Жұмыста электр машиналары мен жабдықтарын жөндеу бойынша цехтың жұмыс аймағының ауасын зерттеу нәтижелері келтірілген. Локомотив депосының қызметкерлері арасында кәсіби қауіп-қатерді бағалау және талдау теміржол медицинасында маңызды. Технологиялық операцияларды орындау кезінде бөлшектеу, сіңдіру, агрегаттар мен жабдықтарды бояу, зиянды химиялық аэрозольдар жұмыс аймағының ауасына шығарылады. Аккумуляторшылар мен мен құюшылар жұмыс орындарындағы зиянды заттардың құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары болған. Изоляторларды және басқа бөліктерді эмальдармен, лактармен жабу процесінде жұмысшыларға бояу мен олардың ұшпа компоненттері тікелей әсер еткен. Бұл жұмыстың мақсаты электр машиналары мен локомотив депосының жабдықтарын жөндеу бойынша цехтың жұмыс аймағында болатын өнеркәсіптік аэрозолды гигиеналық бағалау болды.
Кіріспе. Локомотив депосының жұмысшыларының еңбегіне жұмыс ортасының қолайсыз факторларының күрделілігі, ауырлығы мен қарқындылығы кешенді әсер ететіні белгілі. Жұмысшылардың денсаулығына теріс әсер ететін өндіріс ортасының факторлары арасында теміржол көлігінде кеңінен қолданылатын бірқатар зиянды химикаттар(түрлі техникалық майлар,тотығуға қарсы сұйықтықтар және т.б.). Локомотив депосыныңэлектр машиналарын жөндеуге арналған алаңдарындапайда болаты көп компонентті зиянды өндірістік аэрозольдері сол жерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің денсаулығына зиянын тигізетін кәсіби қауіптер қатарына жатады[1-2].
Локомотив депосының жұмысшыларының денсаулығына бақылау жүргізу, себеп-салдарлық қатынастарды анықтау және зерттеу теміржол көлігіндегі еңбек гигиенасының маңызды міндеті болып табылады [3].
Химиялық факторлардың локомотив депосының жұмысшылары ағсасына нақты қауіптілігін талдау нәтижелері локомотивтерге техникалық қызмет көрсету, жеке процестер технологиясын жөндеу жүйесін жетілдірудемақсатындаескерілуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып осы зерттеуді өткіздік.
Осы жұмыстың мақсаты Алматы локомотив депосының электр машиналары мен жабдықтарын жөндеу цехының жұмыс алаңындағы өндірістік аэрозолдері (химиялық қосылыстар және шаң газ компоненттері) гигиеналық бағалау болды.
Материалдар мен зерттеу әдістері.
Зерттеу нысаны - Алматыдағы локомотив депосының электр машиналары мен жабдықтарын жөндеу цехы, құрамында 9 жөндеу учаскесі бар.
Жұмыс орындарындағы шаң мен газдардың құрамын бағалау қалалықсанитарлық сараптама орталығымен бірге «Жұмыс аймағындағы зиянды заттардың шегірұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК)» және ГОСТ 12.1.005- «Жұмыс орындарындағы ауаға зиянды заттардың шегіі рұқсат етілген концентрациясы(ШРЕК)»нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізілді. Барлығы 162 өлшем.
Нәтижелері мен талқылау. Электр машиналарын жөндеу цехында әр түрлі технологиялық операциялары жүргізілетін жұмыс орындарында шаң деңгейі 2,2 мг/м3-ден 2,8 мг/м3-ға дейін жетіп, шегі рұқсат етілген концентрациясынан 0,2-ден 0,8 есеге дейін асатындығы байқалды, яғни орта есеппен шаңның мөлшері 8,5 ± 1,7 мг/м3дейін көтерілді, нормалық деңгейі 6 мг/м3.
