Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Энтеровирусты менингиттертің балалардағы клиникалық ағым ерекшелігі

Тұжырым: Энтеровирусты серозды менингит диагнозы мен сырқаттанған 55 балаға клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Энтеровирусты менингит негізінен көктем-жаз маусымдарында өте жиі тіркеледі және көбіне балабақша мен ерте мектеп жасындағы балалар арасында (72 пайызға дейін) кездесетіні анықталды.

Өзектілігі: Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) вирустармен зақымдануы бала денсаулығына және өміріне аса қатерлі. Жедел серозды менингиттердің көтерілісі кезеңінде энтеровирусты менингиттер жиі кездеседі. Қазіргі таңда серозды менингиттердің этиологиясында ЕСНО және Коксаки вирустарының өте маңызды орын алатындығы анықталған [1]. ХХ ғасырдың соңында және XXI ғасырдың басында вирусты менингоэнцефалиттердің құрылымы көптеген өзгерістермен толықтырылды, яғни нейроинфекциялардың негізгі қоздырғыштары – герпес, цитомегаловирусты инфекция, энтеровирусты инфекциялар және т.б. екендігі анықталды. Қазіргі уақытта вирустарға қарсы дәрілерді ерте қолдануға қарамай, герпесті менингоэнцефалиттер барысында кездесетін жоғарғы өлім (20%-ға дейін) мөлшері, ауыр резидуальды көріністердің анықталуы, ал қызылша менингоэнцефалиттері кезінде өлім мөлшерінің 10 20%-ға дейін болуы, ОЖЖ вирустармен зақымдануы инфектологияның аса өзекті мәселелерінің бірі екендігін көрсетеді [2, 3].

Ғылыми зерттеудің мақсаты: энтеровирусты серозды менингиттердің клиникалық көрінісі мен маусымдық ерекшеліктерін зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Алматы қаласының №1 БҚЖАА-да «энтеровирусты серозды менингиттер» деген диагнозбен, емделген 55 балаларға клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. Науқастардың 72%-н мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар құрады; ерте жастағы және ересек балалар сирек кездесті. 26 науқас балада қосымша және фондық аурулар анықталды: гипертензиондыгидроцефалды, тырыспа синдромдар, эписиндром және резидуальды-органикалық фон. Науқас балалардың 97% ауруханаға жедел жәрдем арқылы түсті, солардың 8% «жедел респираторлы вирусты инфекция, менингизм белгілері» деген диагнозбен жеткізілді.

Вирусты инфекцияның дамуына организімде көптеген қорғаныс механизімдері қарсылық жасайды: фагоцитоз, интерферон, макрофаг жүйесі. Зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда энтеровиурсты инфекция көбіне ауыр түрде, яғни менингит, ал ересек балаларда жиі жеңіл қызба түрінде өтетіндігі анықталды. Ал ерте жастағы сәбилерде энтеровирусты инфекция менингоэнцефалиттің дамуына себепші болды. Бұл сәби организімнің реактивтілігімен және иммундық жүйе жағдайының әлі толық жетілмеуіне байланысты болуы ықтимал.

Науқастардың басым бөлігі (72,3%) ауруханаға аурудың алғашқы күндері түсті, оның 54% екінші күн.

Ауру барлық науқастарда жедел басталды, жалпы инфекциондық белгілердің пайда болуымен: дене қызуы 3838,5С-қа дейін (73%) көтерілумен, кей науқастарда 39-40С-қа дейін (27%). Дене қызуы негізінен 1-2 күн (61%) сақталды, ал 7% жағдайда 5 күнге дейін ұзарды. Бас ауру сезімі (76,8%) жылдам кері дамыды, орташа есеппен 2-3 күнге дейін ғана, тек 1 науқаста бір апта сақталды. Ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатындағы қызару, «теңбілдену» 64% балаларда анықталып, 3 күн бойы сақталды.

Жеті науқаста серозды менингит герпетикалық баспамен бірге жүрді. 5 науқас бір тәулік бойы іш ауруына шағымданып, сұйық нәжіс күніне 6-7 ретке дейін болып, екі тәуліктен бір аптаға дейін сақталды.

Кей науқастарда (8 бала) көздің ақ қабығының қызаруы, көз алмасының ауру сезімі, жарыққа қарай алмау белгілері анықталды (2 күн бойы сақталды).

Екі науқаста аурудың екінші күні жәншаудағы тәріздес бөртпе пайда болды (1-2 тәулік сақталды), ал екінші балада геморрагиялық сипатта.

Улану белгілері әлсіздікпен, тынышсызданумен, тәбетің төмендеуімен сипатталды. Аурудың алғашқы күні 84% науқаста бір реттен 15 ретке дейін құсу пайда болды, кей жағдайда құсу 5 күнге дейін сақталды.

Бас миының қабықшасының қабынуы менингеальдық белгіліермен және жұлын – ми сұйықтығындағы (ЖМС) өзерістермен сипатталды.

