Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атау септік формасынан тәуелдік жалғауының пайда болуы

Соңғы зерттеулердің нәтижесінде түркі тілдерінде атау септігінің ежелгі грамматикалық формалары бар екендігі анықталып отыр. Олар кейінгі дәуірлерде әртүрлі себептермен жойылып кеткен. Алайда олардың сарқыншақтары қазірге дейін бар. Солардың бірі – тәуелдік жалғаулары. Автор атау септігінің ежелгі грамматикалық формаларының тәуелдік жалғауларына қалай айналғанын ғылыми жолмен талдап, түсіндіреді.

Әуелде (негіз тілде) тәуелдік жалғауының ІІІ жағының формасы –ы (-і) болған ба, әлде –ын(-ін) болған ба? Қазіргі қазақ тілінде тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жекеше түрінің формасы – -ы(-і). Бірақ мұның -сы(-сі) варианты бар. Дауыссызға аяқталған түбірге -ы(-і) түрінде, дауыстыға аяқталған түбірге -сы(-сі) түрінде жалғанады. Бұл форма азын-аулақ фонетикалық ауытқуларды есептемегенде, бүкіл түркі тілдерінің бәріне ортақ:

және ІІІ жағы да -ын(-ін) болған. Басқаша айтқанда, тәуелдік жалғауында ешқандай жақтық көрсеткіш болмаған. Жақтық көрсеткіштерді ол мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен жиі тіркеуінің нәтижесінде бірте-бірте жамап алған. Тәуелдік жалғауының соңғы дыбысы н үшінші жақта үнемдеу заңының әсерінен түсіріліп айтылып, -ы(-і) түрінде қалыптасқан. Енді осы айтылғандарды нақты тілдік фактілермен дәлелдеп көрелік.

–ы –у

–сы

–су –зы

 

–зу – ы – о

 

Негіз тілде тәуелдік жалғауының үшінші

–і //

және

–сі ,

–с //–зи,

–з // – і , –

жағының көне формасы –ы(-і) емес, -ын(-ін)

[1, 32]. Көне түркі жазбаларында да негізінен осы формалар қолданылған.

Ежелгі дәуірде тәуелдік жалғауының І, ІІ

болғандығының бірінші дәлелі. Табыс септігінің жалғаулары – -ны, -ні, -ты, -ті, -ды, -ді. Бірақ тәуелдік жалғаулы сөз ІІІ жақ бойынша

септелгенде бұлардан өзгеше -н форманты пайда болады. Мысалы:

А. кітаб+ы

І. кітаб+ы+ның Б. кітаб+ы+на Т. кітаб+ы+н Ж. кітаб+ы+нда Ш. кітаб+ы+нан К. кітаб+ы+мен

Бір қарағанда тәуелдік жалғауының ІІІ жағы мен табыс септігінің ешқандай қатысы жоқ сияқты көрінеді. Шындығында, бір-біріне жуықтаспайтын осы екі грамматикалық категорияның фонетикалық таянышы бір. Бұған төменіректе талданған фактілерді ой таразысына салса, әркімнің-ақ көзі жетеді.

Екіншіден, тәуелдік жалғаулы сөздің үшінші жағының үстіне септік жалғаулары қосылғанда кенеттен н элементі түзіледі: «...во всех косвенных падежах этот аффикс фактический выступает с «дополнительным» , т.е. в виде – ын и т.д., -сын и т.д.» [1, 32]. Мысалы, қазақ тілінде жатыс септігі кітаб+ын+да, Ахмед Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» (ХІІғ.) ескерткішінде барыс септігі ич+ин+га (ішіне), шығыс септігі тил+ин+дин (тілінен). Ілгері заманда біртұтас -ын, -сын екіге жарылып, дауысты -ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағының қызметін атқарса, екінші бөлегі дауыссыз н септік жалғауларына жылысқан. Жатыс септігінде жай ғана жылыса салса, кітабы+нда, барыс, шығыс септіктерінде г, д дауыссыздарын ығыстырып барып жылысқан: іші+не, тілі+нен.

Бұл құбылыс В.В.Радловтан бастап түркологтардың бірнеше буынының назарын аударып келеді. Сонор н кездейсоқ пайда болған қыстырма дыбыс па, әлде тәуелдік жалғауы үшінші жағының бір кездегі толық формасын түзетін элемент пе? Пікір таласы қазірге дейін, негізінен, осы сұрақтардың төңірегінде болып келді.

