Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағында шығыс жекпе-жек элементтерін қолдану ерекшеліктері

Қазіргі таңДа техниканың Дамуымен бірге қоғамДа, әлеуметтік қоғамДа Даму үстінДе. Осыған орай спортта орынДа тұрып қалған жоқ. Спортта үлкен өзгерістер мен Даму айырмашылықтары бар. Үлкен спортта үлкен Даму үрДісі жүріп жатыр. СонДықтанДа жоғарғы оқу орнынДа Дене шынықтыру сабақтарынДа стуДенттер біржақты, станДартты жаттығуларДан жалықпас үшін, сабаққа белсенДі қатысу үшін жаттығуларға өзгерістер енгізіп, стуДенттерДің Дене қимылДарын арттырып, ағзаларына жағымДы әсер қалДыруға болаДы. Бұл зерттеме жұмыс жоғарғы оқу орнынДағы Дене шынықтыру сабағынДа шығыс жекпе-жегінің элементтерін қолДану арқылы стуДенттерДің Дене сапаларын арттыруға септігін тигізеДі.

Кіріспе. Шығыс жекпе-жек элементтерінің ерекшеліктерін ескере отырып жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағында қолдануға мүмкіндік бар. Өйткені шығыс жекпежек өнерінің кейбір жаттығулары орындау жағынан қарапайым әрі оңай болып келеді. Оны студенттер орындай алады. Құрал-жабдықтарды қажет етпейді.

Шығыс жекпе-жегі шығыс халқының ұлттық спорттарының бір түрі. Әлемге ұлттық әскери спорт ретінде мәлім. Спорттың кейбір элементтерін, яғни жаттығуларының кейбір әдістерін жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болады. Мәселен, жалпы дене қыздыру жаттығуларын, секіру жаттығуларын, иілгіштікті дамытатын не болмаса жетілдіретін жаттығуларды жасатуға болады.

Шығыс жекпе-жегі бір жағынан ежелгі спорт түрі, екінші жағынан заманауи жекпе-жек жүйесі болып табылады.

Шығыс жекпе-жегіне шығыс елдерінің ұлттық спорт түрлері кіреді. Мысалы: кәріс халқының таеквондосы, хапкидосы, жапондардың каратэсы, айкидосы, джиу-джитсу және т.б., тайландықтардың муайтайы, қытайлардың ушу, кунфу және тағы басқа көптеген спорт түрлері бар. Әрқайсысының жаттығу ерекшеліктері бар. Сан алуан түрлі әдістер мен тәсілдер бар. Шығыс жекпе-жегінің сан алуан түрлі әдістерінің ішінен жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағында студенттерге ыңғайлы әрі тиімді жаттығуларын алып қолдануға болады.

Қазіргі таңда шығыс жекпе-жегі таеквондо спорты қарқынды даму үстінде. Таеквондо ежелгі корей елінің әскери өнері, қазіргі таңда әлемге әйгілі. Бүкіл әлемде шамамен 50 миллионнан аса адам таеквондомен айналысады. Бұл шығыс жекпе-жегінің әлемге әйгілі болуының себебі, корей шеберлері ежелгі принциптер мен жаттығу әдістемелерін заманауи спорт түрімен байланыстыруында, сондықтанда өзін-өзі дамытуда және дене тәрбиесінде ыңғайлы жүйе болып табылады. Сонымен қатар өте көрікті де динамикалық спорт түрі болып табылады [1].

Зерттеу мақсаты жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағында шығыс жекпе-жек элементтерін қолданудың ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу әдісі педагогикалық зерттеуді қолдана отырып, студенттерге шығыс жекпе-жегінің жаттығу элементтерінің тиімділігі анықталды.

Зерттеу нәтижелері. Жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағында шығыс жекпе-жек элементтерін қолдану ерекшеліктерінде жалпы қыздырыну жаттығулары мен жалпы дамыту жаттығулары студенттерге жақсы әсер берді.

Шығыс жекпе-жегінің жалпы қыздырыну жаттығуларынан керекті элементтері алынып қолданылды.

Зерттеуге 2 топ қатыстырылды, әр топта 15 студент. Бірінші топ эксперимент тобы, екінші топ салыстырмалы топ. Зерттеу тобына шығыс жекпе-жегінің элементтері қолданылды, ал екінші топқа әдеттегідей жалпы дене дайындықтары өткізілді. Дене шынықтыру сабағы аптасына 2 рет, 100 минуттан өтті. Зерттеу үрдісі қырық күндей жүргізілді.

Дене шынықтыру сабақтарында эксперимент тобын сапқа тұрғызғаннан кейін, оларға сабақтың мақсаты айтылғаннан кейін, студенттерді төрт қатарға тұрғызып жалпы қыздырыну жаттығулары жасалды.

