғылымы шеңберінде қарастыру қажеттігін туындатады» – деген тұжырым жасайды [4, 13].

Тіл білімінде пікірталас туындатқан «концепт» термині когнитивтік лингвистика ғылымының қажеттілігінен туындайды. «Концептің» «ұғымнан» басты айырмашылығы соңғысында энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни «концепт» «ұғымнан» кең мағынаға ие. «Ұғым» ғылыми білімнің нәтижесін білдірсе, «концепт» сөздіктегі мағынамен қатар, «алғашқы формасы (этимологиясы), басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын, қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын» жинақтаған көпқабатты құрылым. Демек, концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.

Лингвомәдениеттануда «концепт» жалпы белгілі бір этнос мәдениетінің басты элементі, адамның менталды әлемінің басты ұяшығы деп танылады. С.Г.Воркачевтың пікірі бойынша «мәдени концепт – тілдік бейнесі және этномәдени ерекшелігі бар ұжымдық білім/сананың бірлігі» [5, 48]. Концептің орыс мәдениетіне қатысты Ю.С.Степановтың «орыстардың және орыс қоғамының рухани өмірінің ұжымдық қазынасы» [6, 57] деген анықтамасын басқа мәдениеттер контексі негізінде де қолдануға әбден болады.

Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Сонымен, концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.

Мәдени концептілердің ұлттық үлгілеріне тән ортақ және ерекше белгілерін айқындау үшін олардың тілдік көрінісін, қандай да болмасын ұғымды білдіретін сөздің этимологиясы, синонимиясы мен антономиясы, тіркесу, контекстік қолдануы, семантикалық аялары, образды ассоциациясы, модустік бағалануы, фразеология және тілдік шаблондар құрамында берілуі – бұның барлығы әрбір ұғымды білдіретін басты концептілердің өзіндік «тілін», оларды қайта өңдеуге (реконструкция жасауға), адам санасындағы алатын орнын айқындауға мүмкіндік береді. Міне, осындай сараптама, өмірлік мәні бар дүниетанымдық концептілердің шынайы мәнін ашады.

Мақал-мәтелде кездесетін әр концептің ерекшелігіне тоқталайық. Барлық адамзат, соның ішінде қазақ дүниетанымының «қазығы» боларлық «тағдыр», концептісіне, сонымен бірге оларды жете танып түсінудегі қазақтың ұлттық дүниетанымдық ерекшеліктеріне тоқталуды мақсат еттік.

«Тағдыр» концептісі қандай да болмасын халықтың мәдени мәні бар концептілердің бірі, әрі қазақ дүниетанымында да басты орын алады. Ол өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Жалпы, бұл концептіні теологтар мен философтар белгілі бір дәрежеде зерттеген. Біз өз тарапымыздан осы концепті түсінудегі қазақтардың дүниетанымдық түсінігінің дүниенің тілдік суретіндегі мақал-мәтелдегі ұлттық танымдық көрінісі сөз етіледі.

Ислам бойынша «тағдыр» Алланың жазмышы, яғни алдын ала белгілеп қоюы, оған мұсылман адам күнделікті санада ешбір қарсылықсыз, шыдамдылықпен көнеді. Адамның шыдамдылық, сабыр еткені, қанағат тұтып шүкіршілік еткені үшін Құдірет сый көрсетеді деген ұғым орын алады. Бәлкім осындай түсінік негізінде құдайға сенуші жалғаннан – өмірден түнілмей, оның сәтті де, бақытты кезеңдерін күтіп, «тағдырдың» келеңсіздіктерін шыдамдылықпен, мойымай басынан өткізеді. Түркі халықтарында, соның ішінде қазақтарда осы концептіні түсінуде тағдырға көнумен қатар, оның алдында дәрменсіздігі жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы паремиялық қолданыстарында көрініс тапқан:

Поэтикалық тіркестер арқылы жазушы азапты өмірдің тақсіретін тартып, шаршап, шалдыққан жанның аянышты халін, әркімнің бетбетімен бытырап кеткен тұстарын, аша түскен қабатын қолдану арқылы ойды тереңдете түседі: Шешем Құлыханның бауырлары әлі сол Бектөбеде тұрады. Сәли, Қали, Бөпетай, Сатай….Е, оларды да көрмегелі көп заман болды. Мұртаза барда бәрі де келіп-кетіп тұрушы еді. ”Балапан басымен, тұрымтай тұсымен” дегендей болып кетті ғой [7, 32].

