Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Echinops l. туысының қазақстандық дәрілік түрлерінің зерттелу деңгейі және болашағы

Өсімдік ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтау мемлекетаралық деңгейдегі глобальді мәселеге жатады. Дәрілік препараттар алуда және пайдалы түрлерін интродукциялауда өсімдік шикізатын қолдану тұрақты шикізат базасын жасауда маңызды этап саналады. Қазақстанда отандық фармацевтикалық өнеркәсіп қауқарсыз, Республиканың қажеттілігін 5% ғана қанағаттандырады. Өзіміздің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту туралы сұрақ тұр, шикізат пен субстанцияны өндіруден дайын дәрілік қалыптар алуға дейінгі толық циклды қамту керек.

Өсімдік типті дәрілік заттар препараттар ішінде маңызды орынды алады, әсіресе синтетикалық заттармен емделгеннен токсикоаллергиялық аурулардың өсуіне байланысты. Соңғы жылдардың зерттеулері көрсеткендей, синтетикалық заттарға қарағанда дәрілік өсімдіктер өзінің емдік қасиеттерімен құрамындағы биологиялық белсенді заттардың оптималды қатынасына байланысты адам ағзасымен эволюционды және генетикалық ұқсастыққа ие. Емдік, реттегіш әсерлі өсімдік текті дәрілік заттар ағзада алмасу үрдістеріне қатысып, қорғаныс қасиетін арттырады және лейкоциттердің фагоцитарлық қызметіне ықпал жасайды [1-4].

Дәрілік препарат алуда құнды шикізаты Қазақстанның биологиялық белсенді заттарға бай, әлемдік нарықта үлкен сұраныспен қолданылатын алкалоид құрамды дәрілік өсімдіктер.

Алкалоид құрамды өсімдіктердің түрлік ерекшеліктері және фитохимиялық зерттеулер болашағы зор өсімдіктерді теңгерімді қолдануға және сақтауға, жаңа фитопрепараттар алуға жолдама береді.

Дәрілік өсімдіктердің ішінде перспективасы жоғары алуантүрлілікпен сипатталатын және биологиялық белсенді заттардың кластары бар Echinops L. туысының түрлері жатады. Echinops L. туысының Қазақстандық түрлері жүйелі зерттелмеген, сондықтан химиялық құрамын зерттеу, потенциалды биологиялық белсенді заттарды бөліп алу әдістерін жасау, биологиялық белсенділігін зерттеу және жаңа дәрілік заттар алу өзекті саналады.

Жабайы өсетін танымал және жаңа өсімдік түрлерін, биологиялық белсенді қосылыстар көздерін жан-жақты зерттеу, фармацевтикалық, парфюмерлік, тағамдық және өнеркәсіптің басқа да салаларында және ауыл шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер ассортиментін толықтыруда өте өзекті.

Алуантүрлі биологиялық белсенділікке ие Астралылар тұқымдасына жататын AsteraceaeЛақcаEchinops L.туыcының алкалоидқұрамды түрлері тәжірибелік қызығушылық тудырады [5].

Echinops L. туысының өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері мен фитохимиялық зерттеулерін ары қарай жүргізу үшін, оның негізінде фитопрепарат алу үшін Echinops L. туысының қазақстандық түрлерін зерттеу игеру деңгейі бойынша әдебиеттік шолу жасалды.

Echinops L. туысының түрлері көпжылдық, биіктігі 40-150 см болатын біржылдықтары да бар, кезектеске, төменгі бөлігі үшкір инелері бар, мамықтары бар, бездері бар жапырақты, Еуразия мен Солтүстік Африканың шөлдері мен далларында таралған. Себеттері біргүлді, көпсанды, сабақ аяғында жинақталған, шар тәріздес немесе жұмыртқа тәрізді. Жапырақтары 3-5 қатардан кезектескен, пленка тәрізді немесе терілік. Гүлі дұрыс пішінді, екі жағы да жалаң, ақшыл немесе көкшіл түтікшелі.

Echinops L. туысы 130 түрді қамтиды, негізінен КСРО территориясында 58 Лақса түрі кездеседі, Қазақстан флорасында 18 [6, 7], С.А. Абдулина бойынша (1999) [8] 19 түрі кездеседі, E. fastigiatus R. Kam. et Tscherneva түрімен толықтырылды. Орта Азия мен Қазақстан таулы аймақтарында түрлік ерекшеліктер көптеп кездеседі.Қазақстан флорасында 7 эндемикалық түрі келтірілген: Ақсабақ ЛақсаЕ. albicaulis Kar.et Kir., Қазақ Лақсасы E. kasakorum Pavl.,Жалаң ЛақсаЕ. subglaber Schrenk., Мамық-қотырлы Лақса E. pubisquameus 1Г|т,1ле ЛақсасыЕ. transiliensis Golosk., Талас ЛақсасыЕ. talassicus Golosk.,Зайcан ЛақсасыЕ. saissanicus (Keller) Bobr. [6]. Сирек кездеcетіндеріEchinopskazakorum, E. fastigiatus, E. saissanicus [9].

