Қазіргі дамыған қарбалас заманға адамның бейімделуі физиологиялық тұрғыдан кейбір жағдайда кері әсер алуда. Бұрыс тұрмыс дәстүрі, жағымсыз экологиялық ахуал, стресс тудыратын факторлар және тағы басқа осы секілді жағдайлар, адамның созылмалы шаршау синДромына алып келеДі. Созылмалы шаршауДың негізгі симптомДары тұрақты шаршау сезімін сезіну және қажудың жоғарлауы. Созылмалы шаршау қазіргі таңда жастар арасында еселеніп, өсуде. Оның бір басты себебі, көбінде уақытты дұрыс пайдаланбау арқылы денсаулыққа аса мұқияттылығымен қарамағандығынан болуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Созылмалы шаршау белгілерінің студенттердің денсаулығына әсерін зерттеу.
Жұмыстың мшдеттері:
Студенттер арасында созылмалы шаршау белгілері дамуының физиологиялық негіздерін зерттеу.
Қалыпты және созылмалы шаршау белгілері бар студенттердің физикалық дамуын және денсаулық жағдайын анықтау.
Қалыпты және созылмалы шаршау белгілері бар студенттердің жүрек қан-тамыр жүйесі және тыныс алу жүйесінің жұмыс істеу қалпын анықтау.
Созылмалы шаршаудың белгілері адам әр кез шаршайтын, қажитын, оны безгег ұстайтын, бұлшық еттері ауыратын, ұйықтай бергісі келетін ағзаның күй-ахуалы. Созылмалы шаршаудың сенімді серіктері депрессия, апатия, зейінсіздік. Есте сақтау қабілетінің, ұйқының бұзылуы, себепсіз үрей және тынышсыздықтың күшеюі бұл бұзылудың белгісі. Созылмалы шаршау белгілері бірнеше ай, тіпті жылға созылуы мүмкін. Бұл дертті уақытында емдемеу, созылмалы шаршау синдромына, шизофренияға алып келуі мүмкін [13].
Көп жағдайда науқастар «ауру алды» жағдайына, кенеттен пайда болған әлсіздікке шағымданады. Науқастардың айтуы бойынша «физикалық күш» шаршау сезімін күшейтеді. Көптеген науқастар тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуына, түнгі уақытта тердің бөлінуіне, бастың айналуына шағымданады. Созылмалы шаршау синдромымен науқастанған адамдардың барлығы әлеуметтік белсенділіктің төмендеуіне көңіл бөледі, әр үшінші адам жұмыс істей алмайды.
Созылмалы шаршау қазіргі таңда жастар арасында еселеніп, өсуде. Оның бір басты себебі, көбінде уақытты дұрыс пайдаланбау арқылы денсаулыққа аса мұқияттылығымен қарамағандығынан болуда. Созылмалы шаршау қажу сезімінен басталады. Қажудың бірнеше түрі ажыратылады [4]. Қажу мөлшерден артық әсердің нәтижесінде дамитын, уақытша жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталатын адамның физиологиялық жағдайы және интеллектуалды еңбектің өнімі төмендеуімен, назардың әлсіреуімен, ойлаудың кешеуілдеуімен сипатталады [5-7]. Физикалық қажу бұлшықет функциясының бұзылуымен: күштің, жылдамдықтың, дәлдіктің, қозғалыстың келісімділігі мен ырғақтылығы төмендеуімен сипатталады. Сонымен қатар психикалық өте қажуды ажыратамыз. Жүйке жүйесінің белгілі бір реттілігімен мектепке дейінгі шақтағы және төменгі сыныптардағы балаларда интенсивті ойлау еңбегі невроздардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл ойлау қажуының тұрақты психикалық күш түсумен, үлкен жауапкершілік сезімімен ұштасқан кезінде болады. Ересек балаларда психикалық өте қажу шамадан тыс толқу және жауапкершіліктің әр тектілігі кезінде болады [8-11]. Қажу сезімі, энергия жетіспеушілігі физикалық күштемесіз 6 айға созылса, созылмалы шаршау синдромының пайда болғандығы. Ересек адамдар арасындағы созылмалы шаршау синдромы 0,007-2,8% құрайды, балалар мен жасөспірімдер арасында сирек кездеседі. Соңғы статистикалық зерттеу бойынша 30-40 жастағы кәсіпкерлер арасында созылмалы шаршау синдромы жиі кездеседі.
Созылмалы шаршау төмен белсенділікпен өмір сүрудің нәтижесі болуы мүмкін. Компьютердің алдында көп сағаттық отыру немесе теледидардың шиналарының алдында қалыпты физикалық жұмыс немесе серуендеуден гөрі көп. Тұрақты үрдістер, зат алмасу бұзылыстары, өмір сүру деңгейіне еріп, дене мүшелерін әлсіретіп, созылмалы шаршау синдромын қоса алғанда көптеген аурулардың дамуына үлес қосады.
Қозғалыс бұл аурудың тамаша алдын-алу. Физикалық белсенділік әлсіздікке әкелетін көптеген факторлардың теріс әсерін бейтараптандыруға көмектеседі [12].
Созылмалы шаршау белгілері байқалғанда акупунктура денеге әсер етудің жақсы әдісі. Сонымен қатар, автономды жүйке жүйесінің жұмысы жақсарып, кернеулер жойылады. Мүмкіндігінше мамандандырылған шипажайда емдеу курсын өтуге болады [13].
Зерттеу материалдары мен әдістері. Студенттердегі созылмалы шаршаудың пайда болуын анықтауда клиникалық-физиологиялық зерттеулер жүргізілді. 18-22 жас аралығындағы 1030 студент қатысты, оның ішінде 440 (42,7%) ұл бала және 590 (57,3%) қыз бала.Негізгі қолданылған әдістер: эпидемиологиялық зерттеу
(біріншілік скриниг), анкеталық сұрақ-жауап, Руфье-Диксон үлгісі қолданылды.
Зерттеу нәтижесі. Бірінші кезеңде бір уақытта эпидемиологиялық зерттеу (біріншілік скрининг) көктемнің алғашқы айында жүргізілді.
Біріншілік скринингтің нәтижелері 1 суретте көрсетілген. Жүргізілген зерттеулерден 1 ай бойы шаршағандығы туралы (ұзаққа созылған шаршау) 391 студент шағымданды, оның ішінде 238 қыз бала (61%) және 153 ұл бала (39%).
Сурет 1 Студенттердің арасында 1 ай және 6 ай аралығында жүргізілген созылмалы шаршаудың біріншілік скринингі, %
Созылмалы шаршау 6 ай бойы болғандығы туралы 145 студентт шағымданды, оның ішінде 91 қыз бала (63%) және 54 ұл бала (37%). 494 студентте ешқандай шағым болмады, оның ішінде 291 қыз бала (59%) және 203 ұл бала (41 %). Сонымен барлығы 536 студент шағымданды, оның ішінде 329 қыз бала (61%) және 207 ұл бала (39%) (сурет 2).
Сурет 2 6 ай аралығында созылмалы шаршау белгілерімен шағымданған студенттер саны, n
- ай бойы шаршау сезінген 145 студенттің 45 студенті идиопатиялық созылмалы шаршау сезімі анықталды, оның ішінде 32 қыз бала және 13 ұл бала (сурет 3).
Сурет 3 - Идиопатиялық созылмалы шаршау белгілері бар студенттер саны, n
Қорыта келе 18-22 жас аралығындағы студенттердің созылмалы шаршау сезімі жынысқа байланысты емес екендігі анықталды.
Кесте 1 Біріншілік скринингте уақыт тәуелділігіне және жынысына байланысты студенттердің шаршау белгілерін анықтау
Шаршау ұзақтығы |
жынысы |
Барлығы |
||||
Ұлдар |
Қыздар |
|||||
n. |
% |
n. |
% |
n. |
% |
|
6 ай бойы |
54 |
37 |
91 |
63 |
145 |
14 |
1 ай бойы |
153 |
39 |
238 |
61 |
391 |
38 |
Қажу жоқ |
203 |
41 |
291 |
59 |
494 |
48 |
Барлығы |
410 |
- |
620 |
- |
1030 |
- |
Әр курстағы студенттердің жеке сабақ жүктемесі арқылы салыстыру жүргіздік. Дегенмен ешқандай айырмашылық байқалмады. Себебі әр курстың өзіндік қиын сабақтары да болды (кесте 2).
Адам өмірінің қазіргі заманғы ырғағы, ол алатын ақпараттың үлкен көлемі, зияткерлік жұмысбастылық ми жұмысының белсендендіруіне алып келеді, нәтижесінде шамадан көп оттегіні пайдаланады.
Әлемдегі жағымсыз экологиялық жағдайды және ірі қалалардың газдылығын қоссақ, мұндай тұрмыс дәстүрі ағзадағы оттегі жетіспеушілігіне алып келеді - гипоксия. Дұрыс емес тамақтану, тұрақты толыққанды ұйқының бұзылуы, гиподинамия, компьютер және басқа да қазіргі заман техникаларының кері әсерінен жағдай одан сайын ушығады.
Созылмалы шаршау белгілері иммундық жүйенің әлсіреуінен де байланысты. Адам ағзасы әр түрлі вирустарды тез қабылдағыш болады.
Созылмалы шаршау белгілері орталық жүйке жүйесіне және алдыңғы миға соққы жасайды, ол да дене және ақыл-ой жұмыс бастылығын көтере алмайды. Созылмалы шаршаудан барлық ағза зардап шегеді.
Зерттеуімізде бақылау тобында бастапқы ай және 6 ай уақыт өтсе де ешқандай айырмашылық байқалмады. Барлығы да бірқалыпты, еш өзгеріс болмады (кесте 3).
Кесте 2 Студенттерді ұзақ уақыт бойы шаршау мен созылмалы шаршау белгілері бойынша анықтау
Курс |
1 ай бойы |
6 ай бойы |
||||||
Ұл бала |
Қыз бала |
барлығы |
Ұл бала |
Қыз бала |
Всего |
|||
Лбе. |
% |
Абс. |
% |
|||||
1 курс(п=218) |
24 |
67 |
91 |
41,7 |
7 |
13 |
20 |
9,2 |
2 курс (п=497) |
83 |
96 |
179 |
36 |
30 |
40 |
70 |
14,1 |
4 курс (п=315) |
46 |
75 |
121 |
38,4 |
17 |
38 |
55 |
17,5 |
Итого (п=1030) |
153 |
238 |
391 |
38 |
54 |
91 |
145 |
14,1 |
Кесте 3 Созылмалы шаршау белгілері бар және бақылау тобы студенттерінің бастапқы және 6 айдан кейінгі деңгейлерін салыстыру
Шағымдар |
Созылмалы шаршауы бар студенттер |
Бақылау тобы |
||||||
Біріншілік скрининг, п=45 |
6 айдан соң, п=45 |
Біріншілік скрининг,п=25 |
6 айдан соң, п=25 |
|||||
Абс. |
% |
Абс. |
% |
Абс.. |
% |
Абс. |
% |
|
Дене температурасының жоғарылауы |
15 |
33,33 |
15 |
33,33А |
0 |
0,00 |
0 |
0,00 |
Жұтқыншақта ауырсынудың болуы |
18 |
40,00 |
15 |
33,33 |
8 |
32,00 |
6 |
23,08 |
Бұлшық еттердегі ауырсыну |
15 |
33,33 |
16 |
35,56л |
2 |
8,00" |
2 |
7,69 |
Бас аурулары |
38 |
84,44 |
40 |
88,89л |
16 |
64,00" |
14 |
53,85 |
Физикалық жүктеменің жоғарылауы |
24 |
53,33 |
23 |
51,11л |
1 |
28,00" |
7 |
26,92 |
Ұйқының бұзылуы |
36 |
80,00* |
24 |
53,33л |
5 |
20,00" |
3 |
11,54 |
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі |
19 |
42,22 |
21 |
46,67л |
4 |
16,00" |
j |
11,54 |
Тітіркену |
31 |
68,89 |
28 |
62,22л |
8 |
32,00" |
5 |
19,23# |
Көңіл күйдің болмауы |
33 |
73,33* |
22 |
48,89 |
6 |
24,00" |
12 |
46,15# |
1 студентке түскен шағым (М±ш) |
6,8±0,6 |
6,0±0,8 |
2,9±0,6 |
2,9±0,6 |
Ескерту: * р<0,05 созылмалы шаршау белгілері бар студенттердің бастапқы және кейінгі деңгейлерін салыстыру
# р<0,05 бақылау тобы студенттерінің бастапқы және кейінгі деңгейлерін салыстыру
" р<0,05 созылмалы шаршау белгілері бар және бақылау тобы студенттерінің бастапқы деңгейлерін салыстыру
Л р<0,05 созылмалы шаршау белгілері бар және бақылау тобы студенттерінің 6 айдан кейінгі деңгейлерін салыстыру.
Руфье-Диксон үлгісі бойынша жүректің жұмыс істеу қабілеттілігі анықталды. Берілген жүректің жұмыс істеу қабілеттілігі (жоғары, жақсы, орташа) бақылау тобына қарағанда негізгі топ студенттерінде жиі кездесті (р=0,055). Жүректің қанағаттанарлық жұмыс істеу қабілеттілігі негізгі топ студенттерінде бақылау тобы студенттеріне қарағанда 1,5 есе жиі кездесті(р=0,19).
Жүректің жұмыс істеу қабілеттілігі негізгі және бақылау тобындағы студенттердің жынысына тәуелді: екі топтада ұл балалардың жүректің жұмыс істеу қабілеттілігі (жоғары, жақсы, орташа) қыз балаларға қарағанда жақсы болса (р=0,000), ал қыз балаларда жүректің жұмыс істеу қабілеттілігінің қанағаттанарлығы ұл балаларға қарағанда жақсы (р=0,000) (сурет 4).
- негізгі топ, n=45
- бақылау тобы, n=25
Сурет 4 Жүректің жұмыс істеу қабілеттілігі, %
Екі топ арасында қыз балаларда ғана өзгешілік байқалды. Ол созылмалы шаршау белгілері бар студенттердің жұмыс істеу қабілеттілігі нашар болып шықты (6%).
Қорытынды. Созылмалы шаршау белгілерінің дамуын тоқтату үшін: жұмыста әр 5 минут сайын үзіліс жасау; дене және ақыл-ой күштерін алмастыру; істегіңіз келмейтін жұмысты, сізбен салыстырғанда қолы бос әріптестеріңізбен бөлісу; өз уақытыңызды дұрыс үлестіруді үйрену; аптасына бір рет демалыс күнін жасау; белсенді демалу, әсіресе таза ауада; жеткілікті уақыт ұйықтау және дұрыс тамақтану. Созылмалы шаршаудың алғашқы себептерін байқаған сәтте, емделуді бастау керек. Созылмалы шаршауды емдеу үшін ағзаны тазалау, мидың қалыпты жұмыс істеуіне арналған дәрі-дәрмектер, эндокринді және иммунды жүйелер жұмысының қайта қалпына келу әдістері қолданылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей // Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. М., 2008. 432 с.
- Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.М.: Центр Демографии РАН, 1996. 61 с.
- А.А. Баранов, Л.А.Шеплягина Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы). М.: 2006. 464 с.
- Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. 2000. С. 2-6.
- Журавлева И.В. Здоровье подростков: социологический анализ. М.: 2002. 240 с.
- Окнин В.Ю. Проблема утомления, стресса и хронической усталости // Русский медицинский журнал. 2004. Т.12, №5(205). С. 276-279.
- Новик A.A. Синдром хронической усталости. Сообщение 1. // Проблемы реабилитации. 2000. №1. С. 118-125.
- Новик А.А., В.Н. Цыган, Н.Х. Дулатова, К.Д Жоголев и др. Синдром хронической усталости и иммунной дисфункции. СПб.: ВМедА, 2001. 104 с.
- Зайцева Н., Красавина H.A., Алексеев В.Б. О состоянии здоровья детей в Пермской области (по итогам Всероссийской диспансеризации 2002 г.). Пермь: 2003. 62 с.
- Ковалёв Ю.В. Депрессия, клинический аспект. М.: Медицинская книга, Изд-во НГМА, 2001. 144 с.