Ұсынылған ғылыми мақалада аяқ-қолы жарақаттанған тұрғындарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі қарастырылған. Осы патологияны емдеу сапасы еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық оқиғаларының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Осы жарақаттанғандарға көрсетілетін медициналық көмектің әрбір кезеңдеріндегі сапасын социологиялық тұрғыда бағалау нәтижелеріпациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің технологиялық моделін жасауға жол ашты.
Осы модельді қолдану медициналық көмекті ұйымдастыру кезеңдерін қысқартып, алғашқы медициналық көмектен кейін жоғары технологиялық бейінді дәрежелік көмек беру қажеттігін көрсетті.
Аяқ-қолы сынып ауыр жарақаттанғандар үшін жедел медициналық жәрдем беру жүйесінде арнайы травматологиялық көмек берудің жоғары дайындықтағы бригадаларын ұйымдастыру алғашқы көрсетілетін дәрігерлік көмек сапасының барынша жоғары және әлеуметтік-медициналық тұрғыда өте тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда жарақаттанудан жер беті тұрғындарының аурушаңдығы жалпы аурушаңдық көрсеткіштерінің ішінде алдыңғы рангалық орынның бірін қамтиды.Ал одан туындайтын мүгедектік және өлім оқиғаларының таралу деңгейі жағынан екінші және үшінші рангалық орынға шығып отыр. Жарақаттардың арасында аяқ пен қолдың сынуының үлес салмағы 56 % дейін жетеді. Осы жарақаттардан туындайтын уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштерінің орташа ұзақтығы 64-470 күнге деін жетеді. Жарақаттың бұл түріне ұшырағандардың басым бөлігі (42,6%) еңбекке жарамды жастағы тұрғындар құрайды. Сондықтан, тірек қозғалыс аппаратының жарақаттануынан туындайтын уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасы осы уақытқа дейін қоғамдық денсаулық саласының өзекті мәселесі болып қалуда.
Уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштері еңбекке жарамды жастағы тірек-қозғалыс аппараттарынан жарақат алған тұрғындардың кешенді әлеуметтік-гигиеналық сипаты, көрсетілген емдеу-диагностикалық медициналық көмек сапасы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тірек-қозғалыс аппараты жүйесі зақымданған науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері жылдан-жылға өз маңыздылығын арттыра түседі. Бұл мәселенің өзектілігі жарақаттың мінездемесі мен асқынубарысының бірге тікелей дамуына байланысты.
Жарақаттың құрамының сапасы зақымданған органдардың көп болуы және қатар келуі арқылы өзгеріске ұшырайды. Қазіргі таңда олардың үлес салмағы жалпы зақымдану оқиғаларының 16-20% құраса, жарақаттың асқынуынан туындаған мүгедектіктің 60-80% түзеп отыр. Ал, аяқ-қолы зақымданғандар жарақаттардан мүгедек болғандардың 50,0%-нан астамын құрайды. Оның ішінде сан мен балтыр сүйектерінің сыну және асқыну оқиғаларының 78-80% түзейді.
Бұл жағдай, осы ауруларға алғашқы медициналықсанитарлық көмекті және арнайы травматологиялықортопедиялық шараларды дұрыс ұйымдастырмаудың және сапасы мен қол жетімділігінің төмендігін көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы кең, ал көлік жолдарының сапалық жағдайлары сын көтермейді. Сондықтан, әкімшілік аудандарда денесі зақымданған тұрғындарға көрсетілетін арнайы дәрігерлік медициналық көмектің сапасы да жоғары деп айтуға келмейді.
Сонымен қатар, ОҚО-ның әкімшілік аудандарын дәрігерлермен қамтамасыз ету аса жоғары емес. Егер Шымкент қаласында дәрігерлер мен қамтамасыз етілу деңгейі 49,72%о0 құраса, аудандық әкімшілік аумақтарында 32,3%о0 ғана құрайды. Әсіресе шалғай ауылдық жерлердегі дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі сын көтермейді (29,7%00).
Оңтүстік Қазақстан облысы (888,92%оо00), мен оның орталығы Шымкент қаласы тұрғындары арасындағы травматизм(1226,38%00) Қазақстан ОҚО-ы тұрғындарының (2897442 адам) 44,9%-ы(1300954 адам) ауылдық жерде өмір сүрсе, 55,1 (1596488 адам). Ауылдық жекрдегі еңбекке жарамды жастардың көпшілігі ірі қалаларға қарай көшуде.
