Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сасық қурай (ferula asatoetida l.) тамырынан сұйық экстракт алу технологиясы

Өсімдік тектес дәрілік құралдар бірқатар ауруларды емдеуде және алдын-алуда жоғарғы орында тұр. Ал, сасық қурай (Ferula asafoetida l.) фармакологиялық әсері кең спектрлі өсімДік шикізаты болып табылаДы. Бұл жұмыста сасық қурай тамырынан сұйық экстракт алудың технологиясы көрсетілген. Сұйық экстракт алу үшін, ұнтақталған өсімдік тамырлары, экстрагент ретінде этил спирті және реперколяция тәсілі қолданылды.

Кіріспе. Феруланың жеке өкілдерінің бірі сасық қурай ерте заманнан Орта Азия елдерінің, Иран, Қытай, Үндістан және т.б. халық медицинасында түрлі ауруларды емдеуде қолданылған. Атап айтқанда: қызылша, жазылуы қиын жаралар, түрлі ісіктер, сифилис, туберкулез, талма, асқазан -ішек жолдарының аурулары және т.б. [1].

Авиценна сасық қурай шайырының адам ағзасына пайдалы әсерінің бар екенін байқаған және оны көптеген ауруларды емдеуде пайдаланған.

Үнді халық медицинасында сасық қурай холера, диарея, невроз, қант диабеті, ревматизм және бронх демікпесін емдеуде қолданған [2].

Қытай халық медицинасында сасық қурай тұндырмасы мазасыздықты емдеуде және де ағзаны жалпы нығайтқыш құрал ретінде қолданған.

Орта Азияда сасық қурай шайырын паразиттерге (домалақ құрттар) қарсы дәрі ретінде қолданған. Сасық қурайды қолдану арқылы ас қорытуды жақсартуға және метеоризмнен құтылуға болатынын анықтаған [3].

Сасық қурай тамырының қайнатпасын, экстрактысын және жағар майын суық тиюде, бас ауруында, радикулитте, экземада, бөртпелерде, тропикалық жараларды емдеуге қолданған [4].

Жұмыстың мақсаты: Ferula asafoetida lөсімдік шикізаты тамырынан сұйық экстракт алу технологиясын жасау.

Материалдар және әдістер.

Ferula asafoetida lөсімдік шикізаты тамырынан дәрілік түр ретінде 1:1 қатынаста сұйық экстракт алынды. Экстракциялау үшін реперколяция әдісі таңдалды. Себебі, бұл әдіс ұсақ сериялары сұйық экстрактылар өндірісінде көптеп қолданылады, өсімдік шикізатын толығымен сығындауға және концентрациясы жоғары сұйық экстракт алуға мүмкіндік береді.

Сұйық экстракт алу процесі реперколияция тәсілінің бірі Босин тәсілімен жүргізілді.

Экстрагент мөлшері сұйық экстрактылардың технологиясына сәйкес шикізат мөлшерінен 9 есе көп алынды.

Экстрагент әрбір перколяторға біркелкі жүктелуі үшін қажетті экстрагенттің жалпы көлемі (Ѵж) үш бөлікке бөлінді.

Экстрагенттің алғашқы бөлігінің мөлшері мына формуламен есептеледі:

  1. (1) мұндағы, Р шикізаттың жалпы салмағы, кг;

К шикізаттың сіңіру коэффициенті.

Экстрагенттің екіншi және үшінші бөліктері Ѵ2 = V3теңдеyімен анықталды [5]:

3 (2)

Сасық қурай тамырынан сұйық экстракт алудың Технологиялық сызбасы 1-суретте берілген.

Сурет 1 Сасық қурай тамырынан сұйық экстракт алу технологиясы

Технологиялық мазмұндамасы: Технологиялық процестің басталуына дейін өндірісте қолданылатын барлық шикізат пен материалдар нормативтік құжаттарға сәйкес тексеріледі. Тамыр кескіш көмегімен сасық қурайдың тамыр ұнтақтаймыз. Ұнтақталған сасық қурай тамырын құрғақ күйінде тең мөлшерде үш перколяторға жүктелді. Экстрагент үш бөлікке бөлініп, таза экстрагент тек бірінші перколяторға «айна» пайда болғанша жіберілді және 2 сағатқа тұндыруға қалдырылды. Осы уақыт өткеннен соң, бірінші перколятордан алынған сығынды екінші перколяторға ауыстырылды, ал бірінші перколяторға қайтадан таза экстрагент «айна» пайда болғанша жіберілді. Екі перколятордағы шикізат 2 сағат тұндырылды да, екінші перколятордан алынған сығынды үшінші перколяторға жіберілді, екінші перколяторға бірінші перколятордан алынған сығынды жіберілді, ал бірінші перколяторға қайтадан (үшінші рет) таза экстрагент «айна» пайда болғанша жіберілді. Шикізат жүктелген перколяторлар 24 сағатқа тұндыруға қалдырылды. Келесі күні үшінші перколятордағы сығынды алғашқы дайын өнім, толығымен сығындап алынды. Екінші перколятордағы сығынды үшінші перколяторға ауыстырылды. Бірінші перколятордағы сығынды құйылып алынды, шикізат түсірілді және сығындалды. Бірінші перколятордан алынған барлық сығындылар біріктірілді және екінші перколятордағы шикізатты тұндыру үшін қолданылды. Екі перколяторды 2 сағатқа тұндыруға қалдырады. Кейін, үшінші перколятордағы дайын өнімнің екінші бөлігін құйып алады. Екінші перколятордағы сығынды толығымен құйылып алынды, шикізат түсірілді және сығындалды. Екінші перколятордан алынған барлық сығындылар біріктірілді және үшінші перколятордағы шикізатты тұндырға жіберілді және 2 сағат тұндырылды. Белгіленген уақыт өткеннен соң үшінші перколятордан сығынды құйылып алынды және шикізат толығымен сығындалды да,дайын өнімнің үшінші бөлігі алынды. Алынған барлық сығындылар біріктіріледі. Сығындалған шикізат рекуперацияға жіберіледі.

Сығынды 8-10°С үш күн бойына тұндырылды және фильтрленді. Фильтрленген сұйық экстракт қоңыр түсті 50 мл-лік флакондарға құйылып, этикеткаланды.

Нәтиже. Сасық қурай (Ferula asafoetida l.) тамырынан Босин тәсілімен 1:1 қатынаста қоңыр түсті, жағымсыз сарымсақ иісті сұйық экстракт алынды.

Қорытынды. Алынған сұйық экстрактының сапалық көрсеткіштері ҚР МФ талаптарына сай анықталады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Рахимов Ш.А. Физиологическая характеристика систем организма при действии порошка смолы ферулы вонючей (ПСФ), Ферусино-G и Ферусино-P (экспериментальное исследование): дисс. ... канд.фарм.наук Душанбе, 2007. 76 с.
  2. Сафина Л.К., Пименов М.Г. Ферулы Казақстана. Алматы: Наука, 1984. 109 б.
  3. Ахатаева Д.А., Мухтубаева С.К., Оразбаев А.Е., Оңтүстік Қазақстан облысындағы сасық қурай ресурсы бойынша мәліметтер// ҚазҰУ хабаршысы. 2013. №1. Б. 35-36.
  4. Безчаснюк Е.М., Дяченко В.В., Кучер О.В. Процесс экстрагирования из лекарственного растительного сырья // Фармаком 1. 2003. №2. С. 54-56.
  5. Анарбаева Р.М., Өмірәлі М.А., Даулбаева А.Ө., Рахымбаев Н.А. Сасық қурай тамырынан реперколяция тәсілімен сұйық экстракт алу / / ОҚМФА Хабаршысы. 2017. №3(80). Б. 111-114.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.