Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Aнемия кезіндегі aғзaның физиологиялық күйін терідегі биологиялық дктивті нүктелердің температуралық көрсеткіштері бойыншa зерттеу

Анемия туындауының негізгі себептерінің бірі дұрыс тамақтанбаудың нәтижесі болып табылады, әлемдік мәселенің бірі болып саналады және ең көп таралған түрі темір-жетіспеушілікті анемия. Анемияның ағзаның басқа мүшелеріне әсерін тексеру мақсатында таңдап алынған тоқ ішек, жүрек, бүйрек, бауыр, аш ішек, өкпе, қуық - мүшелерінің тиесілі 16 корпоральды биологиялық активті нүктелерінің температуралық көрсеткіштері тексерілді. Зерттеуге қалыпты жағдайдағы және анемияға ұшыраған студенттер алынды. Алынған нәтижелер бойынша қалыпты жағдайдан статистикалық сенімділікпен төмендеген биоактивті нүктелер тоқ ішек, жүрек, бүйрек, бауыр, аш ішек мүшелеріне жатады, яғни анемияның әсерінен бұл мүшелерде физиологиялық өзгерістер туындағаны байқалады.

Кіріспе. Оттегіні тасымалдаушы қанның қызыл жасушалары немесе эритроциттерде оттегіні байланыстыратын гемоглобин болады, эритроциттердің мөлшері кеміп, гемоглобин концентрациясының төмендеуін - анемия немесе қаназдылық деп аталады. Мұндай жағдайда ағзадағы бaрлық ұлпалардың көмір қышқыл газымен уыттaныn бұлшық еттердің дистрофиясы пaйдa болaды, оның ішінде жүрек етінің, ортaлық жүйке жүйесінің, бaуырдың, aсқaзaн-ішек жолдaрының қызметінің бұзылуы, тіптен жaсушaның бөліну процесінің де бұзылуы бaйқaлaды. Жалпы ағзаның созылмaлы стрестік жaғдaйы дамиды[1-2].

Aнемия ағзадағы қaнның қызыл жасушаларындағы гемоглобин концентрациясының төмендеуімен және оның мөлшерінің түсуімен сипатталады. Темір қанның қызыл жасушаларындағы гемоглобин түзілуі және ет ұлпаларының белогы - миоглобиннің түзілуі үшін маңызды элемент. Қалыпты гемоглобин мөлшерін түзу үшін сүйектің қызыл кемігінде темір жетіспеушілігі кезінде синтезделінетін эритроциттер мөлшері мен көлемі төмендейді. Темір жетіспеушілігінен пайда болған анемия (ТЖА) - анемия түрлерінің ішіндегі кеңінен таралғандарына жатады. Анемиядан зардап шегетіндердің саны артып келеді. ДДҰ мәліметтері бойынша теміржетіспеушілік анемиясынан әлемдегі адамның 2 миллиардқа жуығы зардап шегеді, бұл жер шары халқының 30 % құрайды[3-4].

Анемия адамдар арасында көп таралғанымен, оның белгілі бір диагностикасы жоқ. Дамығын елдерде, мысалы Ресейде анемияны анықтау үшін диагностикалық зерттеу жүргізіледі, қанның жалпы қөрсеткіші қатаң дәлдікпен анықталады. Африка елдерінде, Латын Америкада осындай қызмет көрсету бастамасы енді жасалынып жатыр, сондықтан анемия бұл елдерде, әсіресе балалар мен әйел адамдар үшін, күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Анемияны анықтауда кең ауқымды скрининг жүргізіледі. Анемияға жасалған бірінші ретті скринингте тек гемоглобиннің мөлшері емес, эритроциттердің саны да есептеледі. Бірінші параметр науқастың темір гомеостазының жағдайын көрсетеді, ал екінші - қандағы эритроцит санының көбеюінің интенсивтілігін есепке алады. Сондықтан гемоглобин деңгейі тікелей темірмен қамтамасыз етілуіне байланысты, ал эритроцит саны витамин А және фолат мөлшеріне байланысты анықталады. Әйел адамдарда жүктілік кезеңінде және лактация уақытында организм көп мөлшерде темірді қажет етеді және басқа түрлеріне қарағанда темір жетіспеушілікті анемия 75-95 % құрайды[5-8].

