Сарапшылардың пікірінше, балалар церебральды сал патологиясы кейінгі кезде жиі кездеседі. Барлығы Қазақстанда 626,7 мың мүгедек тіркелсе, олардың 11% мүгедек-балалар. Мүгедек-баланың туылуы және оны тәрбиелеу ата-анасы мен отбасы үшін күрделі психоәлеуметтік күйзеліс.
Балалар церебральды сал ауруы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік портретін жасауда жанұяның өмір сүруімен байланысты негізгі факторларына талДау жүргізілген. Зерттелген отбасылар арасынДа бір ғана баласы мүгеДек болып туылған отбасылар бар. Сондықтан, ол отбасыларда болашақта бала туу және оның денсаулығы жөнінде қатты алаңдаушылық бар.
Тақырыптың өзектілігі. Балалар церебральды сал ауруы балалар мүгедектік себептері құрылымында жетекші орындардың бірініе ие. Жыл сайын 1000 жаңа туылған нәрестенің 200-і мүгедектікпен туылуда, оның 70-нде балалар церебральды сал ауруы анықталады екен. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар сал ауруы 1,6 есеге артып, 100 мың халық санына шаққанда 2006 ж. 44,6-дан 2017 ж. - 73,6-ға ұлғайған.
Сарапшылардың пікірінше, балалар церебральды сал патологиясы кейінгі кезде жиі кездеседі. Барлығы Қазақстанда 626,7 мың мүгедек тіркелсе, олардың 11% мүгедек-балалар.
Мүгедек-баланың туылуы және оны тәрбиелеу ата-анасы мен отбасы үшін күрделі психоәлеуметтік күйзеліс. Әсіресе, анасына ауру балаға қарау және тәрбиелеудегі негізгі міндеттер мен жауапкершілік жүктеледі [1,2].
Мүгедек-балалар денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктері нәтижесінде көп уақытты үй жағдайында өткізеді.
Жанұя адам өміріндегі ең тұрақты және маңызды, баланың туылғанынан бастап қоғамдағы дағдылану, интеграциялану кезеңдерімен қоса, тіпті өз бетінше индивид ретінде тұлғалық қалыптасуынан кейін де қолдаушы әлеуметтік институт [3].
Әлеуметтік ортадағы ең негізгі басқа адамдармен өзара арақатынасты құрудағы жанұяның ролі аса маңызды. Қазақстандық зерттеушілердің заманауи жұмыстарында денсаулығы шектеулі балаларға қолайлы психологиялық орта құру сұрақтарына деген қызығушылық біраздан байқалмайды. Алайда, «психикалық денсаулықтың» белгілі бір әлеуметтік -мәдени ортаны қалыптастыратын қоршаған ортаның, қоғамның және тікелей қатысты тұлғалардың (ата-ана, жақындары және т.б.) қатысуымен жүретінін ескеру қажет[4,5].
Сондықтан балалар церебральды сал ауруы бар мүгедек баллары бар отбасылардың сұраныстарын зерттеу мақсатында 2011 жылы Алматы қаласында құрылған «МА^АТМЕД» медициналық орталығында медикосоциологиялық зерттеу жүргізілді. Құрылғаннан бері орталықта 70 мыңға жуық адам емделіп, соның ішінде 3000ға жуығы балалар церебральды сал ауруымен көмекке жүгінген.
Зерттеудің мақсаты балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балалары бар отбасыларға әлеуметтікпсихологиялық сипаттама беріп, мүгедек-балалары барларға медико-әлеуметтік көмекті жетілдіру бойынша ұсыныстарды ғылыми негіздеуболып табылады.
Материалдары мен әдістері. Зерттеу негізінде 2016 жылдан 2019 жыл аралығында ем қабылдаған 418 балалар церебральды сал ауруының түрлі формаларымен ауыру оқиғасы тіркелген. Берілген санаттағы балалар мен отбасылардың құрылымдық құрамы бойынша қарқынды және сандық-сапалық көрсеткіштер анықталған. Сонымен қатар, балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың медициналық құжаттардың көшірмелерімен есеп беру мәліметтерінің талдауы жүргізілген.
Зерттеу барысында медициналық мәліметтердің көшірмелері, сараптамалық бағалау әдісі, аналитикалықграфикалық, аналитикалық-статистикалық, социологиялық әдістер қолданылған. 18 жасқа дейінгі балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балалары бар 185 отбасынан «Балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін отбасылардың әлеуметтікгигиеналық сипатын зерттеу және медициналық белсенділік» сауалнамасы құрастырылып талданған.