“Балапан–басымен, тұрымтай–тұсымен” мақалында аласапыран, қилы-қилы заманда әркім өз басын сауғалап, өз күнкөрісін діттеп, бет-бетімен кетудің сипаты, ел басына келген қиындық пен қасірет ел-жұрттың басын біріктірмей, бет-бетімен кетуіне мәжбүр еткендігі айтылған.

“Әкесіз жетім–арсыз жетім, шешесіз жетім–шерлі жетім” деген тіркеспен мына жолдарды қарайық: Әлі есімде: қыстың күні жаман жалғыз көрпесін жамылып жүретін. Ақтамақ Сұлтаннан Науат дейтін бір қыз тапты. Бейшара бүкір еді. Омыртқасы жарақаттанып, тумай жатып мүгедек болып қалды. Жанары ботаның көзіндей жәудіреп, адам көрсе бір жәрдем тілейтіндей жаутаң-жаутаң еткенде, жаның шырылдап, жүрегің жылағандай боласың…

Қуанышбай жылқыны санап болып:

– Қайта бер, –деді. Жаз болса да жаурап тұрғандай жағы үрпиген, жүдеу. ”Әкесіз жетім

– арсыз жетім, шешесіз жетім – шерлі жетім” деген рас болар. Шешенің, яғни Айшаның, барына тәуба! [7, 109].

Автор бұл мақалдың “Әкелі жетім анық жетім, Шешелі жетім жарым жетім” негізі денотативті мағынасын ашып береді: әдетте әйел адамның өте қажырлы, қайратты келетіндігі айтылып, баласына әкенің жоқтығын білдірмейтіндігі, әке орнына әке болып, жұмыс істеп бала-шағасын бағумен қатар, ол соларға әке мейрімін де бере алатындығы, сонымен қатар, баласын көрінгенге көз түрткі қылмайтындығы айтылса, шешесі бар жетімнің киімі таза, тамағы тоқ, ол көп нәрседен тарыға бермейтіндігі, жетімдікті жартылай ғана сезінетіндігін, ал, әке баласын материалдық жағынан қанағат тандырғанымен, рухани жағынан толық қанағаттандыра алмайтындығы, үнемі баланың қасында болып көлденең көз бен сөзден де қорғай алмай, бала ылғи жаутаңдап, шешесінің мейірімін аңсап өтетіндігі, яғни анадан айырылған бала өзін нағыз жетім сезінетіндігі содан екендігін танытады. Әрі қарай осы мақалға селбесетін коннотативті мағынасын да көрсетуге болады. Мысалы: Әкемді алсаң да, Құдай, шешемді алма – шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой. Бұл әке мен шешені өлімге бөліп қию емес, жетім қалатын баланың өміртіршіліктегі әкесіз, не шешесіз көрер күйкі тіршілігін көз алдында елестетуден туындаған саналы ой: ”әкенің жақсылығы жездедей–ақ” дегендей, әкесіз жетімге шешенің өмірде тигізер шапағаты, қамқорлық қасиеті мол болса керек. Солардың бірі – жетімектің бас–аяғын бүтіндеп, киім-кешегін жөндеп (“шекпен тоқып беру”) беру қолынан келетінін тілге тірек етіп отыр.

Кейіпкерлер сөзі арқылы автор ауыр өмірге наразы кейіпкер өмірінен хабар береді.

Тағдыр тауқыметін арқалаған арманды жанның бүкіл өмірін беру үшін осы поэтикалық тіркестердің өзі жеткілікті: Осы ойымды оқып отырғандай, Көк Кемпір:

– Шәкеңнің майы шылқылдап тұмағанын білемін. Кескін-кейпінен көрініп тұр ғой. Балағы жырым-жырым шалбар киіп те адам жегжат-жұрағат аралай ма екен? «Басқа түссе баспақшыл» болғансың ғой. Ал енді, – деді Көк кемпір Зиба кішірейтіп берген қоңыр шалбарды нұсқап [7, 229].

