Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті медицина қызметі емханасының жұмысы туралы

Бекітілген контингент арасында жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеру, диспансерлік есепке алу, алғашқы мүгедектікке шығу, алғашқы аурушаңдық көрсеткіштері динамикада көрсетілген. Сонымен қатар, жыл бойы санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілген.

Қызылорда облыстық ішкі істер Департаменті медицина қызметінің емханасы 2010 жылы емдеу-профилактикалық сәйкестігін дәлелдеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 14.10.2010 жылғы №554 бұйрығымен 4 жылдық мерзімге аккредиттелді (№Z000278 аккредиттеу туралы куәлік).

Облыс бойынша емханаға медициналық қызметке бекітілген контингент -ішкі істер органдарының, төтенше жағдайлар министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесінің және қаржы полициясының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және осы салаларда қызмет атқарған зейнеткерлер.

Профилактикалық медициналық тексеру түрлі созылмалы аурулардың алдын алу, дер кезінде оларды анықтап сауықтыру барысындағы емдеу мекемесінің басты жұмыстарының бірі. Жыл бойы облыстық ішкі істер Департаментінің емханасы бойынша профилактикалық медициналық тексеруден облыстық ішкі істер Департаментінің, ішкі әскердің, төтенше жағдайлар министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесінің және қаржы полициясының барлық қызметкерлері медициналық тексеруден өткізіледі. Тексеру барысында барлық тексерілген контингенттерден анықталған созылмалы аурулармен ауыратындар тереңдетіліп тексеріліп, қажет болған жағдайда диспансерлік есепке алынып, сауықтырылады.

2011 жылда диспансерлік есепке ішкі істер органдарының жеке құрамынан түрлі созылмалы аурулар анықталған адамдар алынса, оның ішінде 30% профилактикалық тексеру барысында анықталғандар.

Тексеру барысында емхана бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің 2009 жылғы №74 бұйрығына сәйкес ақпанқараша айларында дәрігерлердің жұмысын бағалау мақсатында әр дәрігерден 20 картадан тексерілді. Оның қорытындысы бойынша облыстық ішкі істер Департаментінің жеке құрамына көрсетілетін медициналық көмек сапасының деңгейі орташадан жоғары деп бағаланды.

Жеке құраманың Қызылорда қаласы гарнизоны бойынша аурушаңдық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, жыл бойы жеке құрам арасында 1616 аурушаңдық жағдайы тіркелген, оның 1177 алғашқы рет анықталған аурулар. Жалпы аурушаңдық көрсеткіші жеке құрам бойынша 729,9 болып, өсімі 3,6% құрады. Ал алғашқы аурушаңдық көрсеткіші 530,6 болып, өсімі 4,4% құрады (2010 жылы жалпы аурушаңдық көрсеткіші 757,14, ал алғашқы аурушаңдық көрсеткіші 555,08 құраған болатын).

Қызылорда гарнизоны бойынша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштері жыл бойы жеке құрам арасында 1115 жағдай болса, жалпы еңбекке жарамсыздық күні 11038 құраған, әр жағдайдың орташа ұзақтығы 9,89 күн. Еңбекке жарамсыздықтың санын 100 қызметкерге шаққанда 50,36 (2010 жыл 52,6) құрады (өсімі -4,2%). Еңбекке жарамсыздық күндерін 100 қызметкерге шаққанда 498,5 (2010 жыл 532,25) құрады (өсімі 5,4%). Еңбекке жарамсыздық пайызы 1,37% (2010 жыл 1,45%) өсімі 5,1%.

Облыста ведомстволық госпиталь болмағандықтан, жыл бойы біздің науқастар Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті емдеу ұйымдарында стационарлық ем қабылдайды, олардың 54% госпитализация бюросы арқылы жоспарлы түрде жолданғандар.

Қызылорда облысы ішкі істер Департаментінің ішкі істер органдарының арнайы атағы бар жеке құрам бойынша 5 қызметкер, оның ішінде 3 қызметкер жол-көлік апатынан алынған жарақаттардан, екеуі жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болды.

2011 жылда тікелей емханаға бекітілген арнайы атағы бар қызметкерлер арасында алғашқы мүгедектікке шыққандар тіркелген жоқ.

Рентгенофлюорографиялық тексеру туберкулез және басқа созылмалы өкпе ауруларын анықтауда қажет болғандықтан, жыл бойы барлық арнайы атағы бар қызметкерлер рентгенологиялық тексеруден, ал 97% флюорографиялық тексеруден өткен.

2011 жылда облыстық ішкі істер Департаменті медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті арнайы мекемелері мамандарының қатысуымен маңызды тақырыптарға 4 бірлескен семинар-сабақтар өткізілді: Атап айтар болсақ:

  1. «Аса қауіпті аурулардың алдын алу, ауру анықталғанда жургізілетін шаралар» облыстық обаға қарсы күресу станциясының және обылыстық санитарлықэпидемиолгялық қадағалау басқармасы аса кауіпті аурулар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен.
  2. «Туберкулез ауруының алдын алу мәселелері және ДОТС бағдарламасының қазіргі кездегі ерекшеліктері» оыблыстық туберкулез диспансері қызметкерлерінің қатысуымен.
  3. «Жедел ішек ауруларының алдын алу, анықтау және емдеу, ауру анықталғанда жүргізілетін шаралар» облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерінің қатысуымен.
  4. «ЖИТС/АИТВ (СПИД/ВИЧ) ауруының алдын алу» ЖҚТБ – ның алдын алу және күресу облыстық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен.

Сонымен, жыл бойы жеке құраманың арасында түрлі маңызды тақырыптарға лекциялар оқылды, оның ішінде 15% салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірге бірнеше санитарлық-ағарту акцияларына жүргізілді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.