Бауыр циррозы (БЦ) медициналық және әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бауыр циррозының дамуына вирусты гепатитті дер кезінде емдемеу әсер етеді. ДДҰ сарапшыларының мәлімдемесі бойынша, 2007 жылы дүние жүзінде 786000 тұрғын бауыр циррозынан қайтыс болған (орташа 100 000 тұрғынға шаққанДа 12,6). Бауыр циррозы асқазан ішек жолДары ағзаларының қатерлі емес аурулары ішінде жиі өлім себебі болып табылады. Асқорыту жүйесі ауруларының өлім-жітім көрсеткішінен алатын үлесі 40% құрайды.
Бауыр циррозы - бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауыр ауруы.
Бауыр циррозының дамуына вирусты гепатитті дер кезінде емдемеу әсер етеді. Көп жағдайда бауырға аса қауіпті зиянды заттардың (төртхлорлыуглерод, хлороформ, мышьяк, фосфор, т.б.) әсері, кейбір дәрі-дәрмектерді (әр түрлі антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, т.б.) шамадан тыс ішу, өт жолдарының бітеліп қалуы және олардың қабынуы да аурудың асқынуына алып келеді. Сондай-ақ ішімдікті мөлшерден тыс қабылдау бауыр үшін өте қауіпті (қ. Маскүнемдік). Бауыр циррозның білінуі аурудың формасы мен ауру дәрежесіне байланысты. Ауру адамды жылдар бойы мазаламауы мүмкін, бірақ бауырға медициналық зерттеулер жүргізгенде, бауырдың тығыздалып және зақымдала бастағаны көрінеді. Кейін адамда әлсіздік пайда болып, жүдейді, дене температурасы көтеріліп, науқаста сары аурудың белгілері айқын біліне бастайды, құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуынан ауру адамның іші ісіп кетеді. Ауру асқынғанда жұтқыншақ пен асқазанның кеңейген веналарынан қан кетіп, бауыр комасы басталады. Геморрагиялық синдромның өріс алуынан мұрыннан, әйелдерде жатырдан қан кетіп, қызыл иектің қанталауы мүмкін. Бауыр циррозын емдеу өте ұзақ процесс, науқасты міндетті түрде ауруханада емдейді.
Зерттеу мақсаты.
БЦ-нан қайтыс болған науқастардың этиологиялық құрылымын анықтау және оның қолайлы нәтижелі БЦ-ң этиологиялық профилінен айырмашылығы.
Зерттеу әдістері:
Кесте 1
Барлық науқастардан толық анамнез жинақталды (ерекше назар алкоголь қабылдаудың мөлшері мен жиілігіне аударылды). Протромбиндік уақыт, аланинді (АлАТ) және аспарагинді (АсАТ) аминотрансферазаның белсенділік деңгейі, гаммаглутамилтранспептидаза (ГГТП), сілтілі фосфатаза (СФ), билирубин, антимитохондриялық және
антинуклеарлы антидене, бауыр және бүйрек микросомасына антидене, В, С, D гепатит маркерлері анықталды. Бауыр, көкбауыр, қақпа және көкбауыр веналарының УДЗ, ФГДС, көпшілігінде - бауыр биопсиясы жүргізілген.1кесте.
Зерттеу нәтижесі.
Кесте 2 ШҚЖМККА-дағы қолайлы және қолайсыз нәтижелі БЦ-мен науқастардың этиологиялық структурасы (2008-2017 жж.)
Сурет 1
Жалпы қорытынды: Қорыта келе, жүргізілген зерттеуде анықталғандай БЦ ерекшелігі мен оның этиологиялық варианттарын белгілеп кетсек. Жалпы ауруханалық өлім- жітімдік ішінде БЦ-ң орташа көрсеткіші 6 есеге жоғарылаған. 70% еңбекке қабілетті науқастар БЦ-нан қайтыс болған.
HBV БЦ қолайлы ағымды барлық вирусты цирроз ішінде 24,2%, өлім-жітімдік төмен 2,8%, орташа өлгендер жасы - 73,5±3,5 жас.
HCV БЦ қолайлы ағымды барлық вирусты цирроз ішінде 17,1%, ал өлім-жітімдік 7,0%, орташа өлгендер жасы - 58,9±17,2 жас.
Вирусты БЦ 63,4% жағдайда өлім себебі болып саналды. Бұдан қайтыс болғандар саны барлық (соның ішінде
Этиологиялық фактор |
Қолайлы нәтиже |
Өлген науқастар |
Өлгендер үлесінің n % қолайлы нәтижелі науқастар үлесіне n % қатынасы |
||
n |
% |
n |
% |
||
HBV-инфекциялы |
207 |
24.2 |
6 |
6.5 |
0.3 |
HCV-инфекциялы |
146 |
17.1 |
11 |
11.8 |
0.7 |
Барлық вирусты БЦ |
379 |
44.4 |
59 |
63.4 |
1.4 |
Алкогольді БЦ |
353 |
41.3 |
17 |
18.3 |
0.4 |
Басқа |
54 |
6.3 |
8 |
8.6 |
1.4 |
Криптогенді |
68 |
8.0 |
9 |
9.7 |
1.2 |
Барлығы |
854 |
100.0 |
93 |
100.0 |
-- |
Кесте 3 БЦ-ның өлім-жітімділігі (2008-2017жж.)
Этиологиялық фактор |
Барлық науқастар |
Өлген науқастар |
Өлім-жітімдік көрсеткіші |
n1 |
n2 |
%(n2/n1) |
|
HBV-инфекциялы |
213 |
6 |
2.8 |
HCV-инфекциялы |
157 |
11 |
7.0 |
Барлық вирусты БЦ |
438 |
59 |
13.5 |
Алкогольді БЦ |
370 |
17 |
4.6 |
Басқа |
62 |
8 |
12.9 |
Криптогенді |
77 |
9 |
11.7 |
Барлығы |
947 |
93 |
9.8 |
Кесте 4 Әртүрлі этиологиялы БЦ-мен өлген науқастардың орташа жас ерекшелігі (2008-2017жж.)
