Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Альвеолиттің таралуы және клинико-рентгенологиялық көрінісі

ҰМУ стоматологиялық клиникасының архивты материалДарына байланысты тіс ұяшығы альвеолитінің жиілігі анықталДы. Тіс ұяшықтарының рентгенологиялық зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген, жұлынған тіс ұяшығынДа жиі кезДескен бөгДе заттар: пломбалық материал, тіс тінінің қалДықтары.

Хирургиялық стоматологияда тіс жұлынғаннан кейінгі пайда болатын асқынулардың алдын алу және оларды емдеу мәселесі өзекті болып отыр[1]. Тіс жұлынғаннан кейінгі пайда болатын асқынулардың ішіндегі жиі кездесетіні альвеолит болып табылады. Альвеолиттің жиілігі, көптеген авторлардың айтуы бойынша шамамен 10-25% науқаста тіс жұлынғаннан кейін дамиды. Тіс жұлудың кең ауқымдылығын ескере отырсақ (2002 жылы Қазақстанда шамамен 1млн. тіс жұлу операциясы жүргізілген [2]), альвеолитпен ауыратын науқастар стоматологиялық емхананың тәжірибесінде маңызды бөлігін арқаратынын есептеу қиын емес, және де көп жағдайда осы науқастардың жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуына алып келеді.

Тіс жұлынғаннан кейінгі дамитын қабынулардың негізгі себептерінің бірі, ол ауыз қуысы тіндерінің қарсылығының төмендеуімен сипатталатын патогенді микрофлораның вируленттігінің жоғарылауы.

Демек, заманауй стоматологияда маңызды сұрақтардың бірі ол хирургиялық шаралардан кейінгі жараның бетін антисептикалық өңдеу болып отыр. Альвеолитті туғызатын себептердің ішінде, жұлынған тіс ұяшығында қанның ұйығының болмауы немесе оның уақытынан бұрын жойылуы салдарынан дамитын патогенді инфекция маңызды рөл атқарады. Жиі альвеолиттің даму себептерінің бірі алтын және эпидермальды стафилакокк, диплококк, стрептококк болып есептеледі. Антибиотикті рационалсыз қолдануы салдарынан патогенді және шартты-патогенді микрофлора көп жағдайда полихимиорезистентті болады. Іріңді-қабыну аурулармен және асқынулармен күресу үшін антибиотиктердің жаңа түрлері мен класстары дамытылуда. Бірақ оларға төзілімділік тез дамиды.

Кәзіргі кезге дейін альвеолиттің алдын алу мен емдеудің сан алуан тәсілдері ойланып табылса да, альвеолиттің азайуы байқалмай отыр. Сонымен қатар альвеолитті емдеудің жаңа тәсілдерін іздеу әлі күнге дейін жалғасуда.

Зерттеу мақсатыальвеолиттің жиілігі мен рентгенологиялық суретін талқылау.

Зерттеу әдістері мен құралдары:

ҰМУ хирургиялық стоматология кафедрасының 2014-2016 жж. аралығында ем қабылдаған науқастардың амбулаторлық карталарының ретроспективті сараптамасы жүргізілді.

Альвеолитпен келген күні науқастарға ауыз ішілік, нысаналы жұлынған тістер ұяшықтарының рентгенограммасы жүргізілді. Тіс жұлынғаннан кейінгі альволитпен асқынған 17 науқастың рентгенологиялық суреті талқыланды.

Зерттеу нәтижелері:

ҰМУ хирургиялық стоматология кафедрасының 2014-2016 жылдар аралығында ем қабылдаған науқастардың амбулаторлық карталарының ретроспективті сараптамасы жүргізілді. Барлық науқас саны 2360. Тіс жұлу операцясы 1652 (70%) науқаста жүргізілген. Оның ішінде тіс жұлғаннан кейінгі асқынулар168 (10,2%) науқаста кездескен (1 сурет).

10,2%

ОТіс жұлу операциясы

■ Асқынулар

Сурет 1 тіс жұлынғаннан кейінгі асқынулардың саны

Тіс жұлу операциясынан кейінгі болған асқынулардың 168 адамдарда, осының ішінде альвеолит 89 (53%) науқаста кездескен, 44 (27%) науқаста ұзақ жазылу, 21(12%) науқаста гематома, 11 (6%) науқаста төменгі ұяшықтық нервтің невропатиясы, 3 (2%) науқаста ұяшықтық остеомиелит кездескен(2 сурет).