Зерттеу нәтижелері және талдау. Отбасының құрылымы мен отбасы бойынша келесі түрлерге бөлінген: толық отбасы, толымсыз отбасы, көпбалалы отбасы және асыраушы отбасы. Балалар церебральды сал ауруымен бала тәрбиелеуші құрамы бойынша толық отбасылар 63,1% құрады. Олардың ішінде 29,3% көпбалалы болып табылады да, балалар саны 3-тен 7 балаға дейін ауытқиды. Жүргізілген зерттеулер денсаулықтағы мүмкіндіктері шектеулі 1 жасқа дейінгі балалар уақытты қаншылықты анасымен өткізсе, соншалықты аға-әпкелерімен өткізетіндігі белгілі болған. Яғни, бұл жағдай, науқас балалардың әкесімен өткізетін уақыттарын арттырады. Дамудағы бұзылыстарды түсіну және түзетудегі, тәрбиелеудегі әке ролінің маңызына назар аудартады.
Зерттеу бойынша 87% жағдайда мүгедек-балалармен негізгі қарау және қатынас жасау міндеті «ана және бала» диадасы түрінде сипатталады. 4,7% балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балалар әкелерінің қарауында. Мүгедек-балаларға апа-аталары қарауды өз жауапкершіліктеріне 4,5% жағдайда алған. Негізінен қараушы тұлға болып басқа туыстары (әпке, ағасы және т.б.) 3,8% жағдайда атсалысқан. Берілген зерттеуде денсаулықтағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың асыраушылары 0,7% құраған.
Берілген зерттеу отбасылық қоршаған ортаның баланы дұрыс дамытудың факторы ретіндегі маңызын ашады. Отбыснда әке, шешеге қарағанда балаларымен ойын ұйымдастыруда белсенділік танытады. Анасы болса, көбінекөп, күтіп-қарау міндетін атқарады. Әкенің көмегі, әсіресе, науқас ер балаларды тәрбиелеп дамытуда айтарлық. Қолайлы ойыншықтар құрастырып, пайдалы шынықтырушы ойындар ойлап табады. Мүгедекбалалардың арасында 70,3% ер балалар, азырақ бөлігі (20,7%) қыз балалар.
Отбасында әкеге гипержанашырлық тән емес. Сондықтан науқас балаларды тәрбиелеуші отбасылармен психокоррекциялық жұмыс бойынша ұсыныстар әркез, түрлі аспектілер бойынша жетілдіріліп отыру қажет.
Зерттеу жұмысында денсаулығында жетіспеушілігі бар балалары бар отбасылардың сипаты айқындалды: толымсыз отбасы (36,9%), жабық, тұйықтылықпен сипатталады, жиі дисгармониялық болып табылады; көпбалалы отбасы (29,3%), асқан өмірге талпыныс байқалады, өмір сүру деңгейі төмен және жеткіліксіз материалдық қамтылған; асырап алушы отбасы (0,7%), жетістікке жетуге бағытталған; толық отбасылар (63,1%), гармониялылық және келісіммен сипатталады.
Социологиялық сұрауда көптеген отбасылар (47,4%), негізінен, толымсыз отбасылар 31,5% жағдайда жұмыспен қамтылмаған. Анасы немесе әкесі науқас балаға қараушы болып табылатын отбасыларда жұмыспен қамтылмаған. Себебі жалпыға мәлім және гуманды бала қараусыз қалмауы тиіс.
Қорытындылай келе, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік портретін жасауда жанұяның өмір сүруімен байланысты негізгі факторларына талдау жүргізілген. Зерттелген отбасылар арасында бір ғана баласы мүгедек болып туылған отбасылар бар. Сондықтан, ол отбасыларда болашақта бала туу және оның денсаулығы жөнінде қатты алаңдаушылық бар.
Мұндай жағдайда негізгі рольді жанұя мен әлеуметтік қолдау ұйымдарының арасындағы байланыстырушы звено әлеуметтік қызметкерлерге тиесілі болғандықтан, жанұяға қажетті медико-әлеуметтік көмекке сұранысты анықтап жеткізулері тиіс. Зерттеу нәтижесінде құрылатын отбасының әлеуметтік-гигиеналық статусы балалар церебральды сал ауруымен науқастарды тәрбиелейтін отбасындағы мәселелерді шешудегі әлсіз және күшті жақтарын талдауға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- К.А. Даутова, Г.А. Диханбаева. Проблема семей имеющих детей инвалидов // Вестник КазНМУ. 2018. № 1. С. 381-385.
- Т.К. Рахыпбеков, А.М. Елисинова, Ю.М. Семенова и др. Финансовая поддержка семей, воспитывающих детей-инвалидов в Казахстане и за рубежом //Наука и здравоохранение. 2014. №1. С. 8-11.
- Мастюкова Е. М., Московкина А. Г. Они ждут нашей помощи. Педагогика родителям. М.: Педагогика, 1991. С.105-117.
- Шабенец Е. А., Хатит Ф. Р., Сельмидис Л. Ф. Факторы субъективного благополучия матерей, воспитывающих детей-инвалидов с детским церебральным параличом // Психолого-педагогические особенности семьи XXI века: колл.науч. моногр. Ульяновск: Зебра, 2016. § 6.4. С. 404-419.
- Мастюкова Е. М., Московкина А. Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии: учеб.пособие для студентов высш. учеб. заведений. М.: ВЛАДОС, 2003. 408 с.