Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Екіншілік адентия кезіндегі шықшыт буынының дисфункциясын диагностикалау және емдеу ерекшеліктері

Ересектер арасында екіншілік адентия кезіндегі шықшыт буынының дисфункциясы жиілігінің көбеюіне байланысты, аурудың диагностикасы мен емі туралы әдеби шолу жүргізілді Қазіргі таңда шет елдерде де, біздің елімізде дисфункцияның дамуы, біріңғай емдеу әдістері,клиникалық жағдайлардың ұқсастығына байланысты зерттеудің ортақ қағидасы жоқ.

Екіншілік адентия кезіндегі шықшыт буынының дисфункциясын уақытылы диагностикалау және тиімді емдеу заманауи стоматологияның өзекті мәселесі болып табылатындықтан, жоғарыда аталған мәселелер жайында қазіргі заманғы әдебиет көздеріне шолу жасау бұл саладағы зерттеулерді арақарай жалғастыру үшін маңызды болып табылады.

Бүгінгі күні, шықшыт буынының дисфункциясын уақытылы диагностикалау және тиімді емдеу заманауи стоматологияның өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның таралуы өте жоғары және соңғы жылдары айқын байқалуда. [1,2].Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша шықшыт буынының аурулары бұқара халықтың 27,5-70% да кездесетінін [3] және стоматологиядағы көп таралған тісжегі және парадонт ауруларынан кейінгі үшінші орында. [4] Бұл аурумен стоматологтармен қатар невропатологтар, психиатрлар, эндокринологтар, оториноларингологтар және т.б мамандар айналысатын нақтамалануы мен емі қиын патология болып табылады. Шықшыт буынының дисфункциясының даму механизміне деген көзқарастар әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ұсынылған теориялар өз ара бақталастыққа түскенімен бүгінгі таңда шықшыт буынының дисфункционалды синдромының дамуының патогенетикалық себептерінің негізгі 4 факторы ұсынылып отыр. Олар: окклюзиялық дисгармония, шайнау еттерінің тонусының бұзылуы, шықшыт буынының органикалық немесе функционалдық өзгерістері, стресстер мен психологиялық және жеке бастық өзгерістер.[2] Окклюзиялық бұзылыстар, соның ішінде тістерін жоғалтқаннан кейін көп жылдар бойы емделмеу және рационалды емес протездеу шықшыт буынының бұзылысына әкелетін негізгі этиопатогенетикалықфактор. Атабаев С. стоматологиялық көмекке жүгінген көптеген науқастарда шықшыт буынының бұзылысына алып келетін тіс-жақ жүйесінің маңызды өзгерістері барын айтады. Олардың ішінде жиі кездесін себептер:окклюзиялық биіктіктің төмендеуі, шайнау тістерін жоғалтқаннан кейін пайда болған екіншілік мәжбүрлі окклюзия, функциональды окклюзия бұзылыстары және т.б. буын тіндерінің созылмалы микрожарақатына, шықшыт буыны элементтерінің топографиялық өзгерісіне әкеледі. Осыған байланысты, ол тіс қатарында тістердің жартылай адентиясы, беттің төменгі бөлігінің төмендеуі және төменгі жақтың дистальды орналасуына байланысты шықшыт буынының анатомиялық элементтерінің параметрлерін анықтаған. Ортопантомограмма мәліметтеріне сүйене отырып, буын саңылауының артқы бөлігінің ені патологиялық жағдайда аз болатынын айтқан. Ортопантомографияны «Sidexis» ортопантомографында жүргізген. [3]

Ортопантомография, стоматология саласында 30 жыл бойы қолданылуда. Онда тістер, альвеоларлық өсінділермен қатар шықшыт буынының негізі көрініс табады. W.Updegrave(1966), O.Lageland, F.Sippi(1968), В.Я. Новикова (1968), Н.А. Рабухиной, А.П.Аржанцева(1999), сынды ғалымдар ОПТГ қисық проекцияда көрсетілетіндіктен сүйек элементерінің мөлшері мен буын саңылауы дәл көрсетілмейтінін айтқан. Бірақ, Хорошилкина Ф.Я. пайымдауынша, бүгінгі күнгі қолданылатын ортопантомографтар, шықшыт буынын зерттеуге арналған арнайы автоматтандырылған бағдарламаға ие болғандықтан, буын басын, буын төмпешігін, буын саңылауын анық қарауға мүмкіндік береді. [5]

