Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өт жолдары мен зәр шығару жолдарындағы қосарланған литиаздардың қалыптасуы (әдеби шолу)

Соңғы жылдары өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болуының аурушаңдық көрсеткішінің жоғарлағандығы байқалады [1-6]. Қазіргі кезде өт жолдарында тас пайда болу ауруы мәселесі де, зәр шығару жолдарында тас пайда ауруы мәселесі де медициналық мәселе шегінен шығып, әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Бұның себептері аурушаңдық көрсеткішінің үнемі жоғарылауы, операциядан кейінгі асқынулар мен өлім деңгейінің жоғары болып қалуы,сонымен қатар емнің нәтижелеріне көңіл толмаумен байланысты.

Бұл ауруларды жеке қарастырып, оларды анықтау мен емдеу сұрақтарына өте көп зерттеулер арналған, бірақ өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлескен тас пайда болу ауруына арналған зерттеулер әлі де жеткіліксіз.Сонымен қатар,өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлескен тас пайда болу ауруын хирургиялық емдеу сұрақтары келелі мәселе болып табылады. Оның маңыздылығын бұл аурулардың жиілеуі де дәлелдейді. Өт жолдары мен зәр шығару жолдарында қосарланған тас пайда болу ауруы 10%-12% науқастарда кездеседі[7-10].

Топчиашвили З.А., Пенин В.А. [11], Розанов И.Б., Тепляшин А.С. [12] үйлескен патологияның бірнеше клиникалық түрлерін ажыратуды ұсынған: өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруларының белгілерінің айқын болуы, асқазан-ішек жолдары жағынан белгілері басым болған не гипертониялық криз негізінде функционалдық бұзылыстар бар аралас және атипиялық түрі.

Корита В.Р. [7] клиникалық топтар бойынша жіктеуді ұсынады: операция жасалмайтын науқастардағы өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болуының ауруының үйлесуі; зәр шығару жолдарындағы тас ауруына байланысты операция жасалған науқастардың өт жолдарына тас пайда болу ауруы; өт жолдарында тас пайда болу ауруы; өт жолдарына операция жасалған науқасталдың зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруы. Сонымен қатар автор үйлескен тас пайда болу ауруының екі клиникалық түрін ажыратуды ұсынады: асқынбаған билиуролитиаз және асқынған билиуролитиаз.

Организмдегі зат алмасу үрдісінің бұзылуы кезіндегі зақымданатын нысана-ағзалар ретінде өт жолдары мен зәр шығару жүйелерінің үйлесіп зақымдануы келелі мәселе, өйткені олардың үйлесіп зақымдану механизмдері мен себептері жеткіліксіз зерттелген.

Өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруының бір бірімен байланысты екенін зерттеуге аз ғана жұмыстар арналған, бірақ авторлардың бәрі де бұл аурулар үйлескен кездегі диагноз қою мен ажырату диагностикасын жүргізудің қиындығын атап өткен [7, 13-16]. Диагноз қою кезінде қателік жібермеу мақсатында авторлар арнайы урологиялық зерттеу әдістерімен қатар, өт қабы мен жолдарын да кеңінен тексеруді ұсынады.

Калькулезді холецистит пен нефролитиаз анықтауда рентгенологиялық зерттеу әдістеріне қарағанда ультрадыбысты зерттеу әдістерінің мүмкіндігі едәуір жоғары және де бұл әдістер бір бірімен тікелей не жанама байланысқан өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлескен тас пайда болу ауруын анықтауды жақсартты.

Н.И. Лукаш пен Л.В. Польская 957 ультрасонография қорытындыларын статистикалық өңдегеннен кейін, өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруланың үйлесуінің көбейгенін анықтады. Олардың зерттеуінде үйлескен тас пайда болу ауруы 16,6 % жағдайда кездескен.

В.Д.Финк пен П.И. Шустерде 1995 пен 1998 жылдар арасындағы 20 000 ультрасонография қорытындыларын өңдеу нәтижесінде билитиаз жиілігінің едәуір жоғарылағанын, яғни үйлескен холелитиаз бен уролитиаздың 12% науқастар арасында кездескенін анықтады.

Азияда 1-ден 19,1% ға дейін халық несеп-тас ауруымен ауырады . Осы ауруының таралуы Батыс Азия, ОңтүстікШығыс Азия, Оңтүстік Азия, сондай-ақ кейбір дамыған елдерде (Оңтүстік Корея және Жапония) 5% -19,1% құрайды [40].

В.М.Перельман мен В.М. Буйлов өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлескен тас пайда болу аурулары бар 81 науқасты бақылыған және де бұл үйлесуді урохолелитиаз деп атаған. Авторлар екі жүйенің анатомиялықфункционалдық жағдайын толығырақ зерттеуге бағыталған рентгенологиялық полипозициялық және контрасттық әдістерді кеңінен қолдануды ұсынады[18]. Қазіргі кезде жүргізілген және де жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижесінде өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлекен тас пайда болу ауруларының патогенезі, оларды емдеу тактикасы, операциядан кейінгі асқынулар мен аурудың қайталануының алдын алу мәселелері туралы толығырақ көзқарас түзілуде. Бірақ, осы күнге дейін тас пайда болу себебінің бір ауызды концепциясы жоқ. Әдебиетте бүйрек пен өт қабығында тас пайда болуға әкелетін әр түрлі себептер сипатталған. Себептердің алуан түрлігі тас пайда болудағы олардың әр біреуінің маңызын жоймайды, керісінше өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруларының көп этиологиялық екенін дәлелдейді [19-23]. Өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруларының үйлесуі минералды зат алмасуындағы тұрақты өзгерістермен сипатталатын туа біткен не жүре пайда болған диатезі бар адамдарда жиірек кездеседі[24-27].

Холестеринді өт-тас ауруы инсулинге резистенттікпен тәуелді, сондай-ақ жүрек ауруларымен, атеросклерозбен және обырмен де байланыстырады[28].

АИТВ-позитивті науқастарда біріктірілген антиретровирустық терапия кезінде өт-тас ауруы мен нефролитиаздың жоғары таралуы байқалды және атазанавирдің жоғары ритонавирінің 2 жыл ішінде немесе одан да көп уақыт қолдануы салдарынан өт-тас ауруы пайда болуына әсер етеді[29].

Нефролитиаз созылмалы бүйрек ауруы мен бүйрек жетіспеушілігін қоса алғанда, бірнеше жүйелі аурулармен байланысты, олар бауырдың созылмалы ауруының асқынуы (СБА) ретінде туындауы мүмкін. "Жағдайлық-бақылау" әдісімен зерттеуде нефролитиаздың таралуы созылмалы бауыр ауруы бар науқастарда 2 есе жоғары болды[32].

Үйлескен тас пайда болу ауруының бір себебі ретінде сүйек жарақаттары,ұзақ уақыт иммобилизация байланысты ауруларға және тұқым қуалауға нұсқайтын жұмыстар да бар [30-31].

Үйлескен өт жолдары мен зәр шығару жолдарында тас пайда болу ауруларының клиникалық ағымы суда ерігіш «полярлы липидтердің» жиналуымен,зәр арқылы энзимдердің көп мөлшерде сыртқа шығуымен, сонымен қатар зәрдің жалпы кристалды басу белсенділігінің төмендеуімен, гиподипсия фонында зәрдің беткейлік бос энергиясының азаюымен, гидрофильді және гидрофобты коллоидтардың тепе-теңдігін бұзатын, минералды тұздардың ерігіштігін өзгертіп, оксалатты-кальцийлі конкременттердің тас түзілуімен жүретін атипті кристаллизациясына әкелетін кальций ионизациясының жоғарлауы мен магний ионизациясының төмендеуіне байланысты тас пайда болудың және нефролитиаздың кайта кайталану қауіпінің жоғарылығымен сипатталады [32].

Гиперпаратиреоидизм кезіндегі кальций мен фосфор алмасуының бұзылыстары бүйрек пен өт қабығында тастардың пайда болуына әкеледі [37,38]. Өт пен зәрдегі кальций мөлшерінің жоғарлауы тас түзілуіне әсерін тигізеді [35, 36].

Асқазан-ішек жолдарының, бауыр мен өт жолдарының ауруларының да маңызы зор. Бауыр аурулары кезінде зат алмасуды реттейтін механизмдердің бұзылуы мен бүйректің тосқауылдық механизмдерінің функционалдық жетіспеушілігі байқалады. Kepiciнше, бүйректегі патологиялық үрдістер гепатопатияға, сулы-тұзды, белокты, майлы, пигментті зат алмасудың бұзылуына, өт жолдары мен зәр шығару жолдарының дискенезиясына әкеліп соғады [14, 15, 35].

Қазipri кезде нефролитиаз бен өт жолдарындағы литиаз мәселесінің төмендегідей де түсініктемесі бар: дисбактериоз немесе дисбиоздың болуы шартты-патогенді микроорганизмдердің өт және зәр шығару жүйелеріне түсуіне себепші инфекция ошағы ретінде қарастырылады. Медицинаның микробиологиялық және иммунологиялық тарауларының дамуына байланысты өт және зәр шығару жүйелеріндегі бактериалдық инфекцияға деген көзқарас өзгерді, яғни бұл аурулар кезінде макроорганизм мен микроорганизмнің карым-катынасының маңызы жоғарлады. Осыған байланысты ағзаның әртүрлі орталарындағы микрофлораның құрамын зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр, өйткені адамның өмір үрдігіндегі бактериялардың алатын орны да ерекше.

Қазipri заманда инфекциялық және инфекциялық емес патологиялар арасындағы шекара жойылуда және "соматикалық" аурулардың патогенезіндегі микробтық фактордың маңызы күннен күнге күшеюде. Бір жағынан бұл бірқатар инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен ағымындағы микробқа тәуелді үрдістер маңызының ашылуымен байланысты, ал екінші жағынан химиотерапиялық заттардың, соның ішінде кең спектрлі антибиотиктердің әсерінен эндогенді микрофлораның құрамы мен қасиеттерінің едәуір өзгеруімен байланысты [37-41].

Өт жодары мен зәр шығару жолдарында ең жиі кездесетін микроорганизм ішек таяқшалары (18,5-29,1%). Өт жолдарындағы жедел қабыну үрд^і мен эшерихиялардың вируленттік қасиеттерінің экспрессиясы, яғни дақылдардың гемолитикалық белсенділігі арасында тығыз баланыс анықталған. Созылмалы калькулезді холециститі бар науқастардың өті, бауыр тіні, өт қабығы мен конкременттерінен алынған дақылдардың 76,9% жағдайда, ал аурудың жедел түрінде 85,7% жағдайда анықталған. Бұл эшерихиялардың өт жолдарында тас пайда болуына қатысы бар екенін дәлелдейді. Бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде пигментті тастардың жиі инфицирленетіні анықталған, яғни холелитогенез үрдісіне микроорганизмдердің қатысы бар екенін дәлелдейді. Жалпы өт жолының өткізгіштігі бұзылған жағдайда және ондағы қысым жоғарлағанда микроорганизмдер өт қабығының не жалпы өт жолының қабырғасына ^prn, қабыну тұғызады. Ішек таяқшалары өт жол жолдарында тіршілік e™, өт қышқылдарының бұзылуына, сөйтіп өттің микробтарға карсы қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі. Вглюкоронидазаның әсерінен бактериялар билирубиннің диглюкоронидін бос билирубинге қайта коньюгациялайды, ал бос билирубин пигментті-кальцийлі тас түрінде шөгуі мүмкін. Бұл мәліметтер өт жолдарындағы тас пайда болуы үрдісіне бактериялардың тікелей катысы бар екенінің тағы дәлелі [42-53].

Өт жолдарына инфекция түсу механизміне деген бірыңғай көзқарас әлі де жок, бірақ ішек микрофлорасының гепатобилиарлық жүйеге түсу теориясын қолдаушылар саны артуда. Ауру үрд^і кезінде микроорганизмдердің ішек бауыр арасындағы циркуляциясы анықталған, осының салдарынан патогендігі, әсіресе адгезивті және лизоцимге қарсы белсенділігі айқын штаммдардың селекциясы жүреді [54,55]. Бірқатар авторлар макроорганизмнің колонизациялық төзімділігі бұзылған кезде ішекте потенциалды-патогенді бактериялардың саны жоғарлап, олардың шырышты қабат пен аймақтық лимфа түйіндерінің тосқауылынан өтіп, ішкі ағзаларға, соның ішінде өт жолдары жүйесіне түсіп, эндогенді инфекция тудыратынына назар аударады [41, 46]. Сонымен қатар, "билиарлы" және "ішектік" микрофлораны бірдей зерттеуге арналған жұмыстар саны санаулы-ақ [47, 48].

Зәр шығару жолдарының тас ауруы бар науқастарда зәр шығару жүйесі мен ішекті біртекті микроорганизмдердің колонизациялауы, біртекті маркерлер анықталған [56]. Зәр шығару жолдарының асқынбаган инфекциясы кезінде 8890% жағдайда және асқынған инфекциясы кезінде 30-40% жағдайда ішек таяқшалары анықталады. Бүйректегі тастар, интраренальді рефлюкс дәрежегі, микробты-қабыну үрдігінің болуы бүйрек паренхимасының тыртықты склерозды өзгеруіне әкеледі, оның айқындығы қоздырғыштың биологиялық қасиеттері мен организмнің иммундық жағдайына байланысты болады. Уроэпителий мен бүйрек жасушаларының уропатогенді микроорганизмдермен колонизациялануы Р-фимбрий арқылы жүреді. Ішек таяқшаларының гендік құрылымының фимбриялары олардың адгезиясын, колонизациясын және зәр жолдарының шырышты қабаты арқылы қозғалысын, инфекцияның жоғары таралуын қамтамасыз етеді, ал бактерияларда агрессия ферменттерінің ДНК аза, фосфатаза, гемолизин, эндотоксиннің болуы жергілікті инфекцияға қарсы қорғаныс факторларының әсеріне төзуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар мен қоздырғыштың уреазалық және протеазалық белсенділігі қосылып, бүйректе тас пайда болуға себепкер болады [57-60].

Үйлескен литиазы бар науқастар санының көбеюі зат алмасуы бұзылған қарт және егде жастағы науқастар санының өсуімен және де жаңа диагностикалық зерттеу әдістерінің тәжірибеге кеңінен енгізілуіне байланысты ауруды анықтау сапасының жақсаруымен байланысты. Үйлескен литиаздын асқынған түрі бар науқастар саны артуда және де бұл хирургияның қазipri кездегі маңызды да,толық шешуін таппаған мәселесі болып отыр. Кез келген жастағы өт жолдарында тасы бар наукастар арасындағы операциядан кейінгі өлім көрсеткішінің жоғары (7-23%) болуының бір себебі бауырбүйрек жетіспеушілігі [53]. Өт жолдары мен зәр шығару жолдарының үйлескен литиазы кезінде бауыр-бүйрек жетіспеушілігінің даму қаупі жеке литиазбен салыстырғанда едәуір жоғары [15]. Маргулис М. С. және басқа да авторлар бауыр-бүйрек жетіспеушілігінің дамуының себебі паренхиматозды ағзалардағы қан айналымының, капиллярлы қан айналудың бұзылуы деп есептейді, ал үйлескен литиазы бар науқастарда оның қаупі едәуір жоғары [61].

Клиницисттер (хирургтар, урологтар, терапевттер) күнделікті жұмыс барысында өт жолдары мен зәр шығару жолдарының үйлескен литиазы бар науқастармен жиі кездеседі. Литогенді процесс жиі диагностикаланбаған жүйелік патологиялардың кең спектрін қамтиды.[63]. Бұл ауруларды жеке-жеке алғанда емдеу жолдарының алуан түрі болғанымен (лапароскопиялық холецистэктомия, дистанциялық толқынды литотрипсия, эндоскопиялық литотрипсия және т.с.с.), олар үйлесіп кездескен кезде дәрігерлерге олардың қайсын алдымен емдеу, қандай операция әдісін таңдаған жөн сияқты сұрақтарға жауап беру оңайболмайды.

Үйлескен литиазы бар науқастарды жүйелі (кезеңді) операция жасау арқылы емдеудің тікелей хирургиялық қаупі төмен болады. Бірақ, қалған жанама ауру операциядан кейінгі кезеңге теріс әсерін тигізуі мүмкін, ал науқас үшін тағы бір операция жасату қажеттігі жаңа стресс болып табылады. Сондықтан соңғы жылдары өт жолдары мен зәр шығару жолдарының үйлескен литиазы бар науқастарға жоспарлы және жедел хирургия кезеңде бір мезгілді не симультанды операция жасауды қолдаушылар саны көбейіп отыр [62-66].

Әдебиеттегі бірен-саран хабарламалар бүйрек пен іш қуысының бір ағзасындағы бір мезгілді операцияларға арналған [64-68]. Ішкі ағзалар мен іш пердесінен тыс кеңістіктегі ағзалардың үйлескен аурулары кезіндегі бір мезгілді операция көрсеткіштері, қолайлы кесу орны, операция көлемі мен жүйесіне арналған зерттеулер саны жеткіліксіз және де толық өңделмеген, ал кейбір хирургтардың пікірлері тіпті қарама-қарсы.

Қолданылған әдебиттерге жалпы шолу жасай отырып, өт жолдары мен зәр шығару жолдарында қосарланған тас пайда болу аурулары сұрақтарының жеткілікті шешілмегенін көрсетеді. Мақала авторлары келтірген бақылаулар саны мардамсыз және де өт жолдары мен зәр шығару жолдарында үйлескен тас пайда болу ауруының күрделі мәселе екенін, теория жағынан да, тәжірибе жағынан да әрі қарай зерттеулерді талап ететінін дәлелдейді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Дадвани С.А., Ветшев П.С., Шулутко А.М. Прудков М.И. Желчнокаменная болезнь. М.: Медицина, 2000. 267 с.
  2. Тиктинский О.Л., Александров В.П. Мочекаменная болезнь. СПб.:Питер,2000. 316 с.
  3. Гресь А.А., Ниткин Д.М., Вощула В.И. Коррекция метаболческих нарушений при мочекаменной болезни: инструкция по применению. Минск: 2004. 12 с.
  4. Аляев Ю.Г., Руденко В.И., Филосова Е.В. Современные аспекты медикаментозного лечения больных мочекаменной болезнью // РМЖ. 2004. №8. С. 47-56.
  5. Кузнецов Г.В. Методы лечения камней чашечек почек // Урология. 2002. №5. С. 73-77.
  6. Кадыров З.А., Истратов В.Г., Сулейманов С.И. Некоторые вопросы этилогии и патогенеза мочекаменной болезни // Урология. 2006. №5. С. 98-101.
  7. Корита В.Р. Особенности диагностики и хирургического лечения больных при сочетании желчкаменной и мочекаменной болезней: Автореф. дис. ... д-р.мед.наук Хабаровск, 1993. 37 с.
  8. Мансуров Х.Х., Мансурова Ф.Х., Молчагина Р.П., Борщева Л.И. О роли липопротеидов и триглицеридов в холестериновом литогенезе // Клинч. мед. 1994. №5. С. 31-33.
  9. Loria P.Carulli N. La terapia medica della litiasi biliara // Minerva chir. 1984. V.5., №3. P. 212-216.
  10. Адриенко А.Д. Пути улучшения результатов лечения острого холецистита, осложненного холедохолитиазом, у больных пожилого и старческого возраста: Автореф. дис. ... д-р.мед.наук Хабаровск, 2009. 47 с.
  11. Топчиашвили З.А., Пенин В.А. Взаимосвязь между желчнокаменной и мочекаменной болезнями //Вестник хирургии. -1968. №2. С.73-75.
  12. Розанов И.Б., Тепляшин А.С. Сочетание желчкаменной и мочекаменной болезни // Хирургия. 1987. №2. С. 5558.
  13. Нечипоренко Н.А., Юцевис Г.В., Нечипоренко А.Н. Симультанные операции как метод лечения сочетанных хирургических заболеваний в урологической клинике // Урология. -2006. №4. С. 27-31.
  14. Батвинков Н.И., Нечипоренко Н.А., Горелик П.В. Хирургическая тактика при сочетании заболеваний правой почки и желчного пузыря. // Здравоохранение Белоруссии. -1993. №4. С. 55-57.
  15. Бондарь Л.В. Особенности функционального состояния почек при хронических заболеваниях печени (цирроз печени Свирусной и алкогольной этиологии и первичном билиарном циррозе): Автореф. дис. ... д-р.мед.наук М., 2006. 33 с.
  16. Holman E.Salah V.A., Toth C. Comparison of 150 simultaneous bilateral and 300 unilateral percutaneous nephrolithotomies. // J.Endoural. 2002. V.1. P. 33-36.
  17. Перельман В.М., Буйлов В.М. Рентгендиагностика сочетанного урои холелитиаза // Вестник рентгенологии и радиологии. 1981. №4. С. 60-64.
  18. Тиктинский О.Л. Уролитиаз. Л.: Медицина, 1980. 192 с.
  19. Тиктинский О.Л., Скрябин Г.Н. Истинная и ложная фосфатурия // Урология и нефрология. 1984. №1. С. 37-40.
  20. Газымов М.М. Роль генетичесих, эндокринных и метоболических факторов в возникновении нефролитиаза и в определении тактики его лечения: Автореф. дис. ... д-р.мед.наук М., 1990. 42 с.
  21. Алчинбаев М.К., Сенцова ТБ.Мадибраимов К.М. Состояние местного иммунитета у больных мочекаменной болезнью при дисбактериозе кишечника // Материалы 11Международной конференции «Медицина приоритетные направления в охране здоровья народа». Алматы, 1998. С. 93-94.
  22. Алчинбаев М.К., Сарсебеков Е.К., Мадибраимов КМ. Состояние неспецифических факторов защиты у больных мочекаменной болезнью // Актуальные проблемы урологии: Материалы Ш-Республиканской научнопрактической конференции урологов Кыргыстана. Бишкек, 1998. С .56-60.
  23. Кожабеков БС.Меркутлева Н.В., Байжуманов И.Н., Мадибраимова К.М. Использование бионастоя яблочного в комлексе лечения мочекаменной болезни // Актуальные вопросы уроандрологии: Материалы П-Конгресса урологов Казахстана. Алматы, 1995. С. 64-65.
  24. Галеев М. А.,Тимербулатов В М.,Гарипов Р.М.,Верзакова И. В. Желчнокаменная болезнь и холецистит. Уфа: 2001. 263 с.
  25. Дзюрак В.С. Протеолиз и концентрация водородных ионов в патогенезе и лечении почечнокаменной болезни: Автореф. дис. ... канд.мед.наук Киев, 1989. 68 с.
  26. Тарасенко Б.В. Патогенетическое обоснование дифференцированного лечения больных нефролитиазом и метафилактика рецидивов камнеобразования: Автореф. дис. ... д-р.мед.наук М., 1999. 27 с.
  27. Agostino Di Ciaula, David Q-H Wang & Piero Portincasa, Cholesterol cholelithiasis: part of a systemic metabolic disease, prone to primary prevention // Expert Rev Gastroenterol Hepatol. 2019. №13(2). Р. 63-67.
  28. Kuan-Yin Lin, Sih-Han Liao, Wen-Chun Liu, Aristine Cheng, Shu-Wen Lin, Sui-Yuan Chang, Mao-Song Tsai, Ching-Hua Kuo, Mon-Ro Wu, Hsiu-Po Wang , Chien-Ching Hung, Shan-Chwen Chang, Cholelithiasis and Nephrolithiasis in HIV-Positive Patients in the Era of Combination // Antiretroviral Therapy. 2015. №2. Р. 56-62.
  29. McCullough H. Difficult Diagnosis in Urology. London: 1994. P. 245-269.
  30. Eric N.Taylor, Andrew T, Chan , Edward L,.Giovannucci, Gary C.Curhan. Cholelithiasis and the Risk of Nephrolithiasis, Adult UrologyUrolithiasis // Endourology. 2011. №1. Р. 126-132.
  31. Ivan E. Porter, William C. Palmer, Alexander Parker, David O. Hodge, Nancy N. Diehl, William E Haley, Prevalence of Nephrolithiasis in Patients with Chronic Liver Disease: A Case-Control Study // Health Sciences ResearchNephrology and Hypertension. 2019. №1. Р. 206-211.
  32. Буданова Е.В., Иноземцева Л.О., Воробьева А.А. и др. Микроэкология неспорообразущих анаэробов в норме и при патологии // Вест. РАМН. 1996. №1. С.25-27.
  33. Буянов В.М., Ордуян С.Л. Профилактика послеоперационных гнойносептических осложнений у больных холангитом // Материалы первой Всесоюзной конференции по хирургии печени и желчных путей. Ташкент, 1991. С. 25-27.
  34. Неймарк А.И., Фидиркин А.В., Савенко В.И. Роль физико-химического и биохимечкого состава мочи в генезе сочетанной мочекаменной и желчнокаменной болезни // Урология. 2002. №2. С.37-39.
  35. Becket T.Klerner P.Winmfeld K. Zur Choledocholithgenese // Zbl. fur Chirurgie. 1982. №107. Р. 400-407.
  36. Agostino Di Ciaula, David Q-H Wang & Piero Portincasa, Cholesterol cholelithiasis: part of a systemic metabolic disease, prone to primary prevention // Expert Rev Gastroenterol Hepatol. 2019. №13(2). Р. 236-242.
  37. Taylor EN1, Chan AT, Giovannucci EL, Curhan GC, Cholelithiasis and the risk of nephrolithiasis // Epub. 2011. №186(5). Р. 18821887.
  38. Sutor D.J., Wilkie L.I., Jackson M.J. Ionised calcium in pathological human bile // J.Clin. Pathol. 1980. - 38. P. 86-88.
  39. Liu Y, Chen Y, Liao B, Luo D, Wang K, Li H1, Zeng, Epidemiology of urolithiasis in Asia // Epub. 2018. №5(4). Р. 205-214.
  40. Валеевна К.Т., Краснощекова Е.Е., Ибятова Э.В., Бакалдина Н.П. Связь дисбактериоза кишечника с уровнем E.coli // Казанский мед.журнал. 1996. T.XXVI, №3. С. 198-199.
  41. Веселов А.Я. Изменения чувствительности микробов к антибиотикам под влиянием желчи // Хирургия. 1985. №8. С. 204207.
  42. Алексеев Г.К. Проблемы совершенсвования антиботикотерапии // Клиническая медицина. 1999. - 1. С. 4-9.
  43. Андрейчин М.А Антимикробные свойства желчи и желчных кислот // Антибиотики. 1980. T.25., №12. С. 936-939.
  44. Бекбергенов Б.М., Сергеева Н.А., Подачин П.В. Бактериохолия и содержание холевой кислоты в желчи при желчнокаменной болезни // Антибиотики и химиотерапия. 1990. T.35., №11. С. 37-40.
  45. Аверьянова О.С., Груздев М.П. К оценке традиционных и новых методов диагностики хронического холецистита // Матер. 4-го Всесоюзного съезда гастроэнтерологов, ч. 2. М., 1990. С. 7-8.
  46. Веселов А.Я., Витебский Я.Д., Чернов В.Ф. Микрофлора желчных путей при хроническом калькулезном холецистите и чувсвительность ее к антибиотикам // А нтибиотики. 1984. №3. С. 52-55.
  47. Курыгин А.А., Кочеровец В.И., Перегудов С.И. и др. Клинические аспекты синдрома избычной колонизации тонкой кишки толсто-кишечной микрофлорой // Вестн.хир. им Грекова. 1993. №2. С. 118-122.
  48. Сидорчук И.И. Микрофлора содержимого толстой кишки у детей, страдающих холециститами и холецистохолангитами//Актуальные вопросы клинической микробиологии в неинфекционной клинике: Тез.докл. 2-ой Всесоюзной конференции, ч.2. Барнаул: 1988. 141 с.
  49. Наумова О.В., Белова Е.Е., Хабазова Т.И. Микрофлора кишечника и желчи у больных с воспалительными заболеваниями гепотобилиарной системы // Респ. сб. науч. тр. «Аутофлора человека в норме и патологии и ее коррекция». Горький: 1988. 144 с.
  50. Петренко Г.Д., Зыбин В.М. Бактериальная флора желчи у больных острым холециститом с гепатохолеальным синдромом//Актуальные вопросы неотложной хирургии органов брюшной полости // Сборник науч. тр. Харьков: ХМИ, 1990. 85 с.
  51. Шкроб О.С., Вартанян Ж.С., Кузнецов Н.А. и соавт. Клиническая значимость неферментирующих грамотрицательных бактерий при хроническом калькулезном холецистите // Хирургия. 1987. С. 95-98.
  52. Джалашев Я.Х..Кочеровец В.И., Тарасов В.А. Клинико-микробиологическая диагностика неклостридиальной анаэробной инфекции при заболеваниях желчных путей и абсцессе печени // Вестн. хир. 1986. №3. С. 27-30.
  53. Щвецов С.А. Клиническое значение персистентных характеристик аэробной условно-.патогенной микрофлоры у больных холециститом.Автореф . дис. ... канд. мед. наук Пермь, 1994. 32 с.
  54. В.С.Савельева Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. М.: Триада-Х, 2006. 640 с.
  55. Габрилович И.М., Бозиев В.Б., Габрилович М.И. и др. Гетергенность антилизоцимной активности в популяциях условнопатогенных энтеробактерий // ЖМЭИ. 1994. №2. С. 32-33.
  56. Горская Е.М., Лабинская А.В., Чахава А.В и др. Адгезивная способность представителей кишечной микрофлоры при непрерывном и дробном оральном введении цефалексина и эритромицина // Антибиотики мед.биотехнология. 1987. Т.32, №3. С. 210-213.
  57. Мадибраимов КМ. Состояние микрофлоры кишечника у больных мочекаменной болезнью // Проблемы инфекции в акушерстве, гинекологии, дерматовенерологии и урологии. Алматы: 1998. С. 212-215.
  58. Гостаева В.В., Корякина И.П., Бондаренко В.М. и др. Электронно микроскопическое изучение взаимодействия нефритогенных штаммов Е.соіі, несущих З-маннозорезистентные фимбрии, с клетками линии почек человека // ЖМЭИ. 1983. №7. С. 59-62.
  59. Бондаренко В.М., Баркус М.М. Гемагглютинирующая и адгезивная способность штаммов клебсиелл и энтеробактер // ЖИЭИ. 1987. Ч 7. С. 3-6.
  60. Бондаренко В.М., Петровская В.Г. Ранние этапы развития инфекционного процесса и двойсвенная роль нормальной микрофлоры // Вестн. РАМН. 1997. Ч 3. С. 7-10.
  61. Балаховский И.С. Лабораторные исследования, основанные на связывании с лигандами // Клинич.лабор.диагностика. 2000. №1, Ч 1. С. 25-33.
  62. Menditto V, Milanese G, Muzzonigro G, Metaphylaxis of urolithiasis // Epub. 2009. №81(1). Р. 32-39.
  63. Андреев Ю.В., Богданец А.А., Бобков В.Л. и др.Симультанные операции у больных пожилого и старческого возраста. // Вестн.хир. 1997. №4. С. 75-76.
  64. Успенский Л.В., Кургузов О.П., Кузин Н.М. Сочетанные операции при желчнокаменной болезни // Хирургия. -1990. №1. С. 6064.
  65. Буянов В.М., Маховский В.З. Сочетанные хирургические операции в брюшной полости и забрюшинном пространстве // Хирургия. №4. С. 81-86.
  66. Ameli F.M., Weiss M.Provan J.L., Johnston K.W. Safety of cholecystectomy with abdominal surgery // Can.J. Surg. 1987. V.30. P. 170174.
  67. Rozanski T.A., Keislin V.J., Vaccaro J.A., Belville W.D. Elective cholecystectomy during major urological surgery // J.Urol. 1989. V. 141. P. 1295-1297.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.