Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Махаббаттың мәңгілік мұнарасы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы екі ғашықтың күмбезінің реалды және идеялық белгілері)

Бүкіл түркі әлеміне тарап кеткен тарихы ұзақ, жауһар жыр – «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» бас геройлары Қозы мен Баянның махаббатының мәңгілік белгісі болған басына орнатылған моласы жөнінде ізденіс жасалады. Ғасыр жүгін арқалаған, жұртшылыққа махаббаттың жұмбағын шешуге ескеркіш болған, ғашықтарға ғаламат күш беретін қос ғашық күмбезі халық қолынан қорғалады. Оны сыры мен қыры табынған, пір тұтқан жас жүректерге нұрын сыйлайды. Жалпы қауым мәңгілік ат басын бұратын қасиетті мекен ретінде сақтала береді. Қозы мен Баян мазарының салыну тарихы, формасы, символдық бейнесі, қазақ даласындағы құлыптас формасы, жыр нұсқаларындағы күмбез жайлы сюжет мазмұны туралы нанымды деректер беріледі. Қос ғашықтың киелі күмбезін іздеу, қорғау, табыну жайында сақталған мәселелерге пікір білдіріледі. Қос ғашықтың халық көңіліндегі символдық махаббатының рухани бейнесін көтеруде күмбездің атқарған рөліне ізденіс жасап, сараптау жүргізіледі.

Махаббат – мәңгілік ұғым. Махаббат – адам жанының шамшырағы. Махаббат – реалды идеял әрі таусылмас ертегі. Махаббаттың шынайы болуы да адамзат баласы қол ұстасып жұптасып, махаббаттың күшімен тұрмыс құру ізгі тілегімен ұласады. Сарқылмас сүйіспеншілік және таусылмас сағыныш арқылы отау көтеріп ұрпақ сүйеді. Бұл топтағы адамдардың қатары сан жеткісіз. Махаббаттан қадамы сәтті болып неке қиып қосылған адамдардың есімі аңызға айналмайды. Олар атбасын түлетіп, ұрпағын көбейтіп, кәдуелгі тірліктің ұзақ жолында халықпен бірге сапар шегеді. Олар арнаулы ғашықтық жырлардың геройларына, басты кейіпкерлеріне айналмайды. Шындық тұрмыста жай қоңыр тірлікпен елеусіз қалады. Ал бір бөлім ұмтылмас ғашықтардың махаббат жолдары ертегі ортасына бастайды. Ежелден қазірге дейін, аспанмен жерге дейін адамзат қауымы қол жетпей кеткен махаббат хикаялары ертегіге айналады. Көлемді ғашықтық жырларға арқау болады. Тамаша, қызықты сюжетімен аңыз әңгіме ретінде таралады.

Қазақтың тайпалық дәуірінде де сүю мен күю сезімдері өмір сүрген. Махаббат, ғашықтық, ұнату, сүю ұғымдары ерекше әспеттелген. Сол асыл сезімнің асқақ үлгісі-«Қозы көрпешБаян сұлу» жыры. Аталмыш жырдың сюжет арқауы тайпалық заманнан қалыптасып, хандық дәуірлерде дәурендеп, жаңа ғасырда жаһұт қазынасымен жалпақ әлемге жайылды. Қос ғашықтың әңгімесі сонау ата еркі заманынан тарап, бабалар тілімен бағаланып, жатталып жетті. Бұрын гаухар жырдаң нұсқалары, тарихи негізі, кейіпкерлер образы, поэтикалық қасиеті, мазмұндық кұны, өзгерісі жөнінде аз болмаған зерттеулер жазылды. Десе де аталмыш жырда кезігетін ерекше эпостық белгілер терең түсінікпен оқырманға таныстырылып кетпеді. Әлем таныған Қозы мен Баянның күмбезі туралы халық қиялы бір бекімге келіп болмады. Әсіресе Қытай қазақтарындағы қандастар арасында екі түрлі көзқараспен таралып келді. Қазір кез келген оқырман қос ғашықтың күмбезі сірә болған ба? Болса, қай өңірге қаланған? Екі мемлекетте екі түрлі күмбез сақталған ба? деген сан тараулы сұрауларға жауап іздейді.

