Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы зеңге қарсы жақпамайларға маркетингттік зерттеулер жүргізілген. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндірісіндегі жұмсақ дәрілік қалыптардың ассортиментін импортта және экспортта кеңейту көздері қарастырылған
Кіріспе. Маркетингтік зерттеулер мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау, маркетинг мәселелерді реттеу және шешу, сол арқылы кемшіліктерді, түсінбеушіліктерді және жетіспеушіліктерді азайту, фармацевтика өндірісіне дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі халықты қауіпсіз, пайдалы, сапалы, табиғи және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету. 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелерін, дәрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасауды алдын-ала қарастыратын дәрілік қамтамасыз ету және Денсаулық сақтау жүйесін дәрімен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады». [1] Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында халықтың және емдеу -профилактикалық ұйымдардың дәрілік заттармен қажеттілігі толығымен қамтылған, алайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде тіркелегн дәрілік қалыптардың жалпы санынан отандық дәрілік заттардың үлесі 11,47% -ды құрап отыр. Бұл әрине аз көрсеткіш болып саналады.[2]
Терінің ең көп тараған ауруларына безеу, қышыма қотыр және зең аурулары жатады. Соның ішінде , Зең аурулары ең өзекті және соңына дейін түбегейлі шешілмеген заманауи медицинаның міндеттерінің бірі болып саналады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша, жер шарымызда өмір сүретін халықтың кем дегенде 90%тұрғыны зең саңырауқұлақтарымен ауырады екен. Бұл, әрине, шамадан тыс көрсеткіш. [3]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде тіркелген жұмсақ дәрілік қалыптағы препараттар. Отандық нарықта бүгінгі таңда дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде 02.03.2019 жылы тіркеген дәрілік препараттардың жалпы саны7822. [4] (сурет 1).
Оның ішіндегі жұмсақ дәрілік қалыптар (жақпамайлар-142, пасталар-8, кремдер-113, гельдер-112,пластырьлер -6 және линименттер-8) 389 құрайды.
Сурет 1 Қазақстанда тіркелген дәрілік қалыптар
Жұмсақ дәрілік қалыптар пластикалық-иілгіш-тұтқыр негізді түрлі консистенциялы, сыртқа қолдануға арналған дәрілік жиынтық тобы, олар: жақпамайлар, пасталар,
Сурет 2 Қазақстанда тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде зеңге қарсы 203 препарат тіркелген. Олардың арасында капсула, таблетка, ауыз қуысы арқылы қолдану үшін 55,08% ; суппозиторийлар, таблеткалар мен капсулалар вагиналды кремдер, гельдер, пластырьлер және линименттер. [4] (сурет 2).
жұмсақ қалыптағы препараттар қолдану үшін -10.14%
; инфузиялық ерітінділер үшін 4.83% ; сыртқа қолдану үшін (кремдер, майлар, гельдер, лактар, ұнтақтар, спрейлер, ерітінділер, шампунь) 29.95% құрайды. [4,5]
Кесте 1 ҚР тіркелген зеңге қарсы жақпамайлар
Көріп тұрғанымыздай жақпамайларымыз 2,1% құрайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде тіркелген 02.03.19 зеңге қарсы 5 жақпамай тіркелген, оның ішінде 1ғана препаратымыз «Розеофунгин -АС» отандық өнім болып табылады.
Қорытынды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде 02.03.2019 жылы тіркеген дәрілік препараттардың дәрілік қалып бойынша пайыздық үлесіне, жұмсақ дәрілік қалыпқа жататын формалардың пайыздық үлесіне және зеңге қарсы дәрілік препараттардың дәрілік қалып бойынша ұстайтын үлесіне зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша зеңге қарсы жақпамайлардың оның ішінде отандық өнімнің үлесі өте төмен екенін, яғни, тек бір ғана препарат тіркелгенін байқадық. Сол себепті, зеңге қарсы отандық өнім жақпамай жасау өзекті түйін екенін дәлелдедік.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Приказ МЗСР РК от 27 мая 2015 года №392 «Об утверждении надлежающих фармацевтических практик». Астана: Астана книга, 2015. 35 с.
- Фармацевтический рынок Казахстана. История, основные направления развития и текущее состояние URL: http://pharm.reviews/images/novosty/aquitas.pdf
- Б. А. Рамазанова, Д. Ж. Батырбаева, А. Н. Бекназарова. Различные виды грибковых инфекции у онкологических больных // Вестник КазНМУ. 2015. №3. С. 47 -55.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрі URL: www.dari.kz.
- Казахстанский Национальный Лекарственный Формуляр Республики Казахстан URL: http://knf.kz/index.php/ru/