Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұйқысыздыққа заманауи көзқарас (әдеби шолу)

Ұйқысыздық жалпы медицинада, оның ішінде неврологияда кең таралған клиникалық синдром. Мақалада ұйқысыздық ауруының заманауи анықтамасы және жіктелуі көрсетілген. Ұйқы бұзылысы кезінде кең қолданылатын заманауи емдеу тәсілдері талқыланған.

Өзектілік. Инсомния «ұйқы-ояну» циклының үш негізгі компонентінің бірінің бұзылысы болып табылады, оған гиперсомния мен парасомния да жатады.[1]

Эпидемиологияға сәйкес, ұйқысыздық халықтың 28-45% құрайды, ал қалған жағдайда емдеуді талап етеді. Сонымен бірге халықтың 1,5-3% үнемі, ал 25-29% эпизодты түрде ұйықтатқыш дәрілік заттар қабылдайды. (Килей Дж., 1999; Оайон М.Н., Рот Т., 2003).

Ұйқысыздық ұйқы жеткіліксіздігі немесе ұйқының сапасының нашарлауы ,осы құбылыстардың айтарлықтай уақыт кезеңінің үйлеспеуімен сипатталатын ұйқының бұзылуы.

Анықтау және диагностикалау критерийлеріне сәйкес, осы жағдайды диагностикалау үшін қажетті үш негізгі қасиет бар:

Біріншісі бір немесе бірнеше рет ұйқының бұзылуы (пресомник, интрасомник, постсомник).

Пресомникұйқының бұзылуы , төсектік режимінің патологиялық бұзылыстарының пайда болуынан, төсек қорқынышынан, ұйықтамаудан қорқудан және тағы басқалардан тұрады. Әдетте балалар мен жасөспірімдерде ұйқыда болу уақыты 20 минут, ересектерде 30 минутқа созылады, ұйқысыздықпен ауыратын науқастарда 2 сағатқа дейін немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін, ал 1-ші және 2-ші ұйқының арасында бірнеше қысқа уақытты ояну эпизодтары болады.

Интрасомник жиі түңгілік оянулар, қайтадан ұйықтай алмаушылықтың ұзақ уақытқа созылумен көрінеді. Ұйқы уақытындағы сергектіліктің 30 мин көпке көбеюі.

Постсомниктаңертеңгілік ерте оянулар, ұйқы уақытының қысқаруы ( өз уақытынан кем дегенде 30 мин ерте тұру ) , бұл кезеңде ұйқы уақытының кем дегенде барлық қосындысы -6,5 сағ болғандығын есепке алу керек.

Ұйқысыздықпен ауыратын науқаста осы бұзылулардың біреуіне немесе бірнешеуіне шағымданады , ал басым белгілер уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін.Ұйқысыздықпен ауыратын науқастардың сау адамдардан айырмашылығы, ұйқыға жатудың ұзақтығы және ояну саны және полисомнографияның объективті көрсеткіштеріне қатысты ұйқы ұзақтығының төмендеуі. Бұл жағдайлар физиологиялық гипертітіркенгіштікке байланысты болуы мүмкін немесе ұйқысыздықтың негізгі белгілерінің бірі болуы мүмкін.

Ұйқысыздық диагнозын қоюдың екінші қажетті ерекшелігі жақсы ұйқы үшін жеткілікті уақыт пен қолайлы жағдайлар. Бұл саналы түрде ұйқының уақытында армандауға шек қоятын адамдарға немесе әртүрлі жағдайларға байланысты ыңғайлы жағдайларда ұйықтауға мүмкіндіктің болмауы.

Үшінші белгі түнгі ұйқының бұзылуы адамның кейінгі ұйқысының сапасына әсер етеді: эмоционалдық күй, физикалық белсенділік, когнитивтік функциялар және т.б. жатады.

Ұйқысыздықтың жіктелуі:

Халықаралық ұйқысыздықты жіктеу классификациясы бойынша MQRS-2 мен соңғы MQRS-3 енгізілген өзгерістер бойынша жіктелуі. [1]

Негізгі ұйқысыздық бұзылыстарын келесі клиникалық формаларға бөлген:

  1. Психофизиологиялық ұйқысыздық. Ұйқының алдында психологиялық бұзылыстардың пайда болуымен сипатталады, оның ерекшелігі «ұйқы болмауынан қорқыныш» болып табылады. Бұл жағдайда кешкі уақытта науқас өзін ұйықтатуға тырысқан сайын , бұл ұйқының бұзылуының нашарлауына әкеледі және келесі күнгі ұйқыға алаңдаушылық туғызады.
  2. Идиопатиялық ұйқысыздық. Бұл ұйқысыздықтың түрі ұйқының бұзылуы ұзаққа созылған, бала кезінен байқалып көрінеді. Ерте басталуын, өмір бойы тұрақтылықты ескере отырып, бұл бұзылулар ми жүйесіндегі генетикалық тұрғыдан анықталған немесе туа біткен ауытқулардан туындауы мүмкін.
  3. Парадоксальдық ұйқысыздық. Ұйқысыздықтың бұл түрінде пациент «аз ұйықтау» немесе «мүлде ұйықтамау» деп түсіндіреді, алайда объективті зерттеу жүргізгенде ұйқы субъективті түрде қабылданатын мөлшермен анықталады. Бұл жағдайда негізгі симптомды тудыратын фактор түңгі уақытты сезінумен науқас ұйқысын қиын қабылдаумен байланыстырады. Түндегі сергектік кезеңдері есте жақсы сақталады да,керісінше ұйықтаған кезеңдері амнезияланып тұрады.
  4. Ұйқы гигиенасының бұзылысынан пайда болатын ұйқысыздық. Яғни, бұл формада ұйқы кезеңіндегі активацияның күшеюін, жүйке жүйесін қоздыратын, ұйқы бұзылысын белсендіретін, ұйқысыздық проблемаларын күшейтетін жағдайлардың әсер етуі . Бұл кофе ішу, шылым шегу, кешке физикалық және психикалық стресстер немесе ұйқының басталуына және күтуіне кедергі келтіретін басқа әрекеттер болуы мүмкін (күннің әртүрлі уақытында ұйқыға жату , жарық жағылған бөлмеде жату , ұйықтауға ыңғайсыз жағдайлар болғанда).
  5. Балалық шақтағы мінез-құлыққа негізделген ұйқысыздық.

Балалар ұйқыға байланысты дұрыс емес ұстанымдарды қалыптастырғанда (мысалы, тек қана тербету кезінде ұйықтап қалу қажеттілігі немесебалалардың өз төсегінде ғана ұйықтауы) және оларды жоюға немесе түзетуге тырысқанда, баланың белсенді түрде қарсылығын туғызады да ,керісінше ұйқының уақытын қысқартады.

Ұйқысыздықтың екінші түрін мыналар қамтиды:

  1. Психикалық бұзылыстардан болатын ұйқысыздық. Неврологиялық бұзылыстары бар науқастардың 70%-ы ұйқының басталуына және ұйқысының тұрақты сақталуына қиналады.Науқастардың айтуы бойынша көбінесе ұйқының бұзылуы негізгі белгілерді қалыптастыратын радикал болып табылады, соның арқасында науқастың көптеген проблемалары пайда болады (бас ауруы, шаршау, жүрек соғысының жиілеуі, көз көруінің нашарлауы және т.б.) және шектеулі әлеуметтік қызмет.
  2. Соматикалық аурулар кезіндегі ұйқысыздық. Ішкі органдардың немесе жүйке жүйесінің көптеген аурулардың көріністері түңгі ұйқының бұзылысымен жүреді, әсіресе ауырсыну симптомдары мен дискомфорт симптомдары түңгі уақытқа қарай жиілей түседі.
  3. Дәрі-дәрмектерді немесе басқа заттарды қабылдауға байланысты ұйқысыздық. Бұл ұйқысыздықтың ең жиі таралған себебі есірткі типтес препараттар мен алкогольді теріс пайдалану. Сонымен қатар, нашақорлық синдромының дамуына септігін тигізеді және дәрі-дәрмекке деген тәуелділік пайда болады. Науқас алғашқы дәріден алған әсерді қайта сезіну үшін , клиникалық көріністерін жою үшін дозаның мөлшерін көбейтіп отыруға бейімделеді.

Алайда, ұзақ мерзімді бақылаулардың нәтижесі бойынша, жеке клиникалық формалардың симптомдары, сондай-ақ бастапқы және қайталама ұйқылардың көпшілігі бір-бірімен үйлесетіндіктен, олардың ішкі түрлерін ажырату қиынға соғатынын көрсетті. Дәл қазіргі уақытта олардың патогенетикалық механизмдері мен терапиялық жүйесі жалпылама болғандықтан, ұйқысыздықты жеке ауру ретінде қарау қарастырылған.

