Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Авитаминоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар нарығына шолу жасау

Бұл мақалада авитаминоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар нарығына шолу жасау жасалынған. Нәтижелер бойынша Қазақстанның фармацевтикалық нарығында аталған дәрілік препараттардың 76 атауы тіркелгені анықталды. Өндіруші мемлекеттер, өндірушілер, шығарылу қалыптары бойынша құрамында темір, холекальциферол, пиридоксин және цианокобаламин бар дәрілік препараттар зерттелініп, орташа бағасына салыстырмалы талдау жасалынды.

Зерттеудің өзектілігі. Авитаминоз адам ағзасындағы дәруменнің тапшылығы. Дәрумендердің жетіспеушілігі белгілі бір бұзылулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Қазіргі таңда жас және жыныс ерекшеліктеріне қарамай авитаминоз ауруы кең тарауда.

Авитоминоз кезінде қолдануда ең көп кездесетін препараттардың қатарына темір, холекальциферол (дәрумен D), пиридоксин (дәрумен B6) және цианокобаламин (дәрумен B12) кіреді [1].

Осы уақытқа дейін жиі кездесетін дәрумен жетіспеушілігі болып, темір жеткіліксіздік анемиясы саналады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша бұл аурумен 3 млн 277,356 адам тіркелген. Оның ішінде, 1 млн 602,537 қала тұрғындары, 1 млн 673,541 ауыл тұрғындары болса, Алматы қаласы бойынша 441,955 адам тіркелген [2]. Сондықтан, қазіргі таңда, авитаминоз ауруын емдеуге және алдын алуға негізделген дәрілік заттар Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында сұранысқа ие пепараттардың бірі.

Жоғарыда аталған препараттар қатарында ең жиі және көп кездесетін түрі Д витаминдер қатары. Д витамині (кальциферол) организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруына шалдығады. Мешел ауруының салдарынан баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ-сүйектері қисайып, басы мен іші үлкейіп кетеді [3].

Келесі жиі кездесетін қатарға құрамында В витаминдері бар препараттар жатады. В витаминдер тобы ағзада зат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің (тиаминнің) жетіспеуі сал ауруына (Бери-бери ауруына) және жүрек ауруларына алып келеді. В6 (пиридоксин) нәруыз бен майлар алмасуына қажетті компонент. Ал В12 (цианокобаламин) витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин ағзада жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болуы мүмкін [4].

Темір тапшылығы жасушаларды оттегімен қамтамасыз етудің бұзылуына әкеледі. Бұл иммунитетті төмендетіп, жұқпалы аурулардың даму қаупін арттырады. Темір тапшылығынан темір тапшылықты анемия дамып, ағзаның басқа да мүшелерінің жұмысының бұзылуына әкеледі [5].

Зерттеудің материалдары мен әдістері.

Зерттеудің мақсаты авитаминоз дәрі-дәрмектеріне нарықтық шолу жасау және баға сегментінде позицияныанықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы жүйелік талдау, графикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеу нысандары ретінде темір, холекальциферол, пиридоксин және цианокобаламин құрамдас авитаминоз ауруын емдеуге және алдын алуға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелген дәрілік заттар, Алматы қаласының «Europharma» ЖШС дәріхана желісінің прайс парақтары алынды.

Нәтижелері.

Талдау барысында авитаминоз ауруын емдеуге және алдын алуға арналған препараттардың фармацевтикалық нарықта 76 атаумен бар екендігі анықталды. Оның ішінде 5 атау (7%) отандық өндіріске, 71 атау (93%) жетелдік өдіріске тиесілі. Жалпы дәрумендер нарығы 22 мемлекетпен көрініс табады (кесте 1).

Кесте 1 Авитоминозға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың ҚР Мемлекетті тіркелімі бойынша мәліметтер

Өндіруші елдер

Препа

раттар саны

атау саны, бірл.

меншікті көлемі,%

1

Индия

8

10,53

2

Турция

7

9,21

3

Германия

6

7,89

4

Россия

6

7,89

5

Белорусь

6

7,89

6

Испания

6

7,89

7

Қазақстан

5

6,58

8

АҚШ

5

6,58

9

Швейцария

4

5,26

10

Франция

3

3,95

11

Украина

3

3,95

12

Греция

3

3,95

13

Италия

2

2,63

14

Австрия

2

2,63

15

Венгрия

2

2,63

16

Дания

2

2,63

17

Польша

1

1,32

18

Бельгия

1

1,32

19

Корея

1

1,32

20

Таиланд

1

1,32

21

Индонезия

1

1,32

22

Норвегия

1

1,32

 

Барлығы:

76

100,0

1-кестенің деректері бойынша, Авитаминоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар нарығыда 16 өндіруші елдің тауарлары ұсынылған. Осы топтағы препараттар өндірісі бойынша көшбасшылар: Индия 8 дана (10,53 %), Түркия 7 дана (9,21 %) және Германия 6 дана (7,89%). Ал Польша, Бельгия, Корея, Таиланд, Индонезия және Норвегия елдері 1 атаумен Қазақстанның фармацевтикалық нарығында қатынасады.