  • альвеолит
  • ұзақ жазылу
  • ұяшықтық остемиелит
  • төменгі ұяшықтық нервтің невропатиясы
  • гематома

Сурет 2 тіс жұлынғаннан кейінгі асқынулардың пайыздық үлесі.

Тіс жұлынғаннан кейінгі асқынулар болған 168 әйел адам, 71 (42%) ер адам болған. (3сурет)

науқастардың ішінде 97 (58%)

15-45 жас аралығындағы 17 науқасқа тіс жұлынғаннан кейінгі дамыған альвеолитке клинико-ренгенологиялық сараптама жүргізілді.10 (60%) науқаста рентгенограммада альвеоланың сүйек тінінде патологиялық өзгеріс байқалмаған. Жақтың альвеоларлы өсіндісінде жұлынған тіске сәйкес, тістің түбірін (түбірлерін) қайталаған шекарасы анық ағару байқалды. Ұяшықтың компакты пластинкасы анық көрінеді. Тіс аралық және түбір аралық сүйек тіні анық көрінді. Ұяшықта бөгде зат пен сынған бөліктер байқалмады(4 сурет).

Сурет 4 науқас Н.35 жаста.

Диагноз: 2.4 тістен болған жедел серозды альвеолит

Сурет 5 науқас Ғ.22 жаста.

Диагноз: 4.6 тістен болған жедел іріңді альвеолит. Рентгенограммада пломбалық материалдың қалдықтары байқалады

Қалған 7 (40%) науқаста рентгенологиялық суреттерінде өзгерістер байқалды, оның ішінде 3 (17%) науқаста жұлынған тіс ұяшығының түбінде шекарасы дөңгелектенген, гранулема немесе түбір ұшылық кистаға ұқсас сүйек тінінің деструкция ошағы байқалды, осы аймақта ұяшықтың компактілі пластинкасы үзілген. Клиникасында; қарап тексергенде ұяшық бос немесе иісі нашар шіріген сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары анықталды.

Қалған 4 (23,5%) науқаста рентгенологиялық суретте ұяшықтың әр түрлі аймақтарында, жиі ұяшықтың шетінде тығыздығы мен көлемі әр түрлі сүйек суреті сақталған және сақталмаған және сүйек тінінің қалдықтары немесе пломбалық материал және тіс тастары деп бағалаған көлеңкелер байқалды(сурет 5,6,7). Клиникасында; қарап тексергенде ұяшық иісі нашар шіріген сұр түсті ұйыған қан қалдықтарымен бірге бөгде заттардың қалдықтары көрінеді. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген,басып тексергенде ауыру сезімі жоғары.

Сурет 6 науқас Ж.36 жаста.

Диагноз: 2.1 тістен болған жедел іріңді альвеолит. Рентгенограммада көлеңке альвеолит
Сурет 6 -науқас А., 48 жаста.
Диагноз: 3.6 тістен болған жедел серозды
Рентгенограммада тіс түбірінің сипаты пломбалық матариалды еске салады.қалдығы байқалады.

Қорытынды:

Біздің зерттеу жұмыстарымыздың қорытындысы бойынша альвеолиттің жиілігі тіс жұлынғаннан кейінгі асқынулардың 53 %ын құрады. Альвеолит кезінде емдеу жұмысы нәтижелі болуы үшін рентгенологиялық зерттеу жүргізу міндетті болып саналады.

Альвеолитпен келген науқастардың рентгенологиялық тексерулері тіс жұлынғаннан кейінгі ұяшықтың жағдайын бағалауға, кейбір жағдайда бөгде заттарды анықтауға мүмкіндік берді, және де ұяшыққа ревизия жасау оңай болды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Трегубова Т.В. Лечение альвеолита препаратами на основе куриозина: автореф. дисс. ... канд. мед.Алматы, 2005. 22 с.
  2. Трегубова Т.В. Анализ частоты и причин возникновения альвеолита // Сборник научных трудов. Материалы Международного форума «Новые технологии в стоматологии, посвященного Году Здоровья». Алматы: 2002. С. 86-90.
  3. Родионов Н.Т., Андреева Е.П., Доброродова С.В., Столетняя Т.П. Профилактика и лечение альвеолита // Вестник Смоленской медицинской академии. 2010. №2. С. 146-157.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.