МақалаДа Шығыс Қазақстан өңірінДе ҚР ДСМ «Санитарлық-эпиДемиологиялық сараптама және мониторингтік ғылымитәжірбиелік орталық» мәліметтері бойынша облыстың ауДанДары мен қалаларДағы кәсіби аурулар құрылымының талДауы жасалған. ТұрғынДар Денсаулығы елДің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының көрінісі, қуатты экономикалық, еңбектік, қорғаныс және мәДени әлеуеті ретінДе қоғамның Дамуының маңызДы инДикаторы болып табылаДы.
Жұмыстың негізгі мақсаты облыс көлемінДе жұмыс істейтін тұрғынДар Денсаулығын бағалау, кәсіби аурумен аурушаңДықты ауДан, қала көлемінДе ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынДар бойынша талДау жасау, кәсіби аурушаңДықты зарДап шеккенДерДің анықталуы бойынша орналастыру. Атқарылған жұмыстың іс жүзінДегі маңызДылығы жұмысшыларДың аурушаңДығының негізгі себептерін анықтап, оларДың алДын алу шараларын әзірлеуге негізДелген. Зерттеу әДістемесінің негізіне гигиеналық, эпиДемиологиялық, статистикалықәДістер жатаДы.
Жүргізілген талДауДың құнДылығы кәсіби аурушаңДықтың Динамикасын себептік факторына байланысты анықтауынДа, экономиканың саласы бойынша және зиянДы еңбек жағДайынДа зарДап шеккенДерДің жұмыс өтілі бойынша қарастырып және осыларДың арасынДағы байланысты анықтауДа.
ТалДау барысынДа кәсіби патологияның жоғарғы Деңгейінің негізгі себептері, басым нозологиялық құрылымы, еңбек өтіліне байланыстылығы анықталып, оларДы төменДету бойынша ұсыныстар берілДі.
Өзектілігі. Жұмыс істейтін тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бірқатар нормативтік құқықтық актілермен оның ішінде: Қазақстан Республикасының заңдылығымен, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, ведомстовалық және ведомствоаралық бұйрықтармен реттелген. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды [1,2]. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталатын бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруы қажет [3,4]. Ғылыми-техникалық прогресстің салдарынан пайда болған проблемалардың ішінде ең күрделі, әрі көп қырлысы оның адам тағдырына әсер етуі. Халық шаруашылығы дамыған сайын өте жоғары, өте төмен қысымды, шу, діріл, температураны, улы, технологиялық үрдістің жоғары жылдамдығын пайдалану еңбек күші мен өнімділігін жоғарылата келіп, еңбек жағдайын да күрделілендіреді [5,6,7]. Кәсіби аурулар ағзаға негізінен зиянды еңбек жағдайының әсер етуінен пайда болатын аурулардың ішіндегі ерекше түрі болып табылады. Аурудың өндірістік ортаның қолайсыз факторларының әсерімен себептік байланысының болуы, өндірістік кәсіптік зияндылықтарды талдау қажеттілігін бірінші орынға шығарып, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығын анықтайды [8,9,10]. Демографиялық жағдайдағы шиеленіс, еңбекке қабілетті жастағы өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі, туу көрсеткіштерінің азаюы еліміздің еңбек қабілеттілік потенциалына әсер етуде. Нәтижесінде экономиканың барлық салаларында, әсіресе металургиялық, тау-кен байыту, химиялық, құрылыс тағы басқа өнеркәсіп орындарында жұмыс күшінің жетіспеушілігі орын алуда [11,12].
Қазақстан Республикасында өндірістің түрлі салаларында, кәсіпорындарда, агроөнеркәсіптік кешенде шамамен 1,5 млн адам еңбек етеді, оның ішінде шамамен 700000 адам өндірістік ортаның зиянды және қолайсыз факторларымен қатынаста жұмыс істейді[13]. Санитарлық нормалардың талаптарына сай келмейтін нысандардың басым бөлігі таукен өндірісіне, көмір өнеркәсібіне, қара және түсті металлургия салаларына жатады [14,15].
Шығыс Қазақстан облысы аумағында тау-кен өндіру, металлургиялық, құрылыс, ауыл шаруашылық салаларда орташа алғанда шамамен 130 мыңдай адам жұмыс істейді, оның ішінде зиянды жағдайда 80000 адам, олардың арасында 20000 әйел адамдар болып табылады. Бұл сан облыс тұрғындарының 43% құрайды, яғни тұрғындардың жартысына жуығы зиянды өндірістік жағдайда жұмыс істейді[16,17].
Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы аумағында зиянды еңбек жағдайында, өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылардың кәсіби аурушылдығына талдау жасау, оларды төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Материалдар мен әдістері. Қазақстан Республикасында жұмыс атқаратын тұрғындарға профпатологиялық көмек көрсету бойынша бірегей ғылыми тәжірибелік орталық «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы» ДСМ ҚР болып табылады және оның Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстандық филиалдары бар. Клиникалары жалпы төсек саны 145, өндірістік және экологиялық факторлардың адам ағзасына әсерін зерттеумен, мамандыққа байланысты қауіп-қатерді бағалау, кәсіби аурумен ауырғандарға мамандандырылған көмек көрсету, еңбек жағдайы факторларымен аурушаңдықтың арасындағы байланысты анықтау, алдын алу шараларын ұсыну болып табылады [18,19]. «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы» Шығыс Қазақстан филиалының жылдық есептік мәліметтерін гигиеналық, эпидемиологиялық, статистикалық әдістер қолдану арқылы талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері мен талдау. Қолайсыз еңбек жағдайының орын алуына қарамастан, Республика бойынша кәсіби аурулар дамыған еуропалық елдермен салыстырғанда төмен көрсеткіштерді көрсетеді [20,21]. Елде профпатологиялық көмек көрсету жүйесін тиімді басқару үшін ең алдымен алғашқы профпатологиялық көмектің атқаратын рөлін жоғарылату керек. Бұл жерде басымдылық бағытты кәсіби аурулардың белгілерін ерте кезде анықтауға негіздеу қажет.
Кәсіби аурулар негізінен тау-кен өндірісі және металлургиялық өнеркәсіп жұмысшылары арасында тіркеледі. 2017ж. облыс аумағындағы өндірістерде 146 кәсіби ауру оқиғасы тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есеге немесе 11 оқиғаға көбейгені көрінеді. 2016ж. ШҚО өндірістерінде 10 мың жұмысшыға шаққанда алғашқы кәсіби аурудың 12,3 оқиғасы тіркелген, ал 2015 ж. 17,7, 2014ж. 17,8 оқиға тіркелген болатын (10 мың жұмысшыға есептегенде). 2016 ж. алғашқы кәсіби патология құрылымында жетекші орындарда кәсіби радикулопатиялар - 58,3%, вегето-сенсорлық полирадикулопатия 14,2%, діріл ауруы 16,1%, кәсіби бронхиттер 12,6% анықталған. 2015 ж. алғашқы кәсіби патология құрылымында дәл осындай көрініс орын алады: кәсіби радикулопатия 52,2%, діріл ауруы 16,1%, кәсіби бронхит 15,5%.
2017 ж. бірінші орында бел-сегізкөз радикулопатиясы алады -73 оқиға немесе 50% (2016ж.75 оқиға немесе 55,6%), қолдардың вегето-сенсорлы полирадикулопатиясы - 22 оқиға немесе 15 % (2016 ж.-19 оқиға немесе 14,1%), діріл ауруы 17 оқиға немесе 11,6% (2016 ж. 8 оқиға немесе 5,9%), силикоз 11 оқиға немесе 7,5% (2016 ж. 9 оқиға немесе 6,7%), жоғарғы тыныс жолдарының патологиясы (ЖТЖ) 10 оқиға немесе 6,8% (2016 ж.-16 оқиға немесе 11,6%) (сурет 1). Кәсіби аурулардың нозологиялық талдауына қарап аймақ көлемінде жұмыс жағдайында физикалық фактордың зиянды әсері басым болып тұрғанын көруге болады.
Основной Основной Основной Основной Основной Основной Основной
■ 2016 ж. ■ 2017 ж.
Сурет 1 Кәсіби ауруларды нозологиялар талдау 2017-2016 жж.
Соңғы жылдардағы себептік факторларға байланысты кәсіби аурулар динамикасын қарастырғанда 2017 ж. тіркелген кәсіби аурулар құрылымында, 2016 ж. сияқты кәсіби аурудың туындауының негізгі этиологиялық факторына еңбек үрдісінің факторы ретінде 65% немесе 95 оқиға (2016 ж. 57,8% немесе 78 оқиға) анықталды.
Екінші орында 2017 ж. шаң немесе химиялық фактор 19,8% немесе 29 оқиға (2016 ж. 20,7% немесе 28 оқиға), физикалық фактор 14,3% немесе 21 оқиға (2016ж.-21,5% немесе 29 оқиға) және биологиялық фактор 0,68% анықталды (кесте 1).
Кесте 1 Этиологиялық факторға байланысты кәсіби ауру динамикасы (%)
Этиологиялық факторлар |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
2017 ж. |
Физикалық |
18,4 |
16,7 |
21,5 |
14,3 |
Химиялық және шаң |
26,9 |
22,2 |
20,7 |
19,8 |
Биологиялық |
1,3 |
1,1 |
- |
0,68 |
Еңбек үрдісі факторлары |
53,4 |
60 |
57,8 |
65 |
Жұмыс өтілі |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
---|---|---|---|---|
1 жылға дейін |
- |
- |
- |
2,05 |
1-10 жыл |
2,7 |
4,4 |
2,9 |
9,5 |
11-20 жыл |
53,4 |
52,2 |
49,6 |
40,4 |
21-30 жыл |
31,4 |
27,8 |
31,1 |
34,2 |
31-40 жыл |
12,6 |
13,9 |
15,6 |
8,9 |
41-50 жыл |
- |
1,7 |
0,7 |
1,3 |
2 - Кәсіби аурудың жұмыс өтіліне байланысты таралуы (%)
Кәсіби аурудың жұмыс өтіліне байланысты таралуына талдау жасағанда 2017ж. мәліметтер бойынша 40,4% кәсіби ауру оқиғасы зиянды өндірістік фактормен қарымқатынаста 11-20 жыл жұмыс атқарған жұмысшыларда тіркелгені анықталды. Соңғы жылдар динамикасы бойынша алсақ 11-20 жыл жұмыс атқарғандар бойынша 53,4% дан
Кесте
Сонымен бірге клиникалық көрінісі «асқынған» форманың айқын көрінісімен тіркелген кәсіби аурулар үлес салмағы 40,4% дейін төмендеген, ал 21-30 жыл жұмыс атқарғандарда 12,6% дан 34,2% жоғарылағанын көреміз.
Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеу өтіліне байланысты кәсіби патология 2016 ж. анықталуы келесідей таратылған: ауырғандардың 44,0 % жұмыс өтілі 11-20 жыл (2015ж. 56,6%), 38,5% жұмыс өтілі 21-30 жыл (2015ж. 26,6%) болды (кесте 2).
жоғары тіркелген 2016ж. 68,5%, 2015ж. 66,1%. Бұл жағдайдың негізгі себептері қолайсыз еңбек жағдайы, ауыр физикалық еңбек, еңбек пен демалудың тәртібінің бұзылуы, сапасыз өткізілген медициналық тексерулер, сауықтыру және оңалту шараларының күрт қысқаруы болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдары кәсіби аурулардың қосарланған формаларының саны артуда, ол дегеніміз бір жұмысшыда бастапқыда екіден төртке дейін нозологиялар анықталуы, мұндай жағдай алғашқы анықталған барлық кәсіби аурулардың 30%-ында анықталады. Бұл жерде, кәсіби радикулопатия, кәсіби бронхит, діріл ауруы алғашқы кәсіби аурулар құрылымында негізгі болып қалады [22].
Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысында тіркелген кәсіби аурулар құрылымына талдау жасағанда, жетекші орында сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіндері аурулары, радикулопатиялар, екінші орында тыныс алу органдары аурулары, шаң бронхиттері мен силикоз, үшінші орында қолайсыз физикалық факторлар әсерімен туындаған аурулар, діріл ауруы, полинейропатия, кохлеарлы невриттер анықталды.
Жыл сайын созылмалы кәсіби аурулардың басым бөлігі келесі кәсіпорындарда тіркеледі: «Востокцветмет» ЖШС филиалы Жезкент тау-кен байыту комбинатында, «Қазмырыш» ЖШС Риддер тау-кен-байыту кешендері мен оның еншілес кәсіпорындарында. Осы жерде айта кететіні Шығыс Қазақстан облысы Республика бойынша кәсіби аурулармен аурушаңдық бойынша Қарағанды облысынан кейін екінші орында 2016 ж. 10 мың жұмысшыға шаққанда оқиғамен тіркелген.
Жыл соңындағы мәліметтерден кәсіби аурулар бойынша «Диспансерлік» есепте 2369 науқас тіркелген. Олардың ішінде 1 топ мүгедектігін 3, 2 топ 63, 3 топ 89, 2042 науқас еңбекке жарамсыздық қағазын алған. Кәсіби аурулардың анықтағанда ерте донозологиялық диагностиканың маңызы өте жоғары, себебі асқынған жағдайларда созылмалы түрлерге өтуі және қосарланған кәсіби аурулардың пайда болуы жұмысшыларды тұрақты еңбек жарамсыздығына немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін. Тау-кен және металлургия өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіби аурулары мүгедектіктің негізгі себебі және өлімнің алдыңғы қатардағы себептерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда жыл сайын 1000-нан аса кәсіби аурудың алғашқы формасы тіркеледі, оның шамамен 30% кәсіби еңбекке қабілеттілікті тұрақты жоғалтуға әкеледі [23]. Соңғы онжылдықтың ғылыми зерттеулерінде қоғамдық денсаулықтың регресіне әкелетін өндірістік факторлардың қолайсыз әсері өте толық көрсетілген, ол ТМД елдері мен Ресей, Қазақстан тұрғындарының өлімі мен аурушаңдығының жоғарылауымен көрінеді [24,25]. Қазіргі уақытта зиянды, санитарлық гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін жағдайда өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы санынан 20% жұмыс атқарады. Қазақстанда еңбек жағдайының төмендеу тенденциясы кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының барлық саласында дерлік сақталуда, әрі ол денсаулықтың мамандыққа байланысты бұзылуы мен өндірістік жарақаттанудың пайда болуының қауіп-қатерін көбейтеді. Сонымен бірге, республика бойынша да, облыс көлемінде де, кәсіби аурулардың анықталуының төмендігі жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулық жағдайы бойынша «жалған» қолайлы көрінісін көрсетеді.
Кәсіби аурулардың алдын алу шараларында негізгілерінің бірі болып зиянды еңбек жаңдайында жұмыс атқаратын жұмысшылардың алдын ала және кезеңді медициналық тексеруден уақытында сапалы өтуі болып табылады. Мерзімді медициналық тексеруді өткізу сапасының төмендеуіне әсер ететін медициналық қауіп-қатер факторларына Қазақстан аумағында медициналық санитарлық бөлімшелер санының қысқаруы, шипажайлар мен сауықтыру орындарының жабылуы, материалдық техникалық базаның ескіруін жатқызуға болады.
Қорытынды. Жүргізілген талдау жұмыстары келесі мәселелерді анықтады:
- -жұмысшылардың жұмыс берушінің есебінен қаржыландырылған мекемелерден медициналық тексеруден өтуінің сапасының төмендігі бұл негізінен екі жағдайға байланысты болады, біріншіден жұмыс берушінің қызығушылығы жоқ, немқұрайлы қарауы сақтандыру төлемін төлеу керектігінен және жұмыс күшінен айрылуына байланысты. Екінші жағынан емдеу-профилактикалық мекеме жағынан да кәсиби аурушаңдықты көбірек анықтау тиімсіздігі болып табылады, себебі бұл мекемелерді жұмыс берушінің өзі қаржыландырады;
- -жұмысынан айырылғысы келмейтін жұмысшының кәсіби аурудың бастапқы белгілерін жасыруы;
- -жұмыс берушінің жұмыс орындарының аттестациядан қағаз жүзінде формалды түрде өткізу арқылы, сонымен бірге, жұмысшылар ауырған жағдайда еңбек қатынастарының келісімін бұзу арқылы кәсіби арулар дамуының қауіп-қатерін жасыруы.
Жоғарыда айтылған мәліметтерді ескере келе, кәсіби арулардың алдын алуда негізгі жолға қоятын жағдайлар, бұл еңбек жағдайын жақсарту шараларын қолға алу, осы салаға қатысы бар жұмыс берушілерден бастап, еңбекті қорғау саласының қызметкерлері, техникалық қауіпсіздік инженерлері тағы басқаларымен қатар, әр жұмысшының өз денсаулығы алдындағы жауапкершілігі, сауаттылығы, кәсіби патологияның ерте анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізу және емдеу-профилактикалық оңалту шараларын дұрыс жолға қою, барлығы дерлік маңызды болып саналады. Осы күрделі жүйеде бір звено дұрыс атқарылмаса сол жұмысшы ағзасына зиянды әсер етіп, соңы денсаулық жағдайына әсер етуге әкелетіні анық.
Жұмысшылардың денсаулығын жақсарту, кәсіби аурулардың алдын алуда негізгісі алдын алу шараларын дұрыс жолға қою үшін осы салаға қатысы бар мамандарды дайындау сапасын жақсарту қажет, оның ішінде кәсіби аурудың профпатолог дәрігерлері мен медициналық тексеру өткізетін арнайы мамандар дәрежелері мен қатар еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік мамандарын дайындауды да жетілдіру қажет.
Еңбек жағдайы мен жұмысшылар денсаулығы туралы мәліметтердің жалпы ақпараттық құралдар арқылы қол жетімді болуын қамтамасыз ету.
Еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын жетілдіру, еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік нормативтік талаптарын жұмыс берушіден бастап, жұмысшыға дейін орындауын қадағалау, кәсіби ауруларды жасырғаны үшін құқықтық және экономикалық санкциялар орнату қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қараша № 414-V ҚРЗ. ҚР 24.05.2018 № 156-VI өзгерісімен.
- Зматдинов В.Б., Аляветдинов Р.М., Химамутдинов И.Ф. и др. Основные нормативно-правовые документы по охране здоровья работающего населения. Казань: 2014. 346 с.
- Мендибаева Б.Б. Еңбек гигиенасы: 1 бөлім: Жалпы еңбек гигиенасы: Оқулық. Алматы: «Эверо» баспасы, 2016. 320 б.
- Баубеков С.Д., Немеребаев М.Н., Казахбаев С.З. Охрана труда и безопасность. Учебник.. -Алматы: Издательство «Эверо», 2013. 308 с.
- Сраубаев Е.Н., Белоног А.А. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда: Учебно-методическое пособие. Караганда: САНАТ-Полиграфия, 2008. 562 с.
- Ганицкий В.И., Эйрих В.И. Анализ и совершенствование организации производства и управления на горных предприятиях. М.: МГГУ, 2003. 18 с.
- Измеров И.Ф. Индустриализация и ее последствия для здоровья работающих // Гиг. и сан. 1992. №4. С.11-13.
- Кулкыбаев Г.А., Аманбеков У.А. Профессиональные заболевания: Караганда-Алматы: Ғылым, 2001. 575 с.
- Уйба В.В., Бежина Л.А., Цека О.С., Никитаев В.Г. Актуальные проблемы охраны здоровья работников промышленных предприятий и пути их решения // Материалы IV Всероссийского конгресса «Профессия и здоровье». М.: 2005. С. 25-27.
- Work Inveromentant Heard amounting work lift truck drivers // Het: laboro. 1996. Vol.77, №1. Р. 123-193.
- Суворов Г.А., Старожук И.А., Лагутина А.В. Прогностическая оценка и риск развития шумо-вибрационной патологии от воздействия общей вибрации и шума // Мед. труда и промэкология. 1996. № 12. С. 1-5.
- Ершова М.А. Эпидемиология и перспективы снижения вибрационно-шумовой патологии среди работающих в народном хозяйстве // Гигиена труда: Республиканский межведомственный сборник. Киев: Здоровье, 1995. Вып. 20. -С. 3-8.
- Баттакова Ж.Е., Мухаметжанова С.Е., Джакупбекова Г.М. Проблемы профессионального риска и состояние профессиональной заболеваемости в Казахстане // Медицина. 2010. №3. С. 89-94.
- Мухаметжанова С.Е., Аманбекова А.У. К вопросу качества проведения профилактических медицинских осмотров работающих во вредных и опасных условиях // Профессия и здоровье: VII Всероссийский конгресс. М.: 2008. С. 561-565.
- Сраубаев Е.Н. Состояние охраны здоровья работающего населения Республики Казахстан // Республиканская научнопрактическая конференция с международным участием «Современные вопросы гигиены труда и профзаболеваний». Караганда: 2007. С. 3-9.
- Султанбеков З.К., Мукажанова А.К. Профессиональная заболеваемость работающих во вредных условиях труда а ВосточноКазахстанской области // Санитарный врач. М.: Медиздат, 2017. №5(160). С. 79-83.
- Султанбеков З.К., Букунова А.Ш. Оценка труда и физиологических показателей организма рабочих-загрузчиков производства титанового шлака // Мат. XI межрегиональной научно-практической конф. «Актуальные проблемы медицины труда». Новокузнецк: 2015. С. 125-129.
- Анализ профзаболеваемости за 2015-2017гг. в разрезе районов и городов ВКО. Информация о ходе выполнения приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 451 «Об утверждении правил регистрации, ведения учета случаев инфекционных, паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений и правил ведения отчетности по ним» Исх.№04-02/103 от 05.01.18г.
- Отчет о состоянии профессиональной заболеваемости Восточно-Казахстанской области за 2016-2017г.г.-Усть-Каменогорск, 2017.-176с.
- Султанбеков З.К., Карабалин С.К., Калымбекова Р.К., Беткембаева А.М., Бексеитова А.Н. Состояние функции внешнего дыхания у рабочих основных профессии титано-магниевого производсвта // Мат. конф. III-конгресс Евро-Азиатского респираторного общесвта. Астана: 2007. С. 114-118.
- Friedman J.M., Hanson J.W.//In:Emery and Rimon,s Principles and practice of Medical Genetics. Fourth edition. London: Churchill Livingston, 2014. Vol.1. P. 1011-1045.
- Султанбеков З. К. Проблемы охраны здоровья рабочих промышленных предприятий Восточно-Казахстанской области // Гигиена труда и медицинская экология. 2006. №1(10). С. 3-11.
- Жалимбетов М.К., Исмаилова А.А. Гигиеническая оценка условий труда рабочих при подземной добыче хромовых руд // Наука и здравоохранения. 2004. №3. С. 34-38.
- Nebert D.N., Jorge-nebert L.F. In:Emery and Rimon,s Principles and practice of Medical Genetics. London: 2008. P. 590-634.
- Измерова Н.Ф., Капцов В.А., Овакимов В.Г., Денисов Э.И. Концепция оценки профзаболеваний по категориям их риска и тяжести // Медицина труда и промышленная экология. 1993. №9(10). С. 1-4.