Ғашықтардың киесі, ықылым заманның иесі, қияли түсініктердің жүйесі саналған көрікті Көрпеш пен Ақ баян хикаяларындағы күмбез ежелден болған. Бір жерде ғана емес, қазақ қоныстанған ен даланың бәрінде ұқсамаған үлгімен кескінделген. Сол мәңгілік ғашықтар моласы аталмыш жыр нұсқаларының басым көбінде жыр соңында аталып өтеді.

Қазақ халқы хандық құрмай тұрып, тайпалық заманалардан бастап өлген адамды жерлеу, басына тас орнату, күмбез тұрғызу салтын берік ұстанған. Бұл жыр нұсқаларындағы күмбез де сол бағзы заманның белгісі. жыр пайда болған, қос ғашық жарық дүниеден қайткан бір мезетте ғашықтар басына күмбез құйылумен бірге, мәңгі тас, балбал тас, сын тастар қойылуы әбден мүмкін. Ал қазақты Құраған ру, тайпа, ұлыстар моланы жаңаламайды. Жаңаласа аруақ разы болмай, ұрпақтар басына кесір-кесепаттар келеді деген түсінікпен қатты ырымдайды. Бұл жағына қарап ғашықтар күмбезі 5-ғасырдан бері жырмен қатар сақталып, көп өзгертілмей келе жатқанына сеніммен қарайсың. «Қозы Көрпеш-баян сұлу» жырының қазірге шейін жиналған 33 нұсқасы болса да, бір бөлім нұсқаларындағы қүмбез туралы мазмұндарды жинақтап, ұқсамаған ой желісін айқындауға болады.

Тас күмбездің жыр нұсқаларындағы белгілері: 1) Мәшһүр Жүсіп Көбейов жинаған, Шөже ақын жырлапты делінген нұсқада бір топ керуеннің көмегімен күмбез орнатылады. Қозы жерленген соң, Баян керуендерді бір-біріне қырқыстырып, соңында өзіне қанжар салып өдеді. бір ақымға құшағы жазылмай қойылады.

2) 1909 жылы Қазанда басылған «Қисса Қозы Көрпеш» атты нұсқада Қозы өліп, ғайып ерен қырық шілтеннің киесі дауып, қайта тіріледі де сүйгенімен үш күн, үш түн қосылады. Сосын екеуі бір жерде өледі. Күмбез соғу сюжеті мүлде жоқ. Суеттік Қазақстанда 1938 жылы орта мектеп оқулығына реттеліп, адам аттары өзгертіліп енеді. 3) 1910 жылы Кастанье орысша бастырған нұсқада керуеншілер Арғанаты тауынан халық Аягөзге тас жеткізіп, бейіт салады. Қос ғашық бірге жерленеді. 4) 1858 жылы Абрамов жазып алған нұсқада бейітті қыздардың атаанасы салдырады. Маңайында Ай мен Аягөз екі қыздың тас мүсіні, Қодардың да тасқа айналған қаңқасы қалған деп жырланады. 5) 1898 жылы Пантусов жазып алған нұсқада күмбезді тұрғызуға керуеншілер қосыны көмек жасайды.