“Басқа түссе – баспақшыл” мақалында адам баласына қиыншылық іс түссе, оның істемейтін ісі, айналыспайтын тіршілігі жоқ екендігін, яғни ол бәрін де, тіпті ең бір ауыр, былғаныш (мәс. тері илеушілік) істі де орындауға мәжбүр болатындығын, яғни соған шарасыз көнеді демекші.

“Жазымыштан озымыш жоқ”. Өйткені алла тағаланың о бастан-ақ адамның маңдайына не жазып қойса, ол сол қалпында орындалады, оны өзгерту пенденің қолынан келмейді деген діни наным-сенім негізінде қалыптасқан түсінік.

Менің астымдағы бурыл тай құлағын тікшитіп, енесі кеткен жаққа тесіле қарап біраз тұрды да, қарнын қампита күрсініп, мойнын төмен салып, ажырыққа бас қойды.

Шешесінен айрылғанын білді ме? Білсе, неге жұлқынып, артынан шаппайды? Неге кісінеп жыламайды? Бір күрсінді де тынды.

А, бәлкім, осынікі дұрыс та шығар. Жақын адамдар бір-бірінен айырылса – күйік. Қайғыдан, қасіреттен құса болып, өзегіне өрт түседі. Одан не пайда? “Жазымыштан озымыш жоқ” екенін біле тұра адамдар қайғыдан бүгіліп қалады [7, 123]

«Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді». Бұл мақалда кебін – пенденің келмес сапарға аттанғанда киер ақырет киімі және ол – келмеске кеткеннің бір белгісі; ал тас кебенек (ер азаматтың сауыт орнына жауға киетін, арасына қыл–қылшық салып соғысқа кеткен адамның, садақ оғы өтпейтіндей етіп, тығыздап, қара киізден басқан қорғаныс киімін) киіп, қарсы шайқастан еліне (үйіне) аман қайтуының мүмкіндігі ықтимал; коннотативті сипатында: «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей, тірі кеткен адамның еліне оралуы ықтимал деген мағынасында қолданылған [7, 63].

«Орнында бар оңалар». Бұл мақалда ел іші өлім – жітміне қатысушы жасы үлкендердің қазаға қайыр айта отырып: »Адамның өзі өлсе де, жалғасы, өзінен қалған артында ұрпағы (ұлқызы, немере – шөбересі) бар, демек марқұмның түтінін түтетіп, тіршілігін жалғастыратын етене жақын адамдары бар екен, ертең-ақ олар ер жетіп, орынын басары анық, көп қайғырмаңдар, сабыр етіңдер!» деп марқұмның жақын туыстарына көңіл білдіріп жұбатып, қайғыға басалқы сөз айтудың бір түрі деген мағынасында берілген [7, 114].

«Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көр / көктен ізде». Қолданылған мақалда қауымдағы рухы, тегі, болмысы мықты, күшті ер азаматтардың өздерін тағдырдың тәлкегі тәлтіректетіп, қиыншылық құрсауына алғанда, солардың жүйкесін құртып, жігерін құм еткен де, табиғаты нашар, әлсіз–әлжуаз адамдар азып тозып, жүнжіп, жабағы тышары сөзсіз. Демек мақал өмірдің неше алуан қиындығы мен қыспағына әркім әр түрлі төзімділік білдіреді: біреуге олар түйені жел тербеткендей сезілсе, енді біреулерге сол желден аспанда ұшып жүрген ешкіні көз алдына елестетуі де мүмкін [7, 183].

Қазақтың ұлттық танымында «тағдырға» қанағаттанудан гөрі қанағаттанбаушылығы басым екендігі байқалады. Яғни, «тағдыр» өмірдің тұщысынан гөрі, ащысынан қолданыс табады. «Тағдыр» мен «өлім» концептілері арасында белгілі бір байланыс бар екендігі сөзсіз. Адам өлімнің алдында да тағдырдың алдындағыдай өзінің дәрменсіз екенін мойындап, өлімді тағдырдың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды.

