Қазіргі қоғамдағы балалар денсаулығы қоғамның стратификация және жаңа әлеуметтік қатынастар кезеңі мен терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің арқасында қалыптасуда. Осыған байланысты, нақты әлеуметтік-демографиялық топ ретінДе балаларДың Денсаулығы қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқатының маңызДы интегралДы көрсеткіші болып табылады. Осы жастағы тұрғындардың денсаулық жағдайының өзгерістері әлеуметтік саралау үрдісінде бірден көрінеді.
Өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаетың Қазақстан халқына «Қазақстан 2050» атты жолдауында тұрғындардың денсаулық жағдайын көтеру, біріншілік медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру мен тиімділікке бағытталған сапалы, қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медицинаның барлық саласында жоғары мамандандырылған дәрігерлер мен орта медициналық буын қызметкерлерін дайындау денсаулық сақтау саласы алдындағы ең үлкен мәселе екені айтылған [1]. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге арналған Денсаулық 2016-2019ж бағдарламасы аяқталып, медицинадағы техникалық модернизация, инфрақұрылымды дамыту, біріншілік медициналықсанитарлық көмекті жетілдірудің жолдарын шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен медициналық қызметтің сапасын жетілдіруге арналған «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарының 80,81,82 бөлімдері осы мәселелерді көтереді [2.3].
Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі [1.4]. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ана мен бала денсаулығын еліміздің қазіргі және болашақтағы дамуындағы басым бағыттарының бірі ретінде анықтады. Еліміздің стратегиялық құжаттарында және ҚР Президенті Жолдауларында ана мен бала өлім-жітімін азайту және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру қажеттігі атап көрсетілді [1.2].
Балалар денсаулығы мен саулығы отбасының, мемлекеттің және бүтін қоғамның басты қамқорлығы, себебі балалар ел болашағы, оның жайлылығын, экономикалық және рухани дамуының деңгейі [5].
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, еліміздегі денсаулық сақтау саласын қайта құру және мемлекет пен қоғам арасын жақындастыратын жаңа қағидаларды енгізу керектігін айқындап берді. Бұл дегеніміз денсаулық сақтау кадрларын жетілдіру мен халықтың негізгі денсаулық көрсеткіші болып саналатын балалар денсаулығын қорғау болып табылады [6.7.8.9].
Балалар денсаулығындағы ауытқушылықты болжамдау мен алдын алу педиатрия ғылымының басты бөлімі болып табылады [10.11]. Осы саладағы маңызды орын алатын көрсеткіштерге физикалық дамудың кешеуілдеуі мен балалардың болашақтағы денсаулық жағдайын түзетін еңбектік, әскери, интелектуальдық факторлар мен репродуктивтік потенциалы жатады [10.11.12].
Қазіргі уақытта денсаулықты нығайтуға, соның ішінде балалар мен аналар денсаулығын қорғауға бағытталған алты медициналық кластер құрылды. Бірақ Қазақстандағы халықтың денсаулығын қорғау жүйесі дамыған 30 елмен салыстырғанда, әлі де қанағаттанарлықсыз деп бағаланады [13]. Бұл қаржыландыру көзінің жетіспеушілігі ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтаудағы зор адами және материалдық-техникалық әлеуетін тиімсіз пайдалану себебімен тығыз байланысты. Осы айтылған барлық мәселелер денсаулық сақтау саласындағы басты көңіл аударылатын маман тапшылығын жою мен жоғары мамандандырылған дәрігерлерді дайындап, халықты өз денсаулығына жауапты болуға үндеуде жатыр [7.8.13].
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігінің қосылған 2015-2020 жж. арналған балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғаудың Еуропалық стратегиясы бойынша «азаматтардың денсаулығын нығайту мен өлім-жітім деңгейін төмендету», «аурулардың профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі», «аурулардың профилактикасы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру», «негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру», «туберкулез сырқаттанушылықты төмендету», «ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру және нығайту», «ана мен бала өлім-жітімін төмендету» туралы нақты жоспарлар қарастырылған [14].