Ортопантомографиядан басқа шықшыт буынын әртүрлі проекцияда түсіретін 30дан астам дәстүрлі рентгенография түрлері бар. Олардың қатарына, телерентгенография, зонография, компьютерная томография, магнитнорезонансная томография, т.с.с. жатады.

Көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың пайымдауынша шықшыт буынын зерттеудегі «алтын стандарт» магнитті резонансты томография болып табылады. Бұл әдіс буын қозғалысы кезінде буынаралық диск пен байламдарды көруге, буын элементтерінің қозғалыс барысында өзгеру ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік береді. Буын өсіндісінің бойлық осьне перпендикуляр, қисық сагитальды жазық бойынша түсірілген томограмма ақпаратты болып саналады. [5] Қазіргі таңда, цифрлік диагностикалық әдістер өте маңызды екенін айтып өту керек. Заманауи стоматология диагностикалау, ем жоспарын құрудан бастап жаңа материалдар шығаруға дейін барлық бағытта тоқтамай даму үстінде. Өз кезегінде заманауи дәрігерлер де цифрлік технологияларды өз жұмысында қолдануда белсенділік танытуда.

Дентальді бағдарлама аясында американдық ғалымдар BIO PAK диагностикалық кешенін жасап шығарған. Bio-PAK инновациалық жүйесі окклюзиялық бұзылыстарды, шықшыт буыны патологиясын, бет-жақ бұлшықеттерін диагностикалауға, жалпы стоматогнатикалық жүйені бағалауға мүмкіндік береді. Bio-PAK компьютерлік жүйесі 5 құрылымнан тұрады: миограф BioEMG III, шықшыт буынының ауытқу анализаторы BioJVA, төменгі жақ қозғалысын талдайтын құрылым JT-3D, нейростимулятор QuadraTENS, окклюзияны анықтайтын аппарат T-Scan III. Электрлі миограф бірмезетте 2-8 бет-жақ аймағының бұлшықеттерінің көрсеткіштерін өлшеп жазып отырады. Шықшыт буынының ауытқу анализаторы BioJVA буынның қозғалысы кезінде буын элементтерінің үйкелісін жазатын жалғыз жүйе. Төменгі жақ қозғалысын талдайтын JT-3D құрылымы шайнау аппаратының жағдайын бағалауға арналған. QuadraTENS аппараты жоғарғы және төменгі жиілікті импультармен тері арқылы электростимуляцияны жүзеге асырады. Стимуляция арқылы бұлшықеттік спазмді, бұлшықеттік және буындағы ауру сезімін жоюға болады. Tscan III аппаратын қолдану оңай және ешқандай ауру сезімін тудырмайды. Науқастың окклюзиялық жағдайын анықтау үшін жұқа сенсорды науқас тістеуі қажет болады. Осы уақытта компьютердің мониторында тістердің микроқозғалулары анықталады. Алынған ақпарат екіөлшемді және үшөлшемді диаграмма арқылы көрсетіледі. Бұл дәрігердің тез әрі нақты проблемалы нүктелерді анықтап, дұрыс ем жүргізуге септігін тигізеді. Bio-Pac цифрлік кешенін қолдану жоғарыдәлдікті диагностикалауға, ем жоспарын құруға үлкен септігін тигізеді.[6]

Бірақ, біздің елімізде мұндай аппараты кешен дәрігерлердің көбіне қол жетімді емес.