Гемоглобиннің қандағы төмен деңгейі, трансфериннің, ферритиннің төмендеуі, темірдің мөлшері -кез-келген жаста анемияны анықтауда маңызды лабораториялық көрсеткіштер болып келеді. Кез-келген жаста

теміржетіспеушілікті анемияда ферритин сарысуы нақты лабораториялық тест болып саналады. Фолий қышқылының метоболиттерінің фармакокинетикасын зерттеу - В және фолаттың субклиникалық жетіспеушілігін айқындауға мүмкіндік береді. Бірақ нақты анемияның түрлері белгілі болғанымен, тек қандағы гемоглобин мен ферритин мөлшеріне ғана байланысты анықтап қана қоймай, әртүрлі белгілердің симптомдарынада мән беру керек.

Анемиясы бар адамдарда ұлпалардың гипоксиясы байқалады, организм тез шаршайды, құлақтағы шу, бас аурулары, бас айналу, есінен тану, ентігу, жүрек соғысы пайда болады. Соның өзінде шаршаңқылық, құлақтағы шу, бас аурулары, бас айналу, жұмысқа қабілеттілік төмендеуі анемияның кез-келген түрінде кездеседі. ТЖА пайда болуы кезіндегі арнайы белгілерге құрғақтылық,тері бозаруы, бет дерматиті, ауыз қуысының-тілдің кебуі. Ауыз қуысының кебуі анемияның да, диабеттің симптомдары болып табылады. Анемия кезінде шаш сынғыш, жұқа келеді, тырнақтың сынуы, пішінінің қасықтәріздес күйге айналуы мүмкін, көбінесе диспепсия, дәм сезудің төмендеуі, Т- клеткалық иммунитет және иммуножетіспеушілік жағдайдың төмендеуі байқалады [9].

ТЖА кезінде қанда гемоглобин ферритин, трансферин, темір мөлшерінің төмендеуі В 12 витаминінің азаюы, микроцитоз, эритроциттердің анизо- және пойкилоцитозы, яғни эритропения пайда болады. Аурудың күрделенген кезінде ретикулоцитопения, лейкопения, тромбоцитопения пайда болады.

Темірдің қалыптыдан ауытқушылығын бағалап диагностикалау үшін қолданылатын қан сарысуындағы өзгеріс тек қана гемоглобиннің төмен мөлшерін ғана емес, ферритиннің өзгеруін, трансферриннің ауытқушылықтарын және басқа параметрлерді де есепке алады.

Анемияның пайда болуының негізгі көрсеткішіне жоғарыда айтылғандай гемоглобиннің жалпы қандағы мөлшерінің көрсеткіші жатады. Гемоглобин деңгейінің төмендеуіне байланысты үш сатысын бөліп қарастырады. Жеңіл — гемоглобин мөлшері қалыптыдан төмен, 90 г/л; Орташа — гемоглобин қалыпты 90-70 г/л; •Ауыр — гемоглобин мөлшері төмен 70 г/л. Ферритин көп жағдайда темір алмасуының ең мықты маркері болып табылады [9].

Сонымен, қазіргі таңда анемияның асқынып кетуі, оның мүшелердің қызметіне әсерін зерттеу, әсіресе жасөспірімдердегі өзгерістерді анықтау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені болашақ - жас ұрпақтардың қолында болғандықтан, дені сау, салауатты жастарды тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Кесте 1 - Қалыпты және анемия жағдайындағы меридиандардың биологиялық активті нүктелерінің температуралық көрсеткіштері, Т°С

