Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эндодонтиялық ем жүргізгенде өзекті уақытша пломбылауда қолданылатын заманауи материалдар

Эндодонтия – стоматология саласының бір бөлігі, дәрігер емдеу кезінде түрлі қателіктер және асқынуларға кездейсоқ тап болады.

Терапиялық емдеуде дәрігердің ұзақ мерзімді уақыты, еңбегі кейде жақсы нәтиже бермейді. Күнделікті емдеу барысында, практикада эндодонтиялық сапасыз емдеудің нәтижесін көреміз.(1)

Эндодонтиялық емнің нәтижелі болуына қолданылатын құралсаймандардың, жаңа заманауи технологияларды игеру, дұрыс материалдарды қолдана білу, стоматологиялық қабылдауды дұрыс ұйымдастыра білу және жұмыс орнының жабдықталу денгейі көп роль атқарады. Қазіргі уақытта асқынған тісжегі ауруларының өсуі қарқындап алға жылжуда. Патогенді экзо эндо факторлардың әсерінен периодонт тіндерінде қабыну үрдісі агрессивті өтуде, сондықтан терапиялық емнің нәтижесін жақсартуда жаңа дәрілік препараттарды таңдауды мәжібүр етеді. (2)Түбірді аспаптық өңдеуден кейін өзекте қалған микроорганизмдер ауру сезімін тудыруы немесе аурудың өршуіне әкеледі.

Кез келген эндодонттық емдеудің мақсаты тіс түбірі және қоршаған периодонт, микроорганизмдер токсиндерін тежеп, қабыну үрдісін және периапикалді тіндердегі өзгерістерді емдеу болып табылады. Өкінішке орай әдебиеттер деректері бойынша әр-түрлі кешенді қолданылған тәсілдер мен препараттар, өзекті, тіс түбір ұшын, толығымен залалсыздандырып сапалы еммен нәтиже бермейді.

Осы мақсатта асқынған тісжегіні кешенді емдеуде түбір өзегіне уақытша обтурациялауға арналған дентальді Ледермикс қойыртпағының әсер етуін зерттеу жоспарланды. Ледермикс – стоматологияда қолданылатын дәрілік заттардың ішіндегі аналогы жоқ препарат. Құрамында жоғары әсер көрсететін антибиотик және глюкокортикостериод бар.

Германияда RIEMSER Arzneimittel AG фармакологиялық концернде жоғары сапамен өндірілген.

1 г Ледермикс қойыртпағы құрамында 30 мг демеклоциклин гидрхлориді,

10 мг триамцинолон ацетониді ,5граммдық тюбик түрінде шығарылады.

1 тюбик кем дегенде 20 – 25 рет түбір өзегін емдеуге қолдануға жетеді.

Ледермикс қойыртпағының қасиеті: бактерицидті, қабынуға қарсы, ауру сезімін басатын, дезинтоксикациялық препараты болып саналады.

Ледермикс – өте жоғары антирезорбтивтік қасиетке ие, сондықтан апикальді резорбция кезінде қолдануға арналған. 50 : 50 қатынаста кальций гидроксидімен бірге араластырып кез келген түбір өзегін емдеуде жоғарғы әсері бар дәрілік зат ретінде қолдануға болады. Суда жақсы ериді және керек жағдайда өзектен оңай алынады. Құрамында токсикалық немесе концерогендік әсер ететін заттары жоқ (мысалы, пароформальдегид, крезол, фенол т.с.с.) тіндерді тітіркендірмейді және бұзылыс тудырмайды. Бактероцидтік және қабынуға қарсы жақсы әсері антибиотик пен глюкокортиностироидтің қауіпсіз дозасымен сортталған. Сорылуы төмен болғандықтан артық дозалау және дәрілермен әрекеттесу қаупі жоқ. Құрамындағы триамицинолон глюкокортикостероиді, жоғары әсері бар қауіпсіз және гипатоломо– гипофизарлы – бүйрек үсті бездік жүйеге, көмірсу, май және кальций алмасуының бұзылуына қауіпсіз әсерімен ерекшеленеді.

Зерттеу мақсатттары:

Асқынған тісжегі ұлпа қабынуларын емдеуде дентальді қойыртпақ Ледермиксті қолдана отырып тиімділгін бағалау. Клиникалық динамикасын кейінгі нәтижелер арқылы бағалау. (6-ай, 12ай аралығында).

Асқынған тісжегімен келген науқастар бақылауға алынды. Бақылауда 25 науқас болды. Оның ішінде диагноз бойынша: ұлпаның созылмалы шіри қабынуы – 6, ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі – 8, ұлпаның созылмалы жәй қабынуы6, ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі -5 науқстар емделді.

Барлық науқастарға: рентген суреті (ем алдында және емнен кейін),жұмысшы ұзындығын анықтау (апекслокатор) жүргізілді. Жалпы қабылданған әдіс бойынша біріншілік эндодонттық жол гипохлорид ертіндісімен өңдеп жуып шайылды. Ледермикс қойыртпағын өзек толтырғыштың көмегімен өзекке 3күн және 1 аптаға қойылып отырды. Емдік препарттың емдік әсерісол күннен бастап нәтижесі байқалынды.

Клиникалық жағдайлар: Науқас 48 жаста, шағымы төменгі жақ аймағының оң жағындағы азу тісінің сыздап, тоқтамай ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде жоғары 26 тісінде терең тісжегі қуысы байқалады. Тіс жегі тіс қуысымен байланысып жатыр. Қағып тексергенде ауру сезімі бар. Науқастың айтуынша тістері 3-4 тәуліктен бері мазалайды, ЭОД -90 мкА. Рентген суретте 26 тісінің түбір аймағында периодонт саңылауы кеңейген.

Диагнозы: Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі. Жасалған іс шаралар: Жалпы қабылданған әдіс бойынша біріншілік эндодонттық жол ашылып, аспаптық өңдеу жүргізлгеннен кейін өзектерді натрий гипохлорид ертіндісімен өңдеп жуып шайылды. Ледермикс қойыртпағын өзек толтырғыштың көмегімен өзекке қалдырдық. Емнің нәтижесі: ауру сезімінің тез басылуы, герметикалық қасиеті жақсы нәтижелі. Қағып тексергенде ауру сезімі болмауы, түбір өзегі таза. Емдеудің тиімділігі жақын және ұзақ уақыт аралығында бағаланып отырды. Кері әсерлері практикада байқалмады. Жұмыс жүргізгенде оңай. Өзекті тұрақты обтурациялау мақсатында эндометазон +гуттаперча қолданылды.

20жасар жігіт жоғарғы сол жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 15 тісінің жанасу бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік нысанды рентгенограммада түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген. Диагнозы:Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі. Өзекке 3 күнге Ледермикс қойыртпағын қалдырдық.Емнің нәтижесі: ауру сезімі,өзегі таза, қағып тексергенде шағымы жоқ. Өзекке тұрақты пломба қойылды.

Науқас 39 жаста, шағымы төменгі жақ аймағының азу тісінің сыздап, тоқтамай ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде төменгі 36 тісінде пломба қойылған. Тіс тұсында қызыл иегі ісініп тұрғаны байқалады. Тісті қағып тексергенде қатты ауырады, сипап тексергенде тіс түбір аймағындағы кілегейлі қабығы ісінген, қызарған, ауру сезімі байқалады. Науқастың айтуынша тістері 3-4 тәуліктен бері мазалайды. Рентген суретте 36 тісінің түбіраймағында алвеола өсіндісі сорылған шекарасы анық емес қара көлеңке байқалады. Жасалған іс шаралар: Тіс қуысын ашу, өзек сағасын, өзекті өту, кеңейту, дәрілермен өңдеу. Ледермикс қойыртпағын бірінші күннен бастап қойылды. Емнің нәтижесі

: Ауру сезімі болмауы,герметикалық қасиеті жақсы нәтижелі,емнің нәтижесін 6 айдан кейін рентгенге түсіріп бағаладық.

Ледермикс қойыртпағының антимикробты қасиетін ескере отырып ұлпа қабынуы және периодонт қабынуы кезінде микрофлораларға әсерін науқастарда зерттеу келесі кезеңге жоспарладық.\

 

Әдебиеттер:

  1. Чиликин В.Н. «Ключи к эндодонтическому успеху». «Клиническая стоматология» -2002г.№3 с.28-30.
  2. Хоменко Л.А., Биденко Н.В. Практическая эндодонтияМосква -2002гс.99-130.
  3. Макеева И.М.Пиминов А.Б. «Смазанный слой корневого канала и его удаление». «Эндодонтия today », том 2. 2002г - №1-2. с. 5-10
  4. Бьюкенен Д.С. Обработка и очистка каналов. Новости Dentsply, 2003г –с. 34-41.
  5. Смагулова.Е.Н.,Сағатбаева А.Ж., Манғытаева Б.Б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.