Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нутрициология кафедрасының оқу үрдісінде «Саламатты Қазақстан 2011-2015ж» бағдарламасын жүзеге асыруда интербелсенді әдістердің қолданылуы

Нутрициология кафедрасы Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының ішіндегі қоғамдық денсаулық сақтау мен болашақ гигиенист мамандарды дая рлаудағы 1994 жылдан бері қомақты үлес қосып отырған бірден бір кафедра. Кафедра ұжымы халық денсаулығы мен тағаммен байланысты туындайтын инфекциялық емес аурулардың алдын алуда, халықтың тамақтану нормаларын өңдеуге бағытталған мемлекеттік ғылыми жобаларды жүзеге асыруда белсенді ат салысып, профилактикалық мақсаттағы ұсыныстар әзірлеуге қатысады.

Соңғы медициналық жоғарғы оқу орындарындағы білім берудің моделін жүзеге асыруда жан-жақты ізденістер, табысты жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша студенттердің білімге қызығушылығын арттыруда дәстүрлі оқу үрдісінен гөрі, интербелсенді әдістерді кеңінен меңгеріп, қолдану кафедра оқытушылары мен студенттер үшін дәстүрге айналған. Қазіргі кезеңде өзекті болып отырған азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, “азық-түлік қауіпсіздігі” ұғымы яғни, адам ағзасына тигізетін әсері көпшілікті толғандырады. Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірі.

Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырмасы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда.

Тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жоғарылауда. Мұндай қауіптілік физикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында - шикізатты өндіруден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Осы сияқты тағам, азық-түлік, салауатты тамақтану қағидаларын қамтитын көптеген мәселелерді қозғайтын оқу жоспарының тақырыптарын ашуда пікірталастар, конференциялар, ролдік ойындар, тапқырлар клубы, пәндік олимпиадалар, топ аралық сайыстар, бес құзырды қамтитын ашық сабақтар жиі өткізіліп отырады.

Мұндай интербелсенді технологиялық әдістер келешек мамандардың тек білім алып қана қоймай, алған білімін кез-келген ортада жетілдіріп, дәлелді түрде сендіру, ақпаратты тиісті мақсаттарда орынды қолданып, командамен жұмыс істегенде өзінің талпынысымен айрықша көзге түсуі, құқықтық құзыр бойынша іс-әрекетінің заңдылық құжаттарға сүйеніп дұрыстығын дәлелдеуге бейімдеп, болашақ маманның кәсіби біліктілігін заманауи талаптарға сай қалыптастыруға септігін тигізеді.

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы басқа медицина саласындағы дәрігерлері секілді науқастармен тығыз жұмыс істемегенімен, профилактикалық бағыттағы ұйымдардағы профилактикалық және сауықтыру шараларын ұйымдастырып, түрлі жас және кәсіби топтарының арасында санитариялық- ағарту жұмыстарын жүзеге асырады. Сондықтан, кез-келген

топтар не тұтынушылар арасындағы дұрыс тамақтану, алиментарлық аурулар, азық қауіпсіздігі туралы мәліметтерді қоғамның арасында кеңінен тарату, халықтың санасына нанымды түрде жеткізу әдістемелік дайындық пен коммуникативті дағдыларға тікелей байланысты. Осы орайда кафедраның оқу үрдісінде білім беру бағдарламаларына сәйкес, аралық бақылау сағаттары, студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарында студенттердің білімі мен дағдыларды игеріп, меңгеруін ұштастыру үшін тиімді қолдану мақсатында, топтар арасында әр кредит тақырыптары аясында сайыстар өткізеді. Сайыс: 1) команданың тақырыптық ұраны, эмблемасы; 2) «Сен білесің бе?»; 3) Кім жылдам?; 4) Кім тапқыр?; 5) Капитандар сайысы; 6) Азық-түліктер фестивалі, ассортиі сияқты бірнеше турдан тұрады.

Ұранды, эмблема дайындау- салауатты тамақтануға шақыратын, қолдайтын ұран мен төс белгі жасау. Олардың оқу танымдық шығармашылықты қалыптастыру;

Кім тапқыр? - Өздері алған терең білімді тиімді қолдану, ізденушілік, қозғауғыштық түйіндерін ояту. Командамен жұмыла ұйымдасуына жағдай жасау;

Сен білесің бе? - Білімді, шеберлікті, ауызша ұғындырып, компьютерлік технологияны қолдана отырып, тыңдармандарды сендіре талдап қорытып, сөйлеудегі коммуникативті қабілетін дамыту. Салауатты тамақтануды насихаттауда жоғары деңгейде біліктілікті арттыру;

Жанкүйерлер сайысы - Азықтың сипатын, оқу танымдық шығармашылықты іске асырып, білімді, ұшқыр ой мен тапқырлықты, ізденімпаздықты дамытып, ой түрткі болып, білімді шыңдау;

Кім жылдам? Мақал мәтел сайысы - Ас, тағам жайлы нақыл сөздердің салауатты тамақтануды насихаттауда орынды қолданылуы мен олардың тәрбиелік ықпалын қалыптастыру, сананы қалыптастыруға әсерін дамыту;

Капитандар сайысы - Қазақстан халқының салауаттылығын арттыруда, қоғамның денсаулығын жақсартуда және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қолданылатын нормативтік, заңнамаларды денсаулық сақшысы ретінде, құқықты білімді қалыптастыруып, ұйытқы бола білу қасиетін дамыту;

Жеміс немесе көкөніс ассортиментін дайындау- Азықтарды алиментарлық аурулардың алдын алуда тиімді қолданып, тәжірибелік, коммуникативтік, шығармашылық дағдыларды қалыптастыруып, күнделікті тұрмыста, үй жағдайында пайдалы, сапалы азық алуына баулиды.