Зерттеу мақсаты: аурушаңдықтың медициналық және жиілік сипаттамаларын алу, Сарыағаш ауданындағы балалар өлім-жітімі, мүгедектікті (олардың құрылымы) Қазақстан мен шет елдердің өзге аймақтарымен салыстыру. Зерттеудің міндеттері:
Сарыағаш ауданында тұратын балалардың арасында сырқаттанушылықтың таралуын айқындау;
Сарыағаш ауданында тұратын балалар арасында ауру және мүгедектік дамуының негізгі қауіп-қатер факторларын анықтау;
Әйелдер мен балалар денсаулығын қорғауда әлемдік стратегия негізгі күш салуды қажет ететін аймақтарды бөледі: қаржылық жағынан, саяси шаралар мен ұсынылатын қызмет сапасын көтеру және т.с.с. Осы бағыттағы жасалынуы тиіс жұмыстарға: ұлттық жоспар бойынша көмек көрсету, әйел адамдар мен балаларға өзінің тұрғылықты жері бойынша қолжетімді профилактикалық және емдік көмекті ұсыну, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, денсаудық сақтау жүйесін нығайту, қаржыландыру көзінің инновациялық жолын іздеу, денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін есептік құжаттар мен мониторингтік бақылауды күшейту жатады [8.15].
Қазіргі уақытта дүниежүзілік жаһандану үрдісіне сәйкес денсаулық сақтау саласы институционалдық қайта құрылу мен кадрлық ресурстарды дамытуға үлкен көңіл бөлуде [7]. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көрсетілгендей, басты бағыт аурулардың профлиактикасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады [4]. Қоғамның әлеуметтікэкономикалық жақсаруы денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойылған жаңа тапсырмалар мен тиімді денсаулық сақтауды дамытуға жол ашады [8.9.13].
Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде репродуктивті денсаулықты дамыту арқылы еліміздегі туу көрсеткіші біршама жақсарды (туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2013ж 18,42 тең болса, 2016ж 22,73 құрады). Жалпы өлім көрсеткішін соңғы бес жылда алып есептегенде біршама оң бағытқа жылжу бар (1000 тұрғынға 2013ж 8,97; 2016ж7,98). Табиғи өсім коэффициенті 2017 жылы 13,48 құрап, 2016жылы 14,75 тең болып 8,6% өсім берген [8.16].
Демографиялық жағдайдың алдыға жылжуына қарамастан, елімізде әйелдер мен балалар денсаулығы төмен деңгейде қалып отыр. Өзекті мәселе ретінде репродуктивті денсаулық танылып, отбасылардың 16% бедеуліктен зардап шегіп отыр. Аналар өлімінің негізгі басты себебі ретінде акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагенитальды аурулар, жасанды түсік тастаудың салдары мен аурушаңдық (жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, анемия) алуда. Осы жағдай медициналық көмектің сапасының жеткіліксіздігі мен оның стандарттарының орындалмау себебінен туындауда [17.18.19].
Нәрестелер өліміне келер болсақ денсаулық сақтау саласының біршама жетістіктері бар. Соңғы бес жылдағы көрсеткішті (1000 тірі туғанға шаққанда 2014 жылы 18,63, ал 2018 жылы 11,30 тең болған ) алатын болсақ 38% төмендеген. Бірақ бұл көрсеткіш дамыған 50 елмен және ТМД елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып саналады. Еуропалық одақ елдеріндегі нәрестелер өлімі көрсеткіші соңғы жылдарға 1000 тірі туғанға есептегенде 4,7% тең болса, АҚШ-да 6-8%, Қытайда 21%, Иракта 88%, Орталық Африка елдерінде 113%, Ауғанстанда 165% құрап отыр [16.20.21]. Ал нәрестелер өлімі бойынша ресейлік көрсеткіштерді алатын болсақ соңғы он жылда жағымды динамика бар [22]. ҚР бәсекелестікке қабілеттіліктің әлемдік индексінде сәбидер өлімі бойынша алдыңғы қатарға шығып отыр. Осы өлімнің басты себептерін алып қарастыратын болсақ, қолжетімді әрі тиімді медициналық ем-шарамен алдын алуға болатын асфиксия, туу кезіндегі жарақаттар мен жұқпалар жатады [8].
