Инфекциялық аурулардың өршуіне байланысты,қақырықты зерттеу арқылы ӨСОА -ның 50% бактериялық қоздырғыш екендігі анықталДы.МақалаДа Алматы қаласы №1 ҚКА Дағы пульмонология бөлімшесінДегі науқастарға ретроспективті зерттеу әДісі бойынша бақылау жүргізілді.
Өзектілігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ӨСОА әлемдегі өлім-жітімнің 3-ші себебі болып табылады (орташа және жоғары табыс деңгейі бар елдер халқының арасында). Жыл сайын осы аурудан 3 млн.астам адам өледі. [1] Мысалы, A. M. Mininoetal. АҚШ-та күн сайын 377 науқас саны ӨСОА ауруынан өсетінін анықтады, ал өлімжітім миокард инфарктінен асып түсетінін тіркеген. [2] Болжамдарға сәйкес, 2020 жылға қарай ӨСОА жалпы әлемдік таралуы бойынша 12-ден 5-ші орынға ауыстырылады, ал осы аурудан өлім-жітім 2030 жылға қарай екі есе артады.
ӨСОА өршуі деп жедел пайда болатын, жөтелдің күшеюімен, бөлінетін қақырық көлемінің ұлғаюымен және оның түсінің өзгеруімен, күн сайынғы ентігудің күшеюімен жүретін пациент жағдайының нашарлауын айтады. Өршу жиілігі бронхиалды обструкцияның үдеу қарқынын, науқастардың өмір сүру сапасын анықтайтын маңызды параметр болып табылады және ӨСОА науқастардың өлім-жітім қаупінің тәуелсіз факторы болып табылады.
ӨСОА өршуінің патогенезінде инфекциялық және инфекциялық емес факторлар бөлінеді.Өршу ауа ластанған аудандарда (өнеркәсіптік объектілер, түтіндеу және т.б.) болу, ішкі ағзалардың қосалқы ауруларының декомпенсациясы, ятрогендер (седативті препараттарды, вблокаторларды дұрыс емес пайдалану) сияқты факторларды тудыруы мүмкін.
Әдеби мәліметтер бойынша көптеген жағдайларда (75-80%) ӨСОА өршуінің өзіндік жұқпалы табиғаты бар, олардың шамамен 50% ы бактериялық патогендермен және 30% ы вирустармен шақырылған. [3-5] Микроорганизмдердің ішінде Haemophilusinfluenzae, Streptoccuspneumoniae,Moraxellacatarrhalis сияқты
бактериялық қоздырғыштар басым мәнге ие.
Зерттеу мақсаты: ӨСОА мен науқастардың қақырығындағы микроағзалар спектрін, аурудың ұзақтығына, өршу жиілігіне және ауырлық дәрежесіне байланысты зерттеу.
Материалдар мен әдістер : Алматы қаласы, № 1 ҚКА пульмонология бөліміне ӨСОА диагнозымен келіп түскен 40 пациенттің ауру тарихына ретроспективті зерттеу жүргізілді. ӨСОА мен ауыратын науқастардың ауырлық дәрежесін интегралды бағалау негізінде 2011 жылы GOLD құжатының категориясында жаңа жіктеу ұсынылған COLD 2011 жылғы диагнозы анамнез деректерімен, клиникалық көрсеткіштер, спирографиялық деректерімен расталған. Зерттеу барысында 20.08.2018-08.10.2018 аралығындағы ауру тарихы алынды және қақырық бактериялық егудің қорытындысына талдау жасалды.
Зерттеу нәтижелері: ӨСОА мен өршу кезеңінде этиологиялық маңызы бар микроағзалар 40 пациентте де анықталды. Науқастардың орташа жасы 67 жас. Осы аурудың өршуі кезінде анықталған микроағзалар төмендегі суретте көрсетілген.
klebsiella
Streptococcus
Haemolyticus
Сурет 1
Streptoccuspneumoniae (n=10;24%) басқа микроағзалардан қарағанда статистикалық түрде басым болды. Staphylococcushyicus(n=8; 20%) жиілігі бойынша екінші орында;
Streptoccushaemolyticus(n=7; 17%) үшінші орында болды.
Ауыр ағымындағы ӨСОА бар науқастар тобы 12 науқасты қамтыды, олардың орташа жасы 62 жасты құрады.
Сурет 2
Орташа ағымындағы ӨСОА бар науқастар тобы 28 науқасты қамтыды, олардың орташа жасы 66 жасты құрады. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей бұл ағымда streptococcus pneumoniae жиірек кездесті.
ӨСОА-ның ауыр ауырлықтағы ағымы
Streptococcus Haemolyticus
Сурет 3
Ауыр ағымындағы ӨСОА бар науқастар тобы 12 науқасты қамтыды, олардың орташа жасы 62 жасты құрады. Бұл ағымда Streptococcus Haemolyticus басқа микроағзалардан басымырақ болды.
Белгілі бір жасқа байланысты топтарда бронх қабырғасының барлық қабатында маңызды өзгерістер орын алады. Біріншіден, бронхтардың қабырғалары лимфоидты және плазмалық элементтермен инфильтрацияланады , айналасына шырыш жиналып, қалындаған эпителиге айналады. Бұл процесстен бронхтың арнасының (қабырғасы) қалыңдығы жұқарады. Екіншіден,бронх қабырғасында бұлшық еттер атрофияланып,талшықты элементтерге айналады.
Бронхиалды эпителийдің атрофиясы, бездері, бронхтың перистальтикасының әлсіреуі, жөтел рефлексының төмендеуіне байланысты бронхтың дренажды қызметі бұзылады. Нәтижесінде, қарттардағы қалыпты жағдайлардың өзінде бронхиалды заттар жеткіліксіз шығарылады да, бұл патологиялық процестерді дамытуға бейімделеді. Сол себептен ОСОА кезінде өкпеннің жастық ерекшелігіне байланысты өршулер саны көбейе бастайды.
S.pneumoniae анықтау жиілігі ӨСОА өршіген науқастарды емдеуге жатқызу санының артуымен жоғарылаған. Сондайақ, S.pneumoniae орташа ауыр ағымда жиі кездеседі, ауыр ағымда оның болмауы байқалады. Аурудың С санатында бұл бактерия салыстырмалы түрде көп анықталды. S.pneumoniae ауруының ұзақтығына байланысты өсу үрдісі болған жоқ.Ал жылына өршулер санын зерттей келе, өршу саны көбейген сайын S.pneumoniae кездесу жиілігі арта түсті.
Қақырықта этиологиялық маңызды микроағзаларды анықтау жиілігі талданды.Талдау бойынша Streptocococcus haemolyticu sауруgың ұзақтығына байланысты осы аурудың санатына қарамастан, жылына 2-3 рет өршіп, 10 жылдан астам уақыт бойы ауырған пациенттер тобындакездесті. Қақырықтан микроағзалардың кең спектрі бөлінді. Бірінші орында Streptococcus руының өкілдері бақыланатын кезеңде бөлінген штаммдар санының 46% болды. ӨСОА бар науқастардың қақырығынан стрептококктың 3 түрі бөлінді. Streptococcus текті бактериялардың ішіндегі қақырықта жиі кездескен Streptococcus pneumoniae 24%; Streptoccus Haemolyticus-15%, Streptococcus Intermedius-7% кездеседі. Қақырықта стафилококктың 2 түрі бөлінді. Бірінші орынды бөлу жиілігі бойынша Staphylococcushyicus-20%, ал Staphylococcus aureus-7% алды. Зерттеу кезінде Staphylococcushyicus B категориясымен 5 жылға дейін ұзақтықта ауырған науқастарда жиі кездесті. Сондай-ақ микроағзалардың кездесу ж иілігі науқастардың жасымен байланысы жоқ екенін айтып өту керек.
Қорытынды.
Қорыта келгенде ӨСОА-ның өршуі бар науқастар қақырығының бактериологиялық талдамы және көптеген әдебиеттердің мәліметі бойынша басым микроағзалар: Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae және Moraxella catarrhalis. Біздің жүргізген зерттеуімізде: S^neumoniae, S.haemoliticus, staphylococcus hyicus басқа микроағзалардан үстемірек болды.
Зерттеу нәтижесі бойынша ӨСОА орташа ағымдағы науқастарда В категорияға жататын S.pneumoniae, ал аурудын ауыр ағымында яғни С категориясына жататын науқастарда Streptococcus Haemolyticus жиі кездесті.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Annex Table 3. Deaths by cause, sex and mortality stratum in WHO Regions, estimates for 1999. In: World Health Organization. The world health report 2000. Health systems: improving performance. Geneva: WHO, 2000. Р. 164-169.
- Minino AM, Murphy SL, Xu J, Kochanek KD. Deaths: final data for 2008 // National Vital Statistics Reports. 2011. №59(10). Р. 121126.
- Sethi S, Murphy TF. Infection in the pathogenesis and course of chronic obstructive pulmonary disease // New England Journal of Medicine. 2008. №359(22). Р. 2355-2365.
- Diederen BM, van der Valk PD, Kluytmans JA, Peeters MF, Hendrix R. The role of atypical respiratory pathogens in exacerbations of chronic obstructive pulmonary disease // European Respiratory Journal. 2007. №30(2). Р. 240-244.
- Kherad O, Rutschmann OT. Viral infections as a cause of chronic obstructive pulmonary disease (COPD) exacerbation // Praxis. 2010. №99(4). Р. 235-240.
- Клинический протокол диагностики и лечения хроническая обструктивная болезнь легких Республики Казахстан от «10» ноября 2016 года Протокол №15