Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сасық қурай (ferula asafoetida l.) дәрілік өсімдігі және оның медицинада қолданылуы

Сасық қурайДы ғасырлар бойы тағамДарға ДәмДеуіш пен ащы зат ретінДе және халықтық меДицинаДа Дәрі ретінДе қолДанған. Соңғы зерттеулер нейропротекторлық, есте сақтауДы күшейтетін, ас қорытуДы жақсартатын, антиоксиДант, антиспазматикалық, гепатопротекторлық, антимикробты, құрттарға және қабынуға қарсы әсері бар екенДігін көрсетті.

Кіріспе. Тағамның сапасын жақсартатын дәмдеуіш ретінде мыңдаған жылдар бойы қолданылып келеді. Жағымды хош иіс, түс және ащы дәм беру арқылы тамақтың сапасын жақсартты. Дәмдеуіш ретінде жеке өзі ғана қолданылмайды, сонымен қатар танымал «карри» деп аталатын ұнтақтың құрамына кіреді және де сан алуан емдік қасиеттерге ие. Асафетида азық-түлік өнімдерінде ароматизатор ретінде қолданылды және әлемнің әр түрлі елдерінде көптеген ауруларды емдеуде дәстүрлі медицинада қолданған. 170тен астам түрлердің ішінен феруланың алпыс түрлі дәмдеуіштері кеңінен таралған.

Ботаникалық сипаттамасы: Сасық қурай (Ferula asafoetida) шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, биіктігі 2 мге дейін жететін, бұта тәрізді, шайырлы өсімдік. Жапырақтары жұмсақ болып келеді, сондықтан ерте солып қалады [1]. Жапырақтарының жоғарғы беті жалаңаш, төменгі беті жұмсақ, көлемі ірі, үшбұрышты, созыңқы ланцеттәрізді немесе ланцеттәрізді, ұзындығы 15 см, ені 5 см, шоғырланған, ұшы домалақ, бүтін және бірнеше бөлікке бөлінген, шеті бүтін. Шатырлары екі жақты: орталық шатыры отырыңқы және қысқа табанды, 25-30 тарамды, сфералы, ені 15-20 см және бүйіріндегілері ұзын табанды, 3-6-дан топтасып орналасқан. Шатыршалары 12-15 гүлді, түкті болып келеді. Гүлдері ұзындығы 2,53,5 мм, көкшіл ақ түсті, тегіс, жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, қайырылмаған. Жемістері тегіс, жиектері енді, эллипс тәрізді немесе домаланған, қалың түкті, ұзындығы 16-20 мм

Сасық қурайдың ерекшелігі, тіршілік кезеңі 6-7 жылға немесе одан ұзақ мерзімге созылады. Өмірінің барысында Ферула сабағының, гүлінің, жемісінің түзілуіне қажетті қоректік заттарды бір жылда тамырына жинап, соны жұмсайды. Бір рет гүлдейді, жемісін береді де, жойылады

Таралуы: Сасық қурай Орталық Азияда, әсіресе Ауғанстанда, Иракта, Түркияда және Шығыс Иран, Еуропа және Солтүстік Африкада кеңінен таралған. Ал, Қазақстанда Ембі үстіртінде, Маңғышлақ өңірінде, Арал маңында, Мойынқұм, Қызылқұм, Балқашта, Алакөлде, Түркістанда, Бұрынтау және Қаратау тауларында кездеседі [3].

Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) территориясында сасық қурай өсетін аудандар жиынтығы 2260 гектарды құрайды. Шикізаттың орташа өнімділігі бақылауға алынған жер телімдерінде шикі салмақ есебінде 5940 кг/гектардан 14520 кг/гектар аралығын және құрғақ салмақта 4501кг/гектардан 9650 кг/гектарға дейінгі аралықта болды. 2009 жылғы ресми мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында Отырар ауданы, Сарыағашта, Арыста жиналған жер асты бөліктерінің ылғалды 6958 тоннаға немесе құрғақтай 5140 тоннаға дейін жиналған. Жиналған жер асты бөліктерінің барлығы дерлік экспортталған [4].

Бұл өсімдікті елімізде сасық қурай, сасық сасыр, сасық кеурек, ал Үндістанда хинг деп атайды. Ал басқа елдерде 1-кестедегідей атайды [5-7].