Ғалымдардың бір тобы тәуелдік жалғауының үшінші жағы әуелде -ын, -сын болған, кейінірек н дыбысы элизияға ұшырап, түсіп қалған деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, септік жалғаулары жалғанғанда н қалпына келеді, немесе септік жалғаулары соңғы дыбыстың түсірілмей айтылуына жағдай жасайды (Рамстедт, 1957, 69; Дмитриев, 1948, 65; Насилов, 1960, 25-26; Кондратьев, 1970, 12;

Кононов, 1956, 49; Покровская, 1964, 12, т.б.). Ал В.А.Богородицкий бұдан өзгеше мынадай пікір айтқан болатын: «...корневое н личных местоимении сохраняющееся перед окончанием в мест. и исх. распространялось путем аналогии на членное притяжательное склонение 3-го лица, получившее также н перед окончаниями названных падежей» (Богородицкий, 1953, 153).

Қыстырма -н-ді ілік жалғауының фонетикалық өзгеріске ұшыраған қалдығы, құралдық септіктің көне формасы деушілер де бар [2, 228]. ; [3, 70]. Осы -н аффиксінің шын табиғаты ашылмағандықтан, кейбір зерттеушілер оны эпентеза ретінде пайда болған қосымша дыбыс деп те түсінеді (Пенишев, 1976, 103; Щербак, 1962, 93; Мусаев, 1964, 146; Рустамов, 1971, 46, т.б.). Осы сияқты сан алуан көзқарастар болуына байланысты -н форманты әр түрлі аталады: «тұрақсыз -н» (Покровская, 1964, 7), «қалдық » (Насилов, 1974, 41), «этимологиялық -н» (Наджип, 1975, 108), «аралық -н» (Тенищев, 1976, 59), «қыстырма н» (Мусаев, 1964, 146), «-н инфиксі» (Благова, 1982, 33), т.б. Бұл – бірде түсіп қалатын, бірде бұрынғы қалпына келетін -н элементінің қырсыры қазірге дейін толық ашылып бітпегенін көрсетеді.

Анық-танығын растайтындай дәлел-айғақтарының жеткіліксіздігіне қарамастан, Н.К.Дмитриевтің -н қыстырмасы туралы аса көрегендікпен айтқан мына пікіріне таңданбасқа болмайды: «Имея в виду наличие в тюркских языках основ с «факультативным» н и учитывая ту же особенность в языках близкой типологии (монгольских), можно попытаться объяснить это явление следующим образом. Перфоначальной формой аффикса принадлежности 3-го л. была, по-видимому, форма с конечным н т.е. 1) -ын/ин, -ун/үн (после согласных) и 2) -сын/син, -сун/сүн (после гласных). Конечный звук н этой формы мог факультативно отпадать, создавая таким образом параллельный вариант аффикса без н, т.е. 1)-ы/-и, -у/ү/ и 2) -сы/си, -су/сү. Вариант с н условно назовем первым, а вариант без н – вторым. В немногих тюркских языках (среднеазиатская группа) с течением времени получил преобладание второй вариант, который последовательно проводится по всей парадигме склонения. В большинстве же тюркских языков произошел некоторый компромисс с двумя вариантами аффиксов: конечное н отпало (т.е. получился второй вариант, в тех случаях, когда после аффикса принадлежности других аффиксов не было, т.е. в основном или неопределенном падеже); в других же случаях (т.е. когда аффикс принадлежности был «прикрыт» падежными аффиксами) сохранился первый вариант». Жоғарыда баяндалған тұжырымдардан түркологтардың бір бөлегінің тәуелдік жалғауы үшінші жағының толық формасы дауыссыздардан кейін ын/ін, -ун/-үн түрінде, дауыстылардан кейін сын/-сін, -сун/-сүн түрінде жалғанғандығына толық сенгендігін байқаймыз. Басқаша айтқанда, көрнекті ғалымдар теориялық жағынан ақиқатты тап басып тани алған болатын.

Негіз тілде тәуелдік жалғауының үшінші жағының көне формасы -ы(-і) емес, -ын(-ін) болғандығының екінші дәлелі. Қазіргі түркі тілдерінің қай-қайсысында да тәуелдік жалғауы үшінші жағы жекеше түрінің толық формасы -ын/-ін және -сын/сін атау септігінде қолданылмайды. Сондай-ақ изафетті тіркестерде де н дыбысы түсіріліп айтылады: мысалға атау септігінде «таудың басын» демейді,

«таудың басы» дейді. Осы көне жалғау (басқаша айтқанда, архаизмге айналған форма) тарихи жазба мұраларда (көлемдік септіктерге ғана емес, грамматикалық септіктерге де жүйелі түрде жалғанып), әдепкі тұтастығын сақтап қалған. Орхон-енисей ескерткіштерінде ең жиі ұшырайтын қаған сөзін нақты фактілерге сүйеніп, септеп көрелік.

А. қаған+ын үчүн І. қаған+ын+ын Б. қаған+ын+қа Т. қаған+ын

Ж. қаған+ын-та Ш. қаған+ын+тан К. қаған+ын бирла

Ежелгі дәуірдегі септелу жүйесіне назар аударсақ, қазіргі дәуірдегі септелу жүйесінен өзгеше мына ерекшеліктерді байқаймыз:

1) тәуелдіктің н дыбысы атау септігінде кейбір реттерде (қазіргі тілдердегідей) түсіріліп айтылмайды; 2) атау, табыс, көмектес септіктерінің көрсеткіштері бірдей: -ын. (Ал қазақ тілінде атау – қаған+ы, табыс – қаған+ы+н, көмектес – қаған+ы+мен); 3) ілік септігінің жалғауы тәуелдік жалғауына ұқсас: -ын (қазақ тілінде: -ның/-нің); 4) жеті септіктің жетеуінде де тәуелдіктің толық формасы қандай болғандығын анық та айқын көрсетеді.

Негіз тілде тәуелдік жалғауының үшінші жағының көне формасы -ы(-і) емес, -ын(-ін) болғандығының үшінші дәлелі. Біз зерттеу барысында көне заманда тәуелдік жалғауы үшінші жағы жекеше түрінің толық формасы болғандығын сөзсіз дәлелдейтін тілдік фактілерді ұшырастырдық. Түркі халықтарының ата-тегі қалдырған жазба мұралардың ең ескісі – орхон-енисей ескерткіштерінде тәуелдік жалғауының үшінші жағының толық формасы, шылаулардың, көмекші сөздердің алдында келген жағдайда, атау септігінде сақталып қалған. Мысалдар келтірелік.

Теңри йарылқадуқын үчүн өзүм қутум бар үчүн қаған олуртым (Тәңірі жарылқағандығынан, өзімнің бақытым бар болғандығынан қаған болдым) [4,288]. Осы сөйлемдегі «йарылқадуқ+ын үчүн» шылаулы тіркесі тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұр. Себебі, І жақ – йарылқадуқ+ым үчүн, ІІ жақ – йарылқадуқ+ың үчүн, ІІІ жақ – йарылқадуқ+ын үчүн. Қазақшаға «жарылқағандығы үшін» болып аударылады. Бұдан аффикс құрамындағы н дыбысының кейін түсіп қалғандығы анық байқалып тұр.