Бас миының қабықшасының қабынуы науқастарда менингеальдық белгілер: желке бұлшық етінің қатаюы, Керниг және Брудзинский симптомдарымен анықталды. Желке бұлшық етінің қатаюы 100%, Керниг белгісі 50%, жоғарғы Брудзинский белгісі 28% жағдайда анықталды, ортаңғы және төменгі Брудзинский белгілері өте сирек анықталды. Менингеалдық белгілер 1-1,5 тәулік сақталды. ЖМС-да қабыну өзгерістері болса да, 3% жағдайда менингеалдық белгілер анықталмады. Ликвордағы клеткалардың көбеюі аса жоғары болмады, яғни 55% жағдайда 1 мкл-де 85±20 клетка, ал 45% жағдайда 1 мкл-де 62±15 клетка. 9 науқас балада цитоз мөлшері төрт-саннан құралды 1000 – 1735 клетка. Аурудың алғашқы (бірінші-екінші күн) күндері 77% жағдайда плеоцитоз нейтрофильды сипатта болды (нейтрофильдер мөлшері 60-95% аралығында). Алтыншы-жетінші күндері (қайта жасалған пункция қортындысы бойынша) плеоцитоз лимфоцитрлы болды, ал клеткалар мөлшері азайып, кейде қалыпты санға дейін төмендеді.

ЖМС полиморфты-ядролық лейкоциттердің басым болуы кез келген қабыну құбылысы кезінде дамитын процеске және ерте экссудативті кезеңдегі осы клеткалардың миграциялық белсенділігіне байланысты. Ликвордағы белок мөлшері 54% науқастарда 1,0 – 1,3 г/л дейін жоғарлады. Науқас ауруханаға келіп түскен кейін, 7-8 күні ликвор қалыпты жағдайға дейін тазарды.

Салыстырмалы диагностика кезінде пайда болған қиындықтар ЖМС қайта зерттеу барысында шешілді. Сонымен қатар науқастарға бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізілді, ал ол менингококкты инфекциямен салыстырмалы диагностика жүргізуде көмектесіп, қойылған диагнозды негіздеуге көмектесті.

Аурудың алғашқы күндері 10х109 /л 21х109 /л мөлшеріндегі лимфоцитоз сипаттағы лейкоцитоз анықталды. 12 науқаста нейтофилді лейкоцитоз (кей жағдайда жас клеткаларға дейін) және эритроцитардың тұну жылдамдығының (ЭТЖ) – 35 – 45 мм/сағ. дейін жоғарлауы анықталды.

Вирустарды бөліп алу және оларды типтендіру көптеген техникалық қиындықтар тудыратындықтан, қазіргі кезде вирусологиялық зерттеу қортындылары ерте диагноз қоюға көп септігін тигізбейді. Нәжістен вирустың бөлінуі антидене титрінің жоғарлауын анықтау үшін жасалатын серологиялық қанның қос сары суды зерттеу әдісінің нәтижесінсіз диагностикада аса маңызды орын алмайды. Сонымен қатар, вирусологиялық зертеудің оң және теріс қортындысы клиникалық көрініспен қатар қаралып негізгі шешімге әсер етуі керек.

Айқын диагностика жүргізілу үшін клиникалық көрініс пен эпидемилогиялық жағдай қатар қаралуы керек. Науқас балалардың 83%-да жедел респираторлы вирусты инфекциямен және серозды менингитпен сырқаттанған балалармен қарымқатынаста болғандығы, ал 14% жағдайда сырқаттың су жолымен жұққандығы (жабық және ашық су қоймалары, құдықтар) анықталды.

Энтеровирусты инфекцияға қарсы этиотропты емнің жоқтығы ем қолдануды қиындатады. Аурудың алғашқы күндері ауруханаға түскен кей науқастарға антибиотик тағайындалды (пенициллин), ол қайта жұлын сұйықтығын зерттеу қортындысына байланысты емнен алынды. Менингиттерді емдеу стандартқа сәйкес: дезинтоксикация, дегидратация емдерін қамтиды, яғни магний сульфат, лазикс, диакарб және 10-15% маннитол дәрілерінің жасына сай дозасымен жүргізілді. Тырыспаға қарсы финлепсин, седуксен, карбамезипин, ал ми қан айналысының өзгерісіне қарсы – кавинтон, актовегин, цинарезин тағайындалды. Комплексті терапия құрамына антигистаминді дәрілер, В витамин тобы кірді.

Қортынды:

  • дәрігерлер арасында диагностика сұрақтары бойынша әліде білімнің жетіспеушілігінің барлығын көрсетті;
  • Аурудың этиологиясы және жылдың маусымы арасында байланыс барлығы анықталды, яғни энтеровирусты менингиттердің жиі кездесуі көктем-жаз уақыты, ең жоғарғы көтерілуі шілде-тамыз айларында болады.
  • мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда энтеровирусты инфекция (72%) жекеленген менингит түрінде жүреді.
  • менингеалды белгілер 97% науқастарда анықталып, негізінен желке бұлшық етінің қатаюы, Керниг және Брудзинский белгілерімен сипатталды.
  • Энтеровирусты серозды менингиттердің бағаналық клиникалық көрінісі дене қызуының 38,5-39С-қа дейін (73%) көтерілумен, айқын бас ауру сезімімен (76,8%), қайталап құсумен (84%) сипатталды
  • Негізгі клиникалық көріністер орта есеппен 2-4 күн (61%) сақталды.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Зинченко А. П., Острые нейроинфекции у детей: /Ленинград. 1986. 319 б.
  2. Носов С. Д., Инфекционные болезни у детей в прошлом и настоящем: / Ленинград. 1980. 131 б.
  3. Лещинская Е. В., Мартыненко И. Е., Папилова Е. И., Острые энцефалиты и менингоэнцефалиты вирусной этиологии у детей: /Методические рекомендации. – Москва., 1982. 112 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.