Клиникалық ортопедиялық стоматологияның өзекті мәселелерінің біріне тіссіз жақсүйекке толық алмлы-салмалы протез жасау жатады. Осы мақалада қысымды шектейтін жекеше қасық жасаудың тәжірибесі және функциялық қалып алудың әдісі келтірілген. Аталған жекеше қасықпен функциялы қалып алу тіссіз жақсүйекке толық алмалы-салмалы протездің аса жоғары бекітілуі мен тұрақталуын қамтамасыз еткен.
Зерттеудің өзектілігі. Толық алмалы-салмалы протездің тіссіз жақсүйекке бекітілуі мен тұрақтылығы функциялық қалып алудың сапасына байланысты екені көпке мәлім. Сондықтан, тіс протезін жасау барысында осы кезеңге клиницистер үлкен көңіл бөледі. Кезкелген жағдайда тіссіз жақсүйектен жекеше қасық арқылы функциялық қалып алған жөн. Е.И. Гавриловтың (1979) айтуынша жекеше қасықты қолданбай толық алмалы-салмалы протезді жасау дәрігерлік қателікке жатады.
Тіссіз жақсүйектің орнындағы тіннің анатомиялық ерекшеліктерін дәл алыпкөшіру үшін жекеше қасықты жасаудың әртүрлі тәсілдері мен функциялық қалып алудың әдістері ұсынылуда. (Е.И. Гаврилов 1979, П.Т. Танрыкулиев 1988, Н.В. Калинина 1990 және басқ.) Сөйте тұра, осындай амалдардың өзі әр кезде жоғары сапалы қалып алуға мүмкіндік беріп жатпайды. Мысалы, протез орнындағы тіндергеқысым бірдей түспегендіктен қалыңдығы біркелкі болатын қалып ала алмаймыз. Сол сияқты өтпелі қатпардағы жылжымалы тіндердің фунциялық күйін және протез клапанын толықтый айнала қамтыйтын перифериялық бедер көлемінің көрінісінен қалып алу арқылы оңай емес. Өйткені, қалып алу барысында шақтап кигізілген әрі қалыптастырылған қасықтың шеті, қалаптық материалдың қалыңдығына сәйкес шырышты қабықтан ажырап жатады. Сонымен қатар, ағымдығы жоғары қалыптық материалдардан қысым түсіріп қалып алған кезде, жекеше қасықтың жылжып кету салдарынан көлденең және тік бағытта қысымдық аймақ жиі пайда боладыСөйте тұра,функциялық қалап алу үстінде біраз типтік қателіктер байқалады. Олар:
*протез орнындағы тіндердің анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерінің жеткілікті тексерілмеуі және оларға түсініктеме берілмеуі;
*қалыптық материалдарды ұтымды таңдамау;
*жекеше қасықты тік және көлденең бағытта дұрыс шақтап көрмеу, соның салдарынан жоғарғы қысымды аймақтың пайда болуы;
*функциялық қалып алу кезінде протез орнындағы тіндерге қысымның біркелкі түспеуінен алмалы-салмалы протездің нашар бекітілуі мен тұрақтануына ыңғайсыз жағдайдың пайда болуы.
Бұдан басқа тағы бір айтатын жайт протез орнындағы тіндердің статикалық күйін көрсете алатын анатомиялық қалып алу кезінде кездесіп жататын қателіктер. Әдетте, жекеше қасық жасау үшін барлық анатомиялық қалыптар стандартты қасықпен әртүрлі қысым түсіріп алынып жатады. Мұндай жағдайда салбырап тұратын және жылжымалы шырышты қабықтар орнынан ығысып кетіп, қысым шырышты қабықтың батымдылығы жоғары жерге көп түсіп, батымдылығы төмен жерге аз түсіп, бақылаудан тыс қалады. Содан өзгерген және бұрмаланған қалыптан модель құйылып, функциялық қалып алу үшін жекеше қасық әзірленеді.Мұндай амал, көбінесе әбестікке әкеледі. Зерттеудің мақсаты.
Ауыз қуысына салынатын толық алмалы-салмалыпротезді қосымша бекіту мен тұрақтандыру үшін шектегіш жекеше қасықты қолданып функциялық қалып алу әдісін жетілдіру. Материал мен әдістер.
Зерттеудің барысында жоғарғы және төменгі жақсүйектерінде тістері мүлдем жоқ 147 науқас адам қаралды. Солардың ішінде екі жақсүйектерінде тістері жоқ 112 адам болды. 19 науқастың тістері тек жоғарғы жақсүйекте жоқ болса, 16 адамның тістері төменгі жақсүйекте түсіп қалған.
Клиникада қаралған науқас адамдардың бәрі тіссіз жақсүйекке жасалған толық алмалы-салмалы протездің нашар бекітілуі мен тұрақтануына шағымданды. И.М.Оксман жіктемесі бойынша альвеолалы өсіндіснің сему түріне қарай науқастар 4 топқа бөлінді. Семудің 1-ші түрі 48 науқастың жоғарғы жақсүйегінде байқалса, 29-ында төменгі жақсүйегінде байқалған. Екінші түрі 63 науқастың жоғарғы жақсүйегінде болса, 30-ның төменгі жақсүйегінде кездескен, үшінші түрінде23 науқастыңжоғарғы жақсүйегі атрофияға ұшыраса, 16-сында төменгі жақсүйек семген, төртінші түрінде көрсеткіш сему дәрежесіне байланысты 24 пен 26ға санға сәйкес келген.
Зерттеменің мақсатын жүзеге асыру үшін біздің әдіс бойынша шектегіші бар жекеше қасық әзірленіп, фунциялық қалып алу клиникада табысты қолданды.
