Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бекасыл әулие биболатұлының медициналық канондары

Ұлы шипагер Бекасыл Биболатұлының «ЖұлДызнама» атты ғылыми шығармасы клиникалық меДицина мен фармакология саласына қатысты үлкен меДициналық энциклопеДиялық еңбектің қатарына жатаДы. Әсіресе, әр түрлі ауруларДы Дәрілік шөптермен емДеуі және науқас аДамның жаны күйзеліске түскенДе Дұға оқып сауықтыруы мақалаДа көрсетілген.

Кіріспе. Қазақ емшілігі немесе халық емшілігі қазақ халқының атадан балаға жеткен асыл қазынасы. Қазақ халқы ежелден денсаулығы мықты, рухы үстем батыр халық болып келгені белгілі. Олай болса олардың адам ағзасын сау-саламат ұстау жолының, емшілік өнерінің болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. (Айдарханұлы Қ. 2018) Қазақ елінің ішінде халық емшілері көп болған. Солардың ішінде 15ғасырда өмір сүрген, теңдессіз шипагер, «Шипагерлік баянынның» авторы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өзі не тұрады. Соңғы жылдары табылып, «Күлтегін» баспасынан ғұлама-ғалым, нағыз шипагер, аса ойшыл Бекасыл Биболатұлының (1822-1915) «Жұлдызнама» кітабінің 2005 жылы бір томдық болып, кейін 2011 жылы екі томдық боп жарыққа шығуы, қазақ емшілігінің тарихы мен жалғасқан дәстүрін көрсетеді

Осы кітап туралы филология ғылымының докторы М.Жолдасбеков: ««Жұлдызнама» жайлы сөз қозғағанда оның шипагерлік, дұғалықтар және осыған байланысты аңыз, әңгімелер, әлеуметтік өмір, кәсіпкерлік өнер сияқты сан алуан мазмұндарды қамтыған өз заманының энциклопедиялық үлкен жинағы екенін айтқан жөн» деп тебіреніп жазады.

Зерттеу мақсаты. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз Бекасыл әулиенің философиялық, психологиялық, астрологиялық, діни-нанымдық жан-жақты ілім-білім жүйесінің ішіндегі медициналық тәжірибесіне назар аудару. Негізі. «Жұлдызнамада» медицина ғылымына қатысты мәліметтер көптеп келтірілген. Мәселен, қандай ауруды болсын емдеп жазу үшін алдымен оның не ауру екенін, неден басталғанын анықтай білген. «Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ» дегендей, басы ауырмайтын, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Қолжазбада аурулардың түрлеріне, оның себептеріне, даму жолдарына, емдеу тәсілдеріне кең орын берілген. Бір ерекшелегі дию-перілерден жабысатын сырқат жайлы жан-жақты деректер де бар.

Бұл қолжазбаның құнды медициналық еңбек бола алуындағы себеп «тәні саудың жаны сау» деп қана қоймай, «рухы сау адамның тәні де сау» деп адамның жаны мен тәнін және рухын бір-бірінен бөліп-жаруға келмейтін біртұтас дене ретінде қарауында. Бекасыл әулиенің энциклопедиялық білім мен шипагерлік өнерді халықтық медицина тұрғысынан тығыз ұштастыра білуінде. Бекасыл әулиенің пікірінше рухы сау адамның тәні де сау, жаны да сау. Сондықтан, ғұлама парасаттылыққа, қайырымдылыққа, кісілікке баулиды, рух тазалығын қош көреді. Денсаулықтың зор болу жолдарын қарастырады: «Тән үшін тән келді,

Жан үшін жан келді,» дей отырып, тәнді емдеу үшін әртүрлі ем-домдық амалдарды ұсынса, жанды емдеу үшін қасиетті дұғаларды келтіреді. Сөйтіп, өзінің шипагерлік өнерін соматикалық ауруларды емдегенде ғана емес, сонымен қатар психикалық сырқаттарды да емдегенде көрсете біледі. «Дерттілерге шипа бер, ауруларға дәрмен бер» деп аузынан ылғи тастамай, өзінің бар ғұмырын шипагерлік жолға арнап, қолжазбада көптеген ем-дом түрлерін қалдырады. Сондықтан болар тән мен жан туралы философиялық тұжырымды Шәкәрім кезінде «жанымыз Күннен келген нұрдан, тәніміз топырық пен судан» -деп жалғастыруы тегін емес шығар.

