Тісжегіні озонды-ауалы қоспамен 1минут аралығында өңдегенде, жылдам клиникалық әсеріне жеттік, етті – пептонды табақшасындағы агарда өскен колониялар саны азайды. Стоматология тәжірбиесінде озонды кеңінен және қарапайым ретінде қолданыуға болады.
Барлық заманда және әлем халықтар арасында әртүрлі ауруларды тудыратын патогенді микрофлораға қарсы тұру негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Ал тісжегі дегеніміз бактериалардың әсерінен пайда болатын, тістің қатты тіндеріндегі жергілікті деминерализация ошағы. Сондықтан, тісжегіні тиімді емдеу үшін , оның басты себебі-қышқыл түзуші бактериаларды жою болып табылады. Ал қазіргі кезде тісжегіні емдеу үшін медикаментозды емес әдістерге көп көңіл бөлініп жатыр.
Өйткені:
дәрілік препараттарға аллергиялық реакцияның жиі болуы;
-кеңінен қолданылатын антибиотиктер мен антисептиктерге микрофлораның тұрақтылығының пайда болуы.
Медикаментозды емес емдеу әдістерінің біріозонотерапия болып табылады. Медициналық озонды медицинаның барлық саласында қолданады.
Қазіргі таңда озонды қолдану заманауи және тиімді әдістер қатарына жатады. ОЗОНоттегінің үш атомынан тұратын газ тәрізді қосылыс (О3), бұл молекула бәрімізге таныс, О2-ге қарғанда өте тұрақсыз және активті болып келеді. Концентрленген озон 10 секунд ішінде 99% патогенді микроорганизмдерді жояды. Ал озонмен емдеу уақытын 30секундқа созсақ – онда миллиондаған микроорганизмдердің екіүшеуі ғана тірі қалады, мұндай нәтижеге басқа ешқандай әдіспен қол жету мүмкін емес. Озон тотықтырғыш ретінде тек патогенді микрофлораға әсер етеді, ал сау,бүтін жасушаларға әсер етпейді.
Озон организмдегі тотығу –тотықсыздандыру үрдісін белсендіретін өте күшті тотықтырғыш. Иммунды жүйенің функциясын екі-төрт есе күшейтеді. Озон-табиғи антибиотик! Организмнің жасушаларымен әсерлесіп майларды ыдыратып, пероксид түзеді.Периоксидбарлық вирустарға,бактериялар мен саңырауқұлақтарға өлтіре әсер етеді .
Озоно – терапия жасөспірімдер мен жүкті әйелдерде де қолдануға болатын абсолютті зиянсыз және физиологиялық әдіс болып келеді.
Озон микроорганизмдерге, вирустарға, саңырауқұлақтарға әсер етіп оның қабығын бұзады,сөйтіп оның өсуі тоқтап организм жасушаларымен байланысу қасиеті бұзылады.
Озон антибактериальді, антивирусты әсер етіп, бірқатар биохимиялық үрдістерді қалыпқа келтіріп, белсендіреді.Озонотерапияның артықшылығы:
- детоксикация үрдісін белсендіреді, ішкі және сыртқа токсиндердердің белсенділігін төмендетеді;
- метаболизм үрдісін белсендіреді (зат алмасу үрдісі);
- микроциркуляцияны жақсартады (қан айналымы);
- қанның реологиялық қасиеті жақсарады (қан қозғалмалы болады);
- тіндердің тыныс алуы жақсарады;
- иммунитет қалыпқа келеді;
- қабыну үрдісі басылады;
- айқын жансыздандырғыш әсер береді.
Қазіргі уақытқа дейін озонның улылығы жоғары деп қолданылуы шектелген болатын,сондықтан да газ түзуші генераторлар кең қолданысқа ие болмады. Озоно-терапияны қауіпсіз жүргізу үшін озонның концентарциясын, берілу жылдамдығы мен әсер ету уақытын бақылау қажет. Бұндай аппараттарға озонорезистентті материалдарды ойлап тапқаннан кейінқол жетті.
Қауіпсіздік талаптарына толықтай жауап беретін заманауи озон генераторларына W&H –Prozone,HealOzone аппараттары жатады, және олар эндодонтияда, тісжегіні емдеуде және парадонттың қабыну ауруларында кең қолданысқа ие. Аппараттың қауіпсіздігіозонның берілу уақыты мен қажетті көлемін арттырмайтын датчигінде. Аппаратта төрт уақыттық режим6; 12; 18 және 24 с. қарастырылған және аппаратқа қарамай-ақ өңдеудің басталғаны мен аяқталған уақытты бақылауға болатынолар дыбыстық сигналмен белгіленген.
