Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күндізгі стационар қызметінің ерекшеліктері

Қазіргі сәттегі Денсаулық сақтау жүйесінДегі басым мінДеттерДің бірі әртүрлі ДеңгейДегі меДициналық ұйымДарДы бюДжеттік қаржыландыруды оңтайландыру болып табылады. Осыған байланысты, басты мәселелелердің бірі жоғары білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің жаңа экономикалық тиімді модельдерін іздестіру, бұл стационар алмастырушы технологияларды пайдалану болып саналады. Күндізгі стационарлардың қызметі емханалардың және ауруханалардың қызметінен ерекшеленеді, бұл олардың қызметін бағалаудың арнайы әдістерін әзірлеуді талап етеді.

Кіріспе:

Қазіргі қоғам дамуының негізгі күштері әлеуметтікэкономикалық аспектілерінің қатысуымен болады. Сонымен қатар адамдардың денсаулығының жақсаруы халықтың денсаулық деңгейінің маңызды көрсеткіші.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынның негізгі міндеттерінің бірі болып ынтымақтастықты енгізу және қаржылық жүйенің тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады [1].

Денсаулық адамның жан-жақты физикалық және рухани дамуы болып келеді. Денсаулықты сақтау еңбекшілердің ұдайы жұмыс күшін міндетті түрде жақсартуға көмек береді. Адамның жан-жақты дамуы, еңбек күшінің көтерілуіне әсер етеді. Денсаулықтың жақсаруы, біріншіден еңбек күшінің артуы: өлім-жетімнің төмендеуі, адамдардың еңбекке деген белсенділігін арттыру, уақытша жұмысқа жарамсыз және науқасқа байланысты жұмыс уақытының төмендеуін, мүгедектердің азайуы, жұмысшы күшінің физикалық мүмкіншіліктердің артуының нәтижесінде.

Екіншіден еңбек өнімділігінің жоғарылауына жағдай жасайды, дені сау адамның еңбегі ауыру адамға қарағанда өнімді болады. Сондай-ақ, ем қабылдауға жалпы шығын, мүгедектерге арналған зейнетақы, уақытша жұмысқа жарамсыздар үшін жәрдемақы төмендейді.

Қазақстан Республикасы халқының денсаулық жағдайы басқа елдердегі сияқты айқын байқалуда және негативті тенденициялар ұлғаюда, ұзақ өмір сүрудің төмендеуі, өлімжетім деңгейінің жоғарылауы, әсіресе еңбекке жарамдылар арасында, бала туудың азайуы, жас ұрпақтың денсаулығының төмендеуі байқалуда [2-4].

Кеңес дәуіріндегіде амбулаторлы қызметке қарағанда стационарлы қызметке көп мөлшерде бағыттау болды, дегенмен де аурудың сәтті профилактикасы, жоспарлы түрде науқасты табу және емдеу, алғашқы денсаулық топтарының толық функционалды жүйеге байланысты және жергілікті дәрежеге жаңа әдістерді қажет етеді.

Ұлттық жағдайда денсаулықты қорғау үшін емхананы қаржыландыру тиіс. Соңғы жылдары қаржыландыруға толық жетпегендіктен жоспарлы емді бере алмады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің проблемасының ұлғайуы, нарықтық жағдайға өту, қаржылық көздердің азайуы, құлдыраудың өсуі, қоғамда әлеументтік қысымның және медициналық қызметкерлердің жалақысының төмендігі болды [5-6].

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізгі бағыттардың бірі етіп, медициналақ көмек сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары технологиялардыдамыту керектігін нақты көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда халыққа жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін,емханаларда және емханадан тыс мекемелерде прогрессивті түрде тәжірибелерді енгізуді талап етеді. Халыққа сондай медициналық көмек көрсетудің бірі күндізгі стационарлар болып табылады [7].