Анта кісре інісі ечісін тег қылынмадуқ ерінч оғлы қаңын тег қылынмадуқ ерінч (Одан кейін інісі ағасы сияқты, ұлы әкесі сияқты іс істемеді); қағанын бирла соңа йышда сүңүсдім (Соңа жазығында қағанымен соғыстым) [4, 290, 310] . Бұл сөйлемдерде де «тег», «бирла» шылауларының арқасында тәуелдік жалғауы ІІІ жағының толық формасы – -ын/ін, -сін ежелгі қалпында сақталған. Егер «ечісін тег», «қаңын тег», шылаулы тір-кестерін ескі конструкциясын бұзбай «аға+ сын+дай», «әке+сін+дей» түрінде аударатын болсақ, қазақ тілінде де осы жалғаудың байырғы қалыпта қолданылатынын көреміз. Сын есімнің салыстырмалы шырайының -дай, -тай жұрнағы «тағ», «тег» шылауларынан дамып қалыптасқаны ғылымға белгілі. Ол тұлға (тег) ескерткіштердегідей шылау қыз-метінде немесе қазіргі кездегідей жұрнақ қыз-метінде жұмсалсын, бәрі бір, өзінің алдындағы тәуелдік жалғауының толық формасын бұ-рынғы қалпында ұстап тұра алады. Егер тег шылауын аударма жасағанда мағыналас «сияқты» шылауымен ауыстырсақ, қазақ тілінде тәуелдіктің соңындағы н дыбысы түсіп қалады. Мысалы, «ағасы сияқты», «әкесі сияқты». Бұл байырғы шылаулар мен қазіргі шылаулардың арасында қолданылу, жұмсалу жағынан едәуір айырма пайда болғандығын аңлатады. Біз талдаған «йарылқадуқын», «ечісін», «қаңын» – бәрі де атау септігінде тұр. Ал «қаған+ын бирла» шылаулы тіркесі тәуелдік жалғауы үшінші жағының да, көмектес септігінің де мәнін атқарған. Қазақ тілінде -ын тәуелдік формасынан – бирла шылауынан – мен жалғауы пайда болған: қаған+ы+мен. Сонымен тарихи ескерткіштердің арқасында н түсірілмей айтылған вариант та, түсіріліп айтылған вариант та көз алдымызда.

Нақтырақ болу үшін тағы да екі-үш мысал келтірелік. Түрік будун қанын болмайын табғачда адырылты қанланты (Түркі халқы ханы болмай, табғачтан айырылып, хан сайлады); Тай білге тутуқ йаблақын үчүн бір екі атлығ йаблақын үчүн қара будуным өлтің йітдің (Тай білге тутуқтың пасықтығы үшін, бір-екі атақты кісінің пасықтығы үшін қара халқым, өлдің, жіттің); Ілтеріс қаған біліг есін үчүн алпын үчүн табғачқа йеті йегірмі сүңүсді. Қытанқа йеті сүңүсді. Оғызқа бес сүңүсді (Елтеріс данышпандығынан, алыптығынан табғашпен он жеті рет, қытанмен жеті рет, оғызбен бес рет соғысты) [4,324, 332, 346]. Түркі қағанаты дәуіріндегі бірнеше ескерткіштен теріліп алынған бұл мысалдар тәуелдік жалғауының ІІІ жағының көне формасы -ын(-ін), -сын(-сін) атау септігінде де бөлінбей-жарылмай толық қалпында қолданылғанын қалтқысыз дәлелдейді. Алайда орхон-енисей ескерткіштерінде көне формаға қарағанда қазіргі тілдердегідей ықшамдалған жартыкеш жаңа форма -ы(-і), сы(-сі) жиі қолданылады. Мысалы, тоғыз оғуз беглер+і (тоғыз оғыз бектері), саб+ы сүчүк (сөзі тәтті), қаған төрү+сі (қаған заңы) т.б. Бұдан сонау V-VIII ғасырлардың өзінде-ақ ын/-ін, -сын/-сін формаларының ескіріп кеткенін, ескерткіштерде ара-кідік архаизм ретінде пайдаланылғанын байқаймыз.

