Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықтың салауатты тамақтануын қамтамасыз етудегі «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасының ролі

Еліміз қазіргі таңдағы озық мемлекеттердің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағытын ұстану стратегиясы көптеген міндеттер жүктеп отыр. Қоғамды қалыптастырушы халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулық көрсеткіштері кез–келген мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, өлім-жітімнің 60%-ы дұрыс тамақтанбаумен, ал дерттердің 40% тамақтану факторына тікелей байланысты. Көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуы да адамның өмір сүру салтына тәуелді. Соған байланысты қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып отыр. Осы мәселелерді жүзеге асыруда

«Саламатты Қазақстан 2011-2015жыл»мемлекеттік бағдарламасында Елбасы, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмағандығы, денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, денсаулық сақтау проблемаларын шешуде ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланыстылығын орынды атап көрсеткен. Сондай-ақ халық денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, сауаттылығының төмендігі анықталып отыр. Сонымен қатар, халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасын басты мақсат етудің өзі осы мәселенің өзектілігін айқындай түседі.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Елбасының көрсеткен аталмыш мәселелерін шешуде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасы профессороқытушылар құрамымен өткен жылы біршама жұмыстар атқарылды.

Бағдарлама бойынша Елбасының басты міндеттің бірідұрыс тамақтану туралы халықты хабардар ету бойынша халықтың әртүрлі топтарының –кәсіпорын жұмысшылары, емдікпрофилактикалық мекеме қызметкерлері, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер, мектеп жасына дейінгі және кейінгі жастағы балалар мен жасөспірімдер, студенттер, қарттар тамақтану ерекшеліктеріне байланысты дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру мен осы мақсатты топтардың тамақтану ерекшеліктеріне арналған дәрістер, семинарлар қаламыздың бірнеше мекемелерінде өткізілді. Осы шараларды өткізе отырып, жүкті және емізулі аналардың дұрыс тамақтанбауынан туындайтын бала мен ана аурушылдық көрсеткіштерін, мектеп жасындағы оқушыларда жиі кездесіп жүрген тірек-қимыл аппаратының, тыныс және жүйке жүйесінің, көз ауруларының деңгейін азайту, әртүрлі кәсіптік жұмысшылар арасында жұмысқа қабілеттілікті сақтай отырып, кәсіптік аурулардың дамуын азайту көзделіп, тиімді тамақтану қағидалары кеңінен насихатталды.

Бағдарламаның – «халықты дұрыс тамақтану туралы хабардар ету» міндетін жүзеге асыруда Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы студенттер арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруда 500-ге жуық студенттер; қала мектептерінің мектеп жасындағы 350-ге жуық оқушылар, ұрпақ өрбіту жасындағы 270 әйелдер арасында дәрістер, кеңес беру өткізілді. Осы топтар арасында тиімді тамақтану, дұрыс тамақтану дағдылары, дұрыс тамақтанбаумен туындайтын ауруларға байланысты сұрақтарымен арнайы сауалнамалар өңделіп, сауалнама жүргізгенде аталмыш топтарда ақпараттану деңгейінің төмендігі анықталды. Әсіресе, жүкті әйелдердің, мектеп оқушыларының арасында темір тапшылық анемия мен йод жетіспеушілік ауруларының көріністері және алдын алу жолдары жөнінде бейхабар екендігі мәлім болды.

Ақпараттану деңгейін жоғарылату мақсатында анемия мен йод жетіспеушілік жағдайды түзетуде Үкіметіміздің тарапынан азықтардың құнарлығын арттыруда, фортификацияланып жатқан ұн мен тұз өнімдерінің ролі мен «Сапалы азық» туралы мағлұматтары мол берілген буклеттер, күнтізбе, плакаттар таратылып, ролдік ойындар, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері арасында сайыстар өткізілді. Осы тұста өткен жылдың қыркүйек айында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен«Балбөбек-2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, аналар мен емізулі аналарға, мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға, болашақ аналарға дұрыс тамақтану жөнінде балалар арасындағы тағамдық аллергия, ерте жастағы балаларды тамақтандыру, кейбір артық салмақты аналардың денсаулыққа зиянсыз арықтауға байланысты жүзге жуық аналарға ақысыз тегін, пайдалы кеңестер берілді. “ALExpo” көрмелік компаниясы «Балбөбек-2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне нутрициология кафедрасы белсенді қатысқаны үшін ДИПЛОМ-мен марапаттады.