Осы ішкі миграция жарақаттанудың деңгейіне де және одан туындайтын әлеуметтік-гигиеналық жағдайға да үлкен әсерін тигізуде. Осыған қарағанда, ауылдық елді мекендердің арасындағы жарақаттанғандардың орталық аудандық медицина бірлестіктеріне арнайы медициналық көмек алады. Осы жағдай аяқ-қолынан жарақат алып, зақымданған ауруларға көрсетілетін ортопедиялықтравматологиялық көмектің аса сапалы емес екендігін көрсетіп отыр және Республикамызда (89,75%00) алдыңғы рангалық орындардың бірін иеленеді.
Әдеби шолу барысында аяқ-қолы жарақаттанған тұрғындарға ауруханаға дейінгі алғашқы және біріншілік дәрігерлік, білікті және арнайы ауруханада көрсетілетін медициналық көмектің сапасы анықталмағандығын көрсетіп берді.
Осы мәселенің аса өзектілігін айта отырып, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда (2015-2016 жылдары) аяқ-қолы жарақаттанған тұрғындарға көрсетілетін кезеңдік медициналық көмекті сапалық және қол жетімділік тұрғыда жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жасалуы тиіс. Осы қағида біздің жүзеге асырған зерттеуіміздің негізгі арқауы болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Аяқ-қолы жарақаттанған тұрғындарға көрсетілетін ортопедиялық-травматологиялық көмекті жетілдірудің кешенді шараларын жасау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай ОҚО-ғы жарақаттан науқастанғандардың уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштерінің динамикасы зерттелді. Бұл көрсеткіштердің оқиғалар саны, ауыру ұзақтығы және әрбір жарақат алған тұрғындарға балап есептегендегі уақытша еңбекке жарамсыздық ұзақтығы бар. Бұл көрсеткіштерді кешенді зерттеу мақсатында ОҚО, Шымкент қаласындағы және әкімшілік аудандарда аяқ-қолы жарақаттанған науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығының әрбір оқиғасы мен сырқаттылық ұзақтығы зерттеу нысаны деп қарастырылды.
Бұл материалдарды жинақтау емдеу-профилактика ұйымдарында жинақталған материалдарды зерттеу арқылы жүзеге асырылды. Зерттеуге арнайы статистикалық жиынтықтар қолданылды және науқастардың арасында жүргізілген социологияық сауалнамаларға сараптама жасалынды.
Зерттеуге алынған материалдардың репрезентативтігі қамтамасыз етілді. Материалдары статистикалық өңдеу үшін орта және салыстырмалы шаралардың көрсеткіштері қолданылды. Алынған нәтижелердің шынайылығын қамтамасыз ету үшін орташа көрсеткіштердің орта квадраттық ауытқуы қолданылады.
Көрсеткіштер мен қатерлі себептердің арасындағы байланыс тығыздығын корреляциялық-регрессиялық сараптама көмегімен жүзеге асырылды.
Диссертациялық зерттеу барысында медициналықстатистикалық, эпидемиологиялық, социологиялық, математикалық модельдеу әдістері қолданылды.
Негізгі нәтижелер. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасындағы жарақаттануынан туындайтын аурушаңдықтың деңгейі соңғы 3 жылда (2014-2016 жылдары) 10000 адамға балап есептегенде 897,3 оқиғадан 903,4 оқиғаға дейін өсті. Оның ішінде аяқ-қолдың жарақаттануынан туындаған ашушаңдықтың деңгейі 89,46 оқиғадан 90,92 оқиғаға дейін артқан.
Ал Шымкент қаласында бұл көрсеткіштің деңгейі 125,3%0ден 126,38%0 дейіңгі аралықта қалыптасқан. Жарақаттардың басым бөлігі өндірістен тыс себептерден туындаған (92,3%).
Аяқ-қолдың жарақаттануынан туындаған сырқаттануының негізгі себептерін зерттеу, оның 58,2%-ы тұрмыстық жағдайда алған травматизм екендігі 24,1% көшеде алған жарақаттар болғандығы, 10,0% көлік-жол апатынан туындағанын, ал 7,7% өндірісте туындағанын көрсетті.
Жарақаттану оқиғаларының 33,96% аяқ пен қолдың жарақаттарының үлесіне тиеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының аяқ-қолының жарақаттануына байланысты жалпы аурушаңдық көрсеткішінің деңгейі 291,82%0 болса, ауыл тұрғындары арасында 212,88%0 дейін жетті. Ал, Шымкент қаласының тұрғындарының аурушаңдығы 421,74%0 жетіп отыр. Шымкент қаласындағы осындай жоғары көрсеткіш жолкөлік апатының, өндірістік және тұрмсытық жарақаттардың жиі кездесетіндігінен қалыптасып отыр. Аяқ-қолдың жарақаты ер кісілердің арасында (45,1%), әйелдердің (28,8%) және балалардың жарақаттану (26,1%) деңгейінен 2 есеге дейін жоғары.