MQRS -3 ұйқының үш клиникалық түрін ажыратады:

  1. Созылмалы ұйқысыздық (ұзақтығы 3 айдан асады).
  2. Жіті ұйқысыздық (ұзақтығы кемінде 3 ай).
  3. Күнделікті ұйқысыздық (уақытша диагноз). Ұйқысыздықты емдеу

Ұйқының және ұйқының нейробиологиясын түсінудің айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, ұйқысыздықты емдеу қиын мәселе болып қалуда [3].

Қазіргі таңда ұйқысыздықтың емін шартты түрде дәрілік және дәрілік емес деп екіге бөлуге болады.

Дәрілік емес әдістерге келесі тәсілдер жатады:

  1. когнитивті мінез-құлық психотерапиясы
  2. ұйқы гигиенасы
  3. психотерапия
  4. фототерапия
  5. «мидың әуені» терапиясы

Когнитивті мінез-құлық психотерапиясына ұйқы гигиенасы, ұйқыны бұзатын факторларды бақылау, ұйқыны шектеу, ұйқысыздыққа байланысты қате ойларды түзету және т.б.

Ұйқы гигиенасы ұйқысыздықтың кез-келген түрінің емінде маңызды және міндетті компонент болып табылады. Оның міндеті ұйқы сапасын жақсарту үшін салауатты көзқарас қалыптастыру, ол келесі ұсыныстардан тұрады:

  1. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну.
  2. Күндіз ұйықтамау, әсіресе күннің екінші жартысындағы ұйқыны болдырмау.
  3. Түнгі уақытқа өарай шәй немесе кофе ішпеу.
  4. Стресстік жағдайларды, әсіресе кешкі уақытқа қарай азайту.
  5. Кешке физикалық белсенділікті ұйымдастыру, бірақ ұйқтар бұрын 3 сағаттан кешіктірмей.
  6. Ұықтар алдында үнемі су процедураларын қолдану. Бұлшықеттердің босаңсуы үшін жылы суға түсу. Кей жағдайларда салқын суға түсуге болады (денені салқындату ұйықтау физиологиясының элементі болып табылады). Контрастті душты қабылдау, шамадан тыс ыстық немесе суық суға түсу қоздырушы әсер етеді.

Бұл ұсыныстарды әрбір науқаспен жеке талқылап, маңыздылығын түсіндіру қажет.

Ұйқының ынталандырылуын қадағалау науқасқа өз қалауы бойынша бір уақытта жатуға қалай дағдылануды үйретеді. Ұйқы жоқ болса, кешкі белсенділікті төмендету, яғни ұйықтар алдында теледидарды, компьютерді пайдаланбау қажет.

Фототерапия -бұл заманауи зерттеу әдісі.Оның негізі Жарық мидың нейротрансмиттерлі жүейесіне әсер етіп, көру анализаторы гиnoталамус, эпифиз арқылы циркадтті ритмдерді басқару. Бұл әдіс ұйқысыздықтың депрессиялық құрамдас бөлігі болған кезде ең тиімді болып табылады Психотерапия -көптеген ауру түрлерінде, сонын ішінде ұйқысыздқта қолданыладын кең тараған емдеу тәсілі. Ұйқыға әсер ету тәсілі науқастарға ұйқысыздықтың дамуын төмендететін өмір салтын үйретеді. Бұл әдісті қолдану кезінде ұйқы бұзылысына алып келетін факторларын анықтау және науқастың міңез-құлықын өзгерту арқылы ұйқысына әсер ету.Түнгі ұйқының бөлінуіне алып келетін факторларды жою және негізгі церебральды активацияны төмендететін патогенетикалық факторларға назар аудару қажет. [4,5]

Арнайы көңіл бөліну керек дәрілік емес әдісэнцефалофания ( ми музыкасы -нейрофизиологиялық әдіс,бастысы мидың биоэлектрикалық белсенділігін (ЭЭГ) өзгерту болып табылады.Бұл әуен (музыка ) арнайы компьютерлік программаның (ЭЭГ)негізгі алгоритімен өңделуінен кейін шығады.Психологиялық және неврологиялық аурулармен және экстремалдық жағдайда жұмыс істейтін сау адамдармен көп жылдар бойы зерттеу әзірленген.Эмоционалдық жүктеме кезеңінде өзіңіздің жеке ЭЭГ нәтижесін жазған музыканы тыңдап “ұйқысергектік” психофизиологиялық параметрді оңтайландыруға әкеледі.Бұл әдісті Ресейлік профессор Я.И. Левиным ұсынған , брақ қазіргі таңда Еуропа мен Америдада кең қолданады.