Микроциркуляцияның бұзылысы шықшыт буыны дисфункциясының дамуының маңызды себебі екені белгілі. Осыған байланысты, Науменко Ю.Н. соавт. реоартрография әдісі арқылы құлақмаңы-самай аймағының микроциркуляциясына баға берген.[7]

Цимбалистов А.В. авт. Бас және мойын аймағының ультрадыбысты допплерографиясы арқылы сыртқы ұйқы артериясын үйреншікті окклюзия кезінде және емнен кейін бақылап, қанағысының сызықтық жылдамдығын және контралатеральді беттің ассиметриясын анықтаған. Көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шықшыт буыны аймағының функционалды орнығу дәрежесіне баға берген.[8]

Электронды аксиография, бұл құрылымды Арсенина О.И авт. орталық окклюзия мен тістердің максималді түйісуінің айырмашылығын анықтауда, буын қозғалысына баға беруде, функционалды пробалар жасаған кезде төменгі жақ буын басының төмен, алдыға, сагитальді және вертикальді жазықтық бойынша жылжуын анықтау үшін қолданған. [4] Шықшыт буынының дисфункциясы синдромын диагностикалауын және емдеуін көптеген ғалымдар қаншама рет зерттегенімен, әлі шешілмеген сұрақтар өте көп. [9]

Шықшыт буыны дисфункциясы кезіндегі екіншілік адентияны ортопедиялық емдеу стоматологиядағы қиын әрі өзекті мәселелердің бірі.

Екіншілік адентия кең таралған: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жер шарының әртүрлі аймағында 75% халықтың екіншілік адентиясы бар екені анықталған.[10] Ал, шықшыт буынының аурулары ересектерде 14тен 89дейін % болса , жасөспірімдер мен балалардың 14 20% құрайды.[7].

Тіс қатарының екіншілік адентиясын уақытында емдемеу есебінен тіс қатарының деформациясы пайда болып, ол өз кезігінде тісжақ жүйесінің морфологиялық және функционалдық бұзылыстарына, төменгі жақтың қозғалып мәжбүрлі окклюзияға ие болуына, беттің төменгі бөлігінің биіктігінің жоғалуына әкелетіні әдебиет көздерінен және клиникалық тәжірибеден белгілі. Бұл үрдіс шайнау бұлшықеттерінің функционалдық бұзылыстары және шықшыт буынының дисфункциясымен қатар жүреді. [7,11] Осыған байланысты шықшыт буыны дисфункциясының кешенді емдеуінде ортопедиялық әдістердің рөлі өте маңызды. Олар тіс қатарының жағдайын және функциясын өзгерте отырып, шықшыт буыны элементтері мен шайнау бұлшықеттерінің жағдайын қалпына келтіреді. Ал, екінші жағынан ортопедтік емнің дұрыс жүргізілмеуі дисфункцияның дамуына әкеліп соғуы әбден мүмкін.Сондықтан, тіс қатарының екіншілік адентиясы мен шықшыт буынының функционалды бұзылыстары бар науқастарды емдеу өзекті болып қала бермек.[12,13,14,15] U.Ettalla Ylitalo(1987) төртжылдық зерттеу нәтижесінен шықшыт буыны дисфункциясы бар науқастардың 48% протезі киетінін айтқан.

Sutcher, O.Sugar (1982) сынды ғалымдар бұрын ортопедиялық емделген науқастардың бет және мойын бұлшықеттерінің өзгеруіне баға берген. Өзгерістер 6 айдан 6 -7 жыл аралығында дамыған. Ауыз қуысын қарап тексергенде: тістемнің жоғарылауы немесе төмендеуі, альвеолярлы айдаршықта тістің дұрыс орналаспауы, протез орынының шекарасының бұзылуы, сапасыз протездер.