6) Бейсенбай жазып алған нұсқасында Қозы өлмей, оның досы Қөсемсарыны Қодар өлтіріп кетеді. Қозы Қодар мен Қарабайдың көзін жояды. Ел тілегімен екі ғашық қосылады да Күлеп деген батыр перзент қалады. Екі ғашықтың басына кешен орнатылады. Аңыздық арқау бойынша Қозының бейітіне екі гүл өсіп шығыпты. Олардың арасына бір тікен бой көтеріпті. Қос шоқ гүл-Қозы-Баян, ал арасына өскен тікенҚодарға баланады. 7) Шоқан Уәлиханов нұсқасында Қос ғашықтың басына күмбез қөтерілді деген дерек кездеспейді. Тек Баянның сіңілісі Айғыз сынтасқа айналғанын жазады. 8) В.В.Радлов нұсқасында Тайлақ бидің інісі Айбастың басына белгі қойып, Қозы мен Баянның келбетін салады. Қаскүнем Қодардың сұрықсыз тұрұын таспен тұрғызады. 9) Г.Н. Ботанин нұсқасында Айбас ер үш көш жерден тас тасып, жүз ағашты қюлап, Қозының басына күмбез тұрғызады. 10) Н.И.Ильминскй нұсқасының соңы «суреті Аягөздің тұсында тұр, қабыры екеуінің қасында тұр...» деген тіркестермен аяқталады. Мұнда қос ғашықтың басына жасалған бейіт пен тас суреттердің арасы шалғай орналасқанын меңзейді.

Бұдан сырт еліміз қазақтары арасында таралып жүрген Дәуіт ақын жырлаған нұсқада да Қозы қайтыс болған соң, Баян ата-анасына батырдың басына күмбез жасап беруін өтінеді. Ата-анасы аймақтағы шеберлердің бәрін жиып, ағаш кесіп, тас қалап, тас өртеп, кірпіш құйып арнаулы күмбез жасап, қызының көңілін риза қылады.

«Қазақтікі» дейтін «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» қазір жиналған отыз үш және одан да көн нұсқасы бар. Бұл махаббаттың таусылмас жырларының бәрінде болмаса да, бір парасында қос ғашық әңгімесіне символ күмбез болып сипатталады. Әр жыр желісінде күмбез, мола, бейіт, кешен, мұнара, ескерткіш, мүсін, әйкел атаулары араласа жүреді. Дерлігі жырдың ұзақ жылдық тарихында өзгеріп отырған атау-терміндер. Оның түп төркіні түркі қағанаты кезінде мәлім болған.

Бағзы оғыз тайпасы дәурен сүрген кезеңнің өзінде «Дың» салу әдеті болыпты. Сосын да дың салу дағдысын Оғыз-Қыпшақ дәуірінен қарастырсақ ғылымилыққа жанасады. Тіпті Түрікпеннің жерінде «дың», «деңглі», «деңгілі тепе» деген жерлер салынған. Дыңның құрылымы төрт бұрышты ойылып, жер жаһанның шетсіз, шексіз екенін білдірсе, кейде дөңгелек пішінде жердің күнді айналып өтетін салтын санаға сіңдіру үшін безендіріліпті. «Олардың ескі түрі көбіне тастан (Нұратада), кейбіреуі балшықтан, пахсадан жасалған. Сырдария бойында толып жатқан биік (дың қорғандар) сондай құрылыстың қалдығы» (Әлікей Марғұлан). Бұл сөз әмәнда түркі тектес халықтарға ортақ таралу арқылы ерлер мен егей тұлғалардың басына жасалатын ескерткіш мұнарасы ретінде қасиетті орынға айналғаны жасырын емес. Қазақ тілінде дең, діңгек деген ұғым жиі айтылады. Қазақ бейіттері де топырақтан сүйірленіп үйіліп қойылады. Тастан белгі салынады. Сосын да Қозы мен Баян бейіті бұрынғы дыңның және бір жаңаланған ашық суреті деп болжауға болады.

«Қозы Қөрпеш-Баян сұлу» күмбезінің салынуы ежелгі Түркі қағанаты тарихымен шамалас. Оғиға сюжеті де түркі тірлігімен тыныстас, мұңдас, кұрдас. Жырда барынша айшықталып алынған сюжет қос ғашықтың басына орнатылған күмбез бен оның ішінде тұрған төрт мүсін тас. Бұл күмбез қазақ даласындағы архитектура белгісімен ұқсас көне пирамида формасында көтерілген. Қазақы түсініктен туған дың мұнарасы деп бағаласа да болады. Дың әдетте даланың берік тасымен қаланады. Іргесі төрт бұрышты, үсті сүйірленген, биік мұнара бейнесінде келеді. Қозы көрпештің күмбезі туралы қазақ аңыздары тайпалық дәуірден бері таралған әрі көп жырланған. Күмбез табиғатына барлық халық мән береді. Жырда ұзақ жырланған киелі сарын-«Шоқ терек». Халық жапандағы жалғыз өскен алып теректі қос ғашықтың тұрағына балап, киелі санайды. Күмбезді де соған ұқсатып жобалайды. Бұл аңыздық бейне соны заман түркі тектес тайпалардың тарихында жазылып, түгінге жетіп отыр. Жаңа эрадан бұрынғы V ғасырда көшпенділер даласында алтынмен апталған, адам бейнесі түсірілген, биік ағаш кестеленген ескерткіш орындар болған. Мәселен, «Шоқ теректі» суреттеген алтын бейне ⅩVI ғасырдың өзінде Ертіс өзенінің күн шығысындағы кең өлкеден, Алтай тауына таяу жерден табылады. Ғалымдардың межелеуінде бұл ескерткіш жаңа эрадан бұрынғы 3-4 ғасыр-

ларда пазырық дәуірінде Алтай тауы атырабында бой көтереді. Қазір Эрмитажда сақталған. Қазақ пен алтай тілдерінде «Шоқ (чок)» терек деген мағына береді. Алтын ілгек түрінде өрнектелген бұл мұрағат Қозы мен Бананның махаббат суретіндей әсер береді. Шоқтеректің түбінде әдемі әйел кескіні мен оның тізесінде сұлап жатқан еркек сан ғасырлық ғашық дертін арқалаған қос шерліге теңелген алтын қалып болып келеді

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың күмбезін бір бөлім зерттеушілер естелікке алды, суретін салды, тарих беттеріне бедерледі, қаритасын тұрғызды. Зерттеу еңбектерінде арнайы ғылыми сараптама жүргізді. Алдымен Қазақстандағы кеңестік дәуірде орыстың озық ойлы оқымыстыларының назарына ілінді. Бірден күмбездің сақталу өміршеңдік құнын, ғашықтық мәңгілік кескінін айтып, ашып кетуге талпыныс жасады. Қазақ халқы арасында күмбез Қазақстанның Семей облысы Аягөз өзенінің бойындағы ескі бейіт екенін аңыздап келсе, орыс оқымыстылары шындықпен дәлелдей бастады. Қазақ оқымыстыларының да шыншыл кескінін суретке алуға мүмкіндік туды. Сәбит Мұқанов:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қай заманда шықса да Жетісу топырағынан шыққан сияқты. оған бір дәлел Қозы мен Баян мазарының Қазіргі Семей облысының Аягөз ауданында болуы. Ал «Аягөз» осы өлкедегі жеті өзеннің шығыстеріскей жағындағы біреуі», деп жазады. Бұл күмбездің Аягөз жерінде екенін растай түседі. Әлікей Марғұлан: «Қозы көрпеш-Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған», деп толықтырады. Қос ғашықтың күмбезін қазақ аңыздарына сүйеніп 1771 жылдары жазып алған академик И.П.Фальк. күмбезді сол жылы суретке түсірген саяхатшы Г.Волошин. ол кешенді, ішіне орналасқан төрт мүсін тасты, кешеннің орналасу өңірін, айналасындағы табиғат көркін суретке түсіріп алады. 1858 жылы Абрамов көріп, Аягөздің шығыс жағасында, жарты шақырым жерде тұр деп жазады. 1870 жылы Жетісу облысының губернаторы Колпаковский Аякөз маңындағы бұл моланы көріп, көрініске алады. 1898 жылы Пантусов көріп, бейіт елу метр жақындықта су жағасында тұрғанын айтады. Мұхтар Әуезов: «Сынған төрт суреттің бірін 1897 жылы Шығыс Африкадағы неміс губернаторы майор Фон Биссаман алып кеткен», деп жазады.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезін және ол туралы аңыздарды алғаш естелікке алған ғалымдар П.С.Паллас, И.Г.Андреев, А.И.Левшин.