Күндізгі стационар амбулаторлы емханалар арасындағы байланысы болып келетін, тәулік бойы дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін және де тағайындалған емді үй жағдайында қабылдауға болмайтын науқастарға көрсетілетін қазіргі заманғы стационаралмастырушы медициналық көмек. Демек дәрігерлік көмектің көбейуі ауыру сырқаудың төмендеуіне, профилактикалық аурулар мен аурулардың асқынуын төмендетеді. Күндізгі стационарда ем алу дәрігердің науқастарға тиімді емдеу жүйесін таңдауға, науқастарға тағайындалған дәрілік перепараттарға жанама әсерін, аллергиялық реакциялардың немесе басқа да дәрілік төзбеушіліктің пайда болуын бақылауға және олардың пайда болуын болдырмаға мүмкіндік береді.

Күндізгі бөлімдер тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қызметін азайтады. Күндізгі бөлімдер жоспарлы емдеудің көбейуіне, жедел госпитальдауды азайтуға, науқастарды емдеудің нәтижесін арттыруға, мүгедектікті азайтуға, материалдық шығындарды қысқартуға өте тиімді [8-10].

Қазақстан Республикасында күндізгі стационарларды құруға және олардың жұмыстарын ұйымдастыруға көңіл бөлінуде.

1997ж. 30 шілдеде денсаулық сақтау Министрлігінің № 372 бұйрығымен қалалық және ауылдық жерлерде халыққа медициналық дәрігерлік көмек көрсету мекемелерін белсенді түрде дамытуды бұйырды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Алматы қаласында күндізгі бөлімнің саны артты, олардың кереуеттері көбейді, ем қабылдағандардың саны артты. Олардың өсуіне байланысты күндізгі бөлім жұмыстарын ұйымдастыруда барлық мүмкіншіліктер қолданылмады. Оқулықтарда күндізгі емдеу бөлімдерінің жаңа экономикалық жағдайдағы жұмыстың методалогиясы толық көрсетілмеді, амбулаторлы көмектердің экономикалық сұрақтары қаралмады [11].

Қазақстан Республикасында өткен соңғы жылдардағы қайта құру радикалды экономикалық реформаны жүзеге асыру бағыты, денсаулық сақтау жүйесінің қызметіне өзінің әсерін тигізбей кетпеді. Осы жағдайда денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық жоспарлау мен ресурстарды тиімді қолдану арқылы, халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жетілдіру мақсаты болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің ең негізгі тапсырмасы интеграция мен мамандандырудың қолайлы байланыс пайызын іздеу және де халыққа медициналық көмек көрсету деңгейін анықтау болып табылады [12-15].

Халыққа заманауи сапалы дәрігерлік көмек көрсету өсіп келеді, соңғы 10 жылдықта халыққа нәтижелі экономикалық қызмет көрсетуде стационарлық жүйедегідей амбулаторлы-емханалық мекемелерде жоғары сапаға ие болды. Денсаулық сақтау саласындағы тәжірибенің үлесі ол, ауруханалар мен емханалар жанынан ашылған күндізгі бөлімдер [16-18].

Әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің тұрғындарға көрсетілетін медициналық стационаралмастырушы көмек көлемі жұмыстары бойынша мол тәжірбие жинақталған. 1930 жылы Мәскеу қаласында ең біріншілердің бірі болып Ганнушкин П.Б. атындағы психоневрологиялық ауруханада күндізгі стационар бөлімі ашылды. Артынан күндізгі стационар туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлерде ашылды.

Кейінен соңғы жүз жылықтың 80-ы жылдардың ортасында КСРО Денсаулық сақтау Министірлігінің құжаттамасы негізінде заңдастырылып регалменттелді және отандық денсаулық сақтауда жаңадан тұрғындаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің бірінші звеносы болып қабылданды [19-22].