G.Clark, R.Adler(1985) Тістердің төмпешіктік шұңқырлық байланыстың дұрыс болмауы немесе суперконтакт сөз сіз бұлшықет белсенділігінің созылмалы бұзылысына әкелетінін айтқан.[16]

Сеферян К. Г. авт. 2014 жылғы өзінің зерттеуінде Краснодар өлкесінің тіс қатарының кетігі есебінен протезделген 464 науқасты тексеріп, 349(75,2%) науқаста әртүрлі симптомдармен шықшыт буыны және шайнау

бұлшықеттерінде ауыру сезімі бар екенін анықтаған.[17] Стоматологиялық көмектің сапасы маманның квалификациясына және профессионалды дайындығына байланысты.Осыған байланысты қателіктер мен шықшыт буыны аймағының ауырулармен байланысты асқынуларды азайту үшін стоматолог дәрігерлер науқастарды клиникалық тексеру ерекшеліктерін, диагностикалау және ем жоспарын құру, ортодонтық патологияларды жою,тістің және тіс қатарын дұрыс қалпына келтіретін білімі болуы қажет.[17]

Ибрагимова Р.С. окклюзиялық дисгормония кезінде таңдамалы егеу әдісмен ортопедиялық және ортодонтиялық тұрғыда тіс қатарын анатомиялық , функционалдық дұрыс окклюзияға келтіру керек екенін айтқан. Бұл кездегі маңызды жағдай буын басын буын шұңқыры мен буын дискісіне қатысты дұрыс орналастыру, ол дамыған шайнау бұлшықеттерінің дисбалансын жақсартуға немесе жоюға мүмкіншілк береді.[9]

Бұл көзқараспен Рощин Е.М. де келіседі, оның айтуынша шықшыт буынының дисфункциясы бар науқастарды ортопедиялық емдеу кезіндегі ең маңызды пункт төменгі жақ буын басын буын шұңқырының ортасына орналстыру. [18]

Сонымен қатар, екіншілік адентия бет жақ аймағының спецификалық асқынуларына әкелетін бірден бір себепші. Попов-Годон феномені дамуы тіс қатарындағы, тістемдегі өзгерістермен қатар қызылиек қабынуына, сүйек тінінің деструкциясына, патологиялық қалтаның пайда болуына әкеледі. Бұл кезде ортодонт және терапевт дәрігерлердің көмегінің маңызы зор.

Тіс қатарының кетігінің уақытында орнына толмауы кезінде сақталған тістер пародонтына шамадан тыс қысым түсуі, патологиялық қажалу, тіс-жақ жүйесінің биомеханикалық бұзылысы көрініс табады. [10]

Тіс қатарының жартылай адентиясы кезінде тұрақты протездерді(алынбайтын қонструкциялар, алынбалы бюгельді және пластиналы протездер) дайындамас бұрын дайындық жұмыстар жүргізу қажет: мысалы, жоғарғы қажалу кезінде міндетті түрде тістем биіктігін көтеру, шектелмеген кетіктер кезінде уақытша алынбалы пластиналы протездер дайындау қажет. Бұл әдіс ауызды ашып -жапқан кезде төменгі жақ тура бағытта қозғалған кезде жасалынады. Егер буында сықыр, ауызын ашқанда зигзаг тәрізді қозғалу болса шайнау бұлшықеттерін екі жақтан да симметрияландырып, төменгі жақ тістеріне каппа кигізген дұрыс. [19]

Шықшыт буыны дисфункциясы мен қатар жүретін екіншілік адентияны емдеу үшін әртүрлі рационалды ортопедиялық емдеу әр науқасқа шықшыт буыны патологиясының және тіс қатарының ауырлық дәрежесіне байланысты жеке тағайындалады.

Скориков В.Ю., авт. шықшыт буыны дисфункциясы бар екіншілік адентиялы науқастарды емдеуде қажет болған жағдайда физиопроцедураларды, соның ішінде шайнау бұлшықеттерінң массажы, миогимнастика, лазеротерапияны ұсынған. [20]

Дәрігер С.Макеев 30 жыл бойы қарапайым жаттығулар арқылы омыртқа және буын ауруыларынан арылудың жолдарын іздестірген. Және де, көп жылдық тәжірибесінің арқасында оң нәтижелерге көз жеткізген, «Йога бытовых движений» кітабында, шықшыт буынының дисфункциясына арналған өте тиімді жаттығулары көрсетілген.

Ибрагимова Р.С. және авт.,Шықшыт буынының (ШБ) ауырмалы дисфункция синдромымен ауыратын 20 науқастың кешенді емінде рефлексотерапияны қалданып, осы патологиямен ауыратын басқа 20 науқасқа жүргізілген фармако және физиоемдерге қарағандағы шипалы әсерін зерттеген. Аурудың клиникасын математикалық есептелулер мен графикалық кескіндеулердің нәтижелері рефйлексотерапияны қолданудың шипалы әсер беретінін дәлелдеді. Оған «аурудың ағымын»

кескіндейтін көпбұрыштың көлемінің негізгі топта 9, 23 есе кішірейсе, ал салыстырмалы топта оның көлемі 5,84 есеге қана азайғаны дәлел болады. Екі топтағы науқастардың да психологиялық тестілеу нәтижелері үрейленудің көрсеткіштерінің төмендегені (Тейлор бойынша ЖҮ, РҮ) және САН ның негізгі топтағы науқастар арасында жоғарылағаны анықталса ал салыстырмалы

топтағы науқастарды оның тек төмендегені байқалды. Қанның биохимиялық зерттеуінің салыстырмалы сараптамасы рефлексотерапияны пайдалану фармако және физиоемді қолданып емдеуден шипалы екенін дәлелдеді: шайнау еттерінің тонусы қалыпқа келеді, оған қанның сары суындағы АТФ тың 20% дан астам төмендегені дәлел болады; ауыру сезім тез басылады, оған қанның құрамындағы гистаминнің төмендеуі растайды 48,15% (Р>0,001), ал салыстырмалы топта ол 23,68% (Р<0,05) тең; психоэмоциялық кернеуді тез басады, оған рефлексотерапияны қолданғаннан кейін қанның құрамындағы адреналиннің 39,17%-ға (Р>0,001) және кортизолдың 42,5%-ға (Р>0,001) төмендегені дәлел болады. Ал медикаметтік емдеу нәтижесінде осы көрсеткіштер 18,6%-ға (Р>0,01) және 6,86%-ға (Р<0,5) тең. Жоғарыда баяндалған мәліметтерден ШБ АДС рефлексотерапияны қолдану үйреншікті фармакотерапияны қолдануға қарағанда аса шипалы тәсіл екені дәлелденді . [2]

Екіншілік адентия стоматологияда үлкен ұғым. Кеннеди, Гаврилов, Бетельмен, Вильд сынды ғалымдар тіс қатарының екіншілік адентия есебінен болған ақауларын жіктеп ғылымға үлкен үлестерін қосып кеткен.Тәжірибеде кеңінен қолданылатыны Кеннедидің және Гавриловтың жіктемесі.

Біздің зерттеуіміздің басты міндеттерінің бірі бір тістен бірнеше тіс жоғалту кезіндегі әр жағдайда (екі жақты соңғы кетік, бір жақты соңғы кетік бір тіс жоғалғанда,бір сақталған кезде және т.б) шықшыт буынының жағдайына баға беру. Буын басының буын шұңқырына қатысты орналасуы, қозғалыс бағыты, және буынаралық саңылау мөлшеріне мән беріледі. Әр жағдайдың шықшыт буынына қатысты клиникалық ерекшеліктері анықталғаннан кейін, индивидуальды тұрғыда ем жүргізілетін болады.