Жаттығудың басым бөлігі аяқ пен бел буындарына арналды. Яғни жүктеменің көп бөлігі аяқ пен бел буындарына көп түседі. Жүктеме аяқ буындарына көп түсетіндіктен, жалпы қыздырыну жаттығулары аяқ ұшынан бастап жоғары қарай орындалды. Яғни, аяқ ұшынан бастап, тізе буынына, бел буынына, иық буынына, шынтақ буынына, білекке, одан кейін мойын буынына жалпы қыздыру жаттығулары орындалды. Одан кейін керілу жаттығулары немесе созылу жаттығулары орындалды. Бұл да солай аяқ буынан бастап жоғары қарай мойын буынына дейін керілу жаттығулары орындалды.

Созылу жаттығулары орындалып болған соң, эксперимент тобын төрт қатарға тұрғызып, жүру және жүгіру жаттығулары орындалды.

Жүру жаттығулары кезіндегі шығыс жекпе-жегінің орындалған элементтері:

Бастапқы қалып: қол ұшын оң және сол аяқ ұшына алмакезек тигізу. Бұл жерде студент алға қарай жүру арқылы иіліп, екі қол ұшын бірге қосып адымдаған оң және сол аяқ ұшына тигізеді. Жаттығу белгіленген нысанға дейін орындалады.

Бұл жаттығу зерттеудің соңғы кезеңінде студенттердің иілгіштік қасиетін дамуына әсер етті, әсіресе аяқ бұлшық етінің иілгіштігі жақсарғаны байқалды.

Бастапқы қалып: сол аяқты жанға созып оң аяққа отыру. Осы қалыпта сол аяқты артпен айналдырып алға жылжу. Бұл жерде созылған аяқ бүгілмеу керек, аяқты алма-кезек ауыстырып жүреді. Жаттығу белгіленген нысанға дейін орындалады.

Студенттердің икемділік қасиеттері зерттеудің соңғы кезеңінде дамығаны байқалды, сонымен қатар иілгіштік қасиеттері де дамығаны айқындалды.

Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді. Қимыл сапаларына күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік жатады. Олар кез келген қимыл қызмтеінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақты қызметтің жағдайына қарай әртүрлі дәрежеде байқалады [2].

Бастапқы қалып: негізгі тұрыста тұрып, аяқты жоғары қарай сермеу. Бұл жерде алға қарай адым жасай отырып аяқты барынша жоғары сермеу жаттығулары орындалады. Әдістемелік нұсқау тізені бүкпеу керек. Бұл жаттығу жоғарыдағы жаттығудан кейін жасалады. Белгіленген нысанға дейін екі аяқты алма-кезек жоғары сермеу орындалады.

Зерттеудің соңғы кезеңінде студенттердің ептілік, икемділік, иілгіштік қасиеттерінің дамуына әсері байқалды. Осы жаттығуларды бірнеше рет қайталау арқылы студенттердің икемділік және иілгіштік қасиеттері жетілгені байқалды.

Бастапқы кезеңде эксперимент тобы шамалы қиналған болатын, кейін бірнеше рет қайталай келе, иілгіштік пен икемділік қасиеттері жетіле бастады.

Жүгіру жаттығулары әдеттегідей орындалды. Жүгіру жаттығуларының арасына шығыс жекпе-жегінің әдістемелерін алып қостық. Эксперимент тобын төрт қатарға тұрғызып, жүгіру мен секіру жаттығулары орындалды.

Жүгіру жаттығуларын орындау кезіндегі шығыс жекпежегінің элементтері:

Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.

Орында тұрып тек қана оң тізені жоғары 10 рет көтеріп, орташа жылдамдықпен орындалады. Жаттығу орындалып болған соң, бірден алға қарай белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп барып қайта оралады.

Жүгіріп келген соң, енді тек қана сол жақ тізені 10 рет жоғары көтеріп, белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп барып келеді.

Орында тұрып екі тізені алма-кезек 20 рет жоғары сермеп, сермеп бола сала, алға қарай белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп, қайта бастапқы орынға келеді.

Түрлі қуатты айналмалы жұмыс органимзге түрлі талаптар қойып, оның жүйелерінде түрлі өзгерістер туғызумен сипатталады. Мысалы, шамалы қуатты жұмысқа машықтану жалпы төзімділіктің дамуына септігін тигізіп, аэробтық өнімділіктің көтерілуіне әкеледі. Спринтке жаттығу негізінен күш пен жылжамжықты дамыта отырып, организмнің анаэробтық мүмкіндіктерін көтереді [3].

Бастапқыда жаттығу орташа жылдамдықпен орындалып, кейін жылдамдыққа орындалды. Бұл жерде эксперимент тобының зерттеу кезенінің басында икемділік пен шапшаңдық қасиеттері әлсіз болғаны байқалды, ал зерттеу кезенінің соңында эксперимент тобының икемділік қасиеттері мен жылдамдық қасиеттері жетілгені байқалды. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс.

Орында тұрып тек қана оң аяқты алға орта тұсқа 10 рет сермеп, сермеп болған соң, бірден алға қарай белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп барып қайта оралып, бастапқы орынға тұрады.

