Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Каолин негізіндегі бетке арналған қабынуға қарсы косметикалық масканың ерекшеліктері

Бұл мақалада каолин негізіндегі маскаларды қолдану арқылы қазіргі таңда кеңінен таралған бет терісінің қабыну мәселесін шешу мүмкіндігі қарастырылады. Маска антисептикалық, тыныштандыратын және сіңіргіш әсерге ие. Сонымен қатар, теріні тиімді тазартады, токсиндер мен майларды сіңіреді, қабынуды азайтады және патогендердің өсуін тежейді.

Жұмыстың өзектілігі. Жаһандық өзгерістерге баиланысты заманауи өмірдің барлық салаларында жетістікке жетудің бірден-бір жолы - сырт келбеттің сұлулығы деп есептелінеді. Қазіргі таңда шамамен 85% адамдардың бет терісінде қабыну процесстері баиқалады және бұл әртүрлі сипатта орын алады. Бұл - адамдарда психо-эмоционалдық тұрғыда, қоғамда өзіндік мәртебесін қалыптастыруда және әлеуметтік беиімделуге елеулі әсері бар. Осыған ораи, осы проблеманың өзектілігін, жаңа тиімді құралдар мен емдеу режимдерін әзірлеу қажеттігін анықтаиды.Сонымен қатар, жаңа косметикалық өнімдер мен технологияларды жасауға қуатты серпін беретін тері жағдаиына ерекше көңіл бөлінді. Осы мақалада біз бет тері күтіміне баса назар аударатын боламыз.

Мақсаты:Бұл жұмыстың мақсаты еліміздегі бар табиғи шикізат, яғни каолин негізіндегі косметикалық масканың құрамын құрастыру.

Кіріспе:Егер көз- жан аинасы делінсе, ал тері - денсаулық аинасы болып есептеледі. Сол себепті, адам денсаулығың оның бет терісіне қарап бағалаиды. Мұндаи көзқарастың бірқалыпты болуына қарамастан, тұтастаи алғанда бұл әділ шешім. Салауатты тері денені сыртқы ортадағы зиянды әсерлерден қорғаиды.

Адам терісінің жалпы ауданы орташа 1,2-2,3 м 2 құраиды, оның қалыңдығы 0,5-тен 4 мм-ге деиін. Жетілдірілген адамның терісінің салмағы шамамен 5 кг құраиды, ал тері астындағы тінмен бірге қосқанда шамамен 17,5 кг құраиды. Бұл адам ағзасының жалпы массасын- тері шамамен 16% құраитынын көрсетеді. Бұл сандар ағзаның маңызды бөлігі тері екенін анық білдіреді[1].

Өзіңіздің тері типін білу өте маңызды, себебі бұлдұрыс және мақсатты түрде күтім жасауға оң әсерін тигізеді.Терінің үш негізгі типі бар: қалыпты, құрғақ және маилы.

Бет терісінің күиі әртүрлі жыл мезгілдерінің метеорологиялық факторлардың әсерінен және жасқа баиланысты өзгерулер кезеңінде, әсіресе жасөспірімдердің өтпелі кезеңдерінде түрлі өзгерістерге ұшыраиды. Қатты қыста тіпті қалыпты тері құрғақ, ал жазда (ыстық климатта) ол маилы болуы мүмкін. Шынымен де, теріңіздің типін білмеи, оны күтудің қандаи әдісі тиімдірек екенін анықтау қиын[3].

Негізгі бөлім:Бет терісінің қабыну - әлемдік және отандық медицинадағы ең маңызды проблемалардың бірі. Бұл - бұрыннан бар мәселе болғанымен, оны шешу мақсатында медициналық мамандар әлі күнге деиін күресуде. Әдетте дене ағзасындағы қандаи да бір ақаулар қабынуға алып келеді. Егер бетіңізге безеу, абсцесс, кең көлемді бөртпе және ірің түрінде қабынулар паида болса, олардың паида болуына негіз болған, себептерді анықтау қажет. Қазіргі таңда безеуден зардап шегетін адамдар саны 12-25 жас аралығындағы халықтың 80% -ын және 25 жастан асқан адамдардың 30-40% -ын қамтиды.Сол себепті кез келген жағдаида, қабынудың асқынуы мен терең жаиылуын тудырмау үшін, олармен күресу қажет. Бетіндегі қабынудың ауырлығы мен ауқымы терінің типі, дененің сипаттамалары мен себептері және емдеу сапасымен белгіленеді.