Адамдардың тағам рациондарында ұдайы минералдардан, витаминдерден және тағамдық талшықтардан кедейленген, тазаланып өңделген тағамдардың үлесі артып келеді. Соның нәтижесінде организмде анемия ауруларының пайда болуына алып келеді. Анемиясы бар балаларға координация мен қимылдың төмендеуі, сөйлеу дамуындағы аномалиялар, шаршағыштық, ұқыпсыздық, тәртіпсіздік қалыптардың ауытқулары тән келеді. Мұндай балалар мектепте нашар оқиды, олардың интеллектуалдық даму коэффициенті анемиясы жоқ балаларға қарағанда, әлдеқайда төмен. Анемия орта жастарда да таралуы жоғары, анемия ауруы кездесетін көптеген студенттер уақытында шара қолданбайды, нәтижесінде ағзадағы гомеостаз бұзылады, иммунды жүйе әлсірейді, психикасында күйзелістер байқалады да организм үшін маңызды мүшелердің функциясы белгілі уақыт аралығында нашарлайды[10-13]. Әртүрлі физиологиялық функцияларды реттеуге қатысатын тері қасиеттері ерте заманнан белгілі. Терідегі әртүрлі рефлекторлық аймақтарды тітіркендіргенде

ауыртпалықты, сіреспені, бөліп шығару қызметінің артуы немесе төмендеуі байқалады[14].

Сонымен қатар теріге әртүрлі химиялық және физикалық әсерлермен әсер еткенде жалпы организмде немесе оның жеке бөлігінде белгілі бір реакцияның туындайтынын да айта кетуге болады. Қазіргі таңда тері жабынында орналасқан биологиялық активті нүктелердің ішкі мүшелермен нейрорефлекторлық жолмен байланысы жайында мағлұматтар жеткілікті дәлелденген[15-17].

Биологиялық активті нүктелер (БАН) - физиологиялық бейімделушілік процесінде негізгі функцияны атқаратын, «дене жабыны - ішкі мүшелер» арасындағы өзара әсерлесу жүйесінің аса белсенді қасиеттерінің тері жабынында кескінделген рефлекторлық аймағы. БАН орналасқан аймақтарының нақты анатомиялық топографиясы жоқ, тек сол аймақтарда борпылдақ дәнекер ұлпалары жақсы жетілген, нерв ұштары мен қан тамырлары жақсы шоғырланғаны анықталған.

Биоактивті нүктелердің спектрлік потенциалы, зат алмасуы, қызуы жоғары, ал электрлік кедергісі төмен, өте сезімтал. Биологиялық активті нүктелерденоттекжедел

сіңіріліп,көмір қышқыл газытездетіп шығарылады. БАН ең алғашқы рет ежелгі Қытай медицинасында зерттеліп, ашылған. БАН адам мен жануарлар денесіндегі тері бетінде (корпоральды), құлақ қалқанында (аурикулярлы)анықталған. Қазіргі таңда мұндай

биоактивті нүктелерді диагностикалық мақсатта да, алдын алу профилактикалық және емдік іс-шараларында да қолданылып келеді.

Термодинамиканың заңдарын ескере отырып, жылы қанды тірі ағзалардың температуралық көрсеткіштері тұрақты температура кезінде қалыпты функцияланатыны қазіргі таңда белгілі мәлімет. Биологиялық активті нүктелердің де қалыпты температуралық мәні болады, белгілі бір мүшемен байланысы бар, сол мүшедегі болып жатқан физиологиялық күйі жайында жақсы индикатор болып табылады. Ағзаның функциональды күйіне, қалыпты жағдайына немесе патологиялық жағдайына тәуелді биоактивті нүктелердің температуралық көрсеткіштері де өзгеріске ұшырайды[18- 20].

Анемиякезінде студенттердің басқа мүшелерінің зардап шегуі, созылмалы инфекция ошақтарының пайда болуын алдын ала болжау зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Осы мақсатта белгілі бір мүшенің физиологиялық күйі жайында ақпарат алуға мүмкіндік беретін биологиялық активті нүктелердің температуралық көрсеткіштері зерттелді.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеуге арналған жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының «Хронобиология және экологиялық физиология» ғылыми зертханасында орындалды.

Зерттеу нысаны ретінде 20-21 жас аралығындағы жалпы 24 студент алынды. Олар екі топқа бөлінді. Бақылау тобына - денсаулығы қалыпты 12, тәжірибе тобына - анемияға шалдыққан 12 студенттер болды. Анемиялық ауру тобына қалыпты жағдайдан эритроциттері төмендеген белгілері бар студенттер топталды.

Зерттеу нысанына ағзаның тері бетінде орналасқан, белгілі бір ағзамен байланысы болатын стандартты меридиандарының ішінен сипаттамалары белгілі 16 биологиялық активті нүктелер жинақталып алынды[20-21]. Биологиялық активті нүктелер: өкпе меридианынан Р11 Шао-шан, Р9 Тай -юань, тоқ ішек меридианынан GI.1 Шан- ян, GI.2 Эр-цзянь, G14 Хэ ГУ, жүрек меридианынан C9 Шао- Чун,С8 Шао-фу, C7 Шэнь-мэнь, аш ішек меридианынан IG1 Шао-Цзе IG2 Цянь-Гу, бүйрек меридианынан R1 Юн-Цюань, Жань-Гу, бауыр меридианынанҒ2 Син-Цзянь, қуық меридианынан V60 Кунь Лунь, V67 Чжи-Инь биоактивті нүктелері[18-19].Тәжірибеге екі топтағы студенттердің зерттеуге алынған тері бетіндегі БАН-ның температурасын өлшеуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тәжірибелік өндірістік орталығында арнайы тапсырыспен жасалған «Биотемп-2» аспабы қолданылды. Алынған мәліметтер статистикалық өңдеуден өтті, Стьюденттің t-критериясы бойынша анықталды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Қалыпты жағдайдастуденттердің ағзасының физиологиялық күйін терідегі биологиялық активті нүктенің биофизикалық көрсеткіштері бойынша зерттелді. Таңдап алынған биологиялық активті нүктелердің температуралық көрсеткіштерінің сараптамасы жүргізілді.

Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді сараптай отырып, қорытындылағанда, яғни студенттердің қалыпты жағдайда 16 тері бетіндегі корпоральды нүктелерінің, яғни Р.11 Шао - шан, Р9 Тай -юань, тоқ ішек меридианынан GI.1 Шан-Ян, GI.2 Эр-Цзянь, G14 Хэ ГУ, жүрек меридианынан C9 Шао-Чун,С8 Шао-Фу, C7 Шэнь-Мэнь, аш ішек меридианынан IG1 Шао-Цзе IG2 Цянь-Гу, бүйрек меридианынан R1 Юн-Цюань Жань-Гу, бауыр меридианынан F2 Син-Цзянь, қуық меридианынан V60 Кунь Лунь, V67 Чжи-Инь температурасы - 29,7±0,4 31,3±0,6°С аралығында тербелді (1-кесте).

Қалыпты жағдайда тәжірибеге алынған студенттердің тері бетіндегі биологиялық активті нүктелердің

температурасының көрсеткішімен анемия белгілері кездесетін студенттердегі температура көрсеткіштерін салыстырғанда ауытқушылықтар байқалды. Анемиякезінде тері бетіндегі БАН-ның температурасы 26,5±0,9^30,9±0,3 °С аралығында тербелетіні анықталды.

№№

Меридиан атауы

БАН атауы

Қалыпты жағдай

Анемия кезінде

1

Тоқ ішек

GI.1 Шан-Ян

30,0±0,4

27,0±0,5*

   

GI.2 Эр-Цзянь

30,5±0,1

28,5±1,0*

   

G14 Хэ-Гу

30,6±0,3

29,0±0,2*

2

Жүрек

C9 Шао-Чун

30,6±0,2

28,7±0,9*

   

C8 Шао-Фу

31,3±0,6

29,2±0,3*

   

C7 Шэнь-Мэнь

30,9±0,2

29,9±0,2*

3

Бүйрек

R1 Юн-Цюань

30,5±0,5

28,8±0,3*

   

R2 Жань-Гу

29,7±0,4

27,1±0,2*

4

Бауыр

F2 Син-Цзянь

30,8±1,8

26,5±0,9*

5

Ашішек

IG1 Шао-Цзе

30,3±1,1

30,0±1,2

   

IG2 Цянь-Гу

30,9±0,5

29,1±0,8*

6

Өкпе

Шао -Шан

30,8±0,1

30,7±0,3

   

P9 Тай-Юань

30,9±0,1

30,8±0,2

7

Қуық

Кунь-Лунь

30,8±0,1

30,7±0,2

   

