Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Амбулаторлық жағдайда трофикалық ойық жаралар, күйіктер және атопиялық дерматит кездеріндегі жұмсақ тіндердің инфекцияланған жараларын емдеу

Инфекцияланған жаралар, күйіктер және трофикалық ойық жаралар жалпы хирургиялық бөлімшесінің құрылымдық ауруларының ішінде маңызды орынға ие. Осы аурумен ауырған науқастардың реабилитациясы мен болжамының уақыты көбінесе жергілікті емдеу тәсілін дұрыс таңдай білуге байланысты. Баяндамада трофикалық ойылулардың инфекцияланған жараларын, атопиялық дерматит, күйіктерді Тридокс дәрісімен емдеу тәсілдері көрсетілген. Салыстырмалы түрдегі зерттеу тәсілдері ретінде Тридокстың клиникалық әсерінің мәліметтері алынған, яғни жара үрдісінің екінші фазасына өтуінің тез болуы, сонымен қатар, осыған байланысты емделушінің амбулаторлық жағдайда емделу мерзімінің қысқаруы көрсетілген.

Кіріспе.

Этиологиясы мен орналасқан орны әртүрлі трофикалық ойық жаралар,атопиялық дерматитжәне күйіктер кезіндегі инфекцияланған жаралар жалпы хирургиялық бөлімшелердегі аурулардың ішінде өзіндік орны бар, ал олардың емі болса, айтарлықтай қиындықдар туғызады. Жүйелі фармакотерапия, хирургиялық ем және физиотерапиялық еммен қамтамасыз етілетін жалпы қолданыстағы кешенді емдеу шараларының ішінде жергілікті емдеу тәсілі ерекше орын алады. Оның негізгі мақсаты жараны тазалап жуып, жараны толығымен жазу. Бұған қол жеткізу үшін жергілікті әртүрлі фармакологиялық дәрілік заттарды, осылармен қатар заманауи жара бетін жауып тұрушы немесе емдік қасиеті бар дайын таңғыштарды жара үрдісінің кезеңдеріне байланысты қолданады.

Осы соңғы 40 жыл аралығында жараға жергілікті қолдануға арналған дәрілік заттар көбейгеніне қарамастан, жарасы бар науқастардың көбісінің жазылу мерзімі орташа есеппен алғанда 2-3 айға созылады, ал кейбір науқастарда тіпті жазылу уақыты жылдарға дейін созылған, жаралардың рецедив беру жиілігі (трофикалық ойық жаралар) өте жоғары [3,4,5]. Қазіргі кезде қолданыста жүрген дәрілік заттардың әсері мен оларды емдеу тәсілдерінің жеткіліксіздігі бір жағынан ол аурудың негізгі себебін жоя алмауымен байланыстыратын болсақ, екінші жағынан аталуы кең тараған ескірген дәрілерілік заттарды ұзақ мерзімде пайдалану болып табылады [1,2].Күнделікті тәжірибемізден көріп отырғанымыздай бір бағытта әсер ететін дәстүрлі дәрілік заттарды үздіксіз қолдану, оның тиімді әсері болмайтынын көрсетеді. Мысалыға алатын болсақ, гипертониялық ертінді экссудаттың ағып кетуіне, диоксидин ертіндісі немесе левомеколь антимикробтық және осмолярлық некролитикалық әсер береді. Сонымен, қорыта айтқанда жоғарыда келтірілген дәрілік заттарды жеке жеке қолданғанда толық көздеген мақсатымызға жетуге мүмкіндік бермейді [2].

