Бұл мақалада Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы стероидты емес қабынуға қарсы препараттарына фармацевтикалық талдау жасалынған. Қазақстан Республикасының Ұлттық реестрінде 13.02.2019 ж мәлімет бойынша тіркелген препараттар саны анықталынғын. Өндіруші елдер, дәрілік қалып түрі және отандық өндірушілердің пайыздық үлесі бойынша салыстырмалы талдау жасалынды.
Кіріспе. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы ауыру синдромы фармакотерапиясының негізі болып табылуы, олардың қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер көрсетуімен түсіндіріледі.
Ауыру сезімі, дене температурасының көтерілуі, қызару және ісік бұл қабыну процесінің симптомдары болып табылады. Бұл ретте науқастардың біраз бөлігі ғана дәрігер көмегіне жүгінеді, көпшілігі дәріханада рецептсіз босатылатын стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобын қабылдайды.[1]
Бүгінгі таңда стероидты емес қабынуға қарсы препараттар ең көп қолданылатын препараттар тобына жатады. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобының көп қолданылу себебі олардың қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер көрсетіп, көптеген ауруларда байқалатын сәйкес симптомдарына (қабыну, ауыру сезімі, қызу көтерілуі) әсер етеді.
Соңғы жылдары стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобының қатары айтарлықтай кеңейді және қазіргі таңда әсер ету және қолданылу ерекшеліктерімен ажыратылатын көптеген препараттар қосылды. Бірақ бұл препараттардың бірқатар жағымсыз әсерлері бар. Ең көп зерттелген жағымсыз әсері гастроуыттылығы. Бұл препараттарды ұзақ уақыт қабылдау диспепсия, асқазан ойық жарасы, қан кету, жара перфорациясы, асқазан ішек жолы өткізгіштігінің бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлер береді [1].
Сонымен, бұл мәліметтер стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобын ұзақ уақыт қолданудың қауіпсіз емес екендігін көрсетеді. Сол себепті фармакодинамикалық эффектілері ұқсас препараттар іздеу қажеттілігі туындайды. Ең тиімді баламасы ретінде дәрілік өсімдіктер негізінде алынған препараттарды қарастыруға болады.Тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) экстракты негізінде алынған «Оксифаб» шартты атаудағы таблетка қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер беріп, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобына тән жағымсыз реакцияларды көрсетпейді. Бұл жағдай біздіңзерттеуіміздің объектісі ретінде осы топ препараттарын алуға негіз болды [2].
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы стероидты емес қабынуға қарсы препараттарына фармацевтикалық талдау жасау.
Материалдар және зерттеу әдістері. Талдау Қазақстан Республикасыны Мемлекеттік реестрінде тіркелген дәрілік препараттарға жүргізілді. Зерттеуде фармацевтикалық талдау, классификация, топтастыру, салыстыру және графикалық талдау әдістері қолданылды.
Нәтижелер және оларды талқылау. Қазақстан Республикасының дәрілік заттар Мемлекеттік реестрінің 13.02.2019 ж. мәліметі бойынша 9451 дәрілік препараттар атауы тіркелінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінің деректері негізінде стероидты емес қабынуға қарсы препараттар фармацевтикалық нарығының номенклатурасына жүргізілген талдаудың нәтижесінде АТХ коды S01BC бойынша тіркелген дәрілік препараттардың жалпы саны 267 атауды құрайтыны анықталынды. Бұл көрсеткіш жалпы нарықтың 2,82 % құрайды.
Фармацевтикалық нарықты талдау барысында стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы келесідей дәрілік қалып түрлерімен көрсетілген: таблетка, капсула, ректальды суппозиторийлар, ішке қабылдау үшін дайындалатын ұнтақ, пероральды қабылдауға арналған суспензия, сыртқа қолдануға арналған гель, инъекцияға және инфузияға арналған ерітінділер [3].
Сурет 1 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобын импорттаушы елдердің үлесі
Импорттаушы елдерден Үндістан (13%) көш бастап тұр, екінші орында көршілес Ресей мемлекеті (7%), Германия мен Түркия (6%), Украина (3%), тек 5% ғана Қазақстанда өндіріледі.Бұдан байқағанымыздай дәрілік заттардың көп бөлігі шет елден тасымалданады.
Сурет 2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобының дәрілік қалып түрлері
Фармацевтикалық нарықта стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобының 64% қатты дәрілік қалып түрінде (таблетка, капсула, түйіршік) кездеседі. Басқа тіркелінген препараттардың 25% сұйық дәрілік қалып (ішуге арналған суспензия, инъекцияға және инфузияға арналған ерітінділер) түрінде тіркелген. Жұмсақ дәрілік қалып түрі тек 11% құрайды.