Кесте 1 Сасық қурайдың әр түрлі елдердегі атауы

Елдер

Атауы

Ауғаныстан

Kama, Anguza

Бангладеш

Hing

Қытай

A-wei

Дания

Dyvelsdrak

Англия

Asafetida

Финляндия

Asafetida, Hajupihka, Pirunpaska, Pirunpihka

Франция

Asafetide, Assa foetida, Ferule persique, Merde du diable

Германия

Asafetida, Asafotida, Asant, Stinkasant, Teufelsdreck

Грекия

Aza

Болгария

Ordoggyoker

Үндістан

Hengu, Hing, Hingu, Ingu, Inguva, Kayam, Perungayam, Perunkaya, Raamathan

Иран

Rechina fena, Zaz

Италия

Assafetida

Мяньма

Sheingho

Нидерландия

Asafetida, Duivelsdrek, Godenvoedsel, Sagapeen

Норвегия

Dyvelsdrekk

Пакистан

Anjadana, Kama, Anguza

Польша

Asafetida, Zapaliczka cuchnaca

Ресей

Асафетида, ферула вонючая

Испания

Asafetida

Шри-Ланка

Perunkayan

Щвеция

Asafetida, Dyvelstrack

Танзания

Mvuje

Тибет

Shing-kun

Түркия

§eytantersi, seytan boku

АҚШ

Asafetida, Devil's dung, Stinking gum

Арабия

Zallouh, Anjadan, Hilteet; Simagh-ul-mehroos

Бенгал

Hing, Hingra

Канада

Higu, Ingu, Hing

Парсы

Angoza; Angzoo, Amma, Anksar, Nagoora, Nagsatgudha

Қолданылатын бөліктері: жапырақтары, сабақтары, тамыры және шайыры.

Сасық қуурай шайырын өсімдікке 4-5 жыл толғандай жинайды. Өсімдіктің тамырына жақын бөлігіндегі шоғырланған жапырақтарынан тазартып, тамыры мен діңгегіне жақын жерден кеседі. Сүтті шырын бөліне бастайды. Шаң-тозаңнан түспес үшін бетін жауып қояды. Шайыр кепкеннен соң жиналып алынады және жаңадан кесінді жасалады. Шайырды жинау сүтті шырын тоқтағанға дейін жалғасады. Сасық қурайдын 1кг-ға дейін шайыр жинауға болады [5].

Химиялық құрамы. Өткен ғасырдың 30жылдарында Ферула тектес өсімдіктерді алғашқы болып химиялық зерттеу жасағандар Цукерваник И.П. және т.б.. Әдебиеттің көптеген дерек көздеріне сүйенсек, сасық қурай тамырларында терпеноидты кумариндер, фурокумариндер, флавоноидтар, сесквитерпендік лактон, терпендік спирттердің және хош иісті қышқылдардың күрделі эфирлері, жағымсыз сарымсақ иісі бар эфир майлары кездеседі, ал ол иіс полисульфидті қосындылардан шығады [6].

М.О. Каррыевтің мәлімдемесі бойынша (1973) Түркменстанда өсетін сасық қурай құрамында эфир майлары (2,54-3,44%), флавоноидтар (2,44-2,88%), кумариндер (1,58-3,15%), лактондар (0,15-0,24%) кездеседі [7]. Сонымен қатар, 2 бутилметилдисульфид, 2-бутилметилтрисульфид, ди (2-бутил) дисульфид, ди (2бутил) трисульфид, ди (2-бутил) тетрасульфид анықталынған [8].

Сасық қурайдың көптеген түрлерінің тамырында және жемісінде кумариндер болады. Жемістерінің құрамында 9,52%-ға дейін майлар, 22,81% протеин, 29,04% талшықты заттар, 34,05% азотсыз экстрактивті заттар, 10,04% су және 10,9% күлдері кездеседі [4].

Өсімдіктің жер үсті бөліктерін дәрілік мақсатта пайдаланады. Жер үсті бөліктерінің өт айдаушы, гепатопротекторлы, өт секрецияларын жылдамдататын және өттің химиялық құрамын қалыптастыратын қасиеттері бар [9].

Сасық қурайдың эфир майында күкірт болғандықтан өте күшті жағымсыз сарымсақ иісті болады [10].

Шайыры тамырдың жалаңаш жоғарғы бөлігін кесу жолымен алынады. Сасық қурайдан 31,35%-ға дейін шайыр қоспасын және 9%-ға дейін эфир майын алуға болады. Шайыр мен эфир майынан басқа, сасық қурай тамыры құрамында, жуылғаннан кейін тағам ретінде пайдалануға болатын крахмал 61,31%-ға дейін кездеседі [4].

