Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының фармацевтикалық нарығындағы күйікке қарсы дәрілік препараттарына маркетингтік талдау

Ресми ақпарат көзДерін пайДалана отырып, ҚазақстанДағы және басқа елДерДегі күйікке қарсы Дәрілік препараттар нарығына салыстырмалы талДау жасалДы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өнДірісінДегі күйікке қарсы Дәрілік қалыптарДың ассортиментін кеңейту қажеттілігі көрсетілген.

Кіріспе.Қазіргі таңда күйік шалу таралуы бойынша жол - көлік оқиғалары, құлау және зорлық секілді кең таралған жарақат түрлерінен кейінгі4 орынды алып отыр. ДДҰ мәліметі бойынша күйік алу нәтижесінде медициналық көмекке жүгінетіндер саны жылына 6 миллионды құрайды [1].

Термиялық зақымдалудан 100 мыңға жуық зардап шегушілер стационарлық жағдайында ем қабылдайды, соның ішінде 40-46% қатты күйік шалғандар. 15-17% жағдайда күйік шалу көлемі3Б-4 деңгейінде болған науқастар саны 20% құрайды [2].Дененің терең күйігі кезінде госпитальдық өлім - жітім шамамен 8,7% құрайды, күйікке шалдыққан науқастарды емдеуге арналған төсектің орташа айналымы- 11,9%[3].

Күйік шалу кезіндегіжаралы тыртықтыңдамуы мен ішкі органдар тарапынан асқынулар салдарынан 1-2,3% науқастар мүгедек болады, ал терең күйік алған науқастардың 40%-ға жуығы одан әрі қайта қалпына келтіру операцияларын қажет етеді.Науқастардың үштен бірінен астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар болып табылады, бұл күйікке қарсы дәрілік препараттардың Қазақстандық нарығына зерттеу жүргізудің жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын айқындайды [4].

Мақсаты.Күйік шалу кезінде қолданылатын дәрілік заттар нарығын талдау.

Материалдар мен әдістер. Бастапқы деректер ретінде контент-талдау барысында алынған дәрілік заттардың мемлекеттік реестрдің ақпараттық көздері пайдаланылды http://dari.kz.

Зерттеу әдісі ретінде контент-талдау, құрылымдық, салыстыру, графикалық, маркетингтік және математикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы және оның сегменті "Д дерматологиялық препараттар"тобы ұсынған күйікке қарсы дәрілік препараттар нарығы болып табылады.

Нәтижелер және нәтижелерді талқылау 11.10.2017ж. мәлімет бойынша Мемлекеттік реестрде барлығы 8070 дәрілік препараттар атауы тіркелген. ҚР мемлекеттік реестрінің деректері негізінде сыртқа қолдануға арналған күйікке қарсы дәрілік препараттардың фармацевтикалық нарығының номенклатурасына жүргізілген контент- талдаудың нәтижесінде АТХ бойынша D тобына тіркелген дәрілік препараттардың жалпы саны - 3,9% (321 атау) құрайтыны анықталды.

   "D дерматологиялық препараттар" тобынатіркелген дәрілік препараттар

Сурет 1 - "D дерматологиялық препараттар" тобынатіркелген дәрілік препараттар

Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы отандық күйікке қарсы дәрілік заттар (ДЗ) үлесі 34% (28 СА ДЗ); шетелдік өндірістің ДЗ үлесі 66% (53 СА ДЗ) құрайды. Шетелдік өндірушілер арасында күйікке қарсы ДЗ өндіруде көш бастап тұрған: Украина — 16%; Ресей — 15%; Германия— 8% сәйкесінше жәнетең дәрежеде өндіруші елдер: Венгрия, Франция, Швейцария, Үндістан, Латвия, Польша, Ұлыбритания (2%-дан) және Сербия, Грузия, Түркия, Португалия (1% - дан) ұсынылған.Ұсынылған деректер сурет 2 көрсетілген.

ҚР-да тіркелген күйікке қарсы препараттарды өндірушіелдердің құрылымы

Сурет 2 ҚР-да тіркелген күйікке қарсы препараттарды өндірушіелдердің құрылымы

Қазақстанда күйікке қарсы ДЗ 12 отандық фармацевтикалық компания мен 39 шетелдік компания өндіреді. Қазақстандық өндірушілер арасында "Фармация 2010" ЖШС (26,9%), "Шаншаров-Фарм" ЖШС (23,07%) және "DOSFARM" ЖШС (11,5%) көш бастап тұр. Шетелдік өндірушілер арасында көшбасшы "Нижфарм" ААҚ (3%) және "Биофарма" ЧАО (2,8%) болып табылады.

Сурет 3 - Күйіккеқарсы ДЗ өндіретін көшбасшы отандық фармацевтикалық компаниялар

Сурет 4 Отандық фармацевтикалық компаниялар шығаратын дәрілік
қалыптар бойынша құрылымы

Күйікке қарсы дәрілік препараттар қатты (таблеткалар, ұнтақтар) — 9,7%, жұмсақ (жағар май, крем, гелдер, линименттер) 62,3%, сұйық (ерітінділер, инъекциялар) — 20,7% және газ тәрізді (аэрозоль, спрей) 7,3% дәрілік қалыптармен (ДҚ) ұсынылған. Олардың арасынан жұмсақ ДҚ өндірісі кең таралған және жағар май түріндегі ДЗ алдыңғы қатарда (25,6%).

Сурет 5 - ҚР фармацевтикалық нарығындағы дәрілік қалыптар бойынша 

Қорытынды. Осылайша, күйікке қарсы дәрілік препараттардың Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығының ассортименті номенклатурасының "Д дерматологиялық препараттар" тобы ұсынған ДЗ жүргізілген контент-талдауы нәтижесінде осы топ сауда атауларының саны бойынша тіркелген дәрілік заттардың жалпы санының 3,9% ын күйікке қарсы препараттар құрайтындығы және 81 сауда атауларымен тіркелгені анықталды. D тобы 6 топшадан құралған:

  1. D02 Жұмсартатын және қорғайтын әсері бар препараттар.
  2. D03 Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар.
  3. D06 Тері ауруларын емдеуге арналған бактерияға қарсы препараттар және микробқа қарсы препараттар.
  4. D07 Дерматологияда қолданылатын глюкокортикоидтар.
  5. D08 Антисептиктер және дезинфекциялау құралдары
  6. D11 Басқа дерматологиялық препараттар Қазақстанда күйікке қарсы ДЗ 12 отандық фармацевтикалық компания мен 39 шетелдік компания өндіредігін анықтадық. Оның ішінде отандық көшбасшы өндіріс орындарын анықтадық, яғни "Фармация 2010" ЖШС (26,9%), "Шаншаров-Фарм" ЖШС (23,07%) және "DOSFARM" ЖШС (11,5%). Шетелдік өндірушілер арасында көшбасшы "Нижфарм" ААҚ (3%) және "Биофарма" ЧАО (2,8%) болып табылады.

Сонымен қатар, күйікке қарсы қолданылатын ДЗ номенклатурасына жүргізілген контентанализ барысында күйікке қарсы ДЗ қатты — 9,7% (таблеткалар, ұнтақтар), жұмсақ — 62,3% (май, крем, Гелдер, линименттер), сұйық — 20,7% (ерітінділер, инъекциялар) және газ тәрізді 7,3 % (аэрозоль, спрей) дәрілік қалыптар (ДҚ) құрайтынын анықтадық . Олардың арасынан жұмсақ ДҚ өндірісі кең таралған, олардың арасында жақпа май түріндегі ДЗ алдыңғы қатарда (25,6%) Осылайша, жүргізілген маркетингтік зерттеу отандық фармацевтік нарықта күйікке қарсы дәрілік препараттардың толық сегменті барын және жүргізілген зерттеулер осы секторда фармацевтикалық нарық бағасы жағынан да, сандық жағынан да екпінді өсу үстінде екендігін, отандық өндірушілермен импортталатын құралдардың орнын басу жағынан да тартымды екендігін көрсетті. Сондықтан да, отандық өнім ассортиментін кеңейту мақсатында күйікке қарсы дәрілік қалыптар алу технологиясын жасау бойынша ізденістер фармацевтикалық технология үшін өте маңызды болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Global Burden of Disease in 2002: data sources, methods and results. [Internet]. 2002 [cited 2012 Oct 21]. Available from: http://www.who.int/healthinfo/paper54.pdf
  2. Зиновьев Е.В. Пути улучшения результатов оказания медицинской помощи при обширных глубоких ожогах населению, проживающему вне региональных административных центров: автореф. дис. ... др.мед.наук Н. Новгород, 2008. 39 с
  3. Алексеев А.А., Тюрников Ю.И. Статистические показатели ожоговых стационаров Российской Федерации за 2009 год. [Интернет] URL: http://www.burn.ru/all/number/show/?id=4335 (Дата обращения 22 октября 2012 года).
  4. Кичатова Е. Ю. Совершенствование деятельности сестринского персонала ожоговых отделений.автореф. дис. ... канд. мед. наук. Москва: 2004. 24 с.
  5. Ожоги. Всемирная организация здравоохранения URL: http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs365/ru/ (дата обращения: 01.09.2015).
  1. Сахаров С.П., Иванов В.И., Шень Н. П., Сучков Д.В. Летальные исходы ожоговой болезни у детей: 18 летний опыт работы / / Скорая медицинская помощь. 2011. №1. С. 52-57.
  2. Сахаров С.П., Сенникова Е.С. Способ лечения и ранней профилактики контрактур у детей после ожоговой травмы / / Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. 2013. №10(3). С. 510-516.
  3. Унижаева А.Ю., Мартынчик С.А. Медико-экономическая оценка затрат и качества стационарной помощи при ожоговой травме // Социальные аспекты здоровья населения. 2012. №28(6). С. 8391.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.