6-секундтық режим тісжегі қуысына нэкроэктомия жүрізуге,сонымен қатар ауыз қуысының кілегей қабығыныңафталары мен герпестік ауруларын өңдеуге арналған. Озонаторлар арнайы жағдайды және медицина қызметкерлерін ұзақ уақыт үйретуді қажет етпейді. Науқастар әдеттегі антисептиктермен салыстырғанда озонныңиісінің жағымдылығын ескере отырып энтузиазммен емделеді.HealOzone аппаратын KaVo фирмасы шығарған. Аппараттан өндірілген озон арнайы ұштық силиконды қондырғы арқылы тістің өңделетін бетіне тікелей қойылады.
Озонаторлармен тісжегіні емдеудің негізгі артықшылығы:
Сұйық қосылыстарға қарағанда озонмен реакция 3500 есе жылдам жүреді.
Озон молекуласының мөлшері өте ұсақ болғандықтан тістің инфекцияланған тіндеріне тез енеді және толықтай залалсыздандыру жүргізеді .
Озонғааллергиялық реакция жоқ.
Озон ауыз қуысының кілегей қабығын тітіркендірмейді. Материалдар мен әдістер: Микробиологиялық зерттеулер ҚаЗНМУ дың микробиология, вирусология, иммунология кафедрасында өткізілді.
Жұмыс істеу реттілігі: Жансыздандыру.
Тісжегі қуысын егеп -тазалау.
Біз 9 -терең тісжегісі бар 5-студенттерді зерттедік. 3-терең тісжегіден тек егеп-залағаннан кейін жақпа алынды, бақыланатын науқастардың 3-терең тісжегісінен озонды-ауалы қоспамен өңдегеннен кейін және салыстырмалы топтағы 3терең тісжегіден 3%сутегінің асқын тотығы ертіндісімен өңдегеннен кейін жақпалар алынды.Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінде озонатор ОТРИ01қолданылды.Тісжегі қуысын озонды-ауалы қоспамен( ОАҚ)60секунд уақыт аралығында өңдедік.
Озонатор аппараты ОТРИ -01Егеп тазаланған тісжегі қуысына озонды-ауа қоспаны жіберу
Жақпа терең тіс жегі қуысынан залалсыздандырылған білік арқылы алынды, ол тұзды сарыуызды агарлық қоректік ортаға себілді. Петри шынысына себілген заттар термостатқа орнатылды.
Микробиологиялық зерттеу әдісі:
Микроорганизмнің санының өсуін қарап бақыладық. Егеліп тазаланғаннан кейінгі себілген микроб саны 1654 колония, сутегі асқын тотығымен өңдегенннен кейін колония саны 324, ал озоннан кейінсебілген колония саны 64 болды. Озон микроб колонияларының өсуін азайтты, яғни емнің тиімділігін көрсетті.
Қортындылай келгенде Озонныңкариесогенді микроорганизмдерге күшті антимикробты әсері болуын байқадық, өту (ену) қабілеттілігі жоғары болғандықтан антисептикалық әсері тек тістің беткі қабатына ғана емес сонымен біргеорын басушы дентинге де әсер етті. ОЗОН тісжегіні емдеуде тиімді ем қатарына жатады, сондықтан озонтерапияны тек тісжегіні өңдеуде ғана емес сонымен қатар асқынған тісжегіні емдеуде қолданған өте тиімді болып табылады.
Әдебиеттер:
- 1.Сагатбаева А.Д. Обоснование применения озоно-воздушной смеси при лечении верхушечного периодонтита. Дисс. Канд.мед.наук.Алматы.-1998,-с.162.
- 2.Зазулевская Л.Я.,Сулейменова Р.А.,Сагатбаева А.Д.,Танкибаева Ж.Г.
- Озон в клинике терапевтической стоматологии. Алматы.-2002,с.-32.
- 3.Сборник трудов VI Всероссийской научно практической конференции "Озон в биологии и медицине",Нижний Новгород,2005.
- 4.Макеева К.М.Применение озона в комплексномлечении стоматологических заболеваний.Дентал таймс, выпуск 8. 2011.