Әлемдік эксперттердің Қазақстанда жүргізген сараптамасы бойынша [23] сәбилер мен балалар өлімін қоса алғанда жыл сайын 0-5 жасқа дейінгі 5000 бала көз жұмып отырғаны дәлелденген, олардың жартысынан көбі жаңатуылған сәбилерге тиесілі. Көптеген өлім жағдайлары балалардың ерте жасындағы алдын алуға болатын себептерден құралған. Сонымен қоса, ҚР адам индексі жоғары дамыған елдермен салыстырғанда ана өлімі бойынша 10 есе алда келеді. Бұл өлім себептерін қолжетімді медициналық араласумен алдын алуға болатын жағдайлар құрайды.
Ресейлік ғалым Е.А. Кваша [24] нәрестелер өлімін мемлекеттің дамуы мен ондағы болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді бағалайтын басты бір демографиялық фактор деп анықтайды. Нәрестелер өлімі кез-келген елдегі денсаулық сақтау саласының даму деңгейін айқындайтын көрсеткіш болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық бағытқа қарап біз туу көрсеткішінің төмендейтінін болжамдаймыз. Осы келеңсіз теріс үрдісті дамытпау мақсатында ана мен әкенің репродуктивті денсаулығы, ұрықтың дамып-жетілуі және жаңа туылған баланың денсаулық жағдайы денсаулық сақтау органдарының басты жұмыс істеу бағыты болуы тиіс [25].
Қазақстан Республикасында белгіленген заңдық шеңберде балаларға келесі скринингтік тексерулер жүргізіледі: психофизикалық бүлінулер скринингі және балалардағы естудің бұзылуы және патологиясын ерте анықтауға аудиологиялық скрининг өткізу.
Балаларға тегін медициналық қызмет көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 «Амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен балаларға арналған және емдік тамақтанудың мамандандырылған өнімдері рецепттер бойынша тегін берілетін аурулардың түрлері мен жекелеген тұрғындар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» және 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін Сарыағаш ауданы көлемінде жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2015 жылдың 12 айында скрининг-тексерумен 0 18 жас аралығындағы 110 523 бала өткен (жоспарланған 114 570 баланың 96.4 %-ы), барлығы дерлік ауыл тұрғындары. 2011 жылдың осындай кезеңінде балалардың 97%-ы тексерілген болатын (жоспарланған 115 233; тексерілгені 111 826), бұл талданып отырған кезеңге қарағанда 0.6%-ға артық.
Кесте 1 0 18 жастағы балалардың профилактикалық тексеру нәтижесі
Көрсеткіштер |
2014 ж |
2018 ж |
Тексерілген балалар барлығы, мың |
111 826 |
110 253 |
Тексеру кезінде анықталды, балалар: есту қабілеті нашарлаған |
||
барлығы, мың |
207 |
534 |
тексерілгендер санына қатысты пайызбен |
0.18 |
0.48 |
көру қабілеті нашарлаған |
||
барлығы, мың |
10 287 |
12 473 |
тексерілгендер санына қатысты пайызбен |
9.19 |
11.3 |
сколиозы бар |
||
барлығы, мың |
985 |
1097 |
тексерілгендер санына қатысты пайызбен |
0.8 |
0.9 |
сымбаты бұзылған |
||
барлығы, мың |
821 |
876 |
тексерілгендер санына қатысты пайызбен |
0.7 |
0.79 |
Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда сколиозы бар балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (37.5%), сөйлеуінде ақауы барлардың (24 %ға), көру қабілеті бұзылысы барлардың (18.6%-ға), мүсінінің бұзылуының (10%) көбею үрдісі байқалғандығын көрсетті. Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20 %-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14 %-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16 %-ға) өсті.
Тексерілгендер қатарынан анықталған науқастар пайызы 15.5%-ды құрады (2011 жылы тиісінше 19.4%).
Анықталған науқастардың ішінен ҚР бойынша алғаш рет «Д» есепке 8.14%-ы қойылды (2011 жылдың осындай кезеңінде 6.8 %). Профилактикалық байқаудан өткен балалардан табылған ауытқушылықтың жазылу көрсеткіші 2015 жылы 12.32 құрап отыр (2011 ж 41.6%).
Қорытынды: Балалар сырқаттанушылығын төмендету үшін «бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу стратегиясы (БЖАИЖ)» бұл баланың денсаулығын жақсартуға, 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылатуға, бала өлімін, ауруы мен мүгедектіктің ауырлығын және жиілілігін төмендетуге, балалардың дамуы мен өсуін жақсартуға бағытталған негізгі стратегияны дамыту маңызды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар. "Егемен Қазақстан" 18.01.2014 ж. № 11.