орысша жазып таратқан ғалымдардың бір бөлімі астроном В.Федоров, оқымысты А.И.Шренк, зерттеуші Н.А.Абрамов хатқа түсіреді.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезіне ішкерлей, терең үңілген, зерттеген қазақ оқымыстысы Шоқан Уәлиханов. Сосын тарихшы Әлікей Марғұлан, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов қатарлылар аталады. Ал зерттеуге ат салысқан орыс оқымыстыларынан П.П.Семенов-Тяньшанский. Орыс әскери шенділерден М.Пуниншев (1863 ж), А.К.Гейнс, П.Галицкий.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі туралы зерттеу еңбектерін жазған Н.Н.Пантусов, С.Баранов, Н.Н.Балкашин, И.А.Кастанье, П.П.Румияншев, В.И.Масальский т.б. ғалымдарымызды атауға болады. Күмбезді суретке салуға еңбек жасағандар поляк суретшісі Куартлей және сырлы бояумен әдемілеп түсірген орыс суретшісі Д.К.Зацепин екендігі белгілі.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі-өте еңселі, шебер нақышпен жасалған ескі ескерткіш. Күмбез былай сипатталады: оны төрт бұрышты таспен өріп, ішін жылтыр, тегіс етіп қалаған. Қозы корпеш-Баян сұлу күмбезі – X-Ⅺ ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Күмбездің табаны төрт бұрышты таған түрінде сырт жағынан ауданы 7,10 х 7,10 метр, ішкі жағынан 3,38 х 3,38 метр, жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11.65 метр. Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі35.4 метр. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы-1.86метр. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Құрылыс дыңға ұқсас болғандықтан, қазақ жеріне ислам діні тарамай тұрып салынған деген жорамал бар. Күмбездің жанында тас мүсіндер болған. Осы тас мүсіндерді 1771 жылы Григорий Волошин, 1856 жылы Шоқан Уәлиханов қағаз бетіне нобайлаған. Онда қасиетті құтты ұстаған үш әйел мен бір еркек суреттелген. Халық аңызында үш әйелдің бірі Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі апасы, ер адам қозы делінеді. Қазір мүсіндер жоғалып кеткен.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі тек Қазақстанның бай өлкесінде ғана мүсінделіп қалған жоқ. Бүкіл Орта Азия өңірі мен бұрынғы дешті қыпшақ даласында жасап жатқан түркі тектес ұлттардың ұлы мекенінде мәңгі тастармен де бой көтерді. әсіресе шет ел қазақтары қоныс тепкен тұрғылықты тарихи орындарда бір бөлім құлыптастар тіктеліп келді. Соның бірі

ҚХР Шинжияң ұйғыр автономиялы районы Алтай аймағы Көктоғай ауданы Шалғыр дейтін жерде қабір басынан табылған құлыптасты арнайы атауға болады. Бұл құлыптас Шалғыр деген жерде, шағын дөңеске тұрғызылған. Дөңестің терістік етегі топ ши мен сыңғырлап аққан бұлаққа ұласады. Шамалауда бұл өңір бабалардың сан жылғы сары қонысы есептеледі.

Халық арасынан шыққан қаламгер, көрнекті фольклорист Баяхымет Жұмабайұлы 1986 жылы «Шұғыла» журналының №8-санына дәл осы Шалғыр елді мекенінде еленбей келген кемпір тес немесе балбалдың кескінін суретімен берумен бірге, «ата мұраның айғағы» беген мақала жазып арнаулы жанды деректермен қамдады. Белгілі фольклорист Бәкеңнің берген мәліметіне толығымен назар салып көрелік:

«құлыптас екі жерде, екеуінің арасы 3.5 метр. қиыр шығысындағы құлыптас көлденең жығылып, бас жағынан 0.70 метр бөлегі сынып түсіп, үш метір аралықта жатыр. Бұл тастың жер бетінен биіктігі 1.50 метр болып, ені 0.35 метр, көлденең қыры 0.25 метр, ал екінші тас, тік тұр. Биіктігі жер бетінен 2.50 метр биік. жалпақ ені метр, қыр ені 0.25 метр. әр екі тастың да оң, сол қырына түсірілген өрнектері бірдей. Оң басына күннің суретін, оның астына бұлт іспетті иректер, тастың жалпақ жақ екі бетіне бес құстың бөтегесінен жоғарғы бас бөлегінің рәсімдері түсіріліп (ойылып), оның алдына және тастың ен бөліктеріне қазақтың мүйіз оюөрнектерін түсірген. Қос тастың қырларындағы өрнектері, жалпақ жағандағы өрнектері ұзақ жылдық жауын-шашында мүжіліп тозса да, күн шығыс бетінің өрнектері айқын тұр. Екі тастың әр бетіне бес құстың, барлығы жиырма құстың суреті түсірілген». Міне бұл балбал тас қазірге дейін Алтай тау баурайында көненің аңызындай көміліп жатыр. Аталмыш тасты байқаушы Баяхымет көне мүжілғен мола мен құлпытастың бір емес екенің анық жазады. Балбалдарды 1984 жылы Қ.Нұртазин да суретке түсіріп алған. Осы екі Қаламгерден кейін дерек айтып, мағала жазған ізденістер кезікпейді. Еліміздегі бұл ғашықтарға арналған мәдени орта, ұмытылмас мұра көнеден келе жетқан тайпалардың төл жасампаздығы. Қолөнер нақышы. Бірақ та бұл ескерткіш орнындағы моланы қос ғашықтың жатқан жері деп тұрақтандыра салуға келмейді. Балбал тастардың жанындағы ескі молалар ашылмаған. Архологиялық тексеруден өтпеген, ата тегі тектелмеген. Ал балбал тастарды да Қозы мен Баянның көрікті күмбезі

деуге де болмайды. Ол тек екі ғашықты еске түсіріп тұруға арналып, халық қиялымен, халық мәдени өнерімен қашалған, қиюластырып, өрнек салынған тас белгі деп қарауға болады. Ал «Қозы Көрпеш моласы» аталатын мола Башқұртстанның Красногор ауданындағы «Сованяк» совхозында бар екенін жазушы Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» атты кітапта жазып кетеді.

Елімізде және көршілес Қазақстан елінде Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі бар болып, ғашықтардың сұлу рухы өлмек емес. Оның керемет күмбезі мен тастан кертілген кер жотадағы қырлы балбал тас кескіндеріне бүкіл қазақ жұрты тәнті. Тағы да нақтылап айтсақ, халық қиялына арқау болған қос ғашық бейнесі қазақ жасаған барлық өңірлерде мүсінделіп қалған. Бұдан кейін де басына тас қойылып, күмбез құйылып, өлмес махаббат бейнесі ойыла беретіні бұлжымас ақихат. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Семей облысының орталығына қос ғашықтың құрметіне тозбас мыстан мүсінделген адам бейнелі әйкел тұрғызылды. Сол елеусіз ескерткіш орындар арқылы халық идеясындағы кілтті ашып, ғашықтыр хикаясымен тоғыстыруға болады. Сонарлы заман, соны жылдарды артқа тастап, әсем ажарлары қалмаса да, күллі қазақтың жүрегіне гүл еккен Қозы мен Баян күмбезі мына жақтардан өміршеңдік құнымен артып, асқақ суретімен әйгілене береді.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі, ең алдымен ер қазақтың, өр қазақтың адал махаббатының символы. Таза рухының қайталанбас таихи ескерткіші. Жаңа дәуір жастары жыр нұсқаларын оқумен, Қозы мен Баянның күмбезін көрумен, тозбас мұраға табынумен, адал махаббаттың асыл рухын қастерлейді. Жан дүние сұлулығын, жасырын сезімнің ұлылығын махаббат мұрасы арқылы мызғымас мұратпен қорғайды. Бірнеше жастар күмбез басына бас ұрып, бүгіліп сыиыну жолымен, бойындағы қателік атаулыдан арылу үшін сенім мен сертке барады. Оны өмір бойы қорғап өтсем деген бекімге келеді. Бұл бұлжымас идеялар бір мың бес жүз жыл кірлемей көкейге бақыт құсын қондырған, жыр жауһары мен одан қалған күмбездің құдіретті күшінен тамыздықсыз тұтанады. Күмбез күллі алаш жұртына күш беретін, мөлдір махаббатты аялауға бастайтын пәк ғұмырдың ғибараты әрі ғимараты.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі, екінші жағынан, әулиелер мекені. Қадірлейтін, құран аударатын, қасиет көріп, садақа тастайтын, түнеп аттанатын киелі мекен, тәуба келтіретін тұрақ. Күмбез әлмисақтан бастап, ақ махаббаттың куәсы болған Қос ғашықтың құрбандығына тәуап етуге қаланғандай сезім береді. Сонау Семейдің Аягөзіңде тұрған биік күмбездің айналасына неше ғасыр бойы бөгде қабір қойылмаған. Қоюға тыиым салған. Жапан дүздегі жалғыз молаға барып табынатындардың аяғы үзілмеген. Сүйіспеншіліктің сүйікті әнін, мөлдір сезімнің тұнықтығын, жан дүнйенің жылулығын жапандағы жалғыз бейіттің рухынан іздеген.