Сондай-ақ халық денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, сауаттылығының төмендігінен екендігі анықталып отыр. Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен базарда жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.

Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.Осы тұста тұтынушылардың сауаттылығын жоғарылатуда «Саламатты Қазақстан 2011-2015жыл» мемлекеттік бағдарламасында Елбасының, тұтынушылардың өнімнің сипаттарын жақсы түсінуі, сапалы тамақ өнімдерін таңдауды қолдау мен тағам өнімдерін қауіпсіз сақтау тапсырмасы бойыншастуденттер арасында барлық гигиеналық тақырыптар мен мысалы анемия, йод жетіспеушілік ауруларының алдын алу т.б тақырыптарда бес құзырлық негізінде топ өз дағдылары мен машықтарын көрсетеді. Оның сценарийі:

  1. компетенция -Білімді (теориялық ақпарат) презентация;
  2. компетенция- Тәжірибелік дағды - белгілі тақырып бойынша фильм, видеоролик ролдік ойындар көрсету;
  3. компетенция - Коммуникативті дағды- жаңа терминдік сөздер, анықтама, түсініктерді игеру. Тақырыпқа сәйкес 4-5 қажетті терминді ұсыну.
  4. компетенция- Құқықтық компетенция - азық-түліктерді сатып алуда, тұтынуда, сақтауда, сапасына қандай талаптар мен ережелерді сақтауға көңіл қойып, назар аудару қажет; Тұтынушылар тарапынан азықтың сапасы мен қауіпсіздігініе күмән туындағанда тұтынушы құқығы қалай қорғалатыны; Тамақтан улану жағдайларының сақтық шаралары үшін білу қажетті мағлұматтарды Азаматтардың денсаулығын сақтау мен қорғау Кодексі, Тұтыну құқығын қорғау Заңы, Сан. ережелердің нақты бабы, тармағына сүйеніп, тамақтан улануға себепші болуы мүмкін азықтарды сол орында қолмен ұстап, нақты дәлелмен демонстрация жасап көрсету.
  5. компетенция- Студенттердің өз білімін нақтылау, жетілдіру. Тақырыпқа сәйкес кроссворд, ребус, сөзжұмбақ әзірлеп, кері байланыс болуын көрсету.

Осы тақырыптар бойынша кафедра студенттері сабақтан тыс уақыттарда Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының әкімшілігімен келісе отырып, Абай атындағы Алматы педагогикалық университеті, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Қазақ қыздар педагогикалық институты, Қ.Сатбаев атындағы политехникалық институты, өзіміздің медициналық университеті студенттері арасында жоспарланған түрде сапалы, қауіпсіз азық таңдауға, тиімді тамақтану дағдыларына, күнделікті тағамдарды үйлесімді пайдалануды үйрететін семинарлар, шебер-класстар өткізді.

Бұл шаралардың көздейтін мақсаты мемлекеттік бағдарлама негізінде Елбасымыздың тапсырмасын, денсаулық сақтау проблемаларын шешуде барлық осы сала мамандары серіктесіп, жұмыла жұмыс атқарса және тек медицина саласындағы қызметкерлер ғана атсалысып қоймай, әрбір қазақстандық азамат өзінің және отбасының денсаулығы алдындағы жауаркершілікті жоғары қойып, салауатты тамақтануы арқылы қаншалықты аурулардың алдын алып, дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, аурушаңдық және аурушаңдық салдарынан туындайтын өлім-жітім көрсеткішін төмендетіп, еңбек қабілеттігін сақтап еліміздің экономикалық ахуалына еңбек етуімен өз үлесін қосуға шақыру болып табылады.

Сонымен қатар, микронутриенттік жетіспеушіліктің алдын алуға бағыттайтын басқа да кеңестерін осы кафедрада интербелсенді әдістерді жұмылдыра отырып меңгерген білімі мен машықтарын оқытушылар алдында ғана емес, үлкен аудиторияда, басқа маман иелері алдында өздерінің кәсіби біліктілігі мен коммуникативті шеберліктерін пысықтай түседі. Мұндай әдістер білім берудің жаңа инновациялық технологиялық әдістерінің тиімділігін арттырып қоймай, студенттеріміздің салауатты тамақтануды насихаттаудағы тәжірибелерін шыңдап, өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады. Тәрбиесіз білім болмайтынын ескерсек, осы тәрбиелеудегі түрлі айла-амалдар, білім берудегі озық модельдер келешек маманның заман сұранысына кәсіби лайықты болуын көздейді. Кафедра қызметкерлері қоғам денсаулығын сақтау мен салауатты тамақтануды насихаттаудағы Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруда, бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындаудағы өз тәжірибелерін халықаралық деңгейдегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізіп, өз тәжірибелерін жетілдіре түседі.

  • Жыл: 2012
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.