Этиологиялық фактор |
n |
Орта жас, жыл |
HBV-инфекциялы |
6 |
73.5±3.5 |
HCV-инфекциялы |
11 |
58.9±17.2 |
Барлық вирусты БЦ |
59 |
62.3±14.9 |
Алкогольді БЦ |
17 |
54.9±10.2 |
Басқа |
8 |
39.0±16.8 |
Криптогенді |
9 |
75.8±6.3 |
Барлығы... |
93 |
52.9±15.5 |
Кесте 5 Әртүрлі этиологиялы БЦ кезіндегі еңбекке қабілетті жастағылардың (16-65 жас) өлген науқастар үлесі
Этиологиялық фактор |
Барлық өлген науқастар |
Еңбекке қабілетті жастағылар |
||
n1 |
% |
n2 |
%(n2|n1) |
|
Вирусты БЦ |
59 |
100.0 |
48 |
81.4 |
Алкоголді БЦ |
17 |
100.0 |
9 |
52.9 |
Басқа |
8 |
100.0 |
7 |
87.5 |
Криптогенді |
9 |
100.0 |
1 |
11.1 |
Барлығы... |
93 |
100.0 |
65 |
69.9 |
алкогольді) БЦ қайтыс болғандар ішінде 3,5 ретке жоғары, Қайтыс болғандардың орташа жасы 54,9±10,2 жас.
81,4% еңбекке қабілетті жастағылар. Өлім-жітімдік 13,5%.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- В.Т. Ивашкин Болезни печени и желчевыводящих путей: Руководство для врачей. М.: Изд. дом М-Вести, 2005. 536 с.
- Калинин А.В., Хазанов А.И. Клинические лекции по гастроэнтерологии и гепатологии // Болезни печени и билиарной системы. М.: 2003. С. 16-21.
- Краснова М.В., Бедин В.В., Баранов Е.Н., Шамрай М.А. Летальность у пациентов с ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2005. Т. 15, №1. С. 37-41.
- Левитан Б.Н., Дедов А.В. 50-летний опыт клинического изучения ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2002. Т. 12, №1. С. 76-79.
- Майер К.П. Гепатит и последствия гепатита: Пер. с нем. М.: Медицина, 1999. С. 315-316.
- Новокшенова Т.П., Кирсанова А.И., Язенок Н.С., Гусинин С.Е. Сравнительный анализ вирусных и алкогольных ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2005. Т.15, №1. С. 38-46.
- Павлов А.И., Плюснин С.В., Хазанов А.И. и др. Этиологические факторы ЦП с летальными исходами // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2005. Т. 15, №2. С. 68-73.
- Плюснин С.В., Васенко В.И., Хазанов А.И. Неблагоприятное влияние длительного лечения преднизолоном больных с HCV-ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2002. Т. 12, №1. С. 73-75.
- Серов В.В., Воинова Л.В. Этиологическая и нозологическая оценка патологии печени (По данным прозектуры клиник Московской медицинской академии им. И.М. Сеченова за 1978-1997 гг.) // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2000. Т.10, №2. С. 41-44.
- Хазанов А.И. Возможности прогрессирования алкогольного и неалкогольного стеатогепатита в ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2005. Т. 15, № 2. С. 26-31.
- Хазанов А.И. Эволюция этиологических факторов ЦП по результатам 58-летних наблюдений за больными в крупном многопрофильном стационаре // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2004. Т. 14, № 3. С. 66-72.
- Хазанов А.И., Васильев А.П., Ивлев А.С. и др. Связь циррозов с инфицированностью вирусами гепатитов В и С // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 1994. Т. 4, № 2. С. 16-19.
- Хазанов А.И., Васильев А.П., Пехташев С.Г. и др. Значение основных и добавочных этиологических факторов в развитии HCV и HBV ЦП // Рос. журн. гастроэнтерол., гепатол., колопроктол. 2001. Т. 11, № 4. С. 8-12.
- Хазанов А.И., Джанашия Е.А., Некрасова Н.Н. Показатели смертности при заболеваниях органов пищеварения в России и странах Европы (По данным Всемирной организации здравоохранения) // Рос. мед. вести. 1998. Т. 3, № 2. С. 17-24.
- Хазанов А.И., Плюснин С.В., Павлов А.И. и др. Различия в этиологической структуре циррозов и цирроза-рака печени, включая заболевания с летальным исходом у стационарных больных // Рос. мед. вести. 2005. Т. 10, № 3. С. 21-27.
- Шерлок Ш., Дули Дж. Заболевания печени и желчевыводящих путей: Пер. с англ. М.: Гэотар медицина, 1999. 864 с.
- European health for all database (updated: June, 2005). World Health Organization, Regional Office for Europe. (http://www.who.dk/hfadb).
- Rehn N., Room R., Edwards G. Alcohol in the European Region Оригинальные исследования 24 2, 2006 consumption, harm and policies. World Health Organization, Regional Office for Europe. 2001. 27 р.
- The European health report 2005: public health action for healthier children and populations. Annex statistical tables. Table 4. Deaths and DALYs attributable to the 10 leading causes in the WHO European Region, 2002 Geneva: World Health Organization, 2005. 104 р.
- The world health report 2004: changing history. Statistical annex. Annex Table 2. Deaths by cause, sex and mortality stratum in WHO regions, estimates for 2002. Geneva: World Health Organization, 2004. P. 120-125.