Қазіргі түркі тілдерінде тәуелдік жалғауы ІІІ жағының -ы(-і), -сы(-сі) варианттары ғана емес, -у(-ү), -су(-сү) сияқты варианттары да бар екені белгілі. Сонда у~ы, ү~і сәйкестіктеріндегі қай дыбыс архетип? Мұны анықтау үшін бізге тарихи құбылыс – сингармониялық варианттар көмекке келеді. Жуан түбірлер мен жіңішке түбірлер немесе жуан қосымшалар мен жіңішке қосымшалар арасындағы сәйкестіктерді, әдетте, сингармониялық варианттар деп атайды. Мұндай сәйкестіктер ашық-қысаң, еріндік-езулік дауыстылардың арасында да бола береді. Мысалы, а~ыдарылды-дырылды, балбыра-былбыра; о~еодырай-едірей; а~ожаңқа-жоңқа; ы~үбықсы-бүксі; ұ~үұңғыүңгі; а~еқауақ-кеуек; о~өдоңғалақ-дөңгелек, т.б. Егер ескерткіштердегі «қулақ» сөзін қазақ тіліндегі «құлақ» сөзімен салыстырсақ, у дауыстысының ұ-ға айналғанын байқау қиын емес. «Шұңғыл көз» тіркесін, оның жіңішке варианты «шүңгіл көз» тіркесімен салыстырсақ, ұ~ү сәйкестігін ажырата аламыз. Демек, у>ұ>ү. Дәл осы тіркесте жуан ы жіңішке і-ге айналған: ы>і. Осы заңдылықтың негізінде тәуелдік жалғауы ІІІ жағының ескі формасы ун(-үн), -сун(-сүн), кейінірек пайда болған формасы -ы(-і), -су(-сү) деп тұжырым жасай аламыз. Түркі тілдеріндегі бүкіл жуан түбірлер мен жіңішке түбірлерді өзара салыстырғанымызда тіл білімі үшін аса маңызды мынадай жаңалық ашылды: диахрония дәуірінде бірыңғай жуан дауыстылар ғана өмір сүрген болса, синхрония дәуірінде олардың үстіне динамикалық дамудың жемісі – ұяң дауыссыздар мен жіңішке дауыстылар келіп қосылған. Қорыта айтқанда, түркі тілдеріндегі тәуелдік жалғауы ІІІ жағының ежелгі формасы – *ун. Ал -сун, су, -сү, -у, -ү, -ы, -і, -сы, -сі т.б. тілдің тарихи дамуы барысында бірте-бірте пайда болған туынды варианттар.

Тәуелдік жалғауы неліктен өзіне жақтық мағыналарды қосып алған? Жан-жақты, әр тарапты зерттеулер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр: тәуелдік мағына беретін тәуелдік жалғауының ежелгі дәуірде бір ғана формасы болған. Ол -*унДиахрония дәуірінде – бірыңғай қатаң дауыссыздар мен бірыңғай жуан дауыстылар өмір сүріп тұрған кезеңде – ең алдымен, еріндік у дауыстысы езулік ы дауыстысына ауысқан: у>ы. Мысалы, балуқ-балық (қала), улуғ-ұлығ (ұлы), оғул-оғыл (ұл), уруш-ұрыс, т.б. Ұяң дауыссыздар мен жіңішке дауыстылар пайда болған кезеңде у>ү-ге, ы>і-ге жіңішкерген. Қазақ тілінде осылайша -ын(-ін) варианты қолданысқа түскен. Яғни -*ун(-үн)>-ын(ін).

Ежелгі дәуірде тәуелдік жалғауының бір ғана формасы болған болса, қазіргі дәуірде тәуелдік мағынамен қатар жақтық мағына беретін үш бірдей формасы бар. Екі түрлі грамматикалық мағына бір-біріне қалай қабысып, сіңіскен?

Тәуелдік жалғаулары қалай пайда болған деген сұраққа түркологтар әр түрлі жауап қайтарады. Бірақ олардың басты мәселе бойынша пікірі бірдей: бір ауыздан тәуелдік жіктеу есімдіктерінің энклитикаға айналуынан шыққан деп есептейді. Әр жалғау нақты алғанда қандай жолдармен қалай қалыптасқан? Бұл жайында екі түрлі болжам бар.

Н.К.Дмитриев В.В.Радловтың пікіріне сүйене отырып, тәуелдіктің жекеше І жағы -м мен жіктеу есімдігінен, ІІ жағы -ң сен жіктеу есімдігінен шықты деп болжамдайды. Бірінің соңғы, екіншісінің басқы дыбыстары қысқаруы табиғи жағдай екендігін якут тіліндегі басқы дыбысы қысқарған ең (сен) жіктеу есімдігінің болуымен түсіндіреді. Көрнекті мамандардың бірі А.М.Щербак та осы пікірді қостайды. Оның ойынша, ман, саң, ын~ін архетиптері тәуелдік жалғауларына негіз болған (Щербак, 1977, 76-78).