«Өмір» мен «өлім» концептілеріне қатысты мақал-мәтелдер: «Туғанға жыламаймын, өлгенге жылаймын»; «Ажал ажарыңа да қарамайды, базарыңа да қарамайды»; «Біреудің ажалы оттан, біреудің ажалы судан»; «Дүниенің қадірін берерде білерсің, жанның қадірін өлерде білерсің»; «Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ», «Өткен қайтып оралмас, өлген қайтып келмес»; «Өзгеге өлім тілігенше, өзіңе өмір тіле»; «Өмір озады, ажал тозады»; «Өзен ағысын бөлеуге болады,өмір ағысын бөгеуге болмайды»; «Өлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады»; «Өлімсіз дүние болмайды, өткелсіз кешу болмайды».

Өмірдің «берілетін, кететін, келетін, үйрететін, күресетін, өшетін, жанатын, т.б. әрекет иесі» екенін фразеологиялық және поэтикалық дүние бейнелері де таңбалайды. Мәселен, фразеологиялық дүние бейнесінде «Өмір» концептісі өмір бақи, өмір беру, өмірге бойлау, өмірге ез болу, өмірге жету, өмірден тепкі жеу, өмір кешу, өмір өту, өмір тауқыметін көру, өмір тонын кигізу, өмір шамы сөну, өмірі кісі есігінде өту, өмірін сарп ету, өмірі өксуі т.б. фразеологизмдердің денотативтік, сигнификативтік, коннотативтік мағыналары арқылы «заттық-ұғымдық-концептуальдық» байланысқа түседі.

Өмірден тепкі жеді/көрді (тіршілік үшін күресінің бәрі жеңіліске ұшырады); Өмір тауқыметін көп көрген (өмірдегі ыстық пен суықты, қуаныш пен қайғыны, мұң мен наланы, жақсылық пен жамандықты басынан көп өткізген); Өмірін итке берсін (қиыншылықты көп көру және ол қиыншылықтарды адамға басына тілемеу) фразеологизмдерінде өмірдің ісәрекет қимылының бейнесі адам іс-әрекет, қимылына ауыстырылып, «адам» мен «өмір» арасына теңдік белгісі қойылады.

Қазақтың паремиологиялық дүние бейнесі өмірге «Өмір – күрес» деп анықтама береді. Ол анықтаманың ішкі формасында күрестің шарты (жеңіс пен жеңіліс), күрестің амал-тәсілі (ерлік жасау, мойымау, қайраттылық таныту т.б. арқылы жеңіске жету), күрес түрлері (қарама-қайшылықтар арасындағы), күрестің себеп-салдары «өмірдің» заттық елесі (образ) түрінде бейнеленеді. Мәселен, «өлім мен өмір» күресін кескіндеген ¤қорлық өмірден, ерлік өлім артық; ¤Тізерлеп өмір сүргенше, тік жүріп өлген артық ¤Өмір мен өлім күрессе, ауру аяқтан алады (шалады) сияқты паремиологиялық модельдерде «ерлік» категориясы жеңіске жеткізудің амалы, «ауру» категориясы күрес салдары тұрғысынан сипатталады. Қызық, ұзақ, рахат, лексемалары арқылы паремиологиялық дүние бейнесінде «Өмір» концептісінің адамның уахыт тезіндегі кезеңдеріне қатысты сындық және сапалық сипаттамасы жасалады. Қызық өмір-адамның жастық шағының, рахат өмір-жасамыс кездің, ұзақ өміркөрер күндердің үлесі. Мысалы: ¤Жасында жігітшілік қылмаған, өмір қызығынан құр қалады; ¤Рахатсыз өмірден ұйқыда көрген түс артық; ¤Өлгеніңнен жақсы екен өлмегенің, Көргеніңнен көп екен көрмегенің т.б.

«Тағдыр» концептісі қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың даму дәрежесіне қарамастан, өзінің түп негізінде философиялық танымдық концепт болып қала береді. Өйткені оның философиялық танымдық тамырын дұрыс түсінбеген күнде де ол басқа дүниетанымдық концептілердің, жалпы шындық болмыстың ұйтқысы болмас еді. Бұл концепт ешбір өзгеріске ұшырамай, өзінің абсолюттілігі мен тәуелсіздігін сақтай отырып, прагматикалық және басқа да құбылыстардан жоғары тұрады.