Жараларды жергілікті емдеу барысында жетістіктерге жету кепілі салыстырмалы түрде емдеу тактикасын дұрыс таңдай білу болып есептеледі. Сонымен, жара үрдісі ағымының бірінші кезеңінде қолданылатын жергілікті дәрілік заттар жарадағы шамадан тыс экссудаттарды шығаруға, іріңнен және өліеттенген тіндерден тазалауға бейім бола отырып, жарадағы микрофлораны басуы және репаративті үрдістерді белсендіру қажет. Жара үрдісінің екінші және үшінші кезеңінде (грануляциялық тін мен эпителизацияның дамуы) дәрілік заттар жара бетіне екіншілік инфекцияның түспеуін қамтамасыз етіп, репарациялық үрдістерді белсендіруге бейім болуы тиіс. Осылармен қатар, хирург іріңді жарадан кейінгі эстетикалық кезеңдерді де естен шығармау қажет, емдеу нәтижесінде терідегі ең төменгі тыртықтық өзгерістерге қол жеткізуге талпыну керек. Іріңді жаралар, инфекцияланған күйіктердің емінде және жаралық инфекцияны алдын-алу мақсатында бірнеше бағытта әсері бар көпшілікке танымал дәрілік заттармен (гель,майлар,көпіршіктер,аэрозолдер) қатар соңғы кездері комбинирленген антимикробты қасиеті бар Тридокс дәрісі өзін жақсы жағынан көрсетіп отыр.

ҚР тіркелген Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд, Мумбаи, Индия өндіретін кремі. Тридокс комбинирленген препарат, қабынуға, аллергияға қарсы, антибактериальді және саңырауқұлаққа (фунгицидті) қарсы әсері бар. Оның құрамына үш компонент кіреді (глюкокортикостероид, саңырауқұлаққа қарсы дәрілік зат және антибиотик), ауру патогенезіндегі әртүрлі буындарына комбинирленген түрде әсер береді [5].

Жүйелі емдеу барысында бетаметазон, клотримазол және гентамицин сульфаты әдетте тағайындалмайды. Тридоксты жергілікті қолдану сенсибилизациялық қауіпті кезеңін едәуір төмендетеді, мұның бұл қасиеті жүйелі түрде антибиотикті қолданған сияқты болады.

Жаралық үрдістің әртүрлі кезеңдерінде Тридоксты қолдана беруге болады.

Жаралық үрдіс кезеңдерінің әртүрлі ағымдарына байланысты Тридокс кремін қолдану келесі қасиеттерге ие:

-жаралық экссудатты белсенді түрде сіңіріп алу;

-жара бетін құрғату, жарадағы дренаждық қызметті қамтамасыз ету (5-6 сағат аралығында);

-қорғаныстық антибактериальді қабатты түзу; -тыртықтың түзілуі мен эпителизацияны қамтамасыз ету.

Материалдар және тәсілдер.

«Сункар» Медициналық орталығындағы амбулаторлық хирургия базасында этиологиясы әртүрлі қабынуы бар 51 ересек науқасты емдеу барысында, Тридокс дәрілік затына апробация жүргізілді. Проспективті когортты тексеру ұйымдастырылып (осы ауруға байланысты 3 ай аралығында келген науқастар) тексеріп-зерттеуші және бақыланатын топтарға бөлінді, зерттелуші науқастарға жасалып жатқан тәжірибелер туралы айтылып, олардан келісімі алынды. Тексеру мақсаты жара бетінің іріңнен және өліеттенген тіннен тазалануына, репаративті үрдістің ағымына, жараның жазылу мерзіміне Тридокс дәрілік затының әсерін анықтау болып табылады, сонымен қатар Тридокстың жара үрдісінің әртүрлі кезеңдеріне беретін әсерін анықтау. Жаралар, күйіктер, трофикалық ойық жаралар көбінде қолаяқтарда, ойылу (пролежни) сегізкөз, бөксе аймақтарында орналасқан. Жара мен ойық жаралар ара-қатынасы 4:1. Аурудың ұзақтығы бір күннен 2 айға дейін созылған. Клиникалық көрінісінде қабыну белгілері басым болып, фибринозды жабындылармен қапталған, өліеттенген тіндермен жәнеайқын экссудация белгілерімен, кейбірінде шеткі эпителизация мен қарқынды емес грануляция, периульцерозды целлюлит, дерматит анықталған.

Салыстыратын топқа да 49 науқас алынды, негізгі топпен салыстыратын топтардағы науқастардың жас ерекшелігі мен жыныстық ерекшелігі бір біріне сәйкес. Жүргізілген емнің клиникалық әсерін жара бетін қарап тексерумен, оның көлемінің өзгеруіне, жараның тереңдігі мен жазылу дәрежесіне байланысты бағалап отырдық.

