Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Синтаксистің негізгі объектісі – есімшелі оралым жайында

Мақалада сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан болуы, соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық түрлері рөлінің әртүрлілігі сөз болады.Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның осы қызметтегі ерекшеліктері туралы М. Балақаев, Р. Әміров, Т. Сайрамбаев, Ә. Әбілақов, т.б. ғалымдар едәуір дәрежеде пікір айтқаны белгілі. Етістіктің басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшелігі, есімшелі оралымның синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі екендігі, бұл сияқты оралымдарды әртүрлі түсіндіру түбегейлі шешім таба қоймаған мәселе екендігі сөз болады. Әрине, есімшелі оралымдарды нақты айту, ең алдымен, етістіктің негізгі ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт екендігі қарастырылады.

Синтаксис, оның үлкен бір саласы сөз тіркестері қазіргі кезде жан-жақты зерттеудің объектісі болуда.

Қазақ тіл білімінде сөз тіркестерін М.Балақаев арнайы зерттей келе оның негізгі:

а) байланысу формалары, ә) байланысу тәсілдері,

б) синтаксистік қатынастары,

в) түрлері сияқты басты-басты объектілерін нақтылап, соның әрқайсысы арнайы зерттелу үстінде [1, 294]. Әсіресе сөз тіркестерінің осы объектілерінің ішіндегі олардың түрлерін есімді, етістікті сөз тіркестері деп топтап беру сөз тіркесінің жігін айқындаудағы ең негізгі белгі болып табылса керек.

Сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан болуына негізделсе керек. Соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық түрлерінің рөлі әртүрлі. Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның басыңқы қызметтегі ерекшеліктері туралы М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов т.б. ғалымдар едәуір дәрежеде пікір айтқаны белгілі. Дегенмен, етістік – сан қырлы сөз табы. Сондықтан да олардың басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшелігін сөз етелік. Есімшелі оралым синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі: жоғарыда көрінгендей бұл сияқты топтарды әртүрлі түсіндіру – оның әлі де болса түбегейлі шешім таба қоймағандығын көрсетсе керек. Әрине, есімшелі оралымдарды нақты айту ең алдымен етістіктің негізгі ерекшеліктерін жанжақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт.

  • Күрделі етістіктер:

Сүйіндік, Сүгірбай осындай сылтауды күтіп, қос қанатын қомдап отыр екен. Алдымен көшкен солар болды да, өзге Бөкеншілер де еріксіз тартып кетті (М.Әуезов).

  • Салт, сабақты етістіктер:

Бала жігіт бұйрықты орындамады. Үн-түнсіз бұрылды да, өз үйіне қарай жүре берді (Х.Ерғалиев).

  • Етістер:

Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзен кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тіркескен биіктік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Отағасы қозғала отырып сөйледі (М.Әуезов). Сіз қазір пәтеріңізге барып жуынып, тамақтанып, ұйықтап алыңыз (X.Ерғалиев).

  • Болымды, болымсыз етістіктер:

Нанарын да, нанбасын да білмей аңырып қалды бәрі (Ғ.Мүстафин). Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ (Парасат).

  • Етістіктің райлары:

Көп кешікпе, еркем, тамақ піскен кезде кел (С.Мұқанов). Менімен сөйлесіп, осында алып келіңіздер (М.Әуезов). Тағы бір соның лебізін естісек екен. Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін әкесі танитын (М.Әуезов). Осында етістіктердің құрамы жағынан дара, күрделі түрлері, ал етістіктердің морфологиялық құрамы жағынан салт, сабақты етістіктер, етістер, болымды, болымсыз, рай түрлері т.б. жай сөйлемнің баяндауышы немесе құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалған. Осындағы: отыр екен, тартып кетті, бұрылды, жүре берді, бөлініп, иіріледі, ұйықтап алыңыз, білмей, жеген жоқ, естісек екен т.б. етістіктері тек сөйлемнің соңында ғана жұмсалуға бейім. Сонда олар сөйлем мүшесі жағынан баяндауыш, ал сөз тіркесінде тек етістікті сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде жұмсала алады. Осы жағынан келгенде, бұл топтағы етістіктер тек етістіктік мағынасын әрі сөйлем мүшесі, әрі сөз тіркесінің басыңқы сыңары жағынан да нақтылай түседі. Етістіктің баяндауыш болу қызметі мен сөз тіркесіндегі басыңқы сыңары сөйлемнің соңында ғана жұмсала ма? деген мәселеге тоқталатын болсақ, мұның өзі етістіктердің әрбір түрінің ішкі ерекшеліктеріне байланысты демекпіз. Жоғарыда аталған етістіктердің сөйлемнің соңында ғана жұмсалуы етістіктердің негізгі қасиеті. Сол сияқты кейбір етістіктер сөйлемнің соңында баяндауыш бола отырып, енді сөйлемнің тек соңында қолданылып қоймай, сөйлемнің ішінде де жұмсалуы көбінесе барлық етістіктердің ішінде тек есімше түріне қатысты. Сондықтан да есімшелерде бірде етістік, бірде есімше де түрленетін деп, олардың өзін осындай ерекшеліктеріне қарай екі жақтан қарастыру үнемі айтылып келеді.

Әрине, есімшелердің әрі сөйлемнің соңында, әрі сөйлемнің ішінде қолданылуының:

а) сөйлем мүшесі жағынан, ә) морфологиялық өзгерісі жағынан, б) тіркесу қабілеті жағынан в) құрамы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер есімше сөйлемнің соңында келсе, ол үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалады да, сөз тіркесінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарын құрайды. Енді есімшелердің қандай тұлғаларда басыңқы сыңарда жұмсалатынын қарастыралық.

-ған, -ген, -қан, -кен жұрнақты есімшелер арқылы: Кейбіреу жайдары ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). Осы сәлемді ести сала Базаралы атқа мінген (М.Әуезов).

Тарының шықпай қалғанын Айранбай талай айтқан (М.Әуезов). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нәзік бел тал шыбықтай бұраңдаған (Абай).

-атын, -етін жұрнақты есімше арқылы: Мағаш пен Кәкітай бұл күндерде орташа кітаптарды, әсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды көп оқитын (М.Әуезов). Осы еңбекті жазуда көп оқығанын, көп ізденгенін айтатын (Жұлдыз).

-ар, -ер, -р жұрнақты есімшелер арқылы:

«Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (мақал). Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқанов). Аудан өкілдері қазір ел ішінде болар (Ғ.Мүстафин).

Кейде есімшеге қатысты басыңқы сыңардағы есімше, көсемше тұлғалы етістіктермен күрделі түрде жұмсалуы арқылы: Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұратын (Ғ.Мүсірепов).

Есімшелерге есімше тұлғалы е көмекші етістігінің тіркесі арқылы күрделі түрде келе береді. Кеше Маржан келін қымыз ішкен екен

(Б.Майлин). Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен (М.Әуезов).

Есімшеге модаль сөздердің тіркесі арқылы: Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді (М.Горький). Осы сөйлемдерде есімшелер -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -итін, -ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы дара, күрделі түрінде сөйлемнің соңында келіп, үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалған. Бұл есімшелердің етістік тұлғасындағы үлкен бір белгісі. Бірақ есімше үнемі сөйлемнің соңында келіп баяндауыш қызметінде ғана емес, енді сөйлемнің ішінде де келіп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемнің соңында келіп, сөйлемді біршама тиянақтау нәтижесінде баяндауыш қызметінде жұмсалса, енді сөйлемнің ішінде анықтауыш қызметінде жұмсалуы оның аясының кеңейгендігін көрсетсе керек. Есімшелердің есімдермен тіркесі арқылы олар сөйлем мүшесі, атқаратын қызметі, тіркесу қабілеті жағынан өзіндік өзгеріске ұшырайды. Әрине, есімшелер баяндауыш қызметінде басқа көмекші етістіктермен тіркесіп келе берсе, енді олар анықтауыштық қызметте көбінесе дара жұмсалады.

Жоғарыдағы есімшелер дара және күрделі түрде жұмсалған. Бірінші топтағы басыңқы сыңардағы етістіктермен екінші топтағы есімшелердің басыңқылық қызметі бірдей. Бұған қарағанда, етістіктер осы топтардың бәрінде тек басыңқылық қызметте жұмсалады деп білеміз.

Бірақ зерттеу барысында, осы екі топтағы есімшелі етістіктер басыңқы сыңарда жұмсалады делінгенімен, олардың сөйлемде қолданылу орындары, сөз тіркестерінің басқа сыңарларға ауысу процесі жағынан үлкен айырмашылықтарға ие екенін көреміз.

Жоғарыда айтылғандай, мұның өзі есімшелерге байланысты нақтыланады. Сондықтан да жыртақтаған, айтқан, мінген, бұраңдаған, шығар, болар, айтатын сияқты есімше тұлғалы етістіктер сөйлемнің соңында да, сөйлемнің ішінде де қолданыла алатыны есімшенің әрі етістікті, әрі есімдер сияқты түрленуімен де байланысты болса керек. Есімшелердің әрі етістік, әрі есімдерше түрленуі, түптеп келгенде, басыңқы сыңарлардың кейде бағыныңқы сыңарда да жұмсалуына әкеліп соғады.

Бұл жерде бізге ең қажеттісі – есімшелердің бағыныңқы қызметте жұмсалуы. Есімшелер сөйлемде басыңқы қызметте жұмсалады делінгенмен кейде есімшенің өзі етістіктермен өзара сөз тіркесін құрайтындығы да белгілі. Бұндай кезде есімшелер етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы қызметте де жұмсалады. Есімшелер етістіктермен әрі қабыса, әрі меңгеріле байланысады.

Есімшелердің септік жалғауында етістіктермен тіркесуі Ж.Болатов, Т.Ерғалиев еңбектерінде, сол сияқты синтаксистік оқулықтарда үнемі айтылуда [2, 66]. Енді есімшелердің септік жалғауларда бағыныңқы сыңарда жұмсалуын көрсетелік:

  • Шырағым, көңіліңді білдіре келгеніңе қатты ырзамын (Ғ.Мұстафин).
  • Ұлжан жолдың ұзақ болатынын әбден білетін. Жә, тапқаның мен танығаныңды сен мәлім етші,балам –деді (М.Әуезов).
  • Ағылшындар тұсында алғанымыздан қалдырғанымыз болатын (Ғ.Мұстафин).

Абай Ерболға сүйінгеннен қатты күлді

(М.Әуезов). Осы сөйлемде:

барыс септігі білдіре келгеніңе ырзамын табыс септігі ұзақ болатынын білетін. тапқаның мен танығаныңды мәлім етші шығыс септігі алғанымыздан көп болатын сүйсінгеннен күлді.

Осы етістікті сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары етістік екені белгілі. Ал оның бағыныңқы сыңарлары да етістік. Ол етістіктердің барлығы да барыс, табыс, жатыс, шығыс жалғаулы есімшелер. Олай болса, есімшелер етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы сыңарда жұмсалады екен.

Баукеңді құшақтаған бойы біраз уақыт жібермей тұрды (Егемен Қазақстан). Біздің ауылдың мұғалімдері "Егемен Қазақстан" газетін оқыған сайын оған жазылуға талпынуда (Егемен Қазақстан). Осы сөйлемде құшақтаған бойы, оқыған сайын түйдекті тіркестерінің негізгі сыңарлары есімше де оған түйдектелген шылаулар арқылы етістік пен етістік тіркесіп жұмсалған. Осы сияқты құбылыс тек есімше ғана емес, қимыл есімдерінде де кездеседі.

Әр аптаның жұмысында мемлекет басшысы бұл міндеттерді кезең-кезеңімен шешудің мүмкіндіктерін талқылау үшін премьер-министр Ә.Қажыгелдинмен кездесіп тұрмақшы (Егемен Қазақстан).

Есімшелердің етістіктермен қабыса байланысуы тілімізде бар құбылыс болғанымен, олар тілдік жағынан арнайы зерттеу объектісі болып алғаш рет Ғ.Иманалиеваның диссертациялық жұмысында жан-жақты айтылғаны белгілі [3, 41].

Есімшелер тек етістіктермен ғана тіркесіп қоймай, тіпті есімдермен де қабыса байланы-

сып, сөз тіркестерін құрайды. Проф. М.Балақаев бұл мәселеге арнайы орын беріп, есімшенің есімдермен сөз тіркестерін жасауы қалыптасқанын көрсеткен [4, 351]. Бұл мәселе кейін барлық оқулық, ғылыми жұмыстарда орын алды. Әрине, сөз тіркесі қалыптаспай тұрған кезде де есімшелердің есімдерге анықтауыш болуы тұрғысынан сөз болып келсе, енді бұл мәселе әрі сөйлем мүшесі, әрі сөз тіркесі тұрғысынан да арнайы сөз болғаны белгілі.

Есімше етістікті сөз тіркесінде әрі басыңқы, әрі бағыныңқы сыңарда жұмсалса, енді олар есімді сөз тіркесінде үнемі бағыныңқы қызметте ғана жұмсалады деу орынды. Есімшелер есімді сөз тіркесінде

а) -ған, -ген жұрнақтары арқылы: Жаманның берген асынан.

Жақсының айтқан сөзі артық (мақал).

Ауру шықпаған жаннан дәмелі.

Жалқау бітпеген малдан дәмелі (мақал).

ә) -атын, -етін, -йтын, -итін жұрнақтары арқылы: Оның сөзіне дәл алғаш кезде жауап айтатын кісі болмады (М.Әуезов). Абайдың жалтақ сөзді сүймейтін мінезін Шұбар жақсы біледі (М.Әуезов). Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір? (С.Мұқанов).

б) -ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы: Қолдан келер жәрдемді көрсеттік (Г.Мүсірепов). Көзің жетер жерге дейін тігілген үйлер арасында ине шаншар жер қалмағандай (Қ.Исабаев). Әкесі айтар әңгіме әлі таусылмағанын сезген Жамал үлкен адамша алысқа көз тігіп, өзін байсалды ұстап отыр (О.Бөкеев).

Есімшелердің бұл тұлғаларда есімдермен тіркесі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Есімшенің есімдермен бұлайша тіркесі үнемі айтылып келе жатқанымен, осы есімшелердің есімдермен тіркесінің өзі екі түрлі жағдайда сөз тіркесін құрайтындығын көруге болады. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей есімшелердің ған, -ген, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -итін жұрнақты түрлері ғана есімдермен тіркесе алады. Екіншіден, осы тұлғалы есімшелер өзінен бұрын тұрған сөздерді өз жетегіне ілестіре келе, сол тобымен өзі қатысты сөздермен бір сөз тіркесін құрайды. Біз бұл жерде есімшелердің алғашқы сөз тіркесінен гөрі оның екінші түрдегі тіркесіне арнайы тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, есімшелердің соңғы тіркесінің алғашқы сөз тіркесіне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар екені айқын. Бұл сөз тіркесінде есімше өзі басыңқы сыңарда бағыныңқылық қызмет атқара отырып, әртүрлі сөз таптарын өзінің жетегіне алып, күрделі топ құрайды.

Есімшелердің бұлайша өзіне қатысты сөздермен бір топ құрауы, оның етістіктің басыңқы сыңарда жұмсалу кезіндегі қасиетімен тығыз байланысты. Жоғарыдағы сөйлемдерде есімшелердің тек басыңқы сыңарда жұмсалуы ғана көрсетілген болатын. Осы сөйлемдерден мына сөз тіркестерін алып қарастыралық:

орынсыз жыртақтаған, ести сала мінген, талай айтқан,

тал шыбықтай бұраңдаған, қазір болар,

ұзағырақ айқайлаған тәрізді, сегіз жүз жылқыдан қалмаған, өлеңге шығар т. б.