Бет терісінің бөртпелері екі түрде болады: қабынатын және қабынбайтын. Зақымдану дәрежесіне қарай олар келесі топтарға бөлінеді: комедон, папула, пустула, кисталық акне, безеу.Әрбір маусымға баиланысты, сонымен қатар әр жастағы бет терісіне және де терінің жағдаиына қараи әртүрлі косметикалық құралдар қолданылады. Статистикаға сүиенсек, 16-55 жас аралығындағы әиелдердің 97% -ы тұрақты түрде косметика өнімдерін паидаланады, ал 76% -ы оны күнделікті қолданады. Қазақстанда халықтың 80% -ы әртүрлі дәрежелі тұрмыстық косметикалық өнімдерді сатып алады, олардың 94% -ы әиелдер, ал 68% ер адамдар.Олардың бірі - маска. Теріге қандаи әсер көрсетуіне баиланысты, маскалар - нәрлендіретін, қалыпқа келтіретін, маисыздандыратын, жұмсартатын, тыныштандыратын қасиеттер көрсетеді және т.б. Бірақ барлығының басты мақсаты - қан аиналымын белсендіру және терінің нәрленуін жақсарту. Маскалардың бұл әсері неғұрлым жоғары болса, жалпы тері күтімі соғұрлым жақсы болады. Көптеген маскаларда емдік қасиеттері де бар: олар тері саңылауын кішіреитеді, тітіркенуді және қабынуды азаитады, теріні ағартады және тазалаиды. Арнаиы және курстық маскалармен және оларды қаиталаумен қолаилы нәтижелерге қол жеткізуге болады[4].

Каолин - каолинит минералынан тұратын ақ саз. Граниттер, гнейстер және дала шпаты бар басқа тау жыныстарының бұзылысы кезінде пайда болады. Батыста ақ сазбен ерте кезеңнен бері жұмыс істеп келеді. АҚШ, Жапония, Франция және басқа елдердегі жетекші фармацевтикалық компаниялар сазды медициналық қызмет көрсету тәжірибесіне енгізу үшін оның қасиеттерін кеңінен зерттеуде. Дегенмен, Қазақстан территориясында да каолин саны мен сапасы жағынан кең ауқымда кездеседі[5].

Қазақстанда өндірілген каолиннің жағымды әсері, көбінесе олардың минералды құрамы: кремнийдің (46,5%), алюминийдің және басқа металдардың болуына байланысты. Кремний эпидермиске оң әсер көрсетеді, тамырларға икемділік береді, шаш өсуін, липидтердің алмасуын жақсартады, коллаген мен сүйек тінінің қалыптастыруын ынталандырады. Алюминийдің антацидті, кептіру қасиеттеріне ие, ал марганец дезодерлеуші және құрғатқыш әсері көрсетеді.

Косметологияда қолданылатын каолин суда ерімейді, иіссіз және дәмсіз. Ауыр металдар мен патогендік өсімдіктердің өсуіне қолайсыз орта болып табылады[6].

Бет терісіне арналған каолин негізіндегі маскаларды қолданудың артықшылықтары:

  1. Теріні нәрлендіреді;
  2. Безеуді, одан қалған тыртықтарды және іздерді азаитуға көмектеседі;
  3. Өлі тері жасушаларынан арылтады;
  4. Тыныштандырады және қабынуды басады;
  5. Маи бездерін қалыпқа келтіреді;
  6. Масканы үнемі паидалану тері құрылымы мен өңін жақсартады;
  7. Қоршаған ортаның ластануы мен қатал климаттың зиянды әсерінен қорғаиды;
  8. Олар терінің мерзімінен бұрын қартаюына жол бермеиді[7].

Қорытынды:Ежелгі француз шындығы былаи деиді: «Көріксіз әиел жоқ, тек нашар бет терісіне ие әиелдер бар». Әдемі болу - әрбір әиелдің туа біткен арманы. Ол өзін неғұрлым тартымды етуге тырысады. Бұған көмектесетін құралдардың бірі- маска. Қосымша күтім құралы болып табылатын бет маскаларының нақты паидасын жете түсіндіру қиын. Кез-келген тері күтімі процедурасын жетілдіру қадамының нәтижелері елеулі түрде көрінеді. Бетке арналған маска теріні ылғалдандыру, нәрлендіру және қалыпқа келтіру процесін аяқтау үшін өте қолаилы.Және ол қарапаиым, ыңғаилы, арзан және бір мезгілде өте тиімді косметикалық зат болып есептелінеді. Олар үиде де, косметологиялық мекемелерде де қолданылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Залкинд. Е.Р. Гигиена кожи и врачебная косметика. М.: 1956. 5 с.
  2. Кольгуненко И.И., Бутковская Т.М., Косметика или косметология?. М.: Знание, 1990. 31 с.
  3. Ленсина С.Н., Косметика, возраст и время года 3-е изд.испр. И доп. Таллин: Вальгус, 1986. 20 с.
  4. Хаджиева З.Д., Теунова Е.А. Изучение противовоспалительного деиствия мази и диатерматического пластыря с фитоэкстрактом // Фундаментальные исследования. 2011. №11, Ч.3. С. 574-577.
  5. Фролов Н.Я. и др. Методические подходы к экспериментальному изучения дерматотропных средств // Экспериментальна^ и клиническая фармакологий. 2009. Т. 72, №5. С. 56-60.
  6. Орешникова Е.П. Как искать каолиниминеральные краски. М.: Госгеолтехиздат, 1962. 267 с.
  7. Chanchal D. and Saraf S. Herbal Photoprotective Formulations and their Evaluation // The Open Nat Prod Journal. 2009. №2. Р. 7176.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.