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы. "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 523-526.
- «Ұлт жоспары Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы». http://inform.kz/kaz/article/2777949
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 18.09.2009 ж №193-IV Кодексі. «Егемен Қазақстан» 29.09.2009ж. №315-318.
- Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение. Учебник. 2-е изд. М.: Изд «Гэотар-Медиа», 2010. 512 с.
- «Қазақстанның әлемнің ең дамығын 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Президентінің Жарлығының жобасы туралы ҚР Үкіметінің 23.12.2013 ж №1385 Қаулысы.
- Численность медицинских кадров в Казахстане. 26.12.2012г. Газет zakon.kz (zakon.kz/4532636-chislennost-medicinskikh-kadrovv)
- К.О. Шаяхметова, К.Ш. Сыздыкова, Г.Б. Рахимжанова. Проблемы развития здравоохранения Казахстана на современном этапе // Вестник КазНМУ. 2010. №2. С. 86-91.
- Концепция Единой национальной системы здравоохранения РК, май-октябрь 2008 года, Астана.
- Alexander M.A., Matthews D.J. Pediatric Rehabilitation: Principles and Practice. 4 th. еd. New York: Demos Medical Publishing, 2010. 540 р.
- Arthur J. Olch. Pediatric Radiotherapy Planning and Treatment. New York: CRC Press is an imprint of Taylor & Francis Group, an Informa business, 2013. — 344 p.
- Р.О.Дружинин. Социальное здоровье детей: сущность и технологии сохранения // Социально-экономическое явления и процессы. 2011. №9. С. 145-152.
- ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Нұрлы жол болашаққа бастар жол». 11.11.2014 ж. (www.akorda.kz/kz/pade/page_218343)
- Statement to the 64th session of the WHO Regional Committee for Europe, Copenhagen, 15-18 September 2014 on the Europaen Child and Adolescent Health Strategy 2015-2020. (http://www.wfot.org/Portals/0 /PDF /2014/WHO)
- Духанина И.В., Грибина Н.Н. О модели организации и управления медицинской помощью детям // APRIORI. Серия: Естественные и технические науки. 2014. №2. С. 89-96.
- Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. Статистикалық жинақ. Астана: 2009. 153 б.
- Амреева К. , Омирбаева С. Оценка риска влияния техногенного загрязнения атмосферного воздуха на здоровье населения в условиях центрального Казахстана // Современные проблемы науки и образования. 2012. №6. С. 29-36.
- Дюсембаева Н.К., Шпаков А.Е., Салимбаева Б.М., Дробченко Е.А. Состояние здоровья населения на урбанизированных территориях Казахстана // Современная медицина: актуальные вопросы. 2014. №33. С. 236-248.
- Филиппов Е.С., Савченков М.Ф., Гомелля М. В., Дифенбах Т.И., Селиверстова Т. Г., Плюшкина И. В., Петрова А.Г., Филиппов А. Е., Ткачук Е. А., Дружинина Н. А. Здоровье детей стратегия национальной безопасности // Сиб. мед. журн. Иркутск: 2001. №2. С. 188-193.
- Глобальная стратегия охраны здоровья женщин и детей // Послание Генерального секретаря ООН Пан Ги Мун. 2010. (who.int/publications/list/pmnch_strategy_2010/ru/)
- World Health Statistics 2006 World Health Organization. 2010. Р. 78.
- Баранов А.А.. Смертность детского населения в России (тенденции, причины и пути снижения). М.: Изд-во Союза педиатров России, 2009. 387 с.
- Analysis for Maternal and Child Healthcare in Kazakhstan. (http://sanigest.com/projects/analysis-for-maternal-and-child-healthcare-inkazakhstan/)
- Кваша Е.А. Младенческая смертность в России // Население и общество. Информационный бюллетень Центра демографии и экологии человека института народохозяйственного прогнозирования РАН. 2001. № 57. С. 12-16.
- Досмурзаева Д.О. Балалар денсаулығын қорғаудың құқықтық мәселелері // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаршысы. 2014. №5. С. 71-76.