Шайырының 2,54-тен 19,6% мөлшерін эфир майлары құрайды [11]. Одан басқа құрамында:фтор-бутил-пропитилдисульфиддиметил-трисульфид, 2-бутил-метилдисульфид, 2-бутилметил-трисульфид, ди-(2-бутил)-дисульфид, ди-(2-бутил)-трисульфид, ди-(2бутил)-тетрасульфид пен флавоноид бар [12].

Медицинада қолданылуы. Сасық қурай Ежелгі Мысырлық папирустарда бейнеленген және оны месопотамия медицинасында қолданған.

Ертеректе медицинада Сасық қурайды зәйтүн майымен араластырып қолданғанда, көз асты қанталауын кетірген. «Шегіргүл тамыры» майымен шайырды араластырып сыртқа қолданып, буын ауруларын емдеген. Сасық қурай асқазан жұмысын жақсартып, тәбетті арттырады. Балмен араласқан шайыр катарактаның алғашқы кезеңін емдейді. Анар суымен араласқан сасық қурай шайыры буын мен жүйке ауырсынуларында қолданылған [13]. Сасық қурай шайырын суға араластырып тамақ қырылында және созылмалы жөтел кезінде ішеді. Оның спазмолитикалық, тыныштандырғыш және іш жүргізетін қасиеттері бар.

Үнді халық медицинасында сасық қурай шайырын жел айдағыш, жансыздандырғыш, антисептикалық зат ретінде қолданған [14].

Халық медицинасында шайыр кейбір жүйке ауруларын емдеуде, ұстамаға қарсы зат ретінде, антигельминттік, сыртқы жараны жазушы ретінде қолданылады.

Иранның халық медицинасында шайыр тыныштандырғыш, тырысқақты емдейтін зат ретінде қолданылады [15].

Тибет медицинасында сасық қурай жүректамыр жүйесі ауларын емдеуде, микробтарға қарсы және тәбет арттыратын дәрі-дәрмек болып табылады.

Өсімдіктің барлық бөліктері және де шайыры антиоксиданттық қасиет көрсетеді [21].

Сасық қурай шайыры қабынуға қарсы және ауруды басатын әсерге ие. Одан бөлек шайырдың антигистаминдік, аллергияға қарсы қасиеттері анықталған [16].

Амирдавлат Амасиаци (XVII ғ.) «Ненужное для неучей» кітабында, жағымсыз иісті сасық қурай сырқатты жеңілдетеді, жыныстық құштарлықты арттырады, ас қорытуға көмектеседі, несеп және ішек құрттарын айдайтын қасиеттерінің бар екендігін атап өткен [17].

Әбумансур Муваффак (Х ғ.) «Махзан уд-Авдия» атты кітабында: «Ферула атралгикалық сырқатты жояды, асқазан жұмысын арттырады, тәбетті күшейтеді және жел айдайды, жараларды емдеуде көмектеседі» деп жазған [18].

О.Д. Джумаджоновтың зерттеулері бойынша, сулы қайнатпасы мен спиртті сығындысы 510% жақпа майы түрінде жануарларда күйікте және жаралардың жазылуын жылдамдататынын зерттеуде анықталған [19].

Заманауи зерттеулер сасық қурайдың қабынуға қарсы әсер көрсететін заттарға ие екенін көрсетті. Сасық қурай ісікке қарсы әсер көрсетеді. Шайыры өзінің ферула қышқылы көмегімен сүт безі ісігінде емдік әсер көрсетеді. Концерогенез процесінде фарнесилтрансфераза фермент үлкен рөл атқарады. Тәжірибелік зерттеулер ферула қышқылының фарнесилтрансфераза ферментін ингибирлеп, жасушаның ісікке айналуын тоқтатады. Сасық қурайдың спирті экстракты балалардағы «ақ қан» ауыру кезіндегі метаболикалық бұзылыстарын реттейді [20].

Сасық қурай экстракты зерттеулер кезінде диабетке қарсы қасиет көрсеткен. Сасық қурайдың гипогликемиялық және гиполипидемиялық әсері бар. Сасық қурай шайыры дипиптидил пептидаза және альфагликозидаза ферменттінің белсенділігін ингибирлейді [22].

Сынамалы зерттеулер II типті қант диабетіндегі гипотозбен семірудің алдын-алатынын дәлелдеді және де сулы экстракты қант диабетінде жара жазылуының жылдамдауына әсер етеді [23].

Сасық қурайдың барлық түрінде антибактериальды қасиет байқалады. Сонымен қатар, антигемолитикалық қасиет көрсетеді [24].

Сасық қурай шайыры метронидозолмен бірдей прихомонозға қарсы әсер көрсетеді. Сасық қурайдың вирусқа қарсы әсері де бар. