Стрезам (Этифоксин) бензоксазин туындысы, анксиолитикалық белсенділік көрсетеді, аз мөлшерде седативті әсері бар. Тәуелділік шақырмайды, тоқтату синдромы байқалмайды.
Препарат асқазан-ішек жолында жылдам сіңіріледі, бауырда бірнеше метаболиттерге дейінжылдам метаболизге ұшырайды. Олардың бірі (диэтилэтифоксин) белсенді болып табылады жәнеоның жартылай шығу кезеңі жиырма сағатты құрайды. Қанда максимальдыконцентрациясы 2-3 сағаттан соң байқалады, жартылай шығу кезеңі -6 сағат. Зәрмен аз мөлшерде өзгермеген түрде шығады; өт арқылы да бөлінеді.
Көрсеткіштері:ішкі кернеліс күйін, жоғары тітіркенгіштікті, төмен көңіл-күйді басуда, үрей жағдайын, соның ішінде соматикалық аурулар, әсіресе жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі үрей жағдайларын басуда қолданылады..
Басқа дәрілік препараттармен әсерлесе отырып, орталық жүйке жүйесін тежейтін опиоидты анальгетиктер, барбитураттар, ұйықтататын заттар, нейролептиктер, антигистаминді заттар және т.б. әсерін потенцирлейді.Сонымен қатаралкогольдің әсерін күшейтеді.
Осы уақытқа дейін дәрігер психиатрлар мен жалпы тәжірибе дәрігерлері арсеналында психотропты препараттар ішіндебензодиазепин туындылары бастапқы орында, бұл олардың жалпы медициналық тәжірибеде, әсірісе терапиялық стационар пациенттерінде кездесетін табиғаты әрқилы психикалық бұылыстардың емінде аса қажеттілігімен, тиімділігімен байланысты.
Психикалық адаптация бұзылыстары кезіндегі транквилизаторларға деген жоғары қажеттілік,және де бензодиазепиндік транквилизаторларды ұзақ уақытқа тағайындау кезіндегі кері құбылыстар түзілу мүмкіндігіөзге (тиімді және қауіпсіз) транквилизаторларды жасауға қажеттілікті туындатты. Осындай препараттардың бірінеанксиолитикстрезам (этифоксин) жатады бензодиазепиндік емес құрылымдағытранквилизатор.
Бізбен (РеспубликалықПсихиатрия, Психотерапия және Наркология Ғылыми Тәжірибелік орталығы) психосоматикалық бұзылыстар бөлімшесінде 2010 жылдан 2011 жыл аралығы кезеңінде24-68 жас аралығындағы 153 пациент, олардың ішінде ерлер35;әйелдер118, жайылған үрейлі бұзылысдиагнозымен 8 адам F41.0 зерттеліп, емделді. 17 адам вегетативті бұзылыстармен жүретін паникалық бұзылыстар диагнозымен F41.8. Анықталған басқа үрейлі фобиялықбұзылыстар диагнозымен 73 адам. 15 адамаралас диссоциативті бұзылыстар диагнозымен емделді F06.4. 19 адамда органикалық үрейлі бұзылыс Ғ44.7диагностикаланды. Органикалық аффективті бұзылыстар 13 адамда F06.3 анықталды. Рекуррентті депрессивті бұзылыс диагнозы, соматикалық симптомдарменағымды эпизод 8 адам.
Ем қабылдап жатқан ерлердің ішінде жастар 24 35 жас аралығындағылар, әйелдерден 55 жас кезеңіндегілер басым болды. Ерлер еңбекке қабілетті жас кезеңіндегілер,олардың ішінде басым пайызы жұмыс табылмауына байланысты немесе денсаулық жағдайына байланысты уақытша жұмыссыздар. Әйелдер арасында 45% астамы зейнеткерлікке байланысты жұмыссыз, басқалары жұмыс орындарында орын болмауына байланысты жұмыссыз.
85% әйел пациенттерүлкен қала жағдайында, жеке өмір сүреді, жеке тұратын ересек балалары бар. Ерлердің басым бөлігі жұбайларымен тұрады,кейбіреулері әртүрлі себептерге байланысты үйленбеген. Ұлттық құрамы бойынша 85% қазақ ұлты, қалған 15% европалықұлт. 40%-дан астамында жоғары білімі бар. Пациенттердің басым бөлігіндесәйкес тұрмыстық жағдай жоқ, қаржылық қиындықтары бар. Барлық дерлік науқастар стационарға алғаш түсіп отырғандар, дәрігер интернисттерде ем қабылдау орынды деп санаппсихиатриялықкөмекке жүгінбеген, негізінен емханалық жағдайларда қаралған.
Пациенттердіңбөлімшеде болу ұзақтығы 8 аптадан 10 -12 аптаға дейін. Науқастар стрезамдыбір капсуладанкүніне үш рет қабылдады, ал жайылған үрейлі бұзылыс диагнозымен 8 адамбір капсуладан 4 рет қабылдады. Стрезамдықолдану үрей дәрежесін төмендетті, көп жағдайда үрей толығымен жоғалды, паникалық пароксизмдердің регрессіне алып келді, вегетативті бұзылыстар әлсіреді. Препарат оптимальды анксиолитикалықәсерге ие, қауіпсіз, тәуелділік тудырмайды, тоқтату синдромын шақырмайды. Ес, зейін қызметіне әсер етпейді, керісінше қалыптастырады, когнитивті қызмет бұзылыстары жоқ.
Психосоматикалық бұзылыстарпатогенезікүрделілігіменжәне әрқилылығымен ерекшеленеді. Оған орталық жүйке жүйесі құрылымының нейрогуморальды реттелуінің оптимальды деңгейін қамтамасыздау тұрғысынан, гипоталамо-гипофизарлық және лимбикалық жүйе, үлкен жартышарлар қыртысының реттеуші орталықтары, бүйрек үсті бездері және т.б. қатысады. Сонымен қатар психосоматикалық патология дамуында басты рөлдісозылмалы стресс жағдайы алатынын айта кеткен жөн. Созылмалы стресс жүйке, жүрек-қантамыр, асқорыту және ағзаның басқа да жүйелерінің басым зақымдалуымен психосоматикалық аурулардыңкөпбуынды даму механизмінің «бастамасының» аса маңызды фактының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта стрезам, терапияда таңдамалы препарат болып табылады, мына жағдайларда тиімді: үрейлі невротикалық бұзылыстар (неврастения, психастения); үрейлі симптоматика басымдылығымен үрейлідепрессивтібұзылыстар; айқын үрей синдромымен психосоматикалық патология; климактерикалық синдром; егде және кәрілік жастағы үрейшілдік. Әсіресе ауру дамуының ең ерте сатысында препаратты уақтылы қабылдау қажеттілігін атап өту маңызды, осы кезде патогенетикалық терапия аса тиімді. Мөлшері күніне 3 капсула. 1 қорабы 2-3 апталық емге жетеді. Ем курсы 2-3 ай.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- Вейн А.М. Дюкова Г.М. Панические атаки. Руководство для врачей. М.: Эйдос Медиа, 2004. 403 -404 бб.
- Смулевич А.Б., Дробижев М.Ю., Иванов С.В. Клинические эффекты бензодиазепиновых транквилизаторов в психиатрии и общей медицины. Учебное пособие. М., 2005ж., 10-11, 21-22, 34-35 бб.
- Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А. «Депрессивные расстройства и современные методы лечения», методические рекомендации, Алматы 2007 ж. 7-8-9-10 бб.