Echinops L. түрлері ішінде бал тасымалдаушы және адемі шырай беріп тұратын декоративті түрлері де кездеседі, кейбірі құрамында алкалоидтары бар ал кейбірі улы болады. Лақсаның фармакопеялық түрі қарапайым ЛақcаEchinops ritro L. эхинопсин нитрат препаратын алуда шикізат көзі болды, ол орталық және шеткері жүйке жүйесінің зақымдалуларында қолданылып, кардиотоникалық әсерге ие. Эхинопсинді алуда шикізат көзі ретінде шар тәріздес Лақсаны декоративтілік үшінде қолданған.

Соңғы 20 жылдық әдебиеттік және интернет-көздерге шолу көрсеткендей, Қазақстан территориясында өсетін Echinops туысының түрлерінің тек Ч бөлігінің ғана фитохимиялық зерттеулері жүргізілген [10].

Шетелдік ғылыми oрталықтардаE. latifolius, E.echinatus, E. ellenbeckii, E. giganteus, E.gmelinii, E. grijisii, E. hussoniтүрге жататын басқа өкілдерінің химиялық құрамын зерттеулерде тиофендер, флавоноидтар, лигнандар, гликоалкалоидтар, полисахаридтер,т.б. бөлініп алынды [11 19].

Пайдалы фармакологиялық қасиеттері (гепатопротекторлы, қабынуға қарсы, саңырауқұлаққа қарсы, уытты әсерлері) у E.grijisii; E. latifolius, E.echinatus [20 25] түрлерінен анықталған.

Биологиялық белсенділігі (антифунгалды, антифертильді)E.ritro, E. ellenbeckii, E. longisetus, E.echinatus түрлерінде анықталған [26 31]. Сондай-ақ өсімдіктердің фитогенетикалық, кариологиялық, экологиялық және басқа да ерекшеліктеріқарастырылды [32 - 34].

Хемотаксономиялық тектілік принципі бойынша ұқсас қосылыстар мен биологиялық белсенділіктердің болуын осы туыстағы қазақстандық түрлерінде де бар деп болжауға болады.

Әдебиеттік мәліметтер негізінде [6 -10], Жоңғар-Солтүстік Тянь-Шань аймақтарында өсетін EchinopsL. түрлерінің тізімі жасалды [35 39] (1-кесте).

Echinops L. қазақстандық 19 түрінің қарастырылған аймақта тек 6 түрі өседі екен (31%). Бұл көпжылдық (5 түрі) және бір-екі жылдық (1 түрі) шөптер 20(40) 100(150) см биіктікте болады. Негізінен маусым-шілде айларында гүлдейді, тамыз-қыркүйекте жеміс береді.

Жоңғар-солтүстік Тянь-Шань аймақтарында құмды далаларда, құрғақ шөлді жерлерде, тасты-құмды, шлейфтерде, тау бөктерінде 2 түрі, әртүрлі өсімдіктер аралығында, тау бастамаларында және таудың орта сызықтарында 4 түрі кездеседі.

Кеңінен тараған түрлеріне: E.ritro и E. chantavicus, эндемикалық түрлеріне 2 түрі: Echinops albicaulis жәнеE. transiliensis.

Химиялық құрамы бойынша мағлұмат тек 3 түрі бойынша бар: Echinops albicaulis, E. ^antavicus, E. ritro; қолданылуы мен пайдалы қасиеттері туралы 2 түрінде: Echinops albicaulis және E. ritro.Жерүcті бөлігінде (жапырағында, сабағында, гүлінде) алкалоидтар, үштерпеноидтар, флавоноидтар, илік заттар, кумариндер, стероидтар, витамин С, май; жемісі мен тұқымында алкалоидтар мен май; жерасты бөлігінде тек алкалоид. Алкалоидтардың ең көбі Echinops chantavicus (1,9%) жәнеЕ. ritro (1,8-2,3%) ( 1кесте).Эндемикалық түрлердің көбінде осындай ақпараттар жоқ. Қазақстандық 2 эндемикалық түрлердің Echinops albicaulis және Echinops transiliensis, фармакопеялық түр Echinops ritro L.фитoxимияcын зерттеу алғаш рет экстрактыларының антитермиялық белсенділігін анықтауға мүмкіндік берді [40].