Сурет 3 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
тобын өндіруші отандық фирмалардың үлесі
1-ші суреттегі диаграммада отандық өндірушілер үлесіне АҚ осы топ препараттарының жартысынан көбін 58% жалпы нарықтың тек 5% ғана тиесілі екендігі көрсетілген. өндіреді, «Химфарм» АҚ 21%, «Вивафарм» АҚ 14%, ЖШС
Оның ішінде «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» «Абди Ибрагим Глобал фарм» үлесіне 7% тиесілі (3-сурет).
Кесте 1 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы отандық стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы
№ |
Саудалық атауы |
АТХ |
Өндіруші |
Дәрілік қалып түрі |
1 |
Этодин СР |
М01АВ08 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
2 |
Бефрон |
M01AE01 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Суспензия |
3 |
Кетотоп |
М01АЕ03 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар |
Химфарм, АҚ |
Ерітінді |
4 |
Этодин ФОРТ |
М01АВ08 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар,стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
5 |
Мелбек |
М01АС06 Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
6 |
Мелбек ФОРТ |
М01АС06 Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
7 |
Ибупрофен ВИВАФАРМ |
М01АЕ01 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар,стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Вивафарм, АҚ |
Таблетка |
8 |
Мексим |
М01АХ17 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
9 |
Мапрофен |
M01AE09 Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
10 |
Декстанол |
М01АЕ17 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар,стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы, АҚ |
Таблетка |
11 |
Кетотоп |
М01АЕ03 Қабынуға және ревматизмге қарсы |
Химфарм, АҚ |
Капсула |
препараттар |
||||
12 |
Кетотоп Форте |
М01АЕ03 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар |
Химфарм, АҚ |
Таблетка |
13 |
Ацеклоран |
М01АВ16 Қабынуға және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар |
Абди Ибрахим Глобал Фарм, ЖШС |
Таблетка |
Мемлекеттік реестрде тіркелген отандық стероидты емес қабынуға қарсы препараттар саны 13 саудалық атауды құрайды. Химиялық құрылымы бойынша келесідей топтардан тұрады:
Индолсірке қышқылының туындылары;
Пропион қышқылының туындылары;
Оксикамдар;
Сульфонамид туындылары;
Сірке қышқылының туындылары;
Қорытынды.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобына жүргізілген талдау нәтижесі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы жалпы нарықтың 2,82% құрайды және 267 саудалық атаумен тіркелінген;
Дәрілік заттардың 95% шет елден тасымалданатындығы анықталынды;
Отандық өндірушілер үлесі жалпы нарықтың 5% құрайды; Қазақстанда стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобын 4 отандық фармацевтикалық компания өндіреді. Отандық көшбасшы өндіріс орны: «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (58%), «Химфарм» АҚ (21%), «ВИВАФАРМ» АҚ (14%), «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС (7%).
Жалпы нарықта стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобы қатты (64%), сұйық (25%) және жұмсақ (11%) дәрілік қалып түрлерімен тіркелінген;
Сонымен, осы жағдайды ескере отырып отандық өндірушілер осы топ препараттарына импорттың орнын басуға ұмтылуы қажет екендігі айқындалады. Бұл процесс импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық дәрілік шикізат негізіндегі препараттарды өндіруге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Зырянов С.К., Нельга О.Н., Белоусов Ю.Б., Терапия боли: как снизить риск развития неблагоприятных побочных реакций // Справочник поликлинического врача. 2007. №7. С. 14-16
- А.Ш.Амирханова, Г.О.Устенова, Н.Г.Гемеджиева., Фитопрепараттарды зерттеу үшін тықыр кекіренің қолданылу мүмкіншілігі // Вестник КазНМУ. 2015. №4. С. 520-521.
- Государственный реестр ЛС,ИМН и МТ РК
- Дремова Н.Б., Развитие методологии маркетинговых исследований в фармации // Курский научно-практический вестник. 2005. №1. С. 62-76.
- Амирханова А.Ш., Устенова Г.О., Тургумбаева А.А., Әбіжанова Б.Б. Дәрілік өсімдік шикізаты тықыр кекіре (Oxytropis glabra Lam.DC.) шикізатының сандық көрсеткішін анықтау // ОҚМФА Хабаршысы. 2017. №3. Б. 53-56.
- Кабишев К.Э. Современные подходы к разработке лекарственных средств на основе тибетских прописей // Вестник ВГУ. 2005. №1. С. 181-188.