Үшінші, Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі идеялық символдық кескін. Қазақ жұртшылығы қазақ елінде байқалған тас мұнараны тек қос ғашыққа арналған ескерткіш ретінде бағалап келді. Ал еліміз топырағында табылған моланы да сол негізге жатқызды. Көктоғайдан табылған тас белгілер қос ғашық пен айналасындағы адамдарға қойылған балбалдар мен кемпір тастар деп бағалануы тиіс. Ал Аякөзден табылған ескерткіштің ескі мәні бар. Ол халық қиялының, идеялының жиынтық бейнесі. Ескерткіш адырна формасында құйылған. Ескерткіш адырнасы он шақты шақырымға кере тартылған алып садақтың атылуына әзірленген ұшқыр жебеге ұқсайды. Садаққа ұқсатылған доға жиырма шақырым жерді алып жатады.

бейне жебемен жауыздықты мәңгі жасқап тұрғандай түсінік береді.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі, үшінші жағынан, шебер қолдан жасалған, айналасын асыл арманға, мұратқа, ғылымға сәйкестірген сырлы сурет. Күмбез пырамида формасында жасалып, үш жағы қырлы, бір жағына симметрияның сақталмауынан ойыс пайда болған. « қалаушы сол симметрияны сыртқы сәулемен мұнараның бойынан бөлінетін рух ұшқынының қосылуынан туындайтын энергетикалық құйынның тұрағына айналдыру ниетімен әдейі ойыс етіп қалдыруы мүмкін». Қалай десек те мұнара халық көңілінен шыққан, көркем оймен образдалған мәдени орынның типтік үлгісі.

Соңғы түйін: Ғасыр жүгін арқалаған, жұртшылыққа махббаттың жұмбағын шешуге ескеркіш болған, ғашықтарға ғаламат күш беретін қос ғашық күмбезі халық қолынан қорғалады. Оны сыры мен қыры табынған, пір тұтқан дас жүректерге нұрын сыилайды. Жалпы қауым мәңгілік ат басын бұратын қасиетті мекен ретінде сақтала береді. Әр қазақ ұланы қос ғашықтың күмбезін көріп, көңіліне ұялата беруі шұбасыз. Махаббаттың мәңгілік мұнарасы аласармай Аягөз алқабында асқақтай беруін ақ жүрекпен, пәк тілекпен қорғауға тура келеді. Аласармасын ақ махаббат мұнаралары!

 

Әдебиеттер

  1. Жолдасбеков М.Қасқабасов С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу. – Астана: Фолиянт, 2002. – Б. 353.
  2. Садырбаев С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының нұсқалары.– Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 189 б.
  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 349.
  4. Кәсейұлы Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. – ҚХР: Үрімжі: Шинжияң, 1996. – Б. 427. 5 Жұмабайұлы Б. Ата мұраның айғағы // Шұғыла. – ҚХР, 1986. – №8. –– Б. 49-53.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.