Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдердің денсаулығына байланысты өмір сапасы

Қоғамдық денсаулық сақтауда жасөспірімдердің өмір сапасын бағалау өте маңызды. Өмір сапасы жасөспірімдердің мүмкіндіктерін талдауға, олардың өмір салты мен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада жасөспірімдердің денсаулығына байланысты өмір сапасын анықтауға бағытталған KIDSCREEN-27 сауалнамасының нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижесі бойынша Ақтау қаласының жасөсіпірімдері денсаулық жағдайларын төмен бағалады және физикалық белсенділікті қажет ететіндігі анықталды.

Өзектілігі. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті - Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» деп атап өткен болатын [9]. Өмір сапасының маңызды критерийлерінің бірі тұрғындардың денсаулығы болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмір сапасын «жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды [2]. Қазіргі уақытта өмір сүру сапасы көптеген ғылым салаларын, соның ішінде психология, педагогика, медицина, экология және басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Қазіргі зерттеушілер оның мазмұнының көп қырлылығын атап өтеді, оның психологиялық құрамының басты рөлін, белгілі бір қарқындылықпен және экстенсивтілікпен өмір сүруді жүзеге асыру қабілеті ретінде белгілейді [10,12]. Сонымен қатар, қазіргі медицинада "денсаулыққа байланысты өмір сапасы" термині кеңінен қолданылады, оны дені сау және науқас адамның субъективті қабылдауына негізделген физикалық, психикалық және әлеуметтік қызмет етуінің интегралдық сипаттамасы ретінде қарастыруға болады [11].

Соңғы онжылдықтарда өмір сапасын зерттеу денсаулық сақтауда кеңінен қолданылады, бұл клиникалық және медициналық-әлеуметтік зерттеулердің міндетті компоненті болып табылады. Өмір сапасын анықтау адам өмірінің интегралды ерекшеліктерін бағалау әдісі болып табылады [1,5,8]. Білім беру кезеңінде өмірдің әлеуметтік жағдайларының субъективтік сипаттамаларына сәйкес жасөспірімдердің өмір сапасын анықтау өте маңызды міндет болып қала береді [7].

Қоғамдық денсаулық сақтау негізінде балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жүйелі түрде өлшеу әлемде еш жерде жүргізілмеген [6]. Мұндай өлшем тұрғындардың психикалық денсаулықты қорғау жөніндегі жағдайларына деген қажеттілігін бағалау үшін маңызды, олар бір де бір елде толықтай қанағаттандырылмаған, бірақ 18 жасқа дейінгі халықтың шамамен 5-20%-ы бағаланады [4]. Психикалық және күнделікті эмоционалдық және мінез- құлық қиындықтарының симптомдарын өлшеу балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықтың проблемалы дәрежесін бағалау тәсілдерінің бірі болып табылады. Өмір сапасын бағалау үшін әр түрлі, сенімді және бейімделген бағалау құралдары - сауалнамалар қолданылады [12].

Зерттеу мақсаты. Жасөспірімдердің денсаулығына байланысты өмір сапасын және оның психологиялық жағдайына әсерін бағалау.

Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін №5,7,14,20,28 мектептерінде жүргізілді. Зерттеуге 14-15 жас аралығындағы барлығы 534 оқушы (261 ер бала, 273 қыз бала) қатысты.Зерттеу әдісі - әлеуметтік әдіс (сауалнама жүргізу).

Жасөспірімдердің денсаулығына байланысты өмір сапасын бағалау үшінKIDSCREEN-27 сауалнамасы

қолданылды.KIDSCREEN-27сауалнамасын қолдану үшін рұқсат алдынды. Сауалнама валидизацияланған және авторлармен рұқсат етілген.

KIDSCREEN құралдары балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын бағалайды (денсаулыққа байланысты өмір сапасы). Құралдар балалар мен жасөспірімдердің немесе ата-аналары мен

асыраушыларының денсаулыққа байланысты өмір сүру сапасын бағалауға арналған. KIDSCREEN дені сау және созылмалы ауру балалар мен 8 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылады.

KIDSCREEN-27 сауалнамасы бойынша жасөспірімдердің өмір сапасы 5 көрсеткіш бойынша бағаланды: физикалық жағдайы (5 сұрақ), психологиялық жағдайы (7 сұрақ), ата- анасымен қарым-қатынасы (7 сұрақ), әлеуметтік қолдау және достары (4 сұрақ), мектептегі ортасымен қарым- қатынасы (4 сұрақ). Бұл құрал нұсқасына байланысты 27 сұрақтан тұрады. Әрбір сұрақ ешқашан/мүлдем деген жауаптардан бастап әрдайым емес деген жауаптарға дейін бес балдық шкала бойынша бағаланды [3].

Жасөспірімдер сауалнаманың сұрақтарына өткен аптаны естеріне түсіре отырып жауап берді. Сауалнаманы толтыруға шамамен 10-15 минут уақыт кетті.Сауалнама нәтижелерін статистикалық өңдеу STATISTICA 10 статистикалық бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Нәтижелер және оларды талдау. Ақтау қаласының жасөспірімдеріне жүргізген KIDSCREEN-27 сауалнамасының бірінші бөлімі физикалық жағдайы бойынша жасөспірімдердің өмір сапасының денсаулық белсенділігін, энергиясын, физикалық қалпын, сонымен қатар денсаулық жағдайларына шағымдары, әлсіздік, тежелу жағдайларын анықтау қарастырылады, респонденттердің 23,41%±3,59 физикалық әлсіз және физикалық тұрғыда сау емес, өзін бағаламау, төменгі энергияға ие болса, 76,59%±3,59 J іТі [

Кесте 1 KIDSCREEN-27 сауалнамасының бағалау параметрлері бойынша нәтижесі

физикалық белсенді, күшті, дені сау, энергияға ие (кесте-1). Физикалық жағдай аспектілері бойынша жасөспірімдердің 46,25%±4,22 өз денсаулықтарын төмен бағаласа, 22,10%±3,52 физикалық тұрғыда белсенді еместігін, 19,48%±3,26 энергия төмендігін көрсеткен.

Сауалнаманың келесі бөлімінде психологиялық жағдай аспектілері, яғни респонденттердің өз өміріне қанағаттануын, оң көзқараспен қарауын, көңіл-күйінің жоғарылығын, сонымен қатар өзіне көңіл толмауын, жалғыз сезінін, көңіл-күйінің төмендігін, нашар сезінулерін көрсетеді. Респонденттердің сауалнаманы толтырулары бойынша 20,79%±3,45 депрессия сезімі басым, өздерін төмен бағалайлап, өмірге сүйініспеншілікпен қарай алмаса, 79,21%±3,44 өмірге көңілдері толатын, оң көзқараспен қарайтындар. Осы бөлімнің аспекті сұрақтарын талдасақ, бір апта бұрын жасөспірімдердің 35,77%±4,07 көңіл-күйілері болмаған, 28,46%±3,82 өздерін нашар сезініп, ештеңеге зауқы болмаған, 24,72%±3,66 өздерін жалғыз сезінген.

Үшінші бөлімнің аспектілері жасөспірімдердің ата-анасымен қарым-қатынасының сапасы, олардың ата-анасы тарапынан жақсы көруді қолдауды қаншалықты сезінеді және де жасөспірімдердің жеке бас тәуелсіздік деңгейін, қаржылық ресурстарды қабылдау сапасы қарастырылады. Нәтиже бойынша 13,11%±2,86 респонденттің ата-анасы тарапынан сезімдерінің шектеулігін, бағаланбауларын, күнделікті қажетті қаражат шектеулерін сезінсе, 86,89%±2,0 ата- аналармен қарым-қатынаста оңтайлы сезініп және жеткілікті дәрежеде таңдау еркіндігіне ие (ата-аналар арасындағы жақсы қарым-қатынас, ата-аналар арасындағы жақсы тепе-теңдік), қаржы ресурстарымен қанағаттану сезімі, өздерін жайлы сезінеді. Ата-анасымен қарым-қатынас

аспектілерінің сұрақтары бойынша қарастырсақ 20,60%±3,43 жасөспірімдер бос уақыттарына жоспарлаған жұмыстарын жүзеге асыра алмаған, 11,42%±2,69 ата- аналарымен қалаған уақыттарында сөйлесе алмаған болса, 81,65%±3,29 респонденттің өзіне уақыты жеткілікті болған, 91,01%±2,42 ата-аналары айтарлықтай көңіл бөліп, әділетті қараған, 88,01%±2,75 қажеттіліктері мен шығындарына қаржылары жеткілікті болған.

KIDSCREEN-27 сауалнаманың төртінші бөлімінде құрдастарымен және достарымен ортадағы әлеуметтік қарым-қатынас сапасы және қолдау көрсету аспектілері қарастырлады. Сауалнаманы респонденттердің толтырулары бойынша 13,3%±2,88 өздерін артық сезінеді, құрдастарын қабылдай алмаса, 86,70%±2,88 өздерін жайлы сезінеді, құрдастарының ортасына қосыла алады және қолдауға ие. Осы бөлімнің сұрақтарына талдау жасасақ, респонденттер сауалнаманы белгілеу уақытанан өткен аптасында 20,41%±3,42 достарымен уақыт өткізбегендерін және олармен көңілсіз екенін белгілеген, бірақ 87,64%±2,79 өздерінің достарына сенім білдіретіндіктерін, 91,01%±2,42 өзі және достары бір-біріне көмектесетіндіктерін көрсеткен. Соңғы зерттеу бөлімінде жасөспірімдердің мектеп ортасымен қарым-қатынастарының сапасы, яғни жасөспірімдердің білімді қабылдауы, танымдылығын және мектепке деген сезімдері, мұғалімдерімен қарым-қатынас, көзқарастары қарастырылады. Жасөспірімдердің мектеп ортасымен қарым-қатынастарының сапасы бойынша 17,42%±3,22 респондент мектептің ұнамайтындығын, мектеп жайында кері көзқараста екенін, 82,58%±3,21 өздерін мектепте бақытты сезінеді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының концепциясында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» көрсетілгені белгілі, бұл барлық адамның өмір сапасын құраушы параметрлері, соның ішінде жасөспірімдердің. Барлық адам жасөспірімдік кезеңнен міндетті түрде өтеді және бұл уақыт ересек, егде жастағы кезеңдегі өмір сапасын дұрыс қалыптасуы үшін өте маңызды екендігін ескере келе келесідегідей қорытындыға келдік: Ақтау қаласының жасөсіпірімдері денсаулық жағдайларын 46,25%±4,22төмен бағалады, 23,41%±3,59 физикалық белсенділікті қажет етеді, яғни бұл жасөспірімдердің салауатты өмір салтын арттырып, спортпен шұғылдануға көзқарастарын жоғарылату қажет.

Жасөспірімдердің 20,79%±3,45 депрессия сезімі басым, өздерін төмен бағаламайды, өмірге сүйініспеншілікпен қарай алмайтындығын, 13,11%±2,86 ата-анасымен араларында дұрыс қарым-қатынас жоқтығын, 13,3%±2,88 өздерін қоғамнан артық сезінетіндерін ескерсек, 17,42%±3,22 респондент мектептің ұнамайтындығын, мектеп жайында кері көзқараста екенін ескерсек, бұл жасөспірімдердің психологиясы тұрақсыз қауіптілік шеңберінде жүргендер, оқыс-оқиғалар, қоғамдағы келеңсіз жағдайлар, осы жасөспірімдер салдарынан болуы мүмкін. Бұл жасөсіпірімдерге ата-анасынан, мұғалімдерден, достарынан қолдауы қажет. Қазіргі уақытта қажеттіліктерді қанағаттандырмасақ, болашақта өмірден өз орынан таба алмайтын ұрпақты тәрбиелеп шығаруымыз мүмкін.

Бағалау параметрлері

Төменгі көрсеткіштер, (%)

% үшін сенімділік интервалы 95%

Жоғары көрсеткіштер, (%)

% үшін сенімділік интервалы 95%

1

Физикалық жағдайы

23,41%

19,82-27,00

76,59%

73,00-80,18

2

Психологиялық жағдайы

20,79%

17,34-24,23

79,21%

75,77-82,66

3

Ата-анасымен қарым-қатынасы

13,11%

10,25-15,97

86,89%

84,03-89,75

4

Әлеуметтік қолдау және достары

13,30%

10,42-16,18

86,70%

83,82-89,58

5

Мектеп ортасымен қарымқатынасы

17,42%

14,20-20,63

82,58%

79,37-85,58

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Collier J, MacKinlay D, Phillips D. Norm values for the Generic Children's Quality of Life Measure (GCQ) from a large schoolbased sample // QualLifeRes. 2000. №9(6). Р. 617-623.
  2. URL: http://www.who.int.
  3. URL: https://www.kidscreen.org
  4. Kieling C, Baker-Henningham H, Belfer M, Conti G, Ertem I, Omigbodun O, et al. Child and adolescent mental health worldwide: evidence for action // The Lancet. 2011. №378(9801). Р.1515-1525.
  5. Verrips EG, Vogels T, Koopman HM, et al. Measuring healthrelated quality of life in a child population // Eur J Public Health. 1999. №9(3). Р. 188-193.
  6. WHO. Atlas on child and adolescent mental health resources: Global concerns, implications for the future. Geneva: World Health Organization, 2005. 156 р.
  7. Баранов А.А., Альбицкий В.Ю., Устинова Н.В. Социальные инициативы педиатров по защите интересов и прав детей: история и современность // Российский педиатрический журнал. 2013. №6. С. 5-7.
  8. Баранов А.А., Намазова-Баранова Л.С., Ильин А.Г., и др. Научные исследования в педиатрии: направления, достижения, перспективы // Российский педиатрический журнал. 2013. №5. С. 4-14.
  9. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 29 қаңтар 2010 жыл
  10. Монахов М. В., Цыбульская И. С. Влияние качества жизни семей на состояние здоровья детей // Социальные аспекты здоровья населения. М.: 2009. №12(4). С. 45-52.
  11. Павленко, Т.Н. Состояние здоровья и качество жизни девочек подросткового возраста г. Оренбурга/Т.Н. Павленко, Е.А. Калинина, И.В. Винярская // Вопросы современной педиатрии. 2009. Т.8, №5. С. 9-12.
  12. Хуснутдинова З. А., Килина А. В. Качество жизни городских и сельских школьников подросткового возраста // Молодой ученый. 2015. №6(4). С. 63-66.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.