Күндізгі стационар отандық тәжірбиеде 80-ы жылардың ортансында енгізілген болса, шетелдік тәжірбиеде бірінші күндізгі стационар Оксфорта (Ұлыбританияда) 1956 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта бұл елде күндізгі стационар жүйке жүйесі ауруларды реаблитациялау орталық базасында жұмысын атқарады (P. Larogue, 1978). Қазірде “стационаралмастырушы” медициналық көмек түрі Францияда күндізгі стационар жұмысы ресми түрде заңмен регламенттелген, Испанияда күндізгі стацинар 1990 жылдан бастап заңдастырылған, Германияда 1992 жылы бірінші күндізгі стационар жұмысын ұйымдастыру бойынша заңды актілер пайда болды. Германияда гериатриялық күндізгі стационарлар клиникамен тығыз байланыста, осы топтағы науқастарға заманауи талаптарға сай қызмет түрі мен ем алуға көмектеседі. Мысалы, гериатриялық науқастарға арналған күндізгі стацинарлар Берлин-Бух қалалық ауруханасының базасында салынған, ауруды өткерген науқастарға және дәрігердің үнемі қарауын талап етпейтін науқастарға меициналық қымет көрсетеді (Карташов В.Т., с соавт., 2003) [23-26].

Шляфер С.И. өзінің жұмысында 2010-2016 жылдары Ресей Федерациясындағы амбулаторлық-емханалық деңгейдегі ұйымдастырылған күндізгі стационар жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша (орынардың болуы, емделген науқастардың саны, орташа емеу ұзақтығы) таладап көрсеткен болатын. Автордың 7 жыл бойы жүргізген зерттеуінде күндізгі стационарларды ұсыну деңгейі 12,2% ға өскенін (10 мың тұрғынға 9,48-ден 10,64-ке дейін), оның ішінде амбулаториялық-емханалық бөлімдерде: облыстық, республикалық, облыстық, аудандық ауруханаларға 2,57 есе (0,07-ден 0,18-ге дейін), басқа медициналық ұйымдарға 69,76% (0,43-тен 0,73-ке дейін), мамандандырылған ауруханаларда 58,14% (0,43-тен 0,68-ға дейін), орталық аудандық және аудандық ауруханаларда 26,8% (2,91-ден 3,69-ға дейін) және т.б. өскендігін айтады [27].

Татаринцева А.Н. және басқа авторлардың мақаласында күндізгі стационар нейроциркуляторлы дистониясы бар науқастардың емделу мүмкіндіктері көрсетілген. Қайта қалпына келтіру емі науқастардың өндірістік және стационарлы жағдайларға бейімдендіреді: 89,2% науқастардың көңіл күйі жақсарған.

Терапиялық бағыттағы науқастарды күндізгі стационарда қарау мен емдеу, тиімді және көрнекті екенін А. А. Калиновскиий және басқа авторлар В. Ф. Минакова және басқа авторлармен Д. И. Нарок, Т. А. Журавлев өздерінің жұмыстарында көрсеткен.

Земсков В.С. және басқа авторлардың тәжірибелік жұмыстарында күндізгі стационар жылдан жылға хирургиялық белсенділікпен хирургиялық араласудың кең тарап жатқанын айтады және де осыған байланысты ауруханалық ішілік инфекцияның тез төмендеуіне, операциядан кейінгі еңбекке жарамсыздық уақытының қысқаруына әкеледі [28-30].

Күндізгі стационар хирургиялық бағыттағы көп салалы емханада белсенді түрде хирургиялық көмекті қажет ететін науқастарға көрсетіледі, хирургиялық араласуға көрсеткіші анықталған соң операция жасалады. Операциядан кейінгі кезеңде бақылауға алынады.

Күндізгі стационарда көптеген проктологиялық операциялар, электрокоагуляциямен, лазерлік аппараттарды қолданып эндоскопиялық полипэктомия операциялары жасалады. Күндізгі стационарда жасалған жұмыстарда асқынулар, жедел хирургиялық араласулар қажет ететін және ем алған науқастар тәуліктік ауруханаға қайтадан жататын жағдайлар болмады.

Ахметов И.Ш. өзінің жұмысында хирургиялық жұмысты тиімді дамытуды мәлімет етеді. Автордың айтуы бойынша хирургиялық күндізгі стационарды тек хирургиялық операциялар жасау үшін емес, сонымен қатар диспансерлік бақылау және операция қажет етпейтін, дәрімен емдейтін хирургиялық науқастар үшін қолдануға болатынын айтады. Атаева А.Т. авторлармен бірге Ашхабад қаласында № 9 емханада травматологиялық бағыттағы күндізгі стационардың жұмысын зерттеді. Күндізгі стационарда жарақат, буын гемартрозы, сүйек сынықтары, сіңірдің зақымдалуы, репозициядан кейінгі ауруларды емдеу тиімді нәтиже берген.

