Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кембридж ағылшын тіл бағалау жүйесі Орталығының (CELA) тілдік тестері

Мақалада Қазақстан білім беру қызметі нарығында кеңінен қолданылып жүрген ағылшын тілі халықаралық тестеріне шолу жасалған. Кембридж ағылшын тілін бағалау жүйесі орталығының (CELA) тілдік тестері қарастырылған. Мақаланың негізіне алынып отырған тіл тестерін алғашқы кезеңде шетелдік оқу орындарына түсу мақсатында тапсырса, соңғы кезеңде ол тестерді Қазақстанның ішіндегі халықаралық компанияларға жұмысқа тұру және отандық магистратура мен докторантура оқу бағдарламаларына қабылдану үшін де қажетті тестердің бірі ретінде қолданып жүр. Осы мақала шеңберінде талқыланып отырған шетелдік ағылшын тілі тестері ретінде Кембридж ағылшын тілін бағалау жүйесі орталығында (CELA) жасалған тестерге тоқталамыз. Оған себеп Қазақстан білім беру нарығында қолданылып жүрген шетелдік тіл тестерінің дерлігі аталған орталықтың тест өнімдері. Мақаланың мақсаты неліктен аталып отырған тестер Қазақстан білім беру нарығында сенімді түрде кеңінен орын алуда деген сұраққа жауап табу болып табылады. Мақалада CELA-ның даму тарихына және қазіргі лингвистика, социолингвистика, т.б. теорияларды қамтыған тест тапсырмаларына қысқаша шолу берілген.

Соңғы онжылдықтан аса уақытта Қазақстан білім беру нарығында шетелдік ағылшын тілін бағалау тестері кеңінен қолданылып келеді. Негізге алынып отырған тіл тестерін алғашқы кезеңде шетелдік оқу орындарына түсу мақсатында тапсырса, соңғы кезеңде ол тестерді Қазақстанның ішіндегі халықаралық компанияларға жұмысқа тұру және отандық магистратура мен докторантура оқу бағдарламаларына қабылдану үшін де қажетті тестердің бірі ретінде қолданып жүр. Осы мақала шеңберінде талқыланып отырған шетелдік ағылшын тілі тестері ретінде Кембридж ағылшын тілін бағалау жүйесі Орталығында (CELA) жасалған тестерге тоқталамыз. Оған себеп, Қазақстан білім беру нарығында қолданылып жүрген шетелдік тіл тестерінің дерлігі аталған Орталықтың тест өнімдері.

CELA ағылшын тілі тест өнімдерін топтап қарастыруға болады. Бірінші топқа жалпы тілдік деңгейді анықтайтын тестер (CPE, LCE, KET, PET, FCE, CAE), екінші топқа академиялық тестер (ELTS, IELTS), үшінші топқа салалық тестер (BEC, BULATS, ILEC), төртінші топқа ағылшын тілі жүйесінің ерекшелігін тілді оқытуда қолдана отырып, оның оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған тестер (TKT, CELTA, DELTA) жатады. Көрсетіліп отырған барлық топтағы тестер CELA тарихындағы ең алғашқы емтиханның бірі және негізгісі болып табылатын емтихан – CPE-ға (Кембридж ағылшын тіл біліктілігі емтиханы) негізделген және содан бастау алады. Бұл емтиханның мазмұны мен құрылымы өз тарихында тіл оқытудың грамматикалық әдісіне сүйенді. С.Уэйр CPE тестерінің архивтік көшірмесіне сүйене отырып CPE емтиханын төмендегідей сипаттайды: «Емтиханның бағыты академиялық ағылшын тілі. Оның алғашқы кездегі форматы дәстүрлі болды, яғни эссе жазу, ана тілділерге арналған тілдік оқу бағдарламасы негізіндегі ағылшын әдебиеті, эссе және міндетті фонетика мен грамматика, ағылшын немесе неміс тілдерінен ағылшын тіліне және керісінше аудару. Сонымен қатар, емтиханның ауызша бөлімінде диктант, дауыстап оқу және әңгімелесу енгізілді [1, 51]. CPE тестінің мазмұны мен талабы шетелдік емтихан тапсырушыларға тілдік деңгей тұрғысынан күрделі, мазмұны ауыр соққандықтан және бұл қиындықтар тест тапсырушылардың Ұлыбритания оқу орындарына түсуіне немесе сол елде жұмыс жасауға кедергі тигізгендіктен, осы тест негізінде FCE (Бірінші деңгей сертификат емтиханы), LCE (Төменгі деңгей сертификат емтиханы), KET (Негізгі ағылшын тілі сертификаты) немесе PET (Бастауыш ағылшын тілі сертификаты) тестері жасалды. Оның тағы басқа себебі тест тапсырушылардың аудиенциясын кеңейту болып табылды. Екінші жағынан, Орталықтың мүддесітест тапсырушылардың санын арттыру. П. Фолвей «Ағылшын тіл біліктілігінің төменгі деңгейін анықтайтын FCE (Бірінші деңгей сертификат емтиханы) екінші дүниежүзілік соғысы қарсаңында жасалынды. Оның алғашқы атауы LCE (Төменгі деңгей сертификат емтиханы) деп аталды» деп түсініктеме бере келе, «FCE тесі CPE емтиханы тесі тәріздес бес тест құрылымынан тұрады. FCE тесінің практикаға енуі CPE тестерінің басқа да төменгі тіл деңгейін анықтайтын тестерінің жасалуына кедергі болған жоқ. Мысалы, тіл біліктілігінің төменгі деңгейін анықтайтын KET (Негізгі ағылшын тілі сертификаты) (1980) немесе PET (Бастауыш ағылшын тілі сертификаты) (1994) тестері жасалынып, қазіргі күні практикада қатар қолданылады» [2, 131]. Тілдік деңгейді анықтайтын тестердің түрлену себебіне тоқталсақ, ол жөнінде П.Фолвей (сол жерді қараңыз) оны төмендегідей түсіндіреді: «Сол жылдарда (19801995 жж.) жаңа CELA тестері қарқынды шығып жатты. Оның себебі, CPE тесінің тест тапсырушылар мен оқытушылар үшін тартымдылығы төмендегендіктен емес, оның қиындығында болды. CPE тестері тіл біліктілігінің жоғары стандартын талап етті, ал бұл стандартқа сай тіл білу барлық адамдарға қажет емес» [2, 157].

Өткен ғасырдың екінші жартысында университетке түсушілер санының артуы екінші топтағы тестердің дамуына ықпал жасады және өз тарапынан CELA орталығы академиялық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тестер жасай бастады. Бұл жөнінде тест түрлеріне зерттеу жасаған ғалым П.Фолвей «Университеттік бағдарламаларда оқу үшін тиесілі тіл деңгейін анықтайтын бірқатар емтихан түрлері 1966 жыл мен 1980 жылдар аралығында жасалынды» [2, 135]. Осы жөнінде Б. О’Сулливан:

«1980 жылдардың басында Ұлыбританияда тест жасаушылар арнайы мақсатқа негізделген мақсатты тестер жасаудың мүмкіндіктерін қарастыра бастады, соның нәтижесінде ELTS (Ағылшын тілін бағалау сервисі) кейінірек бұл тест IELTS (Халықаралық ағылшын тілін бағалау сервисі) деп қайта аталды»[3, 9]. ELTS емтиханы атауының IELTS атауына өзгеру себебі CELA тест жасаушыларының Британдық Кеңесі мен Австралия университеттері мен колледждеріндегі Халықаралық даму бағдарламаларымен бірлікте жұмыс жасауы болды [2, 140]. Келесі, үшінші, топтағы тестердің орын алуына Ұлыбритания қоғамында терең белес алған көріністің, бизнестің, қарқынды дамуы себепкер болды. Елде орын алған бизнестік әріптестік CELA -ның тесттерді дамыту ісіне коммерциялық тұрғыда тиімді ықпалын тигізді. Бизнестегі халықаралық әріптестік өзара түсінікті тілде қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тіл біліктілігі деңгейін қажет етті. BEC (Іскери ағылшын тілі сертификаты) және BULATS (Кәсіби ағылшын тіл деңгейін бағалау емтиханы) 1993 және 1998 жылдары жасалды. Осы тест тобына 2005 жылы ендірілген ILEC-ті де (Халықаралық құқық бойынша ағылшын тілі сертификаты) жатқызуға болады. Бұл емтиханның мақсаты – халықаралық әріптестікте заңгердің ағылшын тіліндегі біліктілігін қамтамасыз ету. Бұл емтиханды халықаралық әріптестікте жасалған емтихан тесі деп атауға болады. Себебі CELA тестерді Транслегал-Еуропа орталығының заңгер-лингвистерімен бірлікте жасайды [2, 145].

Тестердің соңғы тобы ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігіне арналған тестер деп атауға болады. Ағылшын тілі оқытушыларының білім деңгейін жетілдіруге бағытталған тест TKT (Тіл оқытушысының білімін бағалау тесті). Бұл тестің мақсаты ағылшын тілі оқытушыларының тіл үйрету ісі бойынша білімін тексеру [2, 150]. Тест Қазақстанның білім беру нарығында (ағылшын тілі мұғалімдері үшін) Британдық Кеңес арқылы кең тарап келе жатқанын айта кетейік. Тіл оқытушыларына арналған және әлемнің кез-келген елінде ағылшын тілін екінші тіл ретінде сабақ беруге рұқсат беретін сертификатталған емтихан CELTA (Ересек жастағыларға ағылшын тілі оқытушысының сертификаты). Қазақстанда (басқа да елдерде) оқу орындарында немесе тіл орталықтарында жұмыс жасайтын оқытушылардан осы сертификат талап етіледі. CELTA сертификаты ағылшын тілінен сабақ беруге мүмкіндік беретін оқытушылық жұмысты жаңадан бастағандарға арналған сертификат. DELTA (Ағылшын тілі оқытушысы дипломы) ағылшын тілінен сабақ беруге құқық беретін дипломға ие болу үшін ұйымдастырылған емтихан. Сонымен қатар, DELTA ағылшын тілін оқыту саласында карьералық өсу сатысына мүмкіндік беретін емтихан болып табылады [2, 157]. Аталып отырған Орталықтың тест түрлеріне қорытынды жасасақCELA тілдік тестері деңгейлік және салалық

бола келе, емтихан тапсырушыларды сол тестерге даярлайтын оқытушыларға арналған тестер жасап отыр,осылайша сабақтастық пен тұтастықты қамтамасыз етіп отыр,әрі CELA тіл оқыту нарығында алдыңғы қатардағы басты тест жасау Орталығының біріне айналып отыр.

Жоғарыда айтып отырған сабақтастық пен тұтастыққа қол жеткізуде тіл оқыту нарығында CELA-ның даму тарихы бірнеше сатыларды өткерді. CELA өзінің жүз жылдық тарихының үлесіндегі тәжірибе және өз қызметін жүйелі ұйымдастыру арқылы жоғары сападағы және нарықта үлкен сұранысқа ие тіл тестерін жасаудың сырын терең меңгерді. Айтып өткендей, CELA атауы өзінің жүз жылдық тарихында үш рет ауыстырылды. Бірінші атауы 1913 – 2002 жылдар аралығында алғашқы дәстүрлі және брендтік атауы «EFL (Ағылшын тілі шет тілі ретінде) емтиханы» деп аталып келді. 2002 жылдан кейін бұл брендтік атау Кембридж ESOL (Өзге тілділер үшін Кембридж ағылшын тілі емтиханы) деген атауға өзгертілді. Орталықтың атауының өзгеріуі туралы П.Фолвей: «EFL ұстанымынан Кембридж ESOL ұстанымы ауқымды. Ол ұстаным ағылшын тілі шет тілі ретінде сөйлейтіндер үшін ғана емес, ағылшын тілін екінші, үшінші тіл ретінде үйренушілер үшін де қажет. Ағылшын тілі емтиханының бұл бағыты 2002 жылы EFL емтиханы Кембридж ESOL емтиханы деп ауысуына ықпалын тигізді» [2, 147]. Кембридж университетінің жергілікті емтихан синдикаты (UCLES) 1913 жылы EFL бөлімі даярлаған алғашқы CPE (Кембридж тіл біліктілігі емтиханы) емтиханын енгізгеніне байланысты CELA-ның бірінші атауы да сол бөлімнің атымен аталып келді [3, 10]. 2002 2013 жылдар аралығында «Кембридж университетінің ESOL емтиханы» болып аталып келген орталық өзінің жүз жылдық мерейтойына орай өз атауын CELA атауына ауыстырды. Оның себебі төмендегідей түсіндіріледі: «Бүкіл әлем бойынша жылына төрт миллионнан аса адам осы Орталық арқылы емтихан тапсырады. Орталық қызметінің кең таралуы ағылшын тілінде сөйлеуді дағдыға айналдырғандардың көбеюіне, емтихан тапсырушылардың тіл оқуда және жұмыс жасау барысында қаншалықты жетістікке жетуін анықтауда, иммиграция үшін қажетті коммуникация дағдысын анықтап беретіндігіне байланысты» [4]. Орталық атауының өзгеруі, зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, ағылшын тілінің бірінші тіл ретінде, екінші тіл ретінде және үшінші және т.б. тіл реті тұрғысында қарастырылуында.

CELA -ның жүз жылдық тарихында жасалған тест тапсырмалары (тест форматының мазмұны мен құрылымы және үлгілері жеке мақалада беріледі) сипатына тоқталсақ, тестер тіл біліктілігін тексеруде тыңдалым, оқылым, жазылым, қолданыстағы ағылшын тілі және айтылым бөлімдерінен тұрады (басты өзгерісі бар форматтардың соңғы үлгісі, 1984 жылғы) [5, 56]. Осы тұста атап кететін мәселе, тестердің одан әрі дамуы, атап айтқанда, қазіргі үлгілеріне қолданыстағы ағылшын тілінің тест тапсырмаларында жеке тапсырма ретінде емес, оның тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым тапсырмаларының мазмұндық құрылымына ендірілуі. Орталықтың теcт тапсырмаларының өзгеруін зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, С.Уэйр [1,51], [5, 56], Б.

О'Сулливан [3, 19], Б.Спольский [6, 17], тест тапсырмаларының дамуы мен лингвистикадағы белгілі теориялардың орын алуы және олардың дамуы ортасында корреляциялық қатынасты көреміз. Алғашқы тестер грамматикалық-аударма және структурализм негізіне сүйенсе, соңғы тестердегі тапсырмалар тілдің коммуникативті-интерактивті негізіне бейімделген. Бұл жөнінде С.Уэйр: «... тестерге жасалынған тарихи шолу бойынша 1921-1970 жылдар аралығында Ұлыбританияда орын алған ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ауызшақұрылымдық-ситуациялық аспект ықпал жасады. 1920 жалдарда орын алған «структуралистік лингвистика» елу жыл бойы тіл оқытудың теориясы мен практикасына ықпалды әсер тигізді. 1971-2012 жылдарда коммуникативтік теорияның ықпалы байқалады. 1970 және 1980 жылдарда Ұлыбританияда тілдің структуралистік аспектісінен оны байланыс құралы ретінде қарастыратын коммуникативті қызметіне түбегейлі ауысқанын көреміз» дейді [5, 56]. Дәл осындай пікірді П. Фолвей де «Н. Хомскийдің лингвистикадағы, Д.Р.Фирстің қолданбалы лингвистикадағы және Д.Хаймес пен М.Халлидейдің социолингвистикадағы еңбектері тіл мәселесіне басты назар аударуға алып келді, атап айтқанда, тілді жүйе ретінде үйрену емес қолданыстағы тіл ретінде қарастыруға жол ашты» деп тұжырым жасайды [2, 157]. Ағылшын тілі тестін зерттеушілердің пікірлері CPE тестерінің дамуы лингвистикадағы теориялардың ықпалында болды деп айтуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтсақ, CELA ( Кембридж ағылшын тілін бағалау жүйесі Орталығы ) тілді оқыту кеңістігінде, тіл біліктілігін бағалау емтихандары нарығында бірінші қатардағы тілдік тестер жасаушы Орталық ретінде орын алуы оның тіл біліктілігін бағалау мәселесін жан-жақты тұрғыда қарастыруынан.Ол әр салаға сай (академиялық, бизнес, заң, иммиграция, және т.б.) қажетті тіл біліктілігі деңгейін анықтап бере алатын тестер жасау арқылы нарықта үлкен сұранысқа ие және сенімді тест жасаушы Орталық дәрежесіне көтерілді. Орталық тестерінің нарықта басты бәсекелес болуы тестердің деңгейлік және салалық бағытта дамыта алғандықтан. Тілдік деңгейлер мен салалық тілдерді меңгеруге мүмкіндік беретін тілді оқытудың әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз ететін емтихан тестерін ұсына отырып, CELA қазіргі таңда тіл біліктілігін жетілдіру мен бағалаудың үлкен индустриясына айналды. CELA сенімді тестер жасауда лингвистикадағы, социолингвистикадағы, психологиядағы теорияларды алдыңғылардың бірі болып қолдануға тырысады. CELA-ның портофолиосы, қазіргі таңда, жас ағылшын тілін үйренушілер үшін, жалпы ағылшын тілі, кәсіби ағылшын тілі, іскери ағылшын тілі, еуропалық ағылшын тілі, жас тіл оқытушыларына арналған тестер, тәжірибелі тіл оқытушыларына арналған тестер және оқытушыларға арналған арнайы диплом тестерімен толығып отыр [7].

 

References

  1. Weir C. Measured constructs: A history of Cambridge English language examinations 1913-2012. – Cambridge, UK: Research Notes, 2013. – Book 9. – 51 p.
  2. Falvey P. English language examinations in examining the world: A history of the University of Cambridge Local Examinations Syndicate. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2008. – 131-157 p.
  3. O’Sullivan B. A Brief History of Language testing in Cambridge: Guide to Second Language Assessment. – New York, USA: Cambridge University Press, First edition, 2012. – 9-19 p.
  4. http://www.cambridgeenglish.org/a-special-year/
  5. Weir C. A survey of the History of the Certificate of Proficiency in English (CPE) in the twentieth century in Studies in Language Testing. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2003. – 1-56 p.
  6. Spolsky B. Measured Words. – Oxford: Oxford University Press, 1995. – 17 p. 7 http://www.cambridgeenglish.org

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.