Кестеге түсірелік:

Ежелгі дәуірде: Қазіргі дәуірде:

І. қол ман І. қол (ы) м

ІІ. қол сан ІІ. қол (ы) ң

ІІІ.қол ын ІІІ. қолы

Тәуелдік категориясының мұндай жолмен пайда болуы мүмкін емес. Себебі, түбірде де, жіктеу есімдіктерінде де [бұл сипатта] грамматикалық мағына тудыратындай белгі жоқ. Сонымен қатар І, ІІ жақтарда ы қыстырма дыбысы қалай пайда болды деген сұрақ та жауапсыз қалады. Екі сөз қабыса байланысса болды тәуелдік мағына шыға бермейді.

В.Котвич түркі тілдеріндегі тәуелдік жалғауларының үш жағы да ілік септігі жалғанған жіктеу есімдіктері негізінде пайда болған деп санайды. Мәселемен арнайы шұғылданған

Ежелгі дәуірде: І. Қолын маның ІІ. Қолын саның ІІІ. Қолын аның Орта дәуірде:

І. Қолым маным

С. Аманжолов батыс диалектілерінде ілік септігінің –ым (-ім) формасында келетіндігін атап көрсеткен еді. «Кодекс куманикус» ес-

Ш.Х.Ақбаев та соңғы пікірді дұрыс деп табады (СИГТЯ, 1988, 25-26). Кестеге түсіргенде былай болып шығады:

Ежелгі дәуірде: Қазіргі дәуірде:

І. қол маның І. қол (ы) м

ІІ. қол саның ІІ. қолың

В.В.Радлов, Н.К..Дмитриев, А.М.Щербак т.б. пікірлерінен мұның басты айырмашылығы – жіктеу есімдіктерінің ілік септігінде тұратындығы. Рас, мұндай жағдайда, тәуелдік мағынасы пайда болады. Бірақ көптік мағына беретін біз, сіз жіктеу есімдіктерін қайда қоямыз? Оларға ілік септігі жалғанбаған ба? Жалғанса, қол бизиң, қол сизиң болуға тиіс емес пе? Бұл ретте тәуелдік жалғауы қалайша қолымыз, қолыңыз болып өзгерген? Оның үстіне бірінші жақта себепсізден себепсіз ы қыстырма дыбысы пайда болуы керек. Бұл болжам да мәселені оң шеше алмайды. Сонда аталған тәуелдік жалғаулары қазіргі күйге келу үшін қандай жолдардан өткен?

Мәселе мынада: тәуелдік жалғауы түркі тілдерінде әуелден бар еді: формасы -ун (варианттары -ын, -үн, -ін). Ежелде мұның жақтық мағыналары да, жақтық формалары да болмаған. Тәуелдік жалғауының үшінші жағының көне формасы деп жүргеніміз де осы -ун (-ын, -үн, -ін). Жақтық нышандар, сөз жоқ, жіктеу есімдіктерінің тікелей әсерінен пайда болған. Екі грамматикалық мағынаның –

1) тәуелдік, 2) жақтық мағынаның бір-біріне сіңісуі де осы себептен. Жіктеу есімдіктерінің тәуелдеулі сөзден кейін тұруы – тарихи факт. Ежелгі замандарда анықтауыш анықталатын сөзден кейін тұрған (ай жарық, кеш жарық, таң жарық, алтын сары, ай сұлу, күн сұлу т.б.). Жіктеу есімдіктерінің баяндауыш бола алатын сөзден кейін тұруы да мұның айқын мысалы. Біз өз тарапымыздан мынадай болжам ұсынамыз:

ІІ. Қолың саның ІІІ. Қолы аның Қазіргі дәуірде: І. Менің қолым ІІ. Сенің қолың ІІІ. Оның қолы керткішінде «менің» деудің орнына – мен+им.