Қазақстан Республикасының офтальмология бөлімшесінің ашылуына байланысты Жусупов Ч.З. көзге жасалатын операциялардың, косметикалық операциялардың кең таралуын және олардың жазылуының жоғарғы көрсеткішін берді.

Педиатрияда негізгі мәселе науқастардың реаблитациясы, бұл реаблитация диспансеризациясы мен емдеудің кезіңдігімен шешіледі.

Диспансеризацияның тиімділігі жоспарлы рецидивке қарсы ем алу емхана мен санаторияларда емес, бірақ керек болса стационарда жоспарлы кезекті болады. Балаларды диспансерге алып, оларды стационарға жатқызу тиімді емес, себебі олар өз шағымдарын айта алмайды, ауруханада тәуліктік жатуына теріс қарайды. Балалармен айырылсуды қаламайтын ата аналарыда бұл қарым қатынасты бөліседі. Сондықтан да баланың күндізгі стационарға жатқызылуы өзгеше сипат алады. Бұл госпитилизация науқастанған балаға балабақшаға барып жүретіндей көрінеді. Баланың күнделікті кешкісіне үйде ата аналармен болуы көңіл күйін көтереді, сондықтан күндізгі стационардағы емінің нәтижесі жақсы әсер етеді [31-32]. Жүкті әйелдердің күндізгі стационарда емделудің мүмкіндігі мен нәтижелігі Атаева А.Т. мен бірлескен авторлар қарастырады. Медициналық қамтамасыздандырудың жаңа жағдайында жүктіліктің жаңа патологиясы бар әйелдерді емдеудің жоғарғы тиімділігі 11,2 % сауығып, 86 % денсаулықтары жақсарған. Әлеуметтік сұрастырудың нәтижелері бойынша 94 98 % сұралған әйелдер мен 98,2 % медициналық жұмысшылары күндізгі стационар жұмысына оң баға берді. Күндізгі стационар мен алдын алу бөлімшесінде жатқан жүкті әйелдерге кеткен шығын, тәуліктік стационарға қарағанда 11,5 % төмен екенін көрсетеді. Әдістемелік экспертті зерттеу жұмысы бойынша жүктілік патологиясы бар әйелдердің 30,3 % ауруханаға жатқызбай ақ күндізгі стационарда емдеуге болатыны көрсетілген. Авторлар күндізгі стационардың жүктілік патологиясы бар әйелдерге медициналық көмек көрсетудің болашағы бар екендігін айтқан [33].

Ережеге сәйкес күндізгі стационардың жұмыс істеу уақыты 2 аусымнан тұратынын ескере отырып, күндізгі стационарда ем алу тәулік бойында қадағалауды талап ететін стационарға қарағана аз шығынды болады, нәтижесінде емделген науқастар санының өсуі мен тәулік бойы қадағалауды талап ететін стационар төсек санына деген қажеттіліктің азаюын көрсетеді. Қазіргі уақытта заманауи денсаулық сақтау жүйесіндегі ең маңызды аспект болып медициналық ұйымдардың жұмысының тиімділігін немесе оның негізігі бөлімдерін анықтау, ал біздің жағдайда күндізгі стационар болып табылады, нақты медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігі төменде кестеде көрсетілген [34-35].

Кесте 1 Күндізігі стационар жұмысын бағалауың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер тобы

Көрсеткіш атауы және оның динамикасы

1

Медициналық тиімділік

  1. Емдеу нәтижелері: сауығу, денсаулық жағдайының жақсаруы.
  2. Емдеу уақыты.
  3. Аурудың өршу жиілігі.

1.4.Операциядан кейінгі асқыну жиілігі.

  1. Жарақат алудың алғашқы жылдамдығы.
  2. Күндізгі стационарда емделгендердің өлім

көрсеткіші.

2

Әлеуметтік тиімділік

  1. Күндізгі стационарда ем алушылардың уақытша жұмысқа қаблеттілігінің төмендеуі мен олардың тез оңалуы.
  2. Аурудың асқынумен байланысты уақытша жұмысқа қаблеттілігінің төмендеуі.
  3. Тұрғындардың стационарлық көмекпен

қанағаттануы деңгейі.