Чжи-Инь

30,1±0,4

30,0±0,3

Ескерту: * қалыпты жағДаймен салыстырғанДа СтьюДенттің t-критерийі (р<0,05) бойынша статистикалық сенімДілік

Тоқ ішек меридианының GI.1 Шан-Ян, GI.2 Эр-Цзянь, G14 Хэ ГУ биологиялық активті нүктелерінің қалыпты және анемия кезіндегі тіркелген температуралық көрсеткіштерін салыстырғанда ауытқушылықтар байқалды.Қалыпты жағдайда 30,0±0,4^30,6±0,3 ОС аралығында тербелген, ал анемия жағдайында біршама өзгеріс байқалады, яғни төмендеген 27,0±0,5^29,0±0,2 ос аралығында тербеледі.

Сонымен, алынған нәтиже бойынша GI.1 Шан-Ян, GI.2 Эр- Цзянь, G14 Хэ-Гу биологиялық активті нүктелерінің температурасы төмендеген, статистикалық

сенімділікпен(р<0,05) расталды. Егер ағзада анемия пайда болса әдебиеттерде көрсеткендей асқорыту жүйесінің функциясында өзгерістер пайда болуы мүмкін[20-21].

Келесі жүрек меридианының C9 Шао-Чун, C8 Шао-Фу, C7 Шэнь-Мэнь - биоактивті нүктелері бойынша қалыпты жағдайда 30,6±0,2^31,3±0,6ОС аралығында болса, анемия кезінде олар біршама төмендеген, яғни 28,7±0,9^29,9±0,2ОС аралықтағы көрсеткіште тербеледі. Барлық биоактивті нүктелердің температуралық көрсеткіштері анемия кезінде қалыпты жағдайдан төмендегені статистикалық сенімділікпен (р<0,05) дәлелденді.

Организм үшін маңызды мүше қатарынан орын алатын бүйрек меридианынанөлшеуге ыңғайлы R1 Юн-Цюань, R2 Жань-Гу биологиялық активті нүктелері 29,7±0,4^30,5±0,5ОС аралығында қалыпты жағдайда тербелді, ал анемия кезінде 27,1±0,2^28,8±0,3ОС аралықта төмендеген және

статистикалық сенімділікпен (р<0,05) анықталып отыр.

1-кесте бойынша байқалып тұрғандай бүйрек меридианының бионүктелерінің температуралық көрсеткіші R1 Юн-Цюань қалыпты жағдайда 30,5±0,5 ОС болса, анемия жағдайында ол көрсеткіш 28,8±0,3 ОС төмендеді, R2 Жань-Гу нүктесі қалыпты жағдайда 29,7±0,4 ОС болса, анемия кезінде 27,1±0,2 ОС мәніне тең болды. Әдеби деректерде көрсетілгендей, анемия кезінде бүйрек тапшылығының өзі анемия ауруының туындауына себепкер болатынын ескеріп, әрине бұл бүйрек бионүктелерінде қалыпты жағдайдан ауытқушылық болатынына күмән келмесе де болады. Ал, бұл тұжырымдаманы тәжірибеден алынған мәліметтер де дәлелдеп тұр.

Бауыр меридианынан алынған F2 Син-Цзянь нүктесінде ауытқушылық байқалды. Қалыпты жағдайда 30,8±1,8 ОС температура көрсеткішін көрсетсе, ал анемия кезінде бұл көрсеткіш 26,5±0,9 ОС көрсеткішкеайтарлықтай ауытқып, Стьюденттің t-критерийі бойынша (р<0,05) сенімділікті беріп отыр.

Аш ішек меридианынан IG1 Шао-Цзе және IG2 Цянь-Гу бионүктелері зерттелді. Алынған нәтижелерге сараптама жүргізгенде IG1 Шао-Цзе бионүктесі 30,3±1,1 ОС температура көрсеткішінің мәнін берсе, анемия кезінде 30,0±1,2 ОС мәніне тең болды, алайда статистикалық сенімділікпен өзгеріске ұшырамағаны байқалады. Ал IG2 Цянь-Гу бионүктесі қалыпты жағдайда 30,9±0,5 ОС, анемия кезінде 29,1±0,8 ОС температуралық мәніне стаистикалық дәлелмен (р<0,05) төмендегені анықталды.