Өндірістік операцияларды орындау процесінде Агрегаттар мен жабдықтарды бөлшектеу, сіңдіру, бояу кезінде жұмыс аймағының ауасына зиянды химиялық аэрозольдар жинилады. Алайда зерттеу барысында көміртек тотығы мен күкіртті сутегісияқты химиялық заттар мөлшері рұқсат етілген нормалардан аспады.
1-кестеделокомотив депосындағы электр машиналары цехы ауасындағы шаң мен газдардың мөлшерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Шаңның бөлінуі токарлық станоктар алаңында 8,5±1,7мг/м3деңгейінде байқалған, бұл нормадан жоғары. Басқа алаңдарда шаң 2,2 - 3,1мг/м3аралығында, ал газдардың мөлшері барлық жөндеу алаңдарында ШРЕК -нан аспады.
Кесте 1 Локомотив депосындағы электр машиналары цехы ауасындағы шаң мен газдардың мөлшерін зерттеу (M±m)
Жөндеу алаңдары |
Шаң ШРЕК 6,0, мг/м3) |
SO2 ШРЕК - 10 мг/м3 ) |
CO ШРЕК 20 мг/м3 ) |
NO ШРЕК 2 мг/м3 ) |
|
Электр машиналары мен жабдықтарын жөндеуге арналған цех |
|||||
1.Электр машиналарын жөндеу бойынша алаңдар (мотористер) |
2,8±0,8 |
0,06±0,003 |
5,9±1,1 |
0,08±0,02 |
|
2.Жылжымалы құрамды жөндеу алаңдары (механиктер) |
2,2±0,5 |
0,06±0,003 |
6,0±1,2 |
0,7±0,02 |
|
3.Қорғасын-қалайы қорытпаларын құю алаңдары (құюшылар) |
2,4±0,7 |
0,4±0,07 |
9,0±1,4 |
2,5±0,5 |
|
4.Кесектерді сіңдіруге арналған алаңдар (импрегматорлар) |
2,3±0,6 |
0,03±0,001 |
7,0±0,9 |
0,7±0,03 |
|
5.Токарь станоктарының алаңдары (токарщиктер) |
8,5±1,7 |
0,07±0,003 |
5,0±0,7 |
0,9±0,03 |
|
6.Компрессорды жөндеу алаңдары (компрессоршы) |
2,2±0,2 |
0,06±0,03 |
6,0±1,0 |
1,2±0,2 |
|
7.Электр жабдықтарын жөндеу (электрлік, газдық және электр дәнекерлеушілер) алаңдары |
3,1±0,8 |
0,04±0,002 |
5,4±0,8 |
0,8±0,03 |
|
8.Механикалық жинау жұмыстарын жүргізу алаңдары (механиктер, мотористер) |
2,3±0,5 |
0,04±0,002 |
5,4±0,7 |
0,8±0,03 |
0,65±0,003 6,0±1,0 0,8±0,03
Аккумуляторларды зарядтау, механикалық бөлшектерді шаңнан тазарту, электролит деңгейін бақылау, агрегаттардың пішінін дайындау, қорғасын қорытпаларын дайындау және құю сияқты өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде аккумуляторшыларға химиялық заттар зиянды әсер етеді. Осылайша, аккумулятор операторларының және құюшылардың жұмыс орындарындағы азот оксиді мөлшері 0,5-тен 0,8 есеге, күкірт қышқылы 1,5-тен 1,8 есеге ШРЕК дан жоғары.
Газбен дәнекерлеу, газдбен кесу және металдарды тазарту кезінде, қорғасын қалайы қорытпаларын дайындауда,
үйкеліс тораптарын майлау, гальваникалық жабындыларды бүрку және қолмен бояу қолданған кезде локомотив депосы жұмысшылары зиянды химиялық заттардың әсеріне ұшырайды. Бұл химиялық улы заттар кәсіби қауыптар тобына кіреді, терең зерттеуді, талдауды талап етеді.
2-кестеден көріп отырғандай, изоляторлар мен олардың басқа да бөлшектерін эмальдау мен лактау кезінде бояу өнімдері мен олардың ұшпа компоненттерімен (фенолформальдегид пен битумдық шайырлар) жұмысшылар тікелей байланыста болады.