«Мен» сөзіндегі м дыбысы ілік жалғауына әсер етіп қоймаған, үнемі тіркесіп, қатар жұмсалатын -ын тәуелдік жалғауына да ықпал жасалған. Соның салдарынан қолым маным тіркесі өмірге келген. Тарихи даму барысында түркі тілдерінде анықтауыштар анықталатын сөздердің алдына көшкенде қалыптасқан формалар сол күйінде қалып қойған: басқаша айтқанда, -маным қолым. ІІ жақта ілік жалғауының соңғы дыбысының ықпалы болды: қолың саның болып үндесті. Өйткені дыбыстар бір-біріне жақыннан ғана емес, алыстан да ықпал жасай береді. Мұның айқын мысалы – манымн-нің ң болып өзгеруінде етістіктің шартты райы жіктелу үлгісінің де қосқан үлесі бар сияқты. Ол әуелі ауызекі тілде барса мен > барсам, барса сен > барсаң болып қалыптасады. Соңғы мысалда сөз арасында екі «са» бунағы айтылуға қиындық келтіргеннен кейін, гаплология заңына орай, біреуі қысқарғанға ұқсайды. Осылайша ң екінші жақтың көрсеткіші есебінде тілде бекіген-ді. Тәуелдіктің І, ІІ жақ жалғаулары мен шартты райдың І,ІІ жақта жіктелу үлгісінің ұқсас болуында қалайда байқала бермейтін бір сыр бар. Тілде тәуелдік жалғауларына қарағанда жіктік жалғауларының көбірек қолданыста болатынын ескерсек, шартты райдың жіктелуінің бұрынырақ қалыптасуы және өзге категорияларға ықпал жасауы заңды. Сөйтіп, әуелде өз алдына тәуелсіз өмір сүрген грамматикалық тәуелдік мағына мен жіктеу есімдіктеріндегі грамматикалық жақтық мағына бір-біріне ажырамастай болып сіңіскеннен кейін арнаулы тәуелдік жалғауларын берді.

Тәуелдік жалғауының көне формасы бір кездегі атау септігінің көрсеткіші болатын. Жоғарыда тәуелдік жалғауының ең көне формасы *-ун (варианттары -ын, -үн, -інекендігін дәлелдедік. Дәл осы форма бағзы заманда атау септігінің көрсеткіші ретінде қызмет еткен. Мұны біз көне түркі жазба ескерткіштерінің материалдары арқылы дәлелдей аламыз. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі қой,

төр, бар, аш, тоқ, қос т.б. – ескі, ежелгі нұсқаларда – қойун, төрүн, барын, ашын, тоқын, қосын.

Арнайы шұғылданған зерттеушінің мұндай сөздердің елеулі тобын тарихи дереккөздер арқылы анықтай алатынына күман жоқ. Өз заманында *-ун есім көрсеткіші болған. Атау септігінде жұмсалуының мәні осында.

Ерте дәуірлерде енген кірме сөздер де атау септігінің формасы *-ун (варианттары *-ын, -үн, -ін) болғандығына куәлік береді. Мысалға орыс тіліндегі самовар сөзі қазақ тіліне самауыр формасында енген. Дәл осы сөз Батыс Қазақстан облысында самаурын түрінде де айтылады. Араб тілінде Зул-Карнай «қос мүйізді» деген ұғым береді. Қазақ тілінде бұл сөз – Зұлқарнайын. Бұған атау септігінің көне формасы XVI-XVII ғасырларға дейін сақталған деген қорытынды шығаруға болады.

Егер атау септігінің ежелгі формасы *-ун (варианттары -ын, -ін, -үн) болса, біздің заманымызда ол форма қалай жойылып кеткен деген сұрақ пайда болады. Атау септігінің нақты формасы тілдің сөздік қоры аз, жұтаң кезінде өмір сүрген. Сөздік қордың баюы, қоғамдық өмірдің күрделенуіне байланысты сөздік құрамға топ-тобымен жаңа сөздердің қосылуы жағдайды өзгерткен. Атау септігінің формасы ыдырай бастаған. Ол құлын, жұлын, таутаурын, мойын, қытын, ауырын, табын, жақын сияқты толып жатқан сөздердің түбіріне сіңісіп кеткен болса, енді бір алуан сөздер үнемдеу заңының әсеріне ұшыраған. Сөйтіп, *-ун есім көрсеткіші болудан қалған. Ал изафеттік тіркестердегі *-ун формасы ілік септігінің формасы мен тәуелдік жалғауының ІІІ жақ формасына айналған. Атау септігі формасының өзге септік формаларының қалыптасуына қалай әсер еткені жөнінде келесі мақаламызда баяндағалы отырмыз.

 

Әдебиеттер

  1. Дмитриев М.К. Строй тюркских языков. – Москва, 1962. – 365 б.
  2. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. – Москва, 1962.– 240 б.
  3. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (Имя). – Ленинград: Наука, 1977. – 192 б.
  4. Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VIII века. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 376 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.