Әдебиеттерді шолу нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Екіншілік адентия кезіндегі шықшыт буынының дисфункциясын кешенді емдеуде ортопедтік емдеу әдісін қолдану заманауи стоматологияның өзекті мәселесі болып табылады және ары қарай зерттеуді талап етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Р.С. Ибрагимова, Ж.Ж.Айтбаев, Ұ.Р.Мырзақұлова, Ю.С.Лобанов, А.К.Кожаханов. Шықшыт буынының ауырмалы дисфункция синдромының кешенді емінде рефлексотерапияны қолдану// Medicine. 2014. №11. Р. 38 43.
  2. Пузин М.Н., Вязьмин А.Я. Болевая дисфункция височно-нижнечелюстного сустава. 2002. С. 19-21.
  3. Атабаев С. Клинико рентгенологический анализ патологий височно-нижнечелюстного сустава, обусловленных нарушениями в зубочелюстной системе // Проблемы стоматологии. 2007. №2. С. 29-30.
  4. Ишмурзин П.В., Данилова М.А. Лечение дистальной окклюзии зубных рядов, сочетанной с дисфункцией височнонижнечелюстного сустава // Ортодонтия. 2012. №1. С. 70-76.
  5. Хорошилкина Ф.Я. Морфофункциональное состояние височно нижнечелюстных суставов при дефектах зубов, зубных рядов и аномалиях прикуса // Ортодонтия. 2006. С. 170189.
  6. Арсенина О.И.,Попова А.В.,Гус Л.А Значение окклюзионных нарушений при дисфункции височно нижнечелюстного сустава // Стоматология. 2014.№6. С. 64-67.
  7. Науменко Ю.Н., Ишмурзин П.В., Данилова М.А. Влияние ортодонтического лечения на состояние височно нижнечелюстного сустава: комплексный анализ изменений // Ортодонтия. 2011. №1. С. 52-56.
  8. Цимбалистов А.В, Лопушанская И.В, Войтяцкая И.В,Колтунов А.В Влияние изменений на морфофункциональное состояние височно нижнечелюстных суставов // Ортодонтия. 2010. №3. С. 82-86.
  9. Ибрагимова Р.С. Алгоритм комплексного лечения синдрома болевой дисфункции височно нижнечелюстного сустава // Проблемы стоматологии. 2008. №1. С. 46-48.
  10. Стародубов В.И. Протокол ведения больных частичное отсутсвие. Проблемы стандартизации в здравоохранении. 2004. 61 с.
  11. Ступников А.А. Лечение вторичной частичной адентии с использованием функционального метода определения центрального соотношения челюстей: Автореф. дис. ... М.,1996. 21 с.
  12. Рабухина Н. А. Болевой синдром в зоне височно-нижнечелюстных суставов в рентгенологическом изображении // Материалы XIX и XX Всероссийских научно-практических конференций. СПб.: 2008. С. 56-57.
  13. Гунько В.И., Уварова Е.О., Лежава Н.Л. Функция ВНЧС у больных с вертикальными несимметричными врожденными и приобретеннымидеформациями челюстей // Труды VII Всеросс. съезда стоматологов. М.: 2001. С. 157158
  14. Джанахара С. Нарушение функции ВНЧС у пациентов с дистальной окклюзией: Автореф. дисс. ... канд.мед.наук М., 2002. 21 с.
  15. Джанахара С.Персии Л.С., Матвеев В.М. Нарушение функции ВНЧС у пациентов с дистальной окклюзией // Ортодонтия. 2003. №2(22). С. 33-37.
  16. Баданин В.В. Нарушение окклюзии основной этиологический фактор в возникновении дисфункций височно нижнечелюстного сустава // Стоматология. 2000. №1. С. 51-54.
  17. Сеферян К.Г. , Сеферян Н.Ю., Лапина Н.В. Дисфункциональные нарушения в височно-нижнечелюстных суставах как результат ошибок протезирования съемными ортопедическими конструкциями // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. 2014. №2. С. 159-162.
  18. Рощин Е.М. Диагностика нарушений артикуляции нижней челюсти у больных с дисфункцией височно-нижнечелюстного сустава и их лечение: Автореф. Дис. ... канд.мед.наук Тверь, 2011. 152 с.
  19. Мингазов Г.Г Ортопедическое лечение частичной адентии, осложненной заболеваниями височно-нижнечелюстного сустава. Методическая разработка к практическому занятию. Уфа: 2015. 4 с.
  20. Скориков В.Ю., Лапина.Скорикова Л.А., Сеферян К.Г. Особенности подготовки полости рта у пациентов с частичным отсутствием зубов, отягощенным дисфункциональным синдромом височно нижнечелюстного сустава на фоне ревматоидного артрита // Рос.стом.журнал. 2016. №3. С. 141-144.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.