«Мен он үштен он төртке қарағанда, шешем қайтыс болды. Оның қырқын беріп жатқанда, көкемнің жанына балаған жалғыз құласы жамандатып өлді. Көкем көпке дейін үйден шықпай отырып қалды. Бір күні даладан кірсем, домбыраға қосып, баяулатып, жаңағы әнді айтып отыр екен. Көкейіме құйылып кетті. Егер біреу айт десе, дәл сол арада айтып жіберуге дайын тұрмын. Осы әнді естіп, көкемнің жақсы көретін құрбысы Дәурен ара қонып келді. Көксандық дейтін өзі мініп жүрген жақсы атын жетелей келіпті. Екеуінің әңгімесінен есімде қалған көп нәрселер әлі сақтаулы. Дәурен шешен, тақпақтап сөйлейтін кісі екен. Белбеуін шешіне отырып айтты мына сөзді: «Ат – ердің қанаты деуші еді, қанатың сыныпты. Әйел – үйдің тұлғасы» деуші еді тұлғаң жығылыпты. «Жатырмын жүгім ауып терең сайда» деген дауысыңды естіп, шыдай алмадым. Көксандыққа еріңді сал. Ел ішіне көзіңді сал. Жетімсіретпе балаларды. «Балаға ана керек. Анасындай әйел әкел!».

Көкем Көксандыққа мінген соң, ел аралап жүріп, бізге ана тауып әкеп берді» («Дауылдан кейін» 100б).

Славян, халықтары дүниетанымында «судьба» құдіреттің өмірді басқарып, бағыттап отырар күші. Орыс тіліндегі бұл сөздің этимологиясы да осыны айғақтағандай: түбірі –

«суд» «Божий суд» (құдайдың әмірі) – «чему быть, тому не миновать»; «не судьба». Бұл концептің семантикалық аясында тағдырды құдайдың жазмышы хақында түсінетінін көрсететін «доля», «участь», «суждение» лексемалары бар.

Сараптама нысаны болып отырған «тағдыр» концептісінің түркілік лексикалық формасына келетін болсақ, ол тіліміздегі «талай» сөзімен беріледі.

Халық даналығының сарқылмас көзі мақалмәтелдер бір-бірімен үзіліссіз қатыстылықта, тығыз қарым-қатынаста, өзара байланыста болып келетін дүниенің мәдени бейнесі мен дүниенің тілдік бейнесі тарамдалатын реалды дүние суретіне барып саятындығымен маңызды. Реалды дүние бейнесі дегеніміз ─ адамзаттан тыс жатқан объективті әлем, адамды қоршаған шындық болмыс. Дүниенің мәдени бейнесі – адамның сезім мүшелері мен ұжымдық немесе индивидуалдық санасы арқылы алынған түсініктеріне негізделетін ұғымдар «елегінен» өткізілетін реалды дүниенің бейнесі. Дүниенің тілдік бейнесі – тіл «сүзгішінен» өткен дүниенің мәдени бейнесі, ол дүниенің мәдени бейнесін тіл мен сана арасында «көпір» ете отырып, шындықты, реалды әлемді бейнелейді.

 

Әдебиеттер

  1. Қайдар Ә. Халық даналығы. − Алматы: Толғанай, 2004. − 560 б.
  2. Учайкина Е.Н. Концептосфера «богатство» в англосаксонской картине мира: Концептуализация и категоризация: Дисс... канд. филол. наук. − М., 2005. − С. 11.
  3. Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. – Москва: Школа языка и русской культуры, 1996. − 288 с.
  4. Ислам Айбарша. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Фил. ғыл. докт. дисс. авторефераты. –Алматы, 2004, − 251 б.
  5. Воркачев С.Г. Концепт «счастья»: понятийный и образный компоненты // Известия РАН. Серия литературы и языка. – 2001. − Т. 60. − № 3. − 47-58 с.
  6. Степанов Ю.С. Константы русской культуры. – М., 2001. − 312 с.
  7. Шерхан М. Ай мен Айша: Роман. – Алматы: Жалын, 1997. − 256 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.