(М.А. Темирбаев, Д.К. Исабаев 1985). Шектегіші бар жекеше қасықты жасаудың жолы мынандай. Тіссіз жақсүйектен қысым түсірмей алынған анатомиялық қалып бойынша жұмыстық ғаныш модель құйылады, альвеолалы өсіндісі қырқасының төрт жеріне, яғни басымдылығы нашар әрі тығыз шырышты қабық бетіне диаметрі 0,8-1,0 см пішіні домалақ келген болашақ қысымды шектегіштің бағдары қаламмаен сызылады.
Жекеше қасық орнынан жылжып кетпес үшінекінші үлкен азу тіс пен сүйір тістердің вестибулярлы бетіне көлденең бағытқа сай болашақта жасалатын шектегішке бағдар белгіленеді. Жекеше қасықтың шекарасы сызылып, қалыңдығы 0,3 мм болатын екі қабатты бюгельді балауыз модельге жапсырылады. Анатомиялық ерекшеліктерге байланысты айқын көрінген торус, сүйектің томпайған жерлері және экзостозтар, сонымен қатар тамырлар мен нервтер, шырышты қабықтың жылжымалы және салбырап тұрған тұстары үш немесе одан да көп қабат балауызбен жабылады.Бюгельді балауыздағы қысымды шектегіш белгіленген бағдарға сай диаметрі 0,8-1,0 см болатын жерлер алынып тасталады.Жапсырылған балауыз бетіне өздігінен қатаятын пластмассадан жекеше қасық дайындалады, сөйтіп оның ішкі жағында биіктігі балауыздың қалыңдығына сәйкес қысымды шектегіш қалаптасады. Пластмасса қатайған соң, ішкі жағында бюгельді балауызы бар қасық модельден алынып, функциялық қалып алуға беріледі.
Қысымды шектегіші бар жекеше қасықпен функциялық қалап алу төмендегідей ретпен жүреді. Функциялық сынама Гербс бойынша жүргізіліп, жекеше қасық шақталып кигізіледі, шекаралар мен клапанды аймақ анықталада. Содан кейін, қасықтың ішкі жағындағы балауыз кетіріліп, қасықтың бетіне түгелдей тесіктер жасалады. «Hydrogaum» атты альгинатты массамен функциялық қалып алынады.. Қысымды шектегішпротез орнындағы жұмсақ тіндерге протездің батып кетуін тежегендіктен, нәтижесінде алынған қалыптың қалыңдығы кетірілген балауыз көлеміне сәйкес келеуі тиіс.
Нәтижені талқылау.
Алға қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін шектегші бар жекеше қасықты қолдана отырып, функциялық қалап алып, 147 науқас адамға 259 толық алмалы-салмалы протез жасалды. Оның 158-гі жоғары жақсүйекке, ал 101і төменгі жақсүйекке дайындалды. Кейінгі бақылау кезінде 147 науқас адамның тек 12-сі ғана (14,2%) толық алмалы-салмалы протездің нашар бекітілуі мен тұрақтылығына шағымданып қайта қаралды.
Дегенмен, біз клиникалық практикаға сүйене отырып науқастар бірденінен протезге бейімделіп кетеді деп ойламап едік, өйткені мұндай науқастарды емдеудің өзінше этикалық және психологияляқ-профилактикалық ерекшеліктері бар. Тіссіз науқастарды толық алмалысалмалы протезбен емдеудің нәтижесі,яғни біздің қолданып отырған жекеше қасық пен функциялық қалып алу әдісі, альвеолалы өсіндінің әртүрлі сему дәрежесіне,шырышты қабықтың басымдылығы мен жылжымалығына қарамай тиімді болғананын нақты түріде дәлелдеп, клиникалық практикада кең қолдануға болатынын көрсетті. Айтылып отырған әдіс қалыптық материалдың тиісті қалыңдығына сай қалып алуға, протез орнының беттік рельефін бұзбай сапалы модель құюға және клапан аймағындағы жылжымалы тіндерді қатесіз қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар протез астында артық қысым аймағын болдырмайды.
Қорытынды.
Қысымды шектейтін жекеше қасықты қолдану
төмендегідей функциялық қалып алуға мүмкіндік береді: *протез орнының бетіне сай қалыптық материалдың бірқалыңдықпен шығуына;
*тыныштық кезіндегі өтпелі қатпар жеріндегі жылжымалы тіндердің функциялық жағдайын анық бедерлеп көрсетуге ; *протез астында болатын артық қысмды аймаққа жол бермеуге;
*жекеше қасықтың көлденең жазықтықта ығысуын болдырмай, соның арқасында толық алмалы-салмалы протездің, белгілі бір дәрежеде, бекітілуі мен тұрақтылығына арттырада.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Marxkors R. Lerbuch der Zahnaerztlichen Protetik. Hanser. Muenchen: 1997. 597 р.
- Темирбаев М.А., Темирбаев К.М. Ортопедическое лечение полной потери зубов. Алматы: Абзал-Ай, 2012. 135 с.
- Гаврилов Е.И. Протез и протезное ложе. М.: Медицина, 1979. 264 с.
- Калинина Н.В., Загорский А.А. Протезирование при полной потере зубов. М.: Медицина, 1990. 224 с.
- Танрыкулиев П. Клиника и протезирование больных с беззубыми челюстями. Ашхабад: 1988. 256 с.
- Темирбаев М.А., Исабаев Д.К. Получение функциональных слепков при различной податливости слизистой оболочки // Болезни пародонта. Алма-Ата: 1985. С.146-149.
- Құлманбет И.Ә., Құлманбет Р.И. Орысша-қазақша стоматологиялық сөздік. Алматы: 2004. 248 б.
- Темірбаев М. А., Темірбаев Қ. М. Тістері мүлдем түсіп қалған науқастарды ортопедиялық емдеу. Алматы: 2018. 137 б.