Ұйқысыздыққа қарсы дәрілік емге гипногендік әсерлері бар дәрілерді қолданады (бұл препараттар басқа да қасиеттерге ие болу мүмкін).

Тәжірбиеде заманауи ұйықтатқыш дәрілерді беруде келесі принциптерге сүйену қажет:[6]

  1. Ұйықтатқыш дәрілерде тек қана дәрілік емес әдіс пайдасыз болғанда ғана қолдану.
  2. Науқасқа дәрі туралы мағұлмат беріп,оның күнделікті қабылдайтын мөлшерін, жанама әсерін түсіндіру қажет.
  3. Терапияны таңдау әрбір жеке адамға индивидуалды түрде жүреді. (Қауіпсіз болу үшін яғни, науқасқа ең аз мөлшерде зиян келуін қарастыру мақсытында).
  4. Егде жастағы науқастарға ем тағайындағанда әр түрлі препараттардың өзара әрекетсуіне қауіп қатердің жоғарлауына , метоболизм жылдамдығының өзгерістеріне танымдық және үйлесімділіктің бұзылысына көңіл бөлу болып табылады.
  5. Ұйықтатқыш дәрілерді аз мөлшеріден ақырындап көп мөлшерге көбейткен дұрыс.

Ұйқысыздықты емдеуде әр түрлі ұйқысыздыққа қарсы фармакологиялық топтарды қолдану болып табылады,яғни дәрілердің ішінде көңіл бөлінетін ұйқыны жақсартатын табиғи өсімдік дәрілер, мелатонин, циклопирролон,имидазопирин, бензодиазипин, ангистамин, нейролептик, антидепрессант, барбитураттар т.б. [7] Қорытынды.

Қорытындылай келе, ұйқысыздық жалпы дәрігерлік тәжірибеде кең ауру екенін атап өту керек. Бұл бұзылулардың диагнозын нақтылау кезінде заманауи жіктелуге сүйену қажет. Заманауи дәрілік және дәрілік емес емдеу тәсілдерін қолдану бұл ауруды айтарлықтай жеңілдетеді. Түнгі ұйқы бұзылысын заманауи емдеу әдісіне сүйене отырып ұйқыны тактикалық және стратегиялық түрде жақсартуға келесі ережелер қарастырылады: *Ұйқысыздықты емдеуде тек қана ұйқы дәрілерімен шектелмей, оған себеп болатын факторларды полисомнография субъективті көріністерімен объективті нәтижелерді ескеру керек.

* ұйқысыздық кезінде дәрілік және дәрілік емес әдістерді қолданып олдарды бір-бірімен үйлестіре білу керек.

*дәрілік емес әдістің бір түрі “ұйқы гигиенасы” ол ұйқысыздықты емдеудің басқа әдістеріне тәуелсіз үнемі ұстанылуы қажет. (Ұйқы гигиенасы күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта жату).

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Vgontzas A.N., Bixler E.O., Lin H.M. et al: Chronic insomnia is associated with nyctohemeral activation of the hypothalamic-pituitaryadrenal axis: Clinical implications // J ClinEndocrinolMetab. 2001. №86(8). Р. 3787-3794.
  2. American Academy of Sleep Medicine. International classification of sleep disorders, 3 nd ed.: Diagnostic and coding manual. Westchester, Ill.: American Academy of Sleep Medicine, 2014. 565 р.
  3. Riemann D, Nissen C, Palagini L, Otte A, Perlis ML, Spiegelhalder K. The neurobiology, investigation, and treatment of chronic Insomnia // Lancet Neurol. 2015. №14. Р. 547-558.
  4. Вербицкий Е.В. Сон и тревожность. Ростов-на-Дону: 2008. 145 с.
  5. Вербицкий Е.В. Нейрофизиологические механизмы тревожности в цикле «бодрствование сон». Сообщение 1, 2 // Валеология. 2004. № 2. С. 27-34.
  6. Krystal AD. Pharmacologic Treatment of Insomnia: Other Medications. (In Principles and practice of sleep medicine. Kryger M, Roth T, Dement WC, eds.) // Elsevier, Inc. Philadelphia: 2016. Р. 842-846.
  7. Ковальзон В.М., Стрыгин К.Н. Нейрохимические механизмы регуляции сна и бодрствования: роль блокаторов гистаминовых рецепторов в лечении инсомнии. Эффективная фармакотерапия // Неврология и психиатрия. Спецвыпуск «Сон и его расстройства». 2013. №12. С. 8-15.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.