Бағдарламаның «халыққа және осал топтарға арналған тамақ өнімдерін тұтыну жөніндегі ұсынымдар әзірлеу» міндетіне орай кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы Қазақ тағамтану академиясының ұйытқы болуымен Қазақстан халқының қалалық және өңірлік түрлі жас топтарының тамақтануындағы халықаралық стандарттарға сәйкес азық-түлік тұтыну нормаларын өңдеуге бағытталған мектеп жасына дейінгі бала-бақшалар, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, өнеркәсіп жұмысшыларының нақты тамақтануы мен энергия шығындарын зерттеудегі ғылыми жұмыстарға қатысып, алиментарлық аурулардың туындауындағы тағами факторлардың ролін анықтаудағы Ғылыми жобаларына белсенді қатысып, үлестерін қосуда. Соның бірі «ҚР халқының қартаюға қарсы мемлекеттік бағдарламасы аясында Остеопороздың алдын алудың кешенді моделін жасау» ғылыми-техникалық жобаның негізінде солтүстік және орталық Қазақстан өңірлерінің, яғни Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған облыстарынан 40 жастан жоғары 1200-ге жуық ер мен әйел азаматтарының нақты тамақтануына зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында адам қартаюымен байланысты туындайтын аурулардың тікелей тағами факторлармен өзара байланысы айқындалды. Сонымен қатар, заманауи ультрадыбыстық остеопорозды анықтайтын қондырғымен сүйектің минералдық тығыздығы, қандағы холестерин, қант деңгейі, гемоглобин жедел әдіспен зерттеліп, осы тұрғындардағы басқа да қартаюмен байланысты ілеспелі аурулар диагностикасын жүргізді. Ұжым қызметкерлері болған өңірлердің тұрғындары арасында қартаюға байланысты туындайтын ауруларды тағаммен емдеу жөнінде көптеген үгітнасихат жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Осы жұмыстың нәтижелері «Баспасөз мәжілісінде» республикамыздың ақпараттық құралдары арасында таратылды.

Бағдарламаның халықтың әртүрлі топтарының дұрыс тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қолжетімді БАҚ-ты тарта отырып, тұтынушылардың құқықтары саласында білім деңгейін және хабардар болуын арттыруға бағытталған көпдеңгейлі қоғамдық және коммуникациялық науқандар өткізу тапсырмасы бойынша Қазақ тағамтану академиясының президенті және нутрициология кафедрасының меңгерушісі академик Т.Ш.Шармановтың өзімен бір жыл көлемінде республикалық көлемде таралатын 20-ға жуық, ал кафедра қызметкерлерімен 50-ге тарта түрлі жас топтарының тамақтану ерекшеліктері, сырқаттар кезіндегі диетологиялық кеңестер т.б тақырыптарда сұхбаттар телеарналарда көрсетілді.

Тұтынушылардың өнімнің сипаттарын жақсы түсінуі, сапалы тамақ өнімдерін таңдауды қолдау мен тағам өнімдерін қауіпсіз сақтау тапсырмасы бойынша«Қазақстан» Ұлттық арнасынан аптасына 5 рет берілетін «Халық таңдауы» бағдарламасына жыл бойы тұтынушыларға азықтардың пайдалы қасиеттері туралы пайдалы кеңестер берілді. Осы бағдарлама түсіріліміне белсенді атсалысқаны үшін доцент Чуенбекова А.Б., доцент Хасенова Г.Х. аға оқытушы Қожахметова А.Н., оқытушы Тарақова Г.А. «Қазақстан» Ұлттық арнасының президенті А.Сандықбаев мырзаның «Алғыс хатымен» марапатталды. Кафедра профессоры осы саладағы ерен еңбектері үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төс белгісімен марапатталды.

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Профилактикалық медицина академиясының жанынан құрылған «Салауатты тамақтану Орталығының» 15 тамыз 2011ж. №5-ші бұйрығына сәйкес оқытушылар құрамы осы орталық қарамағында да жұмыс атқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Денсаулыққа 20 қадам» атты шара өткізу туралы тапсырмасымен,осы орталықтың ұйытқы болуымен өткен жылдың 30 қарашасында қаламыздың СОК«Мега-орталық -Алматыда» денсаулық акциясы өткізілді. Акция барысында «Денсаулық алаңы» жұмыс істеп, онда кафедра ұжымы 300-ге тарта акцияға келген қарттардың, емізулі аналардың, сәбилердің денсаулықтарына және дұрыс тамақтануға байланысты толғандырған сұрақтарына ақысыз тегін жауап берді. Темір тапшылық анемиясын анықтауда тегін «жедел анықтау» әдісімен 250 адам қамтылып, қандағы гемоглобин, холестерин, қант деңгейін анықтауға, сонымен қатар темір тапшылық анемиясы, семіздік, қант диабеті кезінде қалай тамақтану жайлы мәлімет алуға мүмкіндік болды.

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасында көзделіп халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылғақарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8, 14-ке дейін, 2015 жылға қарай 6,2-ге дейін төмендеуі үшін әлемге аты белгілі Т.Ш.Шарманов басқарып отырған бір ұжымның атқарған жұмыстарының ауқымы осындай. Бұл бағдарламаны орындаудағы міндеттің бір тамшысы ғана.

Осы мемлекеттік бағдарлама негізінде Елбасымыздың тапсырмасын, денсаулық сақтау проблемаларын шешуде барлық осы сала мамандары серіктесіп, жұмыла жұмыс атқарса және тек медицина саласындағы қызметкерлер ғана атсалысып қоймай, әрбір қазақстандық азамат өзінің және отбасының денсаулығы алдындағы жауаркершілікті жоғары қойып, салауатты тамақтануы арқылы қаншалықты аурулардың алдын алып, дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, аурушаңдық және аурушаңдық салдарынан туындайтын өлім-жітім көрсеткішінтөмендетіп, еңбек қабілеттігін сақтап еліміздің экономикалық ахуалына еңбек етуімен өз үлесін қосады. Сондықтан халқымыздың сапалы, әрі ұзақ ғұмыр кешуіне әрбір қазақстандық борышты.

 

  • Жыл: 2012
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.