Мақалада қауіп-қатер тұжырымдамасының эпидемиологиядағы маңыздылығы сипатталған, сонымен қатар «эпидемиологиялық қауіп-қатер», «қауіп-қатер факторы», «қауіп-қатер тобы», «қауіп-қатер аймағы» және «қауіп-қатер уақыты» санаттарына анықтама берілген. Менингокок инфекциясының қауіп-қатеріне талдау және бағалау жүргізілген.
Тақырыптың өзектілігі. Халықтың эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін басқармалық шешімдерді оңтайландыру мақсатында соңғы он жылдықта қауіп-қатерді бағалау әдістемесі әлемдік ғылымда белсенді қолданылып келеді. «Қауіп-қатер» ұғымына байланысты терминология эпидемиолог мамандары үшін дағдылы қолданыста, алайда оның нақты әдістемесі мен сандық бағалауы іс жүзінде дамымаған. Осығын байланысты «халықтың денсаулығы қоршаған орта» жүйесінде қауіпқатерді бағалауда анықталған әдістемеге сәйкес, эпидемиологияның ерекшелігіне қатысты «қауіп» және «қатер» түсініктерін анықтау қажет. Өйткені эпидемиологияның зерттеу объектісі болып эпидемиялық процесс болғандықан, оның әр звеносы потенциальды эпидемиологиялық қауіп тудырады. Ал олар өсе келе эпидемиологиялық қауіп-қатерге айналуы мүмкін [1,2].
Қауіп-қатер ұғымы эпидемиологиядағы негізгі тұжырымдама, өйткені эпидемиология ғылым ретінде қауіп-қатер концепциясына негізделеді және эпидемиологиядағы оқиғаның пайда болуын, әдетте, ықтималдық тұрғысынан сипаттайды. Оқиғаларды болжау, олардың себебін, диагностикалық критерийлері мен сенімділігін анықтау, емдеу мен алдын алуды бағалау үшін эпидемиологиялық қауіп-қатер анықталуы тиіс.
Ғылыми анықтамаларды тұжырымдаудың заманауи талаптарына сүйене отырып, біз жұқпалы аурулардың эпидемиологиясында қауіп-қатер тұжырымдамасының келесі нұсқасын қолдануды ұсынамыз (кесте 1) [3].
Кесте 1 Эпидемиологиялық қауіп-қатердің (ЭҚҚ) негізгі элементтері және олардың анықтамалары
Эпидемиологиялық қауіп-қатер белгілі бір уақытта және белгілі бір аумақта әрекет ететін сыртқы және / немесе ішкі факторларға байланысты халықтың жекелеген топтарының ауруынажәне/немесе оның зардаптарына теріс әсер ету ықтималдығы. |
|
ЭҚҚ негізгі элементтері |
Қауіп-қатер факторы бұл адамның кез-келген қасиеті немесе ерекшелігі, әсеріне және / немесе оның салдарына теріс әсер ету ықтималдығын арттыратын, кез-келген эпидемиологиялық құбылыстың таралуы. |
Қауіп-қатер тобы халықтың бір бөлігі, олардың арасында науқастанудың өсу қарқыны байқалады және/немесе оның салдары, кез-келген эпидемиологиялық құбылыстың таралуы. |
|
Қауіп-қатер уақыты қауіп факторларына ұшырау нәтижесінде пайда болған сырқаттанушылықтың өсу кезеңі және/немесе оның салдарымен салыстырғанда, кез-келген эпидемиологиялық құбылыстың көп таралуында салыстырмалы уақыт аралығы бар. |
|
Қауіп-қатер аймағы сипатталатын аумақтық бірлік (географиялық немесе әкімшілік), аурудың және/немесе оның салдарының артуы, кез келген таралудың салыстырмалы аумақтармен салыстырғандағы эпидемиологиялық құбылысы. |
Жұқпалы аурудың нақты себебі болып анықталған факторды ғана «қауіп-қатер факторы» деп атау керек, яғни, ол қауіп-қатерді арттырады, ал егерде фактор қауіпқатердің жай ғана бар екенін көрсететін болса, бірақ міндетті түрде көтерілмесе, оны қауіп-қатердің маркері деп санайды. Осылайша, қауіп-қатер факторлары мен маркерлерді сәйкестендіру эпидемиологтың талдау жұмысының ең маңызды бөлігі болып табылады, ол қауіпқатер топтарына, уақыты мен аймағына талдау жасай отырып эпидемиялық процестің туындау себептерін анықтайды.
Эпидемиологиядағы қауіп-қатерді бағалау және талдауды менингокок инфекция (МИ) бойынша жүргіздік, себебі ауру көзі ретінде МИ-ң биологиялық және әлеуметтік қауіптілігі өте жоғары. Бірнеше ондаған жылдар бойы МИ кенеттен өлімге әкелетін, ауырлығымен, жедел өтуімен, жасырын тасымалдаушылықтың болуымен сипатталады [4,5]. Осы тұрғыдан МИ қауіп-қатер факторларын бағалау аса маңызды.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының аумағында менингокок инфекциясы бойынша жалпы халық сырқаттанушылығының эпидемиологиялық қауіп-қатер факторларын анықтау.
Әдістер мен тәсілдер. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы халқының МИ бойынша сырқаттанушылығының он жылғы (2009-2018 жылдар аралығында) ретроспективті эпидемиологиялық талдау жасалды 2018 жылғы эпидемиологиялық жағдайға бағалау жүргізілді. Зерттеу барысында жас ерекшелігі бойынша МИң этиологиялық құрылымы мен ауру көрсеткіштерінің динамикасы зерделенді.
Менингокок инфекциясы бойынша сырқаттанушылықты талдауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялықэпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылымипрактикалық орталығы» филиалының деректері негізінде жүргізілді.
Негізгі қауіп-қатер топтарын, аймағын, уақыты мен факторларын анықтайтын эпидемиологиялық қауіпқатердің кешенді бағалау нұсқасы жасалды.
Талқылаулар мен нәтижелері. Республика аумағында соңғы 10 жылда менингокок инфекциясының көп жылдық динамикасында айқын оралымдылығы (2014-2016жж.) байқалды. Бұл бақыланған мерзімдегі анықталған ең жоғары оралымдылығы (100 мың тұрғынға шаққанда 2,45) болды. Осы жылдар аралығындағыанықталған көрсеткішінің 100 мың тұрғынға шаққандағы үдерісі 1,09 дан 0,5ке дейін төмендегені анықталды (1 сурет).
2018 жылы ҚР бойынша МИ бойынша эпидемиялық үрдіске көбінесе Алматы қаласы (36,5 0/0000) мен осы облыстың (21,90/0000) тұрғындары кірді
Сурет 2 - 2018 жылғыменингокок инфекциясының аймақ бойынша таралуы
(2-сурет).
Менингокок инфекциясы барлық жас топтарында тіркелді. Әсіресе 15-19 және 20-29 жас аралығындағы топтарда жиі байқалды, олардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлес салмағы 41,6% (40оқиға) тең болды (3-сурет).
13,5
20,8
- 1 жасқа дейін
- 1 жас
- 2-6 жас
- 7-9 жас
- 10-14 жас
- 15-19 жас
- 20-29 жас
- 30-39 жас
- 40-49 жас
- 50-59 жас
- 60 жас және одан жоғары
Сурет 3 2018 жылғы менингокок инфекциясының жас ерекшелігі
Менингокок инфекциясы жағдайларының әлеуметтіккәсіптік құрылымын талдай отырып, эпидемиялық процесстің ең жоғарғы көрсеткіштері мектеп оқушылар (20,8%), орта және жоғары оқу орнының студенттері (16,7%), жұмыссыздар (15,6%) мен ұйымдастырылмаған балалар (14,6%) арасында жиі болғаны анықталды, бұл олардың жасы бойынша топтасырылған кестеде келтірілген (4-сурет).