Медицинаның көптеген салаларында кездесетін ауруларға сараптама беру, оларға нақтама қою және тиісті ем-дом жазып ұйғару, тек ойшыл дәрігердің қолынан келетін шипагерлік іс. Қолжазбада көз, құлақ, мұрын және жұтқыншақ, тіс пен жақсүйек ауруларына қатысты дәрігерлік нұсқамалар жазылған. Андрология мен геникология, жүрек-қантамыр аурулары, урология мен травматология т.б. салалар шипагердің назарынан тыс қалмаған, ем-домдық шаралар белгілі бір тәртіппен берілген.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

* Егер кісінің басы ауырса, жатарда ыстық су ішсе, сақаяр. *Жылқының тілін тілі шықпаған балаға жегізсе, тілі ашылғай.

*Егер сарымсақты жеті күн тыңғылықты жесе, ажалдан басқа бар індетке ем.

Сондай ем-домның стоматологиялық бір мысалы мынандай: *Кімде-кімнің тісі ауырса, у сарымсақты қайнатып, ауырған тісінің түбіне басса, шипа болғай.

Немесе, *Егер кісінің тісі ауырса, анар гүлін жаншып, жатар алдында тісінің түбіне тартса, ол жазылады.

Міне, осындай жеміс-жидек, дәрілік шөптерді қолдану бүгінгі таңның өзінде өзекті мәселе. Оның үстіне синтетикалық жолмен жасалған әртүрлі дәрі-дәрмектер жылдан-жылға аллергиялық ауруларға жиі душар ететінін ескерсек, Бекасыл әулиенің практикасындағы шипашақтар, яғни рецептер тек табиғи шикізаттарға, шөп-дәрілерге негізделген байқаймыз.Соның нәтижесінде оларды ауруларға қарсы қолданғанда ағзаға зиянын тигізбей, жанға дауа, тәнге шипа болған.

«Тісің ауырса тәнің сорлайды» деп халық босқа айтпайды. Тістің ауруына адам емес, аю да шыдай алмайды. Сол себептен ғұлама Бекасыл әулие тістің қақсап қатты ауыратын симптомын басу үшін әралуан емдік әдіс іздеген. Қолынан келгенше емшілік өнерін жетілдіріп отырған. Бар ем-домдық әдістерді аурудың клиникалық көрінісіне байланысты топтай отырып, дұрыс таңдай білген. «Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің, екі аяқтың қадірін ақсағанда білерсің» дегендей, тістің әртүрлі ауруларын анықтай отырып, емдік шараларды ізденуден талмаған. Атақты шипагер тағы бір шипашағында: «Егер кісінің тісі ауырса, аюдың сүтімен кашназды қайнатып, аузына алса, ол жазылар» деп тұжырымдайды.

Бекасыл әулие тек тістің ауруына амал-шара іздемей, қызылиек ауруына да емдік әдіс қарастырған. Мысалы: «Егер кісінің тісі ауырып, тісінің түбі қанаса, һалайланы майдалап тістің түбіне басса, қаны тоқтайды» деп қолжазбада келтіреді. Сол сияқты «Жұлдызнамада» қызылиектің қанқұрт, қанжел ауруларына қатысты көзге көрінер-көрінбес белгісін дөп басып, яғни клиникалық көрінісін сипаттап, өзінің дәрігерлік біліктілігін танытады, тиісті ем-дом түрін ұсынады. Сондай ем-домның түрі мынандай: «Егер кісінің тісінің түбі босаса, нұшатыр мен күшаланы қосып, майдалап тістің түбіне қойса жазылар».

Осы жерде бір айта кететін жәйт, жоғарыда келтірілген кейбір дәрі шөптердің біразы қолданыстан қалып, ұмытылып қалғандығы. Енді бірталайының аттары анықталмай, мағынасы ашылмай қалуы. Мүмкін, уақыт келе тиісті мамандар қызығып, асыл мұраға зер салып, шөпдәрілердің медициналық атауларын анықтап, шипалық қасиетіне үңіліп, ғылыми мәнін аша алса, бұл баға жетпес еңбек болмақ.