Осылайша, зерттелген Жоңғар-солтүстік Тянь-Шань территориясында өсетін Echinops L. өсімдігінің түрлері, олардың құрамындағы заттар жан-жақты және терең зерттеуге перспективті, фитопрепараттар алудың негізгі көзі ретінде ғылыми және тәжірибелік қызығушылық танытады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Блажей А.Шутый JI. Фенольные соединения растительного происхождения: Пер. со словацк. М.: Мир, 1977. 236 с.
  2. Глызин В.И., Тареева Н.В., Давыдова В.Н., Толстых Л.П.,Янулис В.П., Степанова Л.И., Ратникова Г.В., Нагаслаева Л.А. // Тезисы докладов I Российского национального конгресса «Человек и лекарство». М.:1992. С. 198-203.
  3. Каухова И.Е. Новая методика получения растительных препаратов // Фармация. 2006. №1. С. 37-41.
  4. Мошкова Л.В., Садоян В.А. Ассортимент биологически активных добавок к пище // Новая Аптека. Приложение. 2005. № 5. С. 33-36.
  5. Гемеджиева Н.Г., Курбатова Н.В. Полезные свойства алкалоидосодержащих растений Казахстана // Актуальные проблемы ботанического ресурсоведения: Мат. Международн. научн. конференции, посвященной памяти выдающегося казахстанского ботаника-ресурсоведа, член-корреспондента НАН РК, д.б.н. М.К. Кукенова в связи с 70-летием со дня рождения. Алматы: 2010. С. 71-75.
  6. Флора Казахстана. Алма-Ата:1966. Т.9. С.179-184.
  7. Байтенов М.С. Флора Казахстана. Алматы: 2001. Т.2.280 с.
  8. Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. Алматы: 1999. С. 38-39.
  9. Красная книга Казахской ССР. Алма-Ата: 1981.Ч.2.С.193-195.
  10. Гемеджиева Н.Г. Перспективы изучения и использования казахстанских алкалоидоносных видов рода EchinopsL // Биотехнология. Теория и практика. Степногорск: 2008. №3. С. 28-36
  11. Horvath Z.Gyemant G., Danos B., Nanasi P. Investigation of polysaccharides of Echinops species. Medicinal plant polysaccharides I // Acta Pharm. Hung. -1998. Vol. 68(4). Р. 214-219.
  12. El Sayed K.A. A pseudoguaianesesquiterpenexylopyranoside from Echinopshussoni // Pharmazie. 2001. Vol.56(5). P. 415-417.
  13. Liu Y.Ye M., Guo H.Z., Zhao Y.Y., Guo D.A. New thiophenes from Echinopsgrijisii // J.Asian. Nat. Prod.Res. 2002. Vol. 4(3). Р. 175-178.
  14. Gyemant G.Nanasi P. Comparison of Echinops species on the basis of the monosaccharide composition of polysaccharides // Acta Pharm. Hung. 2003. Vol.73(2). P. 77-79.
  15. Su Y.F., Luo Y.Guo C.Y., Guo D.A. Two new quinolineglycoalkaloids from Echinopsgmelinii // J. Asian. Nat .Prod. Res. 2004. Vol. 6(3). P. 223-227.
  16. Tene M.Tane P., Sondengam B.L., Connolly J.D. Lignans from the roots of Echinopsgiganteus // Phytochemistry. 2004. Vol. 65(14). Р. 2101-2105.
  17. Hymete A.Rohloff J., Kj0sen H., Iversen T.H. Acetylenicthiophenes from the roots of Escinopsellenbeckii from Ethiopia // Nat. Prod. Res. 2005. Vol. 19(8). Р. 755-761.
  18. Wang Y.Li X., Meng D.L., Li Z.L., Zhang P., Xu J. Thiophenes from Echinopslatifolius // J.Asian. Nat. Prod. Res. 2006. Vol. 8(7). P. 585588.
  19. Singh S.Upadhyay R.K., Pandey M.B., Singh J.P., Pandey V.B. Flavonoids from Echinopsechinatus // J. Asian. Nat. Prod. Res. 2006. Vol. 8(3). Р.197-200.
  20. Lin C.C., Yen M.H., Chiu H.F., Chang C.H. The pharmacological and pathological studies on Taiwan folk medicine (IV): The effects of Echinopsgrijisii and E. latifolius // Am. J. Chin. Med. 1990. Vol. 18 (3-4). Р.113-120.
  21. Lin C.C., Lin C.H., Chiu H.F., Hu M.F. The pharmacological and pathological studies on Taiwan folk medicine (VII): The anti-inflammatory effect of Echinopsgrjiisii // Am. J. Chin. Med. 1992.Vol. 20(2). Р.127-134.
  22. Lin C.C., Lin C.H. Pharmacological and pathological studies on Taiwan folk medicine (IX): The hepatoprotective effect of the methanolic extract from Echinopsgrijisii // Am J Chin Med. 1993.Vol. 21(1).Р.33-44.
  23. Carter A.M., Blankenship T.N., Kunzle H.Enders A.C. Development of the haemophagous region and labyrinth of the placenta of the tenrec, Echinopstelfairi // Placenta. 2005. Vol.26 (2-3).-Р.251-261.
  24. Kunzle H.PoulsenNautrup C., Schwarzenberger F. High inter-individual variation in the gestation length of the hedgehog tenrec, Echinopstelfairi (Afrotheria) // Anim. Reprod. Sci. 2007. Vol.97(3-4).Р.364-374.
  25. Van den Ende W.Clerens S., Vergauwen R., Boogaerts D., Le Roy K., Arckens L., Van Laere A. Cloning and functional analysis of a high DP fructan:fructan 1-fructosyl transferase from Echinopsritro (Asteraceae): comparison of the native and recombinant enzymes// J. Exp. Bot. 2006.Vol.57(4). -Р.775-789.
  26. Sharma K.S., Mishra S.Mehta B.K. Antifertility activity of Echinopsechinatus in albino rats // Indian J. Med. Sci. 1988.Vol. 42(2). Р.2326.
  27. Singh B.Gambhir S.S., Pandey V.B., Joshi V.K. Anti-inflammatory activity of Echinopsechinatus // J. Ethnopharmacol. 1989. Vol.25(2).Р.189-199.
  28. Rimbau V.Cerdan C., Vila R., Iglesias J. Anti-inflammatory activity of some extracts from plants used in the traditional medicine of northAfrican countries (II) // Phytother. Res. 1999. Vol.13 (2).-Р.128-132.
  29. Hymete A.Iversen T.H., Rohloff J., Erko B. Screening of Echinopsellenbeckii and Echinopslongisetus for biological activities and chemical constituents // Phytomedicine. 2005. Vol.12(9).-P.675-679.
  30. Fokialakis N.Osbrink W.L., Mamonov L.K., Gemejieva N.G., Mims A.B., Skaltsounis A.L., Lax A.R., Cantrell C.L. Antifeedant and toxicity effects of thiophenes from four Echinops species against the Formosan subterranean termite, Coptotermesformosanus // Pest. Manag. Sci. 2006. Vol.62(9). P.832-838.
  31. Fokialakis N.Cantrell C.L., Duke S.O., Skaltsounis A.L., Wedge D.E. Antifungal activity of thiophenes from Echinopsritro // J. Agric. Food Chem. 2006. Vol. 54(5). P.1651-1655.
  32. Garnatje T.Valles J., Garcia S., Hidalgo O., Sanz M., Canela M.A., Siljak-Yakovlev S. Genome size in Echinops L. and related genera (Asteraceae, Cardueae): karyological, ecological and phylogenetic implications // Biol .Cell. 2004.Vol.96(2). -P.117-124.
  33. Carter A.M., Blankenship T.N., Kunzle H.Enders A.C. Structure of the definitive placenta of the tenrec, Echinopstelfairi // Placenta. 2004.Vol.25(2-3).-P. 218-232.
  34. Stumpf P.Kunzle H., Welsch U. Cutaneous eccrine glands of the foot pads of the small Madagascan tenrec (Echinopstelfairi, Insectivora, Tenrecidae): skin glands in a primitive mammal // Cell Tissue Res. 2004.-Vol.315 (1).P.59-70.
  35. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений СССР. М.: 1983. 268 с.
  36. Беклемишева Н.Д. Список официально признанных лекарственных растений. Руководство по работе с лекарственными растениями. Алматы: 1999. С. 95-132.
  37. М.К. Кукенов Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы: 1996. С.107-108.
  38. Растительные ресурсы СССР: Цветковые растения, их химический состав, использование. Сем. Asteraceae. СПб.: 1993. С.110112.
  39. Дикорастущие полезные растения России. СПб.: 2001. С.96-97.
  40. Charles L. Cantrel, Weste L.A. Osbrink, Leonid Mamonov, Nadejda G. Gemejieva, Amelia B. Mims, Alexios L. Skaltsounis, and Nikolas Fokialakis, Antifeedant and toxicity effects of thiophenes from four Echinops species against the Formosan subterranean termite, Coptotermesformosanus // Pest Management Science. 2006. P. 832-838.
  41. Рачковская Е.И., Сафронова И.Н., Волкова Е.А. Принципы и основные единицы районирования // Ботаническая география Казахстана и Средней Азии (в пределах пустынной области). СПб.: 2003. С.192-195.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.