- Ұйымдаспаған балалар
- МДМ
- Мектеп оқушылары
- Студенттер
- Оқытушылар
- Жұмысшылар мен қызметкерлер
- Медицина қызметкерлері
- Жұмыс жасамайтын ересектер
- Басқалар
Сурет 4 2018 жылғы менингокок инфекциясының әлеуметтік-кәсіби құрылымы
Менингокок инфекциясының бір жылғы динамикасына талдау жасау кезінде сырқаттанушылық тән маусымдықты байқалды (5сурет).
Менингокок инфекциясы графикке сәйкес жыл бойы тіркеліп келген, алайда көктем жаз айларында айқын маусымдылық байқалған. Сырқаттанушылықтың шарықтау кезеңі мамыр айының 21 мен 27 аралығында тіркелді, яғни 15 жағдайдың 13-і алматы қаласынан және қалған екі жағдай Қызылорда, Алматы облыстарынан екені анықталды.
МИ клиникалық түрлеріне талдау жасаған кезде, ең жоғарғы көрсеткіштер аралас нежайылған түрлерінде жиі кездескені анықталды. Сырқаттанушылықтың жайылған түрі әр түрлі жас топтарында тіркелуін қадағалау арқылы қауіп-қатердің жоғары аймақтарын анықтауға, эпидемиологиялық қолайсыздықты болжамдауға мүмкіндік береді (6-сурет).
Сурет 6 2018 жылғы менингокок инфекциясының клиникалық түрлері
МИ-ң 96 дәлелденген оқиғалары туралы ақпаратты талдау кезінде, сырқаттанушылықтың көбінесе А (38,6%) және В (21,5%) серологиялық тобымен байланысты екені анықталды (7-сурет).
Республикадағы эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің заманауи жетістіктеріне қарамастан МИ өлім-жітімі жиі тіркелуде, әсіресе 2018 жылы МИ өлім-жітімнің үлесі 15,6% құрады. Аймақ бойынша 2018 жылы Алматы қаласында менингокок инфекциясы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай тіркелді. Барлық тіркелген МИ-ң 96 оқиғасының 15-і өліммен аяқталған. Олардың ішінде, ересектер 60% (9 жағдай) және 7 жасқа дейінгі балалар 40% (6 жағдай) болды.
Қорытынды.
Менингокок инфекциясының көпжылдық динамикасында айқын оралымдылығы анықталды. Қауіп-қатер аймағы болып Алматы қаласы мен Алматы облысы анықталды. Қауіп-қатер уақыты көктем жаз айларына сай болды. Қауіпқатер топтары болып жасы 15-29 жастар аралығындағы оқушылар, студенттер және жұмыссыз ересектер құрады. Қауіп-қатер факторы болып қоздырғыштың серологиялық типтері (A, B) және аурудың аралас клиникалық түрлері өлім-жітімнің жоғарғы көрсеткішін көрсететін себепкер фактор болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Амиреев С. Концепция, методология и научно-практическая оценки и управления рисками в эпидемиологии // Вестник КазНМУ. 2014. №3(1). С. 206-208.
- Черкасский Б. Л. Риск в эпидемиологии. Практическая медицина. М.: 2007. С. 48-87.
- Шугаева С.Н., Савилов Е.Д. Риск в эпидемиологии: терминология, основные определения и систематизация понятий // Эпидемиология и Вакцинопрофилактика. 2017. №6. С. 74-78.
- Королева И. С., Беложитский Г. В., Королева М. А. Менингококовая инфекция и бактериальные гнойные менингиты в Российской Федерации: десятилетнее эпидемиологическое наблюдение // Эпидемиология и инфекционные болезни. Актуальные вопросы. 2013. Т.2. С.15-20.
- Halperin S.A., Bettinger J.A., Greenwood B. et al. The changing and dynamic epidemiology of meningococcal disease // Vaccine. 2012. №30(2). Р. 26-36.