  1. Науқастардың стационралық ем алу уақытын азайту.
  2. Күндізгі стационарда ем алумен байланысты науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің психологиялық күйзелісін төменднту.
  3. Күндізгі стационарда ем алумен байлансты шағымдардың болмауы.

3

Экономикалық тиімділік

  1. Науқастардың ем алу ақысының төмендеуі -

аурухана бөлімшелерінің стационарларымен

салыстырғанда күндізгі стационардың тиімділігі.

  1. Күндізгі стационар жұмысының

қарқындылығымен байлансты төсек-орын

ауысымның бағасының төмендеуі.

  1. Күндізгі стационарда ем алушы науқастардың уақытша жұмысқа қаблетілігінің экономикалық жағынан төмендеуі.

Міндетті атап өтетін жағдай, күндізгі стационарлар науқастарға қарқынды медициналық көмек көрсететін нысан болғандықтан, ол өз мүмкіндіктерін толықтай әлі көрсетпеді және тәжірбиеде қолдану үшін әрі қарай жетілдіруді талап етеді [36].

Негізгі ойды түйіндей келе мынадай қорытындыға келуге болады, науқастарды күндізгі стационарда ем алу барысында тек экономикалық жағынан тиімділігі қызықтырып қана коймай дәл күндізгі стационарда емделуге қызығушылық танытуын, былай қорытындылауға мүмкіндік береді технологиялық ресустарды үнемдеуде кеңінен қолданылатын әлеуметтік бірігу, шын тұрғысында күндізгі стационарлар сөзсіз тиімді және перспективті тұрғындарға көрсетілетін ұйымдастырылған медициналық көмек түрі болып табылады [37].