Кесте 2 Локомотив депосы мамандарының жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы (M±m)
Якорь катушкаларын глифталь лакпен, алстаторды арнайы лакпенбояу ауаға еріткіштердің буларының таралуы анық байқалады. Атап айтқанда, электр машиналарының қанқа мен бөліктері мен ішкі жақтарынбояған кезде ауаға бензин, толуол, ксилол, ацетон, бутил және амилацетат, скипидар, бензин және басқа да еріткіштердің буы ауаға тарайды. Сонымен қатар, электр және газ дәнекерлеушілер және сіңірушілер сияқты мамандардың жұмыс аймағында жоғары ксилол концентрациясымен дем алуы мүмкін, ксилолдың деңгейі 22,6 мг/м3-ден 38,3 мг/м3-ге дейін көтеріліп,ШРЕК- нан асып түсті.
Құюшылар мен моторшылар жұмыс орындарының жұмыс зонасындағы ауада қорғасын буы 0,023 ± 0,001 мг/м3аралығында, ШРЕК-дан 1,3 және 1,6 есе асып түсті. Газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде жұмысшылар марганецтің жоғары концентрациясының әсеріне ұшырайды, ШРЕК -нан 2,8-3,2 есе асып кетті.
Сонымен, гигиеналық зерттеулер нәтижелері локомотив депосында жөндеу жұмыстарының технологиялық операциялары орындалған кезде жұмысшыларға зиянды химиялық факторлары әсер етеді. Сонымен қатар, локомотив депосындағы жөндеу жұмыстары шаңның көп мөлшерде пайда болуына және химиялық әртүрлі аэрозолдардың ауаға таралуына әкеп соқтыратындығы белгілі болды.
Қортынды.
- Локомотив депосының электрмашиналары мен жабдықтарын жөндеу цехы жұмысшылары ауасында шаң- газ қоспаларыныңшегі рұқсат етілген концентрациясынан 2,2-ден 3,4 есежоғарыжағдайындаеңбек етеді.
- Жөндеу цехындағы жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту практикалық ұсыныстары, ең алдымен, гигиеналық бақылауды күшейтуге және кәсіби қауіптерді төмендетуге арналған алдын алу шараларын іске асыруға бағытталады.
Мамандықтар |
Pb ШРЕК - 0,01 мг/м3) |
MnO ШРЕК - 0,2 мг/м3) |
Ксилол ШРЕК - 50 мг/м3) |
Толуол ШРЕК - 50 мг/м3) |
Бензол ШРЕК - 5,0 мг/м3) |
Мотористер |
0,022±0,001 |
0,058±0,002 |
10,2±1,2 |
8,0±0,6 |
0,8±0,6 |
Электр дәнекерлегіштер |
0,008±0,001 |
0,42±0,001 |
72,6±4,2 |
||
Құюшылар |
0,026±0,001 |
0,062±0,002 |
48,2±1,3 |
10±0,7 |
1,3±0,7 |
Сіңдірушілер |
0,017±0,001 |
0,063±0,002 |
84,2±6,2 |
14,0±0,7 |
2,8±0,7 |
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Капцов В.А., Вильк М.Ф., Каськов Ю.Н., Шайсултанов К.Ш. Современные проблемы гигиены и эпидемиологии на железнодорожном транспорте и пути их решения // Гигиена труда и медицинская экология. 2006. №4(9). С. 82-96.
- Атьков О.Ю На страже безопасности движения поездов и здоровье работников железнодорожного транспорта // Здравоохранение на железнодорожном транспорте: сб. науч. тр. М., 2005. С. 5-9.
- Седенко В.Н. Особенности условий и режима труда, отдыха и питания локомотивных бригад // В сб. научно-практических работ «Здравоохранение на железнодорожном транспорте государств-участников СНГ на современном этапе: теория и практика». М., 2005. С. 217-219.