Келесі өкпе меридианының Шао-Шан, P9 Тай-Юань биологиялық активті нүктелері алынды. Өкпе меридианын қарастырған кезде, басқа мүшелермен салыстырғанда қалыпты жағдайдан ауытқушылық байқалмайды, қалыпты жағдаймен салыстырғанда P9 Тай-Юань, Шао-Шан нүктесіндегі температуралық өзгерістер байқалса да, олар статистикалық сенімділікпен расталмады. Қалыпты кезде 30,8±0,1^30,9±0,1ОС болса, анемияда 30,7±0,3^30,8±0,2ОС мәндеріне тең болды.

Қуық меридианынан алынған Кунь-Лунь және Чжи-Инь бионүктелерінің температуралық көрсеткіштері қалыпты жағдайда 30,1±0,4^30,8±0,1ОС аралығында, анемия кезінде 30,0±0,3^30,7±0,3 ос аралығында тербеледі. Алынған мәліметтерде статистикалық сенімделікпен расталмағанын айта кетуге болады, яғни анемияның кері әсерінен бұл мүшеде ауытқушылық тудыратын патология ұаупі байқалмайды.

Қорытынды. Сонымен, қалыпты жағдайдағы студенттердің тері бетіндегі таңдап алынған биологиялық активті нүктелерінің анемия кезіндегі температуралық көрсеткішімен салыстыра қарағанда біршама температуралық ауытқушылықтар байқалды.Қалыпты жағдаймен салыстырғанда статистикалық сенімділікпен тоқ ішек, жүрек, бүйрек, бауыр, аш ішек мүшелерінен таңдап алынған биоактивті нүктелерінде температуралық көрсеткіштер төмендеген. Өзгеріске ұшыраған биоактивті нүктелерге тиесілі мүшелердің физиологиялық күйінде қандай да ауытқушылықтар, өзгерістер немесе патологиялық аурулардың көрінісі болуы мүмкін. Сол себепті анемияға ұшыраған кезде осы мүшелергекөп көңіл аударып, профилактикалық емдік шараларды жүргізу қажет. Әдеби деректердің мәліметтерінен темір-жетіспеушілік анемия кезінде тоқ ішекке тексеріс жүргізгенде, асқазанның көптеген ойық жаралары байқалған, сонымен бірге жасқа сай саны арта түскен. Орта жастағы және жас балалардағы анемия туындауының негізгі себебі айтып кеткендей темір жетіспеуінен, сонымен бірге фолат В 12 кобаламин аздығынан. Осымен қатар, үлкендерде және егде тартқан адамдарда анемияның пайда болуы себебіне бүйрек жетіспеушілігі, ангиодисплазия, рак, асқазан ішек жолдарының (АІЖ) бұзылысы әсер ететіні әдеби деректерде берілген [23].