Ал, Шымкент қаласы тұрғындарының арасында аяқ-қолы жарақаттанғандар, сырқаттанғандар арасында ер кісілердің үлес салмағы 54,1% дейін жетеді. Ауыл тұрғындары арасында, керісінше ер кісілердің жарақаттанудан сырқаттану деңгейі 41,2%-ға ғана жетеді. Әйелдер арасындағы бұл көрсеткіштің деңгейі 35,4% көтерілген. Бұл жағдай, қала тұрғындары арасындағы ер кісілердің қимыл белсенділігі және көлік-жол жарақаттары мен өндірістік жарақаттардың жоғары болуымен түсіндіруге болады.
Аяқ пен қолдың жарақаттануынан туындайтын аурушаңдықтың басты себептеріне қол сүйектерінің сынуы жатады (56,57%) қолдың сүйектерінің сыну оқиғалары 2000 жылдан (7,8%) 2016 жылға дейін (9,9 ) 126,92 артса, аяқ сүйектерінің сынуы (5,9%-ден 7,6 %-ге дейін) 128,8% жоғарылаған.
Осы пациенттердің басым бөлігі (68,9%) амбулаторлықемханалық ұйымдарда емделсе, 31,3% травматологиялықортопедиялық бөлімдерде емделіп шыққан.
Госпиталға дейіңгі кезеңде аяқ-қолы сынған пациенттерге алғашқы медициналық көмек қол жетімді құралдармен жүзеге асырылды. Оның ішінде гипспен таңу, Дитерихс шипасын және крамер шипасын қою жүзеге асырылды.
Көлік-жол жарақаттарына байланысты ауруларды аудандық орталық ауруханаға көбнесе жай автокөліктермен жеткізілді және аяқ-қолдың иммобилизациясы өте нашар болып шықты. Екінші кезеңде (аудандық ауруханада) білікті медициналық көмек көрсетілді. Сынған дене мүшелеріне гипстеу және сүйекті созу жүргізілді.
Үшінші кезеңде (облыстық аурухана немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасы) пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Сүйектердің сынуынабайланысты сүйекті бойлай остеосинтез пациенттердің 92,1%-ына жасалды. Сүйекті созу арқылы пациенттердің 2,7% емделсе, 5,2% гипстен таңыу жасалынды.
Стационарлық пациенттердің арасында жүргізілген социологиялық зерттеу көлік-жол апаты кезіндегі көрсетілген жәрдем туралы олардың көзқарасы анықталды. Сауалнаманы сараптау барысында жол-көлік апатынан жарақаттанғандарға алғашқы көмек олардың 58,4%ғана көрсетілген. Ал госпиталға дейін алғашқы медициналық көмек алғандардың 63,9% көңілі толмаған.
Стационардағы травматологиялық-ортопедиялық көмектің сапасына сауалнамаға қатысқан пациенттердің 86,7 %-ы қанағаттанады.
Жарақаттанудан кейін аяқ-қол сүйектерінің сынықтарында асқыну қалдықтары бар (95,4%) болып шықты. Осыдан жарақаттанғандардың 21,4%-ның реабилитацияға мұқтаждығы бар.
Жарақатанған пацинттердің аяқ және қол сынықтарынан аурушаңдыққа салынып, уақытша еңбекке жарамсыздыққа ұшыраған. Бұл жағдай амбулаторлық-емханалық және стационарлық жағдайдағы емдеу күндері болып саналады. Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының травматологиялық-ортопедиялық бөлімшеде аяқ-қолы сынғандардың емделу ұзақтығы орта есеппен 35,86±3,24 күнге жалғасқан, ал амбулаторлық хирургияда емделу ұзақтығы орта есеппен 159,2±9,58 күнге дейін жетті. Барлығы орта есеппен 194,88±12,3 күнге дейін жалғасқан. Пациенттердің орташа еңбекке жарамсыздық күндерінің ұзақтығы қолданылған емдеу әдістеріне тікелей байланыста болып шықты. Орташа еңбекке жарамсыздық күндерінің (ОЕЖКҰ) ең төмеңгі ұзақтығы Елизаров аппаратын қолданғанда байқалса (175,9±15,2 күн), остеосинтезді қолдану ОЕЖКҰ-ын 15% арттырған (193,8±17,12 күн). Ал, емдеуге гипстен повязка қою ОЕЖКҰын 254,5±21,8 күнге дейін арттырған.
Корреляциялық-регрессиялық сараптау барысында жарақаттанған пациенттерге медициналық көмек беру кезеңдеріндегі көрсетілген еңбекке жарамсыздық күндері ұзақтығының әртүрлі деңгейде артатындығы анықталды. Жарақат алған жерде алғашқы медициналық көмекті жөнді ұйымдастырмау және пациентке қажетті біріншілік көмекті бермеуден жеңіл жарақат алған пациенттердің орташа уақытша еңбекке жарамсыздық күнінің 0,67 күнге немесе 0,48% артатындығын көрсетті. Ал, ауыр жарақат алған пациенттердің ОУЕЖКҰ-ы 4,69 күнге немесе 1,64% жоғарылайтындығын анықтады.
Біріншілік дәрігерлік көмекті фельдшерлік бекеттерде, аймақтық ауруханалардағы дәрігерлер немесе жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері көрсетеді. Осы көмектің төмен сапасынан жеңіл жарақат алған пациенттердің ОЕУЖКҰ-ы 0,24 күнге немесе 0,63% артса, ауыр жарақат алғандардың ОЕЖКҰ-ы 1,91 күнге немесе 0,67% жоғарылайды.
Білікті медициналық көмекті хирургиялық бөлменің дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, орталық аудандық аурухананың хирургиялық немесе травматологиялық бөлімшелерінің дәрігерлері көрсетеді. Осы көмектің сапасыздығынан жеңіл жарақат алған пациенттердің ОУЕЖКҰ-ы 0,69 күнге немесе 0,55% артса, ауыр жарақат алған пациенттердің осындай көрсеткіші 4,28 күнге немесе 1,49% жоғарылайды.
Ал ауыр жарақат алған пациенттерге облыстық клиникалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесінде көрсетілген сапасыз дәрігерлік көмектен көрсеткіштің деңгейі 6,72 күнге немесе 2,35% артады.
Алынған медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер нәтижесін қолдана отырып, аяқ-қолының сүйектері сынған пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің технологиялық моделі жасалды.
Осы модельде аяқ-қолы сүйектері сынған пациенттерге екі топ құрастырылды, оның ішінде жеңіл және ауыр жарақаттар алған пациенттер тобы. Олар бірінші медициналық көмекті жарақат алған аумақта қасындағы жол серіктерінің қолынан немесе кездейсоқ осы аумақта жүрген адамдардан алады. Олардың жарақаттарға алғашқы көмек беру біліктілігіне қарай әртүрлі дәрежеде пациенттерге көмек көрсетеді. Осы көмектің сапалылығы жарақат алған пациенттердің болашағына айтарлықтай әсерін тигізеді. Біріншілік дәрігерлік көмек пациенттерге фельдшерлік бекеттерде, аймақтық аурухананың емханалық бөлімінде немесе жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінен көмек алады.
Сурет 1 Аяқ-қолы сынған пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің технологиялық моделі
Сондықтан, осы медициналық ұйымдардың жарақаттанған пациенттерге көрсететін көмегі үшін қажетті материалдармен және дәрі-дәрмектермен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілуі және дәрігерлердің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты.
Білікті медициналық көмек орталық аудандық аурухананың хирургиялық және травматологиялық бөлімшелерінде көрсетіледі. Осы бөлімшелер дәрігерлерінің біліктілі мен көмек беру сапасы пациенттерінің ОЕЖКҰ-ның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бейінді және жоғары технологиялық-медициналық көмек облыстық және Республикалық клиникалық аурухананың травматологиялық бөлімшесінде көрсетіледі. Осы ұйымдарда жарақаттанған пациенттерге қолданылған емдік шаралардың сапалылығы мен медициналық тиімділігі, олардың ОЕЖКҰ-нан үлкен әсерін тигізеді.
Осы медициналық шаралардан кейін қалдықты ауру белгілерінен арылту үшін реабилитациялық орталықтардың сауықтыру шараларын алады. Бұл орталықтың сауықтыру шараларынан кейін пациенттердің еңбекке жарамдылығын бағалау үшін орталық кеңес беру емханасына жіберіледі. Осы орталықта пациенттердің денсаулығы туралы кешенді сараптама жүргізіліп, оның еңбекке жарамдылығы туралы шешімі жасалады. Оның қортындысы бойынша, пациенттің денсаулығы дұрыс және еңбекке жарамды немесе ол әлі еңбек етуге толық даяр емес, оның аурушаңдық парағын одан ары созуға рұқсат алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жіберіледі.
Осы комиссияның шешімімен пациенттің аурушаңдық парағы одан ары созылып, реабилитациялық шаралар жалғасады. Ал, пациенттің жағдайы аса жақсы болмаса оның мүгедектік дәрежесі анықталады.
Сонымен, біз ұсынған, аяқ-қолы сынған пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің технологиялық моделі осы ұйымдастырушылық жұмыстардың әрбір кезеңдегі жетілдіруге тиісті элементтерін дұрыс қамтыған.
Тұжырым.
- ОҚО мен Шымкент қаласы тұрғындарының аяқ-қолы сынып, жарақаттану оқиғаларының деңгейі жалпы жарақаттану оқиғаларының 1/3 бөлігін құрайды. Шымкент қаласы тұрғындарының арасында осыдан туындаған аурушаңдық көрсеткішінің деңгейі 421,74%о құрады. Аяққолдың зақымданып, оның сыну оқиғаларының 54,1% ер кісілердің үлесіне тисе, әйелдердің үлесіне 26,1%, балалардың үлес салмағы 19,8% құрайды.
- Аяқ-қолы жарақаттанудан туындаған уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі себептеріне тұрмыстық жарақаттар (58,2%), көшеде алған жарақаттар (24,1%), көлік-жол аппатынан туындаған жарақаттар жатады.
- Аяқ-қолы жарақаттанған аурулардың 31,1% стационарда емделсе, 68,9% амбулаторлық-емханалық ұйымдарда ем қабылдаған. Еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасындағы сүйектердің сындыру оқиғаларының 58,57% қол сүйектерінің үлесіне тиеді. Оның деңгейі 2000 жылдан (7,8%о) 2016 жылға дейін (9,9%о) жетіп, бастапқы деңгейден 26,9% артқан, ал аяқ сүйектерінің сынуы оқиғалары (5,9%оден 7,6%о-ге) 28,8 дейін жоғарылаған.
- Шымкент қаласының травматологиялық бөлімшесінде аяқ-қолы сынып, емделу ұзақтығы 35,8±3,24 күнге жетсе, оны амбулаторлық-емханалық жағдайда емдеудің орташа ұзақтығы 159,2±9,58 күнге дейін жалғасқан. Орта есеппен алғанда жалпы ОЕЖКҰ-ы 194,88±12,3 күнге тең болып шықты.
- Пациенттерді стационарда емдеу тиімділігі қолданылған әдістерге тікелей байланысты: Елизаров аппаратын қолдану ОЕЖКҰ-ын 175,4±15,2 күнге дейін жеткізсе, остеосинтез 193,8±17,12 күнге дейін жетті, гипстенген бинттерді қолдану 254,5±21,8 күнге дейін жетті.
Тәжірибелік ұсыныстар.
Аяқ-қолы сынған пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің технологиялық моделін жасау ауыр жарақаттанған пациенттер үшін медициналық көмекті ұйымдастыру кезеңдерін қысқартып, алғашқы медициналық көмектен кейін жоғары технологиялық бейінді дәрежелік көмек беру қажеттігін көрсетті.
Аяқ-қолы сынып ауыр жарақаттанғандар үшін жедел медициналық жәрдем беру жүйесінде арнайы травматологиялық көмек берудің жоғары дайындықтағы бригадаларын ұйымдастыру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Алимова Л.Б. Медико-социальные аспекты продолжительности заболеваний лиц трудоспособного возраста в связи с травматизмом: Дисс. ... канд.мед.наук Шымкент, 2014. 62 с.
- Арыстан Б., Канал И.А. Тірек-қимыл аппараты жарақаты салдарынан дамыған мүгедектікті медициналық-әлеуметтік оңалтудың ғылыми негіздерін жетілдіру // Заманауй фармация мен медициналық жетістіктер халықаралық ғылымитәжірибелік конференцияның жинақтары. Шымкент: 2017. С. 52-54.
- Арыстан Б., Тоқбергенова А.Н. Тірек-қимыл аппаратының өндірістік жарақаты бар науқастарды оңалту жұмыстары // Заманауй фармация мен медициналық жетістіктер халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинақтары. Шымкент: 2017. С. 23-27
- Әліпбекова С.Н., Досқараева Ф.Т., Булешова А.М., Домбаева Ф.М., Арыстан Б. Тірек-қимыл аппараты зақымданған тұрғындардың медициналық-әлеуметтік мәселелері // Заманауй фармация мен медициналық жетістіктерхалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинақтары. Шымкент: 2017. С. 31-34.