Орында тек қана сол аяқты алға орта тұсқа 10 рет сермеп, сермеп болған соң, бірден алға қарай белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп барып қайта оралып, бастапқы орынға тұрады.

Орында тұрып екі аяқты да алма-кезек 20 рет алға сермеп, сермеп бола сала, алға қарай белгіленген нысанға дейін жылдамдықпен жүгіріп, қайта бастапқы орынға келеді.

Бұл жаттығу зерттеудің бастапқы кезеңінде эксперимент тобына шамалы ауырлау болды. Уақыт өте келе, жаттығуларды көп мәрте қайталай келе, студенттердің икемділік қасиеттері қалыптаса бастады. Зерттеудің соңғы кезеңінде эксперимент тобының икемділік пен жылдамдық қасиеттері, сонымен қатар төзімділік пен иілгіштік қасиеттері артқаны байқалды.

Қимыл сапаларының дамуы мен қимыл дағдыларының дамуы арасында тығыз байланыс бар. Жаңа қимылдарды меңгеру барысында қимыл сапаларының жетілуі сәйкес жүреді. Қозғалыстар адамның қимыл аппаратына әрқилы әсер етеді. Сондықтан қозғалыстар жеке және белгілі бір топ еттердің бәрін бірдей жетілдіре бермейді [4].

Зерттеу нәтижелері бойынша, эксперимент тобының студенттері салыстырмалы топқа қарағанда белсенділік танытып, дене сапалары біршама артқаны байқалды, яғни икемділік, жылдамдық, иілгіштік, төзімділік қасиеттері артты. Сонымен қатар эксперимент тобының студенттері сабаққа да қызыға бастағаны айқындалды.

Жоғарыда айтылған жаттығулар шығыс жекпе-жегіндегі аяқпен соққы жасау әдісін жасауға арналған бастапқы дайындығы болып табылады. Орындалған жаттығуларды меңгерген эксперимент тобы енді шығыс жекпе-жегіндегі аяқпен соққы жасау әдістерін тез меңгере алуына мүмкіндігі бар.

Көптеген әдіскерлер аяқ техникасын үйрену үдерісінде көбіне бірінші және екінші кезеңдерді пайдалануға кеңес береді. Ал үшінші кезеңді тек аздап қолданған жөн, тек тұтастай жаттаудың қажеті шамалы демек. Бұл көбінесе спортшының жеке дайындалуына байланысты түсіндіріледі. Өте тұрақты және берік қозғалысты классикалық орындауға қол жеткізу үшін айналысушы өзіндік вариативті даралығын техникалық дайындықта айқындайды.

Жаттығуларды тиімді орындалуына дене қасиеттері аса маңызды орын алады. Ең бірінші иілгіштік қасиеті керек. Егер иілгіштік қасиеті нашар дамыған болса, онда жаттығуды тиімді жасау жеткіліксіз болады. Ал иілгіштік қасиеті жақсы дамыған болса, онда ден қуаттылығы қиындықсыз артады, жарақат алу қаупі азаяды, сонымен қатар қан айналымы ұлғаяды.

Максималды тиімді және күшті соққыны қажетіне қарай сақтап тұру үшін адам анатомиясы мен физика заңдылығына негізделген белгілі бір қағидаттары бар. Шұғылданушы қай соққыны орындасада осы қағидаттарға негізделіп, әрдайым белгілі бір техниканы сақтап тұруы тиіс.

Осы айтылған мақалада қарастырылған мәселе жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабақтарында шығыс жекпе-жегінің элементтерін қолдана отырып, тиімді жаттығу 1-ші кезекте студенттердің белсенділігін арттырады, 2-ші кезекте сол белсенділігі арқылы студенттердің дене сапаларын арттыруға септігін тигізеді. Қорытынды. Жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабақтарында шығыс жекпе-жегінің элементтерін қолдану ерекшелігінің тиімді жағы айқындалды. Шығыс жекпежегінің элементтерін талқылай отырып, оның студенттерге әсері анықталды. Зерттеудің бастапқы кезеңінде эксперимент тобы мен салыстырмалы тобының дене сапалары бірдей тұғын. Зерттеу бір айдан аса жүргізілді. Зерттеу соңында эксперимент тобының белсенділігі артып, салыстырмалы тобына қарағанда дене сапалары біршама артқаны анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Чой Сунг Мо. Ярышев С.Н. Путь тхэквондо: от белого пояса к черному. Серия «Мастера боевых искусств» Ростов-на-Дону: «Феникс», 2003. 6 с.
  2. Л.Р.Боранқызы, С.Ж.Бұғыбаева. Спорт физиологиясы. Дәрістер курсының жинағы. Алматы: ҚазАСТ, 2005. 47 б.
  3. Н.Н.Смаил Адам физиологиясы. Талдықорған: 2007. 268 б.
  4. Н.Н.Смаил Спорт физиологиясы. Талдықорған: 2007. 153 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.