Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік тілдегі медициналық терминдер

Бүгінде еліміздің егемендігінің тұрақтылығына дәлел болатын іс шаралар көптеп жүргізілуде. Қандай қоғамда болмасын тәуелсіздіктің биігін көрсететін дәстүрлі рухани байлығымыздың тұғыры мемлекеттік тілдің мәртебесі деп айта аламыз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауларында тіл мәселесі әрқашан алға қойылған. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың айнасы» деген ұлы сөздері келешек ұрпақ пен өскелең жастар үшін көкейінде рухы, діні, мәдениеті, мемлекеттік тілі тоғысқан әрбір азаматтың санасын оятары сөзсіз.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әр мекемеде қазіргі таңда алға қойылған шартты талаптардың бірі болып отыр. Мемлекеттік тілді дамыту жолында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.» (Жолдау 2007) деген ел басымыздың халыққа жолдауына ден қояр болсақ, болашағымыздың ошағы болар азаматтарды өз ана тілін құрметтеу, қадірлеу, басқа тілдермен қоса үйренуге бейімделуін қалыптастыруда маңызды ұстаным болары анық.

Мемлекеттік тілдің барлық жерде қолданылуы кез – келген маман үшін бірінші орында тұратын саналы еңбек айнасына айналуы керек. Осы негізде ғұламаларымыздың үлкен еңбегінен алынған мана жолдарға үңілер болсақ; "Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты" –деп айтқандай келешек ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесіне үлкен үлес қосушы педагог екені белгілі. Ал қазіргі заман талабына сай білім ордаларында педагогикалық талаптар әсіресе мамандандырылған салаларда кәсіби бағыттаудың дағдылы құзіреттіліктерінің шарттарына сай болуы керектігінестен шығармауымыз керек.

Қоғамның қай саласы болмасын өз мемлекетінің болашағын дамытуға, мәртебесін көтеруге даяр мамандардың қатарын көбейтудің ең басты міндеті ретінде мемлекеттік тілдің маңыздылығы зор екені белгілі. Кәсіби мамандандырылған салаларда болашақ кәсіп иелеріне арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету олардың алған білімдерін тұрақтандырады. Жас мамандардың өз кәсібіне деген жауапкершілігі мен патриоттық сезім ұстанымдарын нығайтатын да осы мемлекеттік тілдің жетік меңгерілуі мен сабақтас болады. Ана тілге деген құрмет – ол өз елін мақтан тұтатын, өз жерін қадірлейтін, өз халқын сүйетін әр тұлғаның бойынан табылатын қасиет. Бұл әр адам үшін ана сүтімен даритын табиғи қасиет. Бала туылғаннан бастап қалай тәрбиеленсе, келешек өміріне алар сабағы да осы тәрбиенің жолы болмақ. Сондықтан әрбір өскелең жасұрпақ үшін тәрбиенің сатылық сипаты маңызды болары сөзсіз. Себебі мектеп жасына келген бала үшін білім алудың қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, оның ойлау санасын жаңаша қалыптастыру тәрбиеден бөлек жүргізілетін салалы істің арқасында болады. Бұдан әрі бала бойында білімге деген құштарлығын арттыру табиғи тіл ана тілінде берілуі өз тілімен өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Оқу үрдісіндегі тәрбиенің алатын орны зор екені белгілі. Бұдан біздің түйе айтарымыз кез келген білім ордасы үшін болашақ ұрпақты патриотты, моральді мәдениетті, парасаттылыққа тәрбиелеудің кілті осы мемлекеттік тілді жетік меңгерту. Ал бұл істің негізгі құралы мемлекеттік тілде жазылған оқу құралдары екенін біз білеміз. Сондықтан келешек үшін үйренері де, білері де, сабақ етіп алары да көп мемлекеттік тілдегі құралдардың сапалы түрлері ауадай қажет дей аламыз. Әр сала үшін арнайы терминологиялық орталықтардың ұйымдастырылуы ол кез келген сөз тіркестері мен аудармалы сөздердің мағынасына қарай берілуін қамтамасыз етеді. Бұл мақалада қарастырылған негізгі ой мемлекеттік тілдегі медициналық терминдердің жай күйі десек, ол қазіргі таңда медицина саласы бойынша 25 мыңға жуық терминдердің мемлекеттік тілде тіркелуі үлкен жетістік. 

Оқу орынымызда болашақ мамандар үшін даярланған оқу әдістемелік құралдары, оқулықтардың түрлері көптеп шығарылуда. Бірақ әліде болса кәсіби мамандықтарға қатысты телемедициналық, виртуалды, электронды білім көздерін мемлекеттік тілде дайындауды одар әрі дамыту керек. Қазіргі таңда Медицина саласындағы жетістіктер болашақ мамандардың тәжірибелік дағдылану шыңында мемлекеттік дәрежеде, өз елін басқа мемлекетте таныта алатын, мақтан тұтатын деңгейде екенін айта аламыз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулысы
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  3. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешендi тәрбие бағдарламасы
  4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  5. «Тәрбие құралы» журналы. №5, 2010 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.