Зерттеуге сәйкес, дәрумендік препараттар әртүрлі дәрілік формаларда шығарылатыны анықталды. Жалпы номенклатураның ең көп үлесі ампулаларға тиесілі (37%), одан кейін 28% қатты дәрілік қалып және 17% капсула екендігі анықталды (сурет 1).

Сурет 1 Авитоминозға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың ҚР Мемлекеттік тіркелімінде шығарылу қалыптары бойынша шолу нәтижелері

Жүргізілген талдауға сәйкес 76 пепараттың ішінде 61-і GMP талаптарына сәйкес өндірілетіндігі, ал 15 перапарат GMP талаптарына сәйкес жасалынбайтындығы анықталды (Сурет 2).

80%

Сурет 2 GMP талаптарына сәйкес шығарылатын ДЗ үлесі

Алматы қаласы бойынша дәріханалық ұйымдардың авитаминоз ауруын емдеуге және алдын алуға арналған препараттарының бөлшек сауда бағаларына шолу жасау барысында дәрілік қалып бойынша баға өзгерістер бар екендігі анықталды. Атап айтар болсақ, темір құрамды препараттардың дәріхана желілері бойынша таблетканың орташа бағасы 1 650 тг, ал ампула түрінде 5 100 тг. құрайды. Ал В6 дәруменді препараттарының таблетка түрде бағасы 1 500 тг. болса, ішке қабылдауға арналған сұйықтық түріндегі қалыптың орташа бағасы 1 040 тг. тұрды. D дәруменді препараттар ішінде таблетка 1 920 тг-ні, ампула 2 200 тгні көрсетті (Кесте 2).

Кесте 2 Алматы қаласы бойынша авитаминоз ауруын емеуге және алдын алуға арналған препараттарының орташа бағасы

Атауы

1 Ел

1 Орташа баға, тг

Темір құрамды препараттар

1

Феркайл

Бельгия

2750

2

Феррум Лек

Турция

2100

3

Ранферон -12

Индия

1035

4

Ферровит

Қазақстан

720

Орташа бағасы:

1651,25

Дәрумен В6 препараттары

1

КомплигамВ

Ресей

2780

2

Магний В6

Венгрия

2130

3

Магвит

Беларусь

900

4

Пиридоксин гидрохлорид

Қазақстан

200

Орташа бағасы:

1502,5

Дәрумен D препараттары

1

Кальций-Д3 Никомед Остео Форте

Норвегия

3200

2

Оксикал Д3

Индия

2385

3

Кальцемин

АҚШ

1200

4

Кальций-Д3-МИК

Беларусь

900

Орташа бағасы:

1921,25

Шолу нәтижесінде ең жоғары баға сегментін Бельгия, Ресей және Норвегия, орташа баға сегментін Турция мен Индия, ал төменгіде Белорусия және Қазақстан елдерінде шығарылатын авитоминозға қарсы дәрілік препараттар құрады.

Жалпы алғанда, салыстырмалы талдау нәтижесінде әрбір топ бойынша орташа бағалар 1711,88±209,38 тг. шеңберінде екендігін көрсетті.

Қорытынды.

Авитаминоз кезінде қолданылатын (темір, холекальциферол, пиридоксин және цианокобаламин құрамдас) дәрілік препараттарды нарықтық шолу нәтижесінде Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында 76 атаулары, олардың көпшілігі ампула түрінде келетіндігі, препараттардың орташа бағасы шамамен 1711,88±209,38 тг. құрайтындығы анықталды. Сондай-ақ, елімізде Авитаминоз кезінде қолданылатын (темір, холекальциферол, пиридоксин және цианокобаламин құрамдас) дәрілік препараттардың жетекші отандық өндірушісі «Химфарм» АҚ болып табылатындығы айқындалды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ужегова Е.Б. Железодефицитная анемия. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы: 2010. 124 с.
  2. 2017 жылда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі=Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2017 году: Стат. жинақ. Астана,:2018. 354 б.
  3. Ших Е.В. Терапевтические аспекты использования витаминных препаратов // Фармацевтический вестник. 2005. №3. 20с.
  4. Витамины группы В // Казахстанский фармацевтический вестник. 2017. № 19(526) . C. 18-19.
  5. Спиричев В.Б. Витамины, витаминоподобные и минеральные вещества. Справочник. М.: МЦФЭР, 2004. 240 с.
  6. Справочник Видаль. Лекарственные препараты в Казахстане. Справочник. М.: Астра Фарм Сервис, 2009. 944 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.