Бұл мақала негізгі ресми статистикалық есептілік (балалардың саны, аурушаңдығы, мүгедектік, өлім-жітім) мәліметтеріне талдау жасай отырып, балалардағы аурушаңдық динамикасын зерттеп, негізгі мәселелерді анықтауға бағытталады. Қазақстандағы балалардың денсаулығын қорғау мен құқықтарына байланысты жағдайды жеткізуді мақсат етеді. Маңызды мәселелерін анықтау мақсатында қала халқына жүргізілген сауалнама талдауы және өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерді талдай отырып, балалардың жағдайы мен көрсетілетін медициналық көмек деңгейін жоғарылату бойынша ұсыныстар тұжырымдалады.
Бала құқығының ең жақсы қамтамасыз етілу принципі , оның балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте тіркелу қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Білім туралы» заңдарында, Неке және отбасы Кодексінде, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико- педагогикалық коррекциялық көмек көрсету туралы», Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінде, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексінде бекітілген және балаларға қатысты мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдарының маңыздылығы басым аймағы екендігі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының халық саны 2011жылдың 1қаңтарында 16,4 млн. адам болып, оның 8,5 млн. - әйелдер (52%), 7,9 млн. -ерлер (48%). Ал 2018 жылдың басында (01.01. 2018) халық саны 18,157 млн. болды. Оның ішінде 0- 14жас аралығындағы балалар 5,109 млн., 15-17 жас аралығындағы балалар 675,0 мың, 18-жастан асқандар 12,372 млн.
Біздің есептеулеріміз бойынша 2019 жылдың бастапқы кезеңінде Қазақстан халқы тұрғындардың жасына байланысты келесідей топтастырылады:
15 жастан төмен жастағы тұрғындар пайызы | |
|
15 пен 65 жас аралығындағы тұрғындар пайызы | |
|
1 ||64 жастан асқан тұрғындар пайызы | |
Абсолютті сандарда (2018-2019ж):
4 012 460 - 15 жастан төмен жастағы адамдар (ерлер: 2 049 866 / әйелдер: 1 962 594)
13 220 482 - 14- тен жоғары, 65- тен төмен жас
аралығындағы адамдар (ерлер: 6 441 931 / әйелдер: 6 778 551)
1 375 137 - 64 жастан асқан адамдар (ерлер: 470 784 / әйелдер: 904 353)
Қазақстан Республикасында тұрғындардың негізгі бөлігі (53,6%) қалалық жерлерде өмір сүреді, 46% - ауылдарда.
Ауылдық отбасыларының көпбалалы болуына байланысты 5 пен 19 жас аралығындағы балалардың басым бөлігі ауылды аймақтарда тұрады (1 961,776 - ауылда, 1 843,372 - қалада).
ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, өлім- жітім көрсеткіші 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға төмендеп, туу көрсеткіші 4%-ға артқан, нәтижесінде халықтың табиғи өсім деңгейі 15,15 құрады. Дегенмен, ана мен бала өлімі мәселесі республика үшін маңызды болып қалып отыр(1- кесте).
Кесте 1 2016 2017 жж. нәресте және ана өлімінің көрсеткіштері Кестедегі мәліметтер бойынша 2017 жылы нәресте өлім- жітімінің артуы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 21%, Қостанай облысы бойынша 12,9%, Ақмола облысы бойынша 8,6% құрап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 6,62% төмендеген. Нәрестенің өліміне соқтыратын негізгі себептерге перинаталды кезеңнің бөлек жағдайлары, екінші орында туа біткен даму ақаулары, үшінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары, кейін қайғылы оқиғалар, жарақаттар, уланулар жатады.
Ал ана өлімі көрсеткіші 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда Алматы облысында 73%, Маңғыстау облысында 50,4%, Шығыс Қазақстан облысында 28%, ал Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында 65% жоғарылаған болса, Қостанай облысында 30,2%, Қарағанды облысында 21,4%, Атырау облысында 39%, Оңтүстік Қазақстан облысында 19% төмендеген. Қазіргі таңда Қазақстанда 4 миллионнан аса бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар, олар республиканың барлық тұрғындарының 30% жуығын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында республикадағы көрсеткішпен салыстырғанда нәресте өлім-жітімі 15% жоғары, ал ана өлімі көрсеткіші 13% жоғары .
Сонымен қатар, ер балалар арасындағы өлім көрсеткіші қыз балаларға қарағанда жоғарырақ, ал 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауылды аймақтарға қарағанда қалаларда өлім көрсеткіші 6,8% жоғары.
2016 жылда 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерде жүктілік көрсеткіші 1,1% (4 205 жағдай) төмендеп , түсіктер 4,5%-дан (133 мыңнан астам) 3,1%-ға (106 мыңнан астам) азайды.
Республикадағы балаларды сауықтыру және ауруларын ерте анықтау мақсатында жыл сайын профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Қорытындылар бойынша 2017 жылы профилактикалық медициналық тексерулермен тиісті болған балалардың 98,6% бала қамтылған. Патология 26% балаларда анықталып, оның 68% сауықтырылып, 15% диспансерлік тіркеуге алынған . Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелері көрсеткендей 2017жылы 2014жылмен салыстырғанда көру өткірлігі төмен балалар деңгейінің сақталуымен қатар естудің нашарлауы бар балалардың үлесі азайғандығы байқалған (18% азайған), сөйлеу дефекті (24%), сколиоз (24%), тұлға бұзылысы (2 есе) төмендеген.
Қазақстан Республикасы статистика департаментінің көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы балалар аурушаңдығы артып, оның ішінде ісіктер - 18%, жүйке жүйесінің аурулары - 9,2%; көз бен оның қосалқы аппаратының аурулары - 3,2%; құлақ пен емізік тәрізді өсінді аурулары - 4,8%; ас қорыту жүйесінің аурулары - 9,2%; несеп және жыныс жүйесінің аурулары - 4,5%; тері мен теріасты клетчаткасының аурулары - 5%; сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін аурулары - 14%; туа біткен аномалиялар (даму ақаулары), деформациялар және хромосомдық бұзылыстар - 19,4% артқан болса, қан айналу жүйесінің аурулары - 4,8% перинатальды кезеңде туындайтын бөлек жағдайлар - 31,7% азайған. Аурушаңдықтың кейбір көрсеткіштерінің артуын диагностика сапасының артуымен және әлеуметтік- экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластануынан болатын «техногенді» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стресстік жағдайлардың артуы; урбанизация және бала өміріне ақпараттардың кеңінен енуі; мектеп оқушыларының тамақтану сапасының нашарлауы;
2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында Шымкент қаласының тұрғындарына (540 адам) оларды толғандыратын негізгі мәселелер бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтарында жұмыссыздық, коррупция, медициналық қызмет сапасы, қылмыстық, экология, жолдар сапасы, жол қауіпсіздік ережелерін (ЖҚЕ) сақтау, жастар мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру, экология мәселелері қамтылған (Диаграмма 1).
Облыс атаулары |
Нәресте өлім жітімі (1000 тірі туылғанға шаққандағы) |
Ана өлімі (100 000 тірі туылғанға шаққандағы ) |
||
2016 ж. |
2017 ж. |
2016 ж. |
2017 ж. |
|
Қазақстан Республикасы |
8,59 |
7,93 |
12,7 |
12,5 |
Ақмола |
7,03 |
7,69 |
0 |
17,8 |
Ақтөбе |
8,54 |
7,22 |
15,1 |
5,3 |
Алматы |
7,55 |
7,66 |
4,8 |
17,6 |
Атырау |
8,87 |
7,10 |
30,1 |
18,4 |
Шығыс Қазақстан |
9,52 |
7,28 |
13,3 |
18,4 |
Жамбыл |
8,81 |
8,21 |
11,5 |
12,2 |
Батыс Қазақстан |
8,15 |
6,66 |
22,8 |
7,8 |
Қарағанды |
8,12 |
7,89 |
16,8 |
13,2 |
Қызылорда |
9,83 |
8,61 |
5,3 |
0,0 |
Қостанай |
9,07 |
10,42 |
24,5 |
17,1 |
Маңғыстау |
9,49 |
7,70 |
5,1 |
10,3 |
Павлодар |
7,99 |
7,67 |
16,0 |
16,8 |
Солтүстік Қазақстан |
7,11 |
9,01 |
0,0 |
14,02 |
Оңтүстік Қазақстан |
9,98 |
9,36 |
17,7 |
14,4 |
Астана қ. |
6,75 |
5,92 |
11,0 |
7,3 |
Алматы қ. |
7,58 |
6,93 |
9,1 |
11,3 |
уақыты
Диаграмма 1 - Жүргізілген сауалнамаға сәйкес қала тұрғындарын мазалайтын мәселелер
Ақпарат көзі: әлеуметтік сауалнама қорытындысы
Азаматтарға жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы көрсеткендей, тұрғындардың 41,5% жұмыссыздық мәселесі, 38,5% - коррупция, 19% - қылмыстық пен жолдардың сапасы, 18% - медициналық көмек сапасы, 17% - экология, 15% - жол қозғалысының қауіпсіздігінің бұзылысы, 12% - балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының ұйымдастырылмауы мәселелері толғандырады.
Комитет жариялаған мәліметтер бойынша, 2018 жылы қаңтар - шілде аралығында 1 жасқа дейінгі 1898 нәресте өлімі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы қаңтар - шілдемен салыстырғанда 1,2 % жоғары. Бұл тіркелген өлім - жітімнің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар.
ОҚО аймақтарында бір жасқа дейінгі сәби өлімінің көрсеткіші төмендегі кестеде көрсетілген (Диаграмма 2).
1 жасқа дейінгі сәби өлімі көрсеткіші
250
2013 2014 2015 2016
Диаграмма 2
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметтері
Қорытындылай келе келесі мәселелер анықталды:
- 1 жасқа дейінгі балалар өлімі факторларының болуы;
- Отбасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жеткіліксіздігі;
- Оңтүстік Қазақстан облысында республикадағы көрсеткішпен салыстырғанда нәресте өлім-жітімі 15% жоғары, ал ана өлімі көрсеткіші 13% жоғары болуы;
- 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы балалар аурушаңдығы артып, әсіресе ісіктер (18%), жүйке жүйесінің аурулары (9,2%), ас қорыту жүйесінің аурулары (9,2), сүйекбұлшықет жүйесі және дәнекер тін аурулары (14%), туа біткен аномалиялар (даму ақаулары), деформациялар және хромосомдық бұзылыстар (19,4%) жоғары пайыздық көрсеткіштер көрсетуі;
- Сауалнама талдауы бойынша тұрғындардың (18%) медициналық көмек сапасына қанағаттанбауы.
Ұсыныстар:
- Шымкенттің агломерациялық орталықтың ядросы ретінде дамуы;
- Басқа аймақтармен салыстырғанда қаланың қамтылуының жақсаруы;
- Жүктілік пен босанғаннан кейінгі кезеңдегі ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру;
- Балалардың аурушаңдығын азайту мақсатында профилактикалық және диспансерлік жұмысты жетілдіру, балалардың жоғары сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру, балалардың профилактикалық тексерулермен қамтылуын жақсарту.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Аналитический материал расширенной коллегии Министерства республики Казахстан. Астана: 2017
- А.А.Баранов, А.Г.Ильин, С.Р.Конова, Е.В.Антонова Пути повышения качества и доступности медицинской помощи детям в условиях первичного звена здравоохранения. М.: 2009. 246 с.
- Программа развития Южно-Казахстанской области на 2016-2020 годы
- URL:http://stat.gov.kz/faces/mobilelomePage?_afrLoop=1169326324760088#%40%3F_afrLoop%3D1169326324760088%26_adf.ctr l-state%3D15bj94pkop_17
- URL: https://ontustik.gov.kz/ru/pages/departament-statistiki-yuzhno-kazahstanskoy-oblasti