Студент жастар дұрыс тамақтанбауының салдарынан анемияға ұшырайды. Сол себепті қазіргі таңда көптеген өндірісте тағам құрамына әртүрлі ағзаға қажетті витаминдер тобы қосылуда. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамына темір мөлшерін жоғарылатып қосып өндіруде, бұл әртүрлі аурулардың ішінен анемияның алдын алуға қолданылатын іс-шара болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Агаджанян Н.А., Телль Л.З., Циркин В.И., Чеснокова C.A.. Физиология человека. - М.: Медкнига, 2005. - 105 с.
  2. Е.Б. Бабский Физиология кpoвooбpaщeния. Физиология cepдцa. Из cepии «Pукoвoдcтвo по физиологии». - Л.: Наука, 2006. - 146 с.
  3. Хаитов Р.М., Пинегин Б.В., Исматов Х.И. Иммунные механизмы системной деятельности организма / / Экологическая иммунология. - М.: ВНИРО, 2008. - 21 с.
  4. Киричук В.Ф., Антипова О.Н., Бабиченко Н.Е., Головченко В.М., Понукалина Е.В., Смышляева И.В., Токаева Л.К. Физиология человека. - Саратов: Изд-во СГМУ, 2006. - 155 с.
  5. Долгих И. В. Основы иммунопатологии. - М.: Феникс, 2007. - С. 8-10.
  6. Харрисон Г.Р. Внутренние болезни. - М.: Медицина, 1996. - Т.7. - 572 с.
  7. Бурлев В.А., Коноводова Е.Л., Мурашко Л.Е. и др. Объемный транспорт кислорода на фоне лечения эритропоэтином и препаратами железа у беременных с анемией // Пробл. репрод. - М.: 2011. - Т.2. - С. 10-14.
  8. Дубровина Н.В., Сокур Т.Л., Федорова Т.А. и др. Изменение гематологических и феррокинетических показателей с железодефицитной анемией на фоне применения медицинского озона // АГ-инфо. - 2006. - Т.3. - С. 16-19.
  9. Белошевский В.А., Гребенникова Л.Г., Бакалов В.И. Диагностика и лечение железодефицита у больных с хроническими заболеваниями // Научно-медицинский вестник Центрального Черноземья. - 2002. - Т. 4. - С. 17-24.
  10. Торшин И.Ю., Громова О.А., Хаджидис А.К. Систематический анализ молекулярныхмеханизмов воздействия железа, меди, марганца в патогенезе железодефицитнойанемии // Клин. Фармакология. - 2010. - №3., Т 2. - С. 15-16.
  11. And^s E., Federici L., Serraj K., КакепЬасһ G. Update of пиШепМеАсіепсу апетіа іпеШегІу patients // Eur J Intorn Med. - 2008. - № 19(7). - Р. 488-493.
  12. Stolz E., Valdueza J.M., Grebe M., Schlachetzki F., Schmitt E., Madlener K., Rahimi A., Kempkes-Matthes B., B^s F., Gerriets T., fops M. Апетіа as а risk factor for сегеЬгаІ venousthrombosis? An оИ hypothesis revisited. Results of а prospective study // J №иго1. - 2007. - №254(6). - Р. 729-734.
  13. ВаИиссі L. Epidemiology of апетіа in Ше еИегІу: і^огтаһоп оп diagnostic еѵаіиагіоп // JAmGeriatr Soc. - 2003. - №51(3). -Р. 2-9.
  14. Молостов В.Д. Иглотерапия и мануальная терапия: практическое руководство по лечению заболеваний. - М.: Эксмо, 2008. - 784 с.
  15. Табеева Д.М. Практическое руководство по иглорефлексотерапии: учебное пособие. - М.: МЕДпресс-информ, 2004. - 440 с.
  16. Иванов В.И. Акупунктура: новейший справочник. - М.: Эксмо, 2006. - 448 с.
  17. Акшалова Л.М. Сезонная динамика теплопроводности корпоральных биоактивных точек кожи // Междунар. научн.-практич. конф.: Современные проблемы экологической физиологии. - Алматы: 2008. - С. 11.
  18. Төлеусаринова А.М., Дүйсеғалиева Г.И., Құнанбай К., Төлеуханов С.Т., Төлеусаринова С.Т. Шығыс медицинасы: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 148 б.
  19. Гумарова Л.Ж., Тулеуханов С.Т. Энтропия суточной динамики электропроводности и потенциалов кожи животных в норме и стрессе // 2 Евразийс. конгр. по мед. физике и инженерии: Медицинская физика. - М.: 2005. - С. 273-274.
  20. Тулеуханов С.Т., Аблайханова Н.Т. Исследование хроноструктурных параметров временной организации электропроводности биоактивных точек кожи кроликов в норме и при адаптации к условиям гипоксии // В сб.Физиологические проблемы адаптации. - Ставрополь: Изд-во СГУ, 2008. - С. 190-192.
  21. Г. Геккер, А. Стивлинг, Э. Пьюкер Иллюстрированный атлас акупунктуры. Биологически активные точки тела, ушей, триггерные зоны. - М.: АСТ: Астрель, 2008. - 244 с.
  22. Ю.Ю. Елисеев Иглорефлексотерапия. Полный справочник. - М.: Эксмо, 2006. - 608 с.
  23. Б.И. Ткаченко Основы физиологии человека. - СПб.: Международный фонд истории науки, 2003. - 80 с.
  • Жыл: 2019
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.