Емдеу мәселесінің тиянақты келтірілген стоматологиялық тәжірибесінен көруге болады. домдардың сыры толық ашылмай қалған. Сондықтан, Бекасыл әулиенің медициналық канондары арнайы ғылыми зерттемелік жұмыс жүргізуге ой салады. «Жұлдызнама»-ӨтейбойдақТілеуқабылұлының «Шипагерлік баянынынан» кейінгі іздегенге таптырмас, мән-мағынасы жоғалмас, сирек кездесетін асыл рухани әрі мақалалар жазылатыны ақиқат. Атақты ғалым әл-Машани ұлы әл-Фарабидың мынандай қанатты сөзін келтіреді: туатындығы». Бекасыл әулиенің шипагерлік өнері де екі-ақ әдістен тұрады: біріншісі рухты емдеу, екіншісі адамның жан-тәнін емдеу. Мұндай жағдайда, науқастың шағымына көңіл бөліп, мұқият тыңдап, тыңғылықты тексеріп болғаннан кейін қарапайым мәліметтерге сүйеніп отырып, кеселге толық диагноз қою бірінші іс болса, екінші ісдиагноз толық анықталған соң оның этиологиясын, патогенезі мен клиникалық белгілерін ескеріп, лайықты ем тағайындау, нағыз шипагерлік өнердің сырын ашып, дәрігерлік шеберлік өнердің қырын көрсетеді. Өмірде адамзат баласы бір Алла тағаланың көмегімен ғұмыр жасайды, дертіне дауа іздейді. Сондықтан пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәрілектен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан» (Хадис). «Науқасты емдеу Алла тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы Алланың шапағатынын» деген.(Хадис). Осындай қанатты сөздермен рухтанған Бекасыл әулие: «Ықыласпен жасалған шынайы дұға, адам рухына тыныштық рақатын сыйлайды»,деп санаған. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде дұға адамның жан әлеміне, психикалық денсаулығына оң әсерін тигізетіндігі дәлелденді. Аллаға сенім білдіруші адамдардың депрессия мен стресске аз шалдығатындығы жене мұндай жағдайлар туындаған кезде, олар бұл кезеңнен әлдеқайда жылдам шығатыны зерделенді. Ғалым Мазғар Осман: «Дұға екендігіне жоғарыда ауруларды емдеу Бірақ, көптеген ем-шипагерлік қазына. Бекасыл әулиенің ғұлама-ғалым, шипагер-дарын екендігіне арналған әлі талай-талай

«...күллі өнердің негізі екі-ақ сөзден тұрады. Ол - қарапайымнан күрделінің, күрделіден қарапайымның

  • психикалық ауытқушылық пен түрлі ауруларды емдеу үшін өте маңызды құрал. Дұғаның күші тартылыс күші сияқты шынайы болып табылады. Мен психикалық бұзылу мен уайымнан көп зардап шеккен адамдардың тек дұға арқылы құтылғандығына байланысты көптеген оқиғалардың куәсі болдым», деп атап өтті._ Сәуегей ғұламаның дұғамен емдеу жолына келетін болсақ Ғажайбул
  • Истиғфар дұғасының бір өзі көпті аңғартады. «Осы дұғаны оқыған адам үш мың түрлі дерттен аман болғай. Мұның мың түрлі дерті тәуіптердің дәрісінің және мың түрлісі оқумен шипа болар, мың түрлісіне дауа жоқ. Осы қасиетті дұға жоғарыда айтылған үш мың ауруға да шипа болмақ» деп айтуы дұғамен емдеудің қас шебері екенін көрсетеді.

Қорытынды. Жоғарыда келтірілген деректерден Бекасыл әулиенің шипагерлік істі өнерпаздық, жасампаздық дәрежесіне жеткізе білгендігін көреміз. Қасиетті құранның Шәмс сүресінде айтылғандай: «Жанын пәк ұстағандар мұратына жетеді» дегендей Бекасыл әулиенің бүгінгі таңда таптырмас, бірегей ғылыми еңбегін сөз ету асыл бабамыздың аңсаған мұратына жеткені деп санаймыз.Адамның он екі мүшесінде кездесетін дерттердің пайда болу себептері, оларды емдеу тәсілдері туралы мол деректер қамтылған қазақ ғұламаларының көшбасшысы болғандығын байқаймыз. Бекасыл әулиенің көпсаланың жан-жақты білімпаз екендігін тек жан мен тәнді емдеп қана қоймай, арнайы дұға арқылы рухтандыруы, жан дүниені сауықтыруы шипгеріліктің шыңы десе болады.

Бекасыл әулиенің бізге жеткен қолжазбасы халықтық қымбат мұра, рухани байлық, «Жұлдызнама» атты кітаптағы медициналық ұстаным-канондардың бірденбір маңыздылығы осында.

Соңында айтарымыз:

«Қолыма қалам алып жаздым зикзал, Басқаның бір өлімнен ертесі абзал. Жақсылар, оқып көрсең міне кітап, Ішінде әрбір түрлі нұсқалар бар» деп жазған ғұламашипагер бабамыз Бекасыл әулиенің «Жұлдызнамадағы» өнегелі ісі, яғни науқас адамды кешенді тексеріп, дертіне дәл нақтама қоюы, шипагерлік әртүрлі ем-домдарды барынша зерттеп, сипатын молынша анықтап, әрі науқас адамды ойдағыдай тиімді емдеуі, шын мәнінде толғандырмай, ойландырмай қоймайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бекасыл әулие Жұлдызнама. Астана: 2005. 164 б.
  2. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян. Алматы: 1996. 216 б.
  3. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы: 1999. 112 б.
  4. Қ. Айдарханұлы Қазақ емшілігі. Алматы: 2018. 416 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.