Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Елдімекендерге жақын орналасқан уран өндірісінің адам денсаулығына әсері

Мақалада Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Бидайкөл, Ш. Қодаманов және Акмая елдімекендеріне жақын орналасқан уран өндірісінің, адам денсаулығына әсері жайлы және одан қорғану жолдары айтылады.

Тақырыптың өзектілігі.

Қазақстан жері уран рудасына өте бай және оны өндіру бойынша 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін әлемдегі бірінші орынды иеленіп келеді. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері мен саяси тұрақтылығының арқасында дүние жүзіндегі дамыған елу елдің қатарына енгені көпшілікті қуантқанымен, уран өндірісі маңында тұратын жергілікті халық арасында «Радиация» деген ұғымның атом бомбасы мен Чернобыль апатының зардабын еріксіз еске түсіріп, көңілге қорқыныш үрейін ұялатып, келешек ұрпағымыздың денсаулығына қаншалықты зиян келтірер екен деген сұрақты туындатады. Яғни, Уран өндірісі, сол жерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен жақын елдімекендерде тұратын халық денсаулығына қаншалықты зиянды?

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» филиалының радиациялық гигиена саласының жоғары дәрежелі маманы Н.Қожахметовтың 2018 жыл желтоқсан айындағы № 4 ЖШС «ULAKON» тапсырысымен Қызылорда облысы, Шиелі ауданының уран өндірісіне жақын орналасқан Бидайкөл, Ш.Қодаманов және Акмая елдімекендерін аралап, халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу барысында осы сұрақтарға жауап берді.

Материалдар және зерттеу нәтижелері.

Елімізде бекітілген санитарлық эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сай, уран өндіретін аймақтарға арнайы санитарлық қорғаныс зоналары, ол өндірістің қоршаған ортаға келтіретін зиянды зардабын есептеу арқылы бекітіледі: уран өндіретін кешен үшін елдімекеннен арақашықтығы 300 метрден, уран өнімдерін қайта өңдеу кешендері үшін 500 метрден аспауы шарт. Ал бүгінгі таңда, елдімекенге ең жақын уран өндірісінің арақашықтығы 1,5-2 километрді құрайды. Уран өндірісі бойынша кендерді іске қосу барысында дайындалған арнайы жобалар, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және басқа да қажетті сараптамалардан өтеді. Жергілікті тұрғындар мен әкімшіліктің, қоршаған ортаны қорғау ұйымдары өкілдерінің тыңдауы мен талқылауынан соң, оң нәтижеге ие болған жобалар ғана іс жүзінде өз жұмысын бастай алады. Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттік АТЭХАГ (МАГАТЭ), дүние жүзілік радиаиядан қорғау комиссиясы мен дүние жүзілік денсаулық сақтау қоғамының бірлескен шешіміне сай, уран өндірудің жерасты сілтілеу тәсілі, басқа тәсілдерге қарағанда экологиялық ең қауіпсіз екені дәлелденіп, дамыған елдерге қолдануға ұсынылған. Бұл әдістің артықшылығы уран рудасын өндіру мен өңдеу барысында өндіріс аумағында ұңғымалар, шұңқырлар, ойпаттар түзілмейді, шаң түзілу төмендейді және жер қыртысының топырақ қабаттары бұзылмайды. Уран кәсіпорнында жұмыс жасайтын жұмысышылардың химиялық ерітінділермен тікелей байланыста болмауын толығымен автоматтандырылған үрдіс іске асырады. Бұл тәсілдің қауіпсіз болуы уранды сілтілеу үрдісінің жердің астында жүргізілуіне байланысты, яғни жоғары белсенді радиациямен байланысты жұмыстың барлығы жердің астында жүргізілетіндіктен, жердің бетіне төмен концентрациядағы ерітіндісі шығарылып, таза альфа иондаушы көзі «сары кекке» дейін өңделеді. Альфа иондау көзінің физикалық қасиетіне сай ауадағы ұшу қашықтығы бірнеше сантиметрді құрап, ену қасиеті өте төмен болғандықтан адамның терісінен де өтпейді, сондықтан таза альфа иондау көзімен жұмыс жасағанда жеке бастың гигиенасын сақтаса, яғни тамақ ішер кезде немесе темекі тартар алдында қолды жылы суды пайдаланып, кір сабынмен жуса жеткілікті.

Осындай заманауи дамыған технологиялық үрдістерді қолданумен бірге, өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшыларға кешенді алдын алу шаралары арқасында: арнайы киімдер мен жекебас қорғаныс заттарын қолдануда, техникалық жарамды қондырғыларды пайдалануда, жұмысқа қабылдауда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқыту мен үздіксіз нұсқамаларды жүргізудің арқасында денсаулыққа келетін қауіп-қатердің әсерін болдырмауға болады. Әрбір жұмыс ауысымының алдында және соңында жұмысшылар күнделікті медициналық байқаулардан, ал жыл сайын барлық жұмысшылар кезеңді медициналық тексеруден өтеді. Уран өндіретін кәсіпорындар асханаларындағы тағам өнімдері адам денсаулығына қажетті микроэлементтеге, минералдар мен витаминдер кешенінен құралған арнайы емдікпрофилактикалық ас-мәзірімен дайындалады. Сонымен қатар, кәсіпорынның барлық базалық бөлімдерінде мамандандырылған медициналық қызметкерлер мен заманауи диагностикалық қондырғылардан тұратын медициналық санитарлық бөлім жұмыс істейді.