Емдеудегі қолданылған тәсілдер.

Ем үшін Тридокс кремін қолдандық (күніне 12 рет), жараны таңу кезінде контактты тәсілмен жара бетіне жағылып отырды. Негізгі топпен салыстырмалы топтарда жүйелі ем ангиопротекторлар және микроциркуляцияны реттейтін (пентоксифиллин, детралекс) және антибиотиктермен (1-3 тармақтағы цефалоспориндер) жүргізіліп, айтарлықтай айырмашылықтар болмады. Салыстырмалы топтарда жергілікті ем  левомеколь, офломелид, повидон дәрілерімен жүргізілді.

Нәтижелері және талқылау.

Емдеу барысында зерттеу нәтижесі бақыланатын топтардағы стандартты емдеу түрін қолданған науқастармен салыстырғанда инфекцияланған жараны, күйіктерді және трофикалық ойық жараларды Тридокс дәрілік затымен емдеген тиімді екенін көрсетті. Ең алдымен науқастардың амбулаторлық жағдайдағы емделу мерзімі қысқарды, ол негізінен жарадағы қабыну уақыты қысқарып, жараның екінші кезеңіне өтуімен түсіндіріледі. Осымен қатар зерттеу нәтижесі барлық науқастарда тағы да Тридокстың репапаративті үрдіске де оң әсерін тигізгенін көрсетті. Жара беті фибриннен және өліеттенген тіннен тез арада тазарып, ойық жара бетін механикалық өңдегенде тез алынатын жұмсарған тығыздығы гель тәрізді түзіліс түзілді. Жараның тазалану барысында жарадағы қабыну үрдісініңазайғаны байқалды, ол деген экссудацияның азаюын және сірлііріңді бөліндінің таза мөлдір сірлібөліндіге ауысқанын көрсетеді.

Осы зерттеулермен қатар дәрілік заттың клиникалық әсерін бағаладық, ол үшін науқас жазылғаннан кейінгі кезеңде жара бетіндегі жағдайларды бағаладық. Жара беті толығымен эпителизацияланған кезде әсері керемет және жара беті тазарып грануляцияланған және жиектік эпителизация болғанда әсері жақсы деп бағаланды. Тридокс қолданған науқастардың 65,9% дәрінің әсері «керемет» деп, ал 31,8% әсері «жақсы» деп бағаланды. Тек екі науқастың емін басқа дәріге алмастыруға тура келді, себебі осы дәріге деген жеке сәйкессіздік туындады (аллергиялық дерматит). Ал қалған науқастар Тридокс дәрісін жақсы қабылдады.

Қорытынды.

Осы жүргізілген зерттеулер негізіне сүйене отырып инфицирленген жараны, күйіктерді және трофикалық ойық жараларды стандартты еммен салыстырғанда Тридоксдәрісінің клиникалық әсерінің жоғары екенін толық мәлімдеуге болады. Осы салыстырмалы жағынан аса көп емес жүргізілген клиникалық зерттеулер нәтижесі Тридоксты барлық жағдайдаларда пайдалануға болады деп толық айта алмаймыз, дегенменде дәрі құрамының ерекшелігіне, ыңғайлы шығарған түріне, жара үрдісінің түрлі кезеңдерінде рет ретімен қолдану мүмкіншілігіне байланысты Тридоксты күнделікті тәжірибеге енгізуге болады деп ойлаймыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Баиров Г.А. Гнойная хирургия. Л.: Медицина, 1991. 78 с.
  2. Богданец Л.И. Местное лечение венозных трофических язв // Гедеон Рихтер в СНГ. 2000. -№2. С. 58-60.
  3. Вин Ф. Трофические язвы нижних конечностей // Флеболимфология. 1998. № 7 С. 10-21
  4. Сащикова В.Г. Профилактика и лечение трофических язв нижних конечностей. СПб.: Гиппократ, 1995. 96 с.
  5. Ф.Ф. Ягофаров, Г.Ж. Абдрахманова, М.Р. Измайлович, Т.И. Терехова Лечение осложненного атопического дерматита у детей // Наука и здравоохранение. 2013. №2. С. 49-50.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.