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С. Первичная медико-санитарная помощь Часть I. Анализ ПМСП развитых стран мира. Алматы: 2014. 208 с.
  3. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С. Первичная медико-санитарная помощь Часть II. Анализ ПМСП Казахстана. Алматы: 2014. 112 с.
  4. Немсцверидзе Э.Я., Касапов К.И., Бисеков С.Х. Дневной стационар как новый подход в организации хирургической помощи населению в амбулаторно-поликлинических учреждениях крупного города // Социальные аспекты здоровья населения. Электронный научный журнал. М.: 2013. №6(37). С. 58-64.
  5. Приказ Министра здравоохранения РК от 26 ноября 2009 года № 798 «Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи».
  6. Приказ Министра здравоохранения РК от 30 марта 2012 года № 197 «О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы МЗ РК».
  7. Корнилова Г.И. Организация работы дневного стационара для взрослых в условиях крупного травматолого-ортопедического учреждения: Автореф. дисс. ... канд.мед.наук М., 2008. 134 с.
  8. Сафиулов А.Н., М.Н. Карякина Опыт работы дневного стационара отделенческой больницы в условиях структурной реформы на железнодорожном транспорте // Здравоохранение. 2004. №2. С. 24-28.
  9. Шипова В.М.,В.Я.Горбункова Медико-экономическая оценка стационарозамещающих технологий // Главный врач. 2003. № 3. С. 16-18.
  10. Шипова, В.М,Ю.И Тарасов Нормирование труда медицинского персонала стационаров краткосрочного пребывания // Здравоохранение 2006. №12. С 55-60.
  11. Щепин О.П., ЭЕ.П.Какорина, В.О. Флек эффективность использования стационарозамещающих технологий в системе здравоохранения. М.: МЦФЭР, 2006. 408 с.
  12. Карташев, В.Т. Опыт организации специализированной медицинской помощи в амбулаторных условиях и внедрение стационарозамещающих технологий // Здравоохранение. 2010. №5. С. 41-46.
  13. Болтенко Н.Н..А.Г. Лабзовская Организация работы дневного стационара в городской поликлинике, // «Здравоохранение». 2008. №2. С. 19-26.
  14. Зыядинов К.М., Зыядинов, Л.И. Рыбкин. Дневные стационары. М.: 2010. 206 с.
  15. Иванова Л.И. Стремление к профессиональному росту, как критерий качества жизни средних медицинских работников.М.: 2007. 167 с.
  16. Степанов В.В. Организация работы дневного стационара. М.: 2006. 112 с.
  17. Сулейменова Б.А., Дубицкий А.А. К вопросу о деонтологии в практике врача скорой медицинской помощи // Здравоохранение Казахстана, Алматы: 1999. №9(10). С. 2-3.
  18. Mullins, R.J., Veum_Stone, J.Helfand, M. et al. (1994) Outcome of hospitalized injured patients after institution of a trauma system in an urban area // Journal of the American Medical Association. 1994. №271. Р. 1919-1924.
  19. Шляфер С.И. Анализ развития стационарозамещающих форм медицигской помощи в Россикой Федерации // Мед.сестра. 2003.№1. -С. 36-37.
  20. Шляфер С.И. Деятельность стационара на дому и оббьем его работы // Проблемы территориального здравоохранения: Сб. науч. тр. Вып. 2. М.: РИО ЦНИИОИЗ Минздрава России, 2002. С. 47-49.
  21. Шляфер С.И., Кузнецов С.И., Злобин А.Н., Гречко А.В. Анализ внедрения стационарозамещающих форм организации медицинской помощи в Российской Федерации // Бюллетень НИИ им. Семашко. 2002. Вып.1. С. 63-65.
  22. Спанов В.В. Организация работы дневного стационара. Сборник документов. М.: МЦФЭР, 2000. 23 с.
  23. Плиш А.В. Медико-организационные резервы совершенствования стационарозамещающих технологий. Витебск: 2006. 234 с.
  24. Поликлиника и стационар: от противостояния к сотрудничеству // Медицинская газета, 2000. № 31. С.4.
  25. Стародубов В.И. Первичная медицинская помощь: состояние и перспективы развития: монография. М.: Медицина, 2007. 264 с.
  26. Шипова В.М. Медико-экономическая оценка стационарозамещающих технологий // Главный врач. 2003. №1(42). С. 20-22.
  27. Шляфер С.И. Анализ работы дневных стационаров медицинских организаций разного типа, оказывающих помощь в амбулаторных условиях // Современные проблемы здравоохранения и медицинской статистики. 2017. №3. С. 36-42.
  28. Земсков В.С., Карташов В.Т. Качество медицинской помощи: ожидание и действительность // Здравоохранение. 2008. №5. С. 29-30.
  29. Комаров Ю. М. Качество медицинской помощи как одно из приоритетных направлений развития здравоохранения // Здравоохранение. 2009. №10. С. 35-36.
  30. Татаринцева А.Н., Голубева Л. П., Боброва И. П. Экспертная оценка качества лечебно-диагностического процесса // Здравоохранение. 2004. №7. С. 38-42.
  31. Атаева А.Е., Кудрин В. С. Принципиальные основы организации оценивания медицинской деятельности // Здравоохранение. 2001. №1. С. 43-48.
  32. Жусупов Ч.З., Шигаев Н. Н. Системный подход к оценке качества медицинской помощи в дневном стационаре в педиатрии // Саратовский научно-медицинский журнал. 2008. №2(20). С. 34-39.
  33. 2014 жылда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі // Статистикалық жинақ. Астана: 2014. С. 21-24.
  34. Карташов В.Т., Фидаров Э.З., Бородин И.А., Опыт амбулаторно-поликлинической реабилитации больных после хирургических вмешательств // Амбулаторная хирургия. 2006. №4. С. 3-7.
  35. Кедров Д.А., Федотов М.Ю., Дубинин В.Б., Федотова Е.В. Особенности организации хирургической помощи в Саратове с использованием стационарозамещающих технологии // Амбулаторная хирургия. 2002. №4. С. 16-18.
  36. Кирьянов И.В. Организационные аспекты амбулаторной эндоскопической службы // Проблемы социальной гигиены и здравоохренения. 2004. №1. С. 31-33.
  37. Коваленко А.Н. Экономическая оценка деятельности дневных стационаров, дальнейшая перспектива их развития // Экономика здравоохранения. 2001. № 4(5). С. 44-46.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.