Осы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімшелер де бағыныңқы сыңарлары:

орынсыз, ұзағырақ үстеу ести сала көсемше, қазір, талай үстеу,

тал шыбықтай үстеу,

Сегіз жүз жылқыдан сан есім мен шығыс жалғаулы зат есім,

өлеңге барыс жалғаулы зат есім

Сонда есімшелерге бағыныңқы қызметте осы сөз таптарының үнемі жұмсалатыны етістікті сөз тіркесінен белгілі екені айқын. Бұл есімшелердің етістікті сөз тіркесіндегі негізгі қасиеті деп білеміз. Ал есімшелер енді есімдерге бағыныңқы қызметте алдымен таза түрінде де, екіншіден, сол етістікті сөз тіркесінде де өзіне бағыныңқы сөз тіркесін құрайды. Бірақ осы есімшелер арқылы құралған сөз тіркестерінде басы ашылмаған, әлі де ойлануды қажет ететін мәселелер баршылық. Ол үшін мына сөйлемдердегі есімше қатысты сөз тіркестерін талдап көрелік.

Үйдің қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп тұр (Ғ.Мұстафин) сөйлеміндегі тырс-тырс соққан сағат – деген күрделі сөз тіркесін талдап көрелік. Негізінде осында соққан сағат болып ған, -ген тұлғалы есімше мен зат есімнің тіркесі болуы керек. Бұл есімшелі тіркестің негізгі бір қызметі. Осы сөйлемдегі тырс-тырс еліктеуіш сөзінің қай сөзбен сөз тіркесін құрауы ойланарлық жағдай. Еліктеуіш сөздер етістікті сөз тіркестерінде бағыныңқы қызметте жұмсалуы тиіс. Ал бұл жерде ол қалайда сөйлемнің соңындағы естіліп тұр етістігімен ғана сөз тіркесін құрап тырс-тырс естіліп тұр болып пысықтауыштық қатынаста жұмсалуға тиіс еді, бірақ бұл жерде ол қаншалықты естіліп тұр баяндауыштарымен мағыналық жағынан бір келгенімен, сөйлемде өзі қатысты сөзі жағынан ол естіліп тұр күрделі етістігімен тіркесуге тиісті емес, тек соққан есімшесіне ғана қатысты жұмсалған. Осыдан барып, біріншіден, тырстырс еліктеуіш сөзінің сөз тіркесіне қатысуы, екіншіден, сөйлем мүшесі болуы, үшіншіден, байланысу формасы, төртіншіден, оған қойылатын сұрау мәселесі жағынан ойлануды қажет етеді. Енді есімшеге тек бір ғана сөз қатысты болмай бірнеше сөз қатар тіркесетін ерекшеліктеріне де тоқтала кетейік:

Шығыстан Барлыбайға карай асатын Бөкенші асуының маңына да созылып барған. Екі аңшы келе жатқан бөктер бетегелі төскей болатын (М.Әуезов). Бұл сөйлемдерде де: Шығыстан Барлыбайға қарай асатын Бәкенші. Екі аңшы келе жатқан бөктер -сияқты топтар да алдыңғы сөйлем іспетті. Алдыңғы сөйлемде тек бір ғана сөз есімшеге қатысты жұмсалса, ал мына сөйлемдердегі сондай сөздер, бірінші сөйлемде шығыс жалғаулы зат есім мен барыс жалғаулы зат есімге түйдектелген шылау арқылы асатын етістігіне қатысты жұмсалса, екінші сөйлемде тіпті әртүрлі сөз таптары, яғни екі есептік сан есімі мен аңшы зат есімі келе жатқан көсемше мен есімшеге қатысты. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, сөйлемнің ішінде есімшеге қатысты мұндай топтардың сөз саны жағынан да, сөз табы жағынан да және олардың тұлғалық ерекшеліктері жағынан да әртүрлі екеніне көз жеткізуге болады. Осы сияқты сөйлемдердің ішінде есімше алдында келетін бүкіл етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы қызметте жұмсалатын мына сөз таптарының бәрі де зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, еліктеуіш сөз т.б. сияқты қабыса байланысқан жалғаусыз сөз таптары өздерінің әдеттегі қызметтерінен айрылып, енді есімдердің тобына ілесіп, есімшелі оралым жасайтынына көз жеткіземіз.

 

Әдебиеттер

  1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1992. – C. 294.
  2. Болатов Ж. Синтаксические функции причастия в казахском языке: Автореф. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1955. – C. 36.
  3. Иманалиева Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі: Филология ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1994. – C. 41.
  4. Балақаев М.Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. – C. 351.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.