Радиацияның, атап айтқанда иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін тиімді дозасы миллизивертпен (мЗв) өлшенеді. Мысалға алғанда, Қазақстанның әрбір тұрғыны жылына орташа есеппен 1 мЗв сәулелену алады. Бұл ұшақпен ұшу, медициналық сәулелену көздерін пайдаланып, рентгендік тексерулерді және т.б. есептемеген жағдайда. Он мың метр жоғарыда ұшатын ұшақпен 7 сағат ұщу барысында жолаушы 0,2 мЗв дозаны алса, ал компьютерлік томография әдісімен медициналық процедуралар жасағанда оның күрделігіне сай 6 дан 38 мЗвке дейін сәулелік дозаны науқас бір мезетте алады. Қазақстанның радиациядан қорғау заңы бойынша иондаушы көзімен жұмыс жасайтын жұмысшыларға рұқсат етілген жылдық тиімді дозаның деңгейі 20 мЗв аспауы керек. Бұл көрсеткіш иондаушы сәулелену көздеріне ең көп ұшырайтын ҰАҚ «Казатомпром» жұмысшыларының өзінде жылдық көрсеткіші 5 мЗв аспайды екен. Бұл жоғарыда келтірілген алдын-алу шаралары негізінде радиациялық қауіп-қатер деңгейінің төменгі дәрежеде екендігін көрсетеді. Санитарлық ағарту іс-шаралары барысында жасалған дозиметрлік өлшемдердің нәтижесі бойынша алтыншы кен өндірісінің санитарлық қорғаныс зонасында және осы өнеркәсіпке жақын орналасқан Ақмая, Бидайкөл (Гигант) және Ш. Қодаманов атындағы елдімекендердің жер телімдері, ауа, су, топырақ сынамалары радиациялық ластанбағанын көрсетті, гамма сәулесінің қуаттылығы 0,15 тен 0,17 мкЗв/сағ аспады, яғни бұл осы жердің табиғи радиациялық фонына тән көрсеткіш.

Қорытындылар.

Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, халықтың барлық иондаушы көздерінен алатын жылдық дозалық жүктемесіне сараптама жасағанда, уран өндірісінде жұмыс жасайтын жұмысшылар мен уран өндірісіне жақын жерде орналасқан елдімекендерде, оның рұқсат етілген жылдық тиімді дозасының мөлшері бекітілген мөлшерден аспағаны, ал басқа салалар бойынша халықтың алатын дозасы жоғары деңгейде екені анықталды. Атап айтқанда, біздің елде ең бірінші орынды темекі тартатын адамдардың, сол темекінің түтініндегі полоний 210 радионуклидінің әсерінен тыныс алу жүйесін улайтыны белгілі болса, екінші орында медициналық мекемелерде рентгендік, радионуклидтік диагностика және емдеу барысында науқастардың негізсіз радиациялық жүктемені алатыны белгілі болды. Үшінші орынды ұшақпен алыс сапарды артқа қалдыратын авиакомпания қызметкерлері мен жолаушылар құраса, тізімнің келесі сатысын радиациялық қауіпті мекемелерде радиациялық және техникалық қауіпсіздік ережелерін орындамаған жұмысшылар құрайды. Қызметтік тексеріс барысында жоғары доза алған жұмысшылардың көпшілігі жеке бастың дозасын анықтайтын дозиметрді жұмыс біткен соң арнайы сейфке салуды ұмытып, иондаушы көзі бар бөлмеде қалдыруына байланысты тіркелгені анықталды.

Радиацияның бар немесе жоқ екендігі адамның ешқандай сезім мүшелерімен анықталмайтынына байланысты, «Радиация» деген негізсіз ҮРЕЙден арылуға, қатерлі ісік пен тұқым қуалайтын жаман ауруларды болдырмауға, адамның иммундық жүйесінің қалыпты жағдайда жұмыс жасауына, салауатты өмір сүруі мен халықтың өмірін ұзартуға уран өндірісіне жақын орналасқан елдімекендер халықына түсінікті тілде санитарлық ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды болып саналады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Б.И. Давыдов, Б.Н. Ушаков Ядерный и радиационный риск //Человек, общество и окружающая среда. 2005. №2. С. 234-239.
  2. В. Давыдов, Е. Бураева, Л. Зорина Радиоэкология // Изв. вузов. Сев.-Кавк. регион. Техн. науки. 2010. №2. С. 635-641.
  3. Б.Б. Прохоров Экология человека. М.: 2010. 320 с.
  4. Гигиеналық нормативтер «Санитарно-эпидемиологическое требования по обеспечению радиационной безопасности» №261, 27.03.2015г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.