Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қ. А. Йсауи тілінің зерттелуі

Бұл мақалада дүние жүзіне аты мәшһүр түркі ақыны Қожа Ахмет Йасауидің діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы болып табылатын «Диуани хикмет» еңбегінің зерттелу тарихы жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады. Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен қызметіне, шығармасы мен шығармашылығына, сондай-ақ аталған ескерткіш тілінің зерттелу тарихына аса зор мән беріледі. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бері қарайғы зерттеулерден бастап, Кеңес өкіметі тұсында жарық көрген дереккөздер сөз болады. Сонымен бірге қазіргі заманғы Р. Сыздықова, Р. Бердібаев, Е. Қажыбеков, М. Жармұхамедов, М. Мырзахметұлы, С. Дәуітұлы, З. Жандарбек, Ә. Мүминов сияқты түркітанушы ғалымдардың және шетел ғалымдарының, оның ішінде Түркия ғалымдарының еңбектері аталып, талданады.

Мақалада, сондай-ақ маңызы жағынан кемімеген қолжазба, көшірме нұсқалары және хикметтері санының әрқилылығы тұрғысындағы тілдік мәселелер, түркі әдебиетінің ортағасырлық дамуының: поэтика, дүниетаным және замандастарына әсер-ықпалы контексіндегі мәселелер де қарастырылады.

Ұлы ойшыл, данышпан ақын Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы «Диуани Хикмет» деп аталады

(Еңбек қазақ тілінде «Даналық кітабы», «Даналық сөздер», «Ақыл кітабы», «Данышпандық жинағы», «Парасат жинағы» деп әр түрлі аударылып жүр). Бұлай аталуы 16-ғасырдан беріде ғана. Әуелде «Құдай жолының әдебі» деп аталған [1, 10].

Қ.А. Йасауидің өміріне, қызметіне қатысты деректер мен ауызша жеткен мәліметтер, аңыздар көп. «Осындай қат-қабат мәліметтер арасынан ақиқатын табудың өзі қиын», – дейді белгілі йасауитанушы-ғалым Намық Кемал Зейбек [2, 82].

Қ.А. Йасауи Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келді. Сайрам қаласы өте ертеден аса маңызды ислам орталығы болатын.

«Қ.А. Йасауи – шыққан тегі жағынан түрік. Әкесі Исфиджабта атақ-даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим екендігі белгілі. Анасы – Мұса шейхтің қызы Айша (қазақтар Қарашаш ана дейді). Мұса шейх та Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Тарихи деректерде Ибрахим шейхтің Ахмет және Гауһар атты екі перзенті болғандығы туралы мәліметтер басым» [3, 425].

Қ.А. Йасауидің туылған жылы белгісіз. Көпшілік зерттеушілер 1166-1667 жылдары қайтыс болған деген болжам айтады. Бір аңыз бойынша жүз жиырма, басқа бір аңыз бойынша жүз отыз үш. Яссыда тарап жүрген аңыз бойынша жүз жиырма бес жыл өмір сүрген [4, 53]. Қ.А. Йасауи кесенесінің оңтүстік батыс жағында жүз, жүз елу метрдей жерде өзінің көзі тірі кезінде жер астынан салынған үлкен бөлме бар. Бөлменің терезесі жоқ. Бұл бөлмені кейбір еңбектерде «діншілдердің қырық күндік ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханасы», – деп атаса [3, 430], енді бірінде «қылуетхана» деп атайды. Қылуетханада бір адам ғана сыятын кішкене бөлме бар. Күні бүгінге дейін сақталған. Оған баспалдақпен түседі. Ә. Дербісәлиевтің көрсетуінше, бөлменің кеңдігі 2x2, биіктігі бір жарым метрдей. Бөлменің екі қабырғасына шам қоятын текшелер де істелген [5, 156].

Қ.А. Йасауи Мұхаммед пайғамбардың (ғалейһи-с-салам) сүндеттерін парыз деп біліп, ол сүндеттерді өмір бойы мүлтіксіз орындап өткен ғұлама. Жасы 63-ке толып, пайғамбар жасына жеткеннен кейін, жарық дүниені тәрк етіп, қылуетханаға түсіп кетеді. 1897 жылы Ыстамбулда басылған нұсқаның 22-хикметінде мынандай шумақ бар:

Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім, Алпыс үште сүндет деді, естіп білдім.

Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым, Естіп оқып жерге кірдіь, Құл Қожа Ахмет [6, 55].

«Диуани Хикметте» «Сол себептен алпыс үште кірдім жерге» деген өлең жолдары бірнеше рет кездеседі. Осы деректерге сүйенген кейбір зерттеушілер оның 63 жастан кейін жер астына түскен кезін өлгенге санайды.

Қазақстандық йасауитанушы Мұхамедрахым Жармұхамедұлы: «1166-67 жылдар ақынның қайтыс болған жылы емес, жер астына түскен 63 жасы болса керек. Жер бетінде қанша жыл жасаса, жер астында сонша жыл жасады. Ұлы ақын 1103 жылы туып, 1228 жылы қайтыс болады. Хикметінде айтылғандай, 125 жыл өмір сүрді», – деп оған дәлел ретінде

«Хикметтен» мына жолдарды келтіреді:

Иранлардин фаиз уа футух алалмадим, Иүз игирма бешка кирдим билалмадым. Хақ тағала тағатларин қылалмадим,

Иштиб, уқиб иерга кирди Қул Қожа Ахмад [6, 171].

Аудармасы:

Ерендерден шабыт пен сыр ала алмадым, Жүз жиырма бес жасқа келдім, біле алмадым. Хақ тағала тағаттарын қыла алмадым,

Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Қ.А. Йасаудің неше хикмет жазғаны да белгісіз. Бір хикметінде 4400 екені айтылған:

Қул Хожа Ахмад һәр бір сөзің дәрдгә дәрман, Талибларга байан қылсам қалмас арман.

Төрт мың төрт йүз хикмәт айдым Хақдын фарман, Фарман болса өлгүнчә сөзләсәм мен.

Аудармасы:

Құл Қожа Ахмет әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге байан қылсам қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айттым Хақтан пәрмен, Пәрмен болса өлгенше сөйлесем мен.

Түрік ғалымы Кемал Ераслан бұған күмән келтіреді. Шындықтан гөрі аңызға жақын. Қ.А. Йасаудің өзі емес, ізбасарларының бірі айтқан болу керек дегенді айтады. К. Ерасланның көрсетуінше, Қ.А. Йасауидің қазіргі қолда бар қолжазба нұсқалары мен басылымдарындағы хикметтерінің саны 250-ден аспайды екен [7,42]. Сондықтан хикметтердің саны туралы бұндай болжам айту заңды да. «Диуани Хикметтің» әзірге белгісіз қолжазбалары, тіпті түпнұсқасы да келешекте табылып қалуы мүмкін деген үміт те жоқ емес. Ондай мүмкіндік болып жатса, хикметтердің саны толыға түсері сөзсіз. Өлеңдер жинағында:

Менің хикметімнің саны йоқдүр, Йамма талиблар оқыр имкани йоқдүр, – деген жолдар бар екен [8, 129]. Бір хикметінде 99 мың хикмет айттым деген дерек те кездеседі:

Қул Қожа Ахмад гауһар йаңлығ хикмәт айды. Ерәнләргә қызмет қылып назар тапты.

Тоқсан тоғыз мың хикмәт айтып дастан қылды. Дастан қылып, бустан ічрә (ішінде) йүрмәк үчүн.

Қ.А. Йасауидің ұстаздарының көш басында Арыстан баб тұр. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Қ.А. Йасауи әпкесі Гауһар екеуі Йасы қаласына келеді. Осында Арыстан бабпен кездесіп, одан тәлім-тәрбие алады. Бұл жөнінде «Диуани Хикметте» айтылған. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін Қ.А. Йасауи Бұқараға барып, білімін жалғастырады. Білімімен, өнегесімен, көрсеткен кереметтерімен сол заманғы ислам әлеміне атақ-даңқы кеңінен жайылған Йусуф Хамаданиге шәкірт болады.

«Диуани хикметтің» маңызы жайында Фуад Көпрүлү: «Диуани хикмет» – ислам түркі әдебиетінің «Құтадғу білігтен» кейінгі ең ескі ескерткіші. Араб және парсы тілдерінің дәуірлеп тұрған шақтарында әдебиет, тіл үлгілерінің аз болғанына қарамастан жазылған бұл еңбектің бағасы өте жоғары. Көне әдебиетіміздің ислам дініндегі үлгілерінің ең үздігі. Диуани хикметтің ұрпақтарға берері мол қазына, ұшы-қиыры жоқ білім көзі» [9,119-120], – деп жазды.

Қ.А. Йасауи поэзиясы сегіз ғасырға жуық уақыт ішінде түркі тайпалары арасына ауызша да, жазбаша түрде де тарап бізге жетіп отыр. Қазан төңкерісіне дейін Ыстамбулда, Қазанда, Ташкентте бірнеше рет басылды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, көшірмелері мен басылымдарының арасында тіл жағынан да, хикметтердің саны жағынан да айырмашылықтар бар көрінеді.

Зерттелу тарихына келетін болсақ, «Хикметтер» діни мазмұнда жазылған шығарма ретінде қаралғандықтан, Кеңес дәуірінде елімізде басылмады, соған сәйкес әдеби тұрғыдан да, тілдік мәні жағынан да зерттелмеді.

Академик Мехмет Фуат Көпрүлү «Түрік әдебиетіндегі алғашқы мутасаввыфтар (сопылар)» деген көлемді еңбек жазып, 1918 жылы Ыстамбулда бастырған екен. Бүгінге дейін бірнеше рет жарық көрді. 1993 жылы Анкарада оның 9-басылымы шықты. Еңбек екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі А. Йасауиге, екінші бөлімі Жүніс Әміреге арналған. Бұл еңбек кейін бірнеше рет қайта басылды. Қ.А. Йасауиге арналған бірінші бөлімі «Қожа Ахмет Ясауи танымы мен тағылымы» деген атпен қазақ тіліне аударылып, 1999 жылы Шымкентте жарық көрді. «Бұл кітапты қазақ тіліне аударып жариялаған түрік ғалымы Кенан Кочтың қыруар еңбегін ризашылықпен атап, әріптесімізге алғысымызды білдіреміз», – дейді академик Рәбиға Сыздық. Еңбекте Қ.А. Йсауидің ата-тегі, балалық шағы, ұстаздары мен шәкірттері туралы көптеген мағлұматтар, аңыз-әңгімелер берілген. «Дивани хикметтің» маңызы түсіндіріліп, тілдік, әдеби мәні талданған.

Түріктің екінші бір белгілі ғалымы Кемал Ераслан «Хикметтің» Ыстамбул нұсқасын ««Диуани хикметтен» таңдамалылар» деген атпен 1983 жылы Анкара қаласында басып шығарды.

Бұл еңбек те бүгінге дейін 3 рет қайта басылды. «Ахмад Яссави. Хикматлар» деген атпен 1991 жылы Ташкентте бір басылымы жарық көрді. Мұны Түркияда шыққан кітап негізінде баспаға даярлаған әдебиетші ғалым Ибраһим Хаққулов. «Девани хикмат» деген атпен 1992 жылы Ташкентте тағы бір кітап шықты. Мұны Қазан нұсқасы негізінде баспаға даярлаған Р.А. Абдушукуров. Осы жылдар ішінде «Хикметтер» көп таралыммен Түркіменстанда да басылды.

Міржақып Дулатовтың «Хазіреті Сұлтан» деп аталатын мақаласы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 16-санында жарияланған екен. Жазушы ол мақаласында Түркістан шаһары жайында мынадай мағлұмат қалдырған: «ХV ғасырдың аяғына шейін Түркістанның аты Ясы екен. Кішкене ғана Ясы деген қышлаққа ХІІ ғасырда Қожа Ахмет Ясауи хазірет Сұлтан келген соң даңқы шығып кетіпті. 1166 жылы Ясауи опат болып, одан кейін оның бейітін түркі тұқымы, әсіресе қазақ халқы әр уақыт зиярат ететін болыпты. Зияратқа әр жерден халық көп келетін болған соң, ол жерде сауда ашылып, кішкене қышлақ бірте-бірте зорайып, шаһарға айналды».

«Біздегі Йасауитану 1990 жылдардан бермен қарай жандана бастады», – деп жазды Р. Сыздық [8, 106]. Осы жылы қазан айында Түркістанда «Йасауи әлемі» атты халықаралық жиын – «Дөңгелек үстел» өткізілді. Оған Түркиядан, Америка Құрама Штаттарынан, Франциядан, Италиядан, Польшадан, Мәскеуден, Санкт-Петербургтен, түркі тілдес республикалардан көрнекті түркітанушы ғалымдар қатысты. Бұл жиынға Қазақстан Республикасынан белгілі ғалымдарымыз Ш. Сәтбаева, Р. Сыздықова, Р. Бердібаев, Е. Қажыбеков, М. Жармұхамедов қатысып, өз ойларын ортаға салды. Бұл ғалымдардың газет тілшісіне берген сұхбаттары «Даналыққа тағзым» деген тақырыппен «Ана тілі» газетінің 1990 жылғы 41-санында жарияланды. 1996 жылы «Ясауи тағылымы» деген жинақ Түркістан қаласында басылды. Жинаққа философтардың, археологтардың, тарихшы, әдебиетші, тілші ғалымдардың мақалалары енген. Онда Қ.А. Йасауидің философиялық ойлары, көзқарастары, тариқатының (жолының) тарихы туралы мағлұматтар берілген. Йасауи «Хикметтерінің» тілі, сөздігі, тайқазанға байланысты деректер, сондай-ақ Йасауи мен оның шәкірттері жайлы айтылған аңыз-әңгімелер де бар. «Түркістан тарихы мен мәдениеті» атты жинаққа енген бірқатар мақалалар топтамасы Қ.А. Йасауидің өміріне, туып өскен ортасына және йасауийа ілімі нің шығу негіздеріне арналған. Оқырмандар жинақтан Йасауи хикметтерінің қазақ әдебиетімен байланысы, қазақ ақындарының шығармаларындағы Йасауи ықпалы, әулиелі жерлерге қатысты деректермен де таныса алады.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетіндегі өкілетті Кеңестің бұрынғы төрағасы Намық Кемал Зейбектің «Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы хикметтер» (Анкара, 2003) деп аталатын еңбегі қазақ тілінде жарық көрді (Аударған – философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы). «Мен бұл кітапты жазған жоқпын. Тек қана дайындадым. Бақша өте үлкен… Сол бақшадан азды-көпті терген гүлдерімді сіздерге ұсынып отырмын. Бұлар – мәңгі солмайтын гүлдер. Егер бұл кітап көңiліңізге қонып, ұнап жатса, сан қайтара оқуларыңызды сұранамын», – дейді автор [2, 252].

Қ.А. Йасауидің «Диуани хикметі» 1993 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне жолма-жол аударылып, «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығынан жарық көрді (Аударғандар: М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи). Аударма 1897 жылы (ескіше 1315 ж.) Ыстамбул қаласында басылған нұсқадан жасалған. Барлығы 69 хикмет, соңында мінәжат берілген. Бұл басылымның құндылығы сол: кітаптың бірінші бөлімінде аудармасы, екінші бөлімінде түпнұсқасы, үшінші бөлімінде транскрипциясы берілген. Соңында сөздігі мен түсініктері бар.

1993 жылы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінен «Хикмет Хазірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи» деп аталатын бір қолжазба табылды. Йасауитанушы М. Жармұхамедұлы бұл қолжазбада кездескен хикметтерді де қазақ тіліне аударып, 2002 жылы «Жалын» баспасынан жеке кітап етіп шығарды. Йасауитанушылар үшін бұл екі еңбек те жақсы дерек көзі бола алады. Өйткені соңғы кітапта да қазақша аудармамен қатар түпнұсқа да берілген. 1893 жылы Қазан универститетінде басылған «Диуани хикмет» жинағы да қазақ тіліне аударылып, 2000 жылы Тегерандағы «Әл-Хұда» баспасынан жарық көрді. Аударғандар: Қуанышбек Қари, Ғалия Қамбарбекова.

Қ.А. Йасауи хикметтерін талантты ақын Әбдіраш Жәмішұлы да қазақ тіліне аударып, 1995 жылы «Өнер» баспасынан жариялаған еді. Бұдан басқа да қазақ тілінде бірнеше аудармалары бар. 1904 жылы Қазан қаласында басылған түпнұсқа мәтіні «Арыс» қоры баспасынан жарық көрді.

2010 жылы Түркістан қаласындағы «Тұран» баспаханасынан Қ.А. Йасауидің рухани мұрасына арналған тағы бір кітап жарық көрді [10]. Кітаптың алдында құрастырушыдан деген тақырыппен екі жарым беттік кіріспе берілген. Мұнда «Хикметтерді» аударған он төрт аудармашының есімдері аталып, еңбектері көрсетілген. «Бұл аудармалардың бәрін сәтті шыққан деуге болмайды. Себебі тәржімалағандардың бәрі түпнұсқаға барған деуге келмейді. Ал ғылыми аударма жасағандар түпнұсқаға жүгінгенімен де Йасауи шығармасының түпкі діни-софылық мазмұнын мейлінше түсінбеген сияқты», – дейді. Десе дегендей, кейбір аудармалар мүлде сын көтермейді. Осы саланың білікті мамандарының бірі профессор Ә. Құрышжанов сондай сәтсіз аударманың бірін сынап, арнайы мақала да жазды [11, 2433]. Йсауи ілімі мен мұрасын көптен бері үздіксіз зерттеп келе жатқан ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Д. Кенжетай. «Әрбір сопылық жолындағылар өзара арнайы тіл қалыптастырған, нәтижеде сопылық терминология пайда болды. Ясауиді түсіну үшін сопыша тіл білу керек», – дейді ғалым [12, 292-293]. Сопылық ілімдегі терминдік мағынаның мазмұны терең, астарлы болып келеді. Сондықтан сопы шайырлардың басым бөлігі «лисанул ғайб» (жұмбақ тіл) аталған екен. «Хикметтердің» қазақша аудармаларындағы ақаулар суфизм терминдерінің мағыналарын дұрыс танып-білмегендіктен болса керек. Мысалы, Қазан басылымындағы 27-хикметте «Ерәнләрдін фәйз уа футух алалмадым» деген өлең жолы бар. Осы тармақты бір аудармашы «жарандардан пайда, көмек ала алмадым» деп аударса, екінші аудармашы «жарандардан күш-қуат ала алмадым» деп аударған. Енді бір еңбекте «Жарандардан тәлім, береке ала алмадым» деп, ал төртінші бір еңбекте «Ерендерден шабыт пен сыр ала алмадым» деп аударылыпты.

Йсауи тілінің негізі туралы әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Неміс ғалымы профессор М. Хартман шағатай тілінде жазылған десе, атақты мажор ғалымы Г. Вамберидің «Диуани хикметтің тілі – қоқан диалектісі», – деп айтқанын профессор Ф. Көпрүлү еңбегінен білеміз [4, 200-202]. Бұл пікірлердің асығыс айтылған пікірлер екені түсінікті.

Жалпы XI-XV ғасырларда жазылып қалған ескерткіштердің тілін түркітанушы ғалымдардың көпшілігі «Орта Азия халықтарының жазба әдеби тілі» немесе «Орта Азия түріктерінің тілі», – деп атайды.

Ә. Нәжіп – түркі тілдерінің теориясына үлкен үлес қосқан ғалым. Ол XI-XV ғасырлар аралығында жазылған мұраларды жан-жақты зерттей келе, бұл кезеңде бірнеше әдеби тілдердің болғанын анықтады. Ғалымның айтуынша, Қараханид дәуіріндегі қарлұқ-ұйғыр әдеби тілімен қатар, XII ғасырда Сырдарияның төменгі жағында қыпшақ-оғыз әдеби тілі өмір сүрген. Қожа Ахмет бабамыз өз өлеңдерін осы тілде жазған. Қыпшақ тілі қазақ тіліне жақын екенін қазіргі кезде түркітанушы ғалымдардың бәрі де мойындайды. Ә. Нәжіп бір мақаласында: «Йасауидің «Хикметі» – қазақтың төл әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің бастау көзінде тұрған тарихи мәні зор ескерткіш», – деп жазды.

Өзінің докторлық диссертациясында Ә. Нәжіп XIV ғасырда Алтын Орда аймағында да қалыптасқан екі әдеби тіл болған деген тұжырым жасады. Оның бірі – оғыз-қыпшақ әдеби тілі де, екіншісі – қыпшақ-оғыз әдеби тілі. Орта ғасырларда пайда болған әдеби мұралардың барлығы дерлік аралас тілде жазылған. Бұл құбылысты да алғаш байқаған ғалым Ә. Нәжіп болатын [13]. Ғалымның мұндай қорытындыға келуіне негіз болған: біріншіден тілдік фактылер, екіншіден, әдеби мұраларға ие оғыз, қыпшақ тайпаларының тарихи жағдайы.

Ә. Нәжіптің бұл пікірін Йасауи «Хикметтерінің» тілін Самарқанд қолжазбасы бойынша жан-жақты зерттеп, монографиялық жұмыс жазған ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сыздық та қуаттайды [14, 106-110]. Осы іргелі еңбегінде ғалым Самарқанд қолжазбасының факсимилесін (фотонұсқасын) және ол қолжазбаның ескі араб жазуынан қазіргі графикаға жолма-жол дәл көшіріліп транскрипцияланған мәтінін де берді. Автордың айтуынша, бұл ең әріден сақталған және қазіргі кезде белгілі болып отырған көптеген қолжазбалардың ішіндегі ең толығы да екен. Міне, Йасауи шығармаларының ең толық қолжазбасы да, басылымы да қолымызда. Олардың әрқайсысын жеке-жеке немесе өзара салыстыра зерттеуге де мүмкіндік туып отыр.

Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын әр қырынан алып зерттеп, сөз еткен мақалалар топтамы «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналының 2011 жылғы 15-санында басылды. Мақалалардың мазмұнына қарай мынадай тақырыптарға бөлініп берілген: өмірбаян, ясауитану, Ясауи дәрістері, сауалнама, таным, Ясауи кесенесі, зерде, Ясауи университеті, Ясауи мұражайы, Ясауи ұстазы, театрдағы бейне, Ясауи журналы [15].

Қ.А. Йасауи мұраларын зерттеу ісімен үзбей айналысып келе жатқан Мекемтас Мырзахметұлы, Досай Кенжетаев, Сәрсенбі Дәуітұлы, Зікірия Жандарбек, Әшірбек Мүминов сынды ғалымдардың мақалалары Ясауитану айдарында берілген.

Міне, сөйтіп 70 жыл бойына айтылмай, оқылмай, жазба түрде басылмай келген Қ.А. Йасауи бабамыздың асыл мұраларын игеруге, зерттеуге өз елімізде де мол мүмкіндіктер жасалынып жатқанының куәсі болып отырмыз.

1991 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ашылған Түркістан Мемлекеттік университеті де Түркістан қаласында орналасқан. Бұл универститет 1992 жылы қазан айының 31-інде Қазақстан Республикасы мен Түркия өкіметтерінің арасындағы келісім нәтижесінде Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті болып қайта құрылды. Қазір мұнда 10 мыңға жуық студент білім алуда. Оларға «Йасауитану» деген арнайы пән өтіледі. Мұның барлығы – қасиетті бабамыздың қалдырып кеткен асыл ойлары мен маржан сөздерін жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін істелініп жатқан игі істер. Ұлы ойшылдың даналық сөздерін үйренуге деген жастардың ықыласының күннен күнге артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. 2003 жылдың қазан айында Қ.А. Йасауи мұрасы бүкіләлемдік деп танылып, ЮНЕСКО-ның құрамына енді. Бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Иасауи Қ.А. Диуани Хикмет (Даналық кітабы). – Тегеран: Әл хұда, 2000.
  2. Намық Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы хикметтер. – Анкара: 2003. – 255 б.
  3. Нысанбаев Ә.Кенжетаев Д. Қожа Ахмет Иасауи // Түркістан. Халықаралық энциклопедия. – Алматы: 2000. – 656 б.
  4. Көпрүлү М.Ф. Қожа Ахмет Ясауи танымы мен тағылымы. – Шымкент: 1999. – 246 б.
  5. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 256 б.
  6. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). – Алматы: Мұраттас ғылыми-зерттеу және баспа орталығы, 1993. – 262 б.
  7. Кемал Ераслан. «Дивани хикметтен» сечмелер. – 1983.
  8. Сыздық Р. Ясауи тілінің қыпшақтық-оғұздық негізі // «Түркология» журналы, Түркістан: 2002. – № 2. – Б. 106-110.
  9. Türk edebiyatında ilk mutasavvıflar. – Ankara, 1991.
  10. Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (аударма, транскрипция, мәтін, сөздік). Түркістан: Тұран, 2010. – 400 б.
  11. Құрышжанов Ә. Қ.А. Йассауи шығармаларын зерттеудің кейбір мәселелері // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1994. – № 5. – Б. 24-33.
  12. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы, 2008.
  13. Наджип Э.Н. Культура и тюркоязычная литература Мамлюкского Египета XIV века. – Туркестан: Туран, 2004. – 291 с.
  14. Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің тілі». – Алматы: Сөздік-словарь, 2004. – 549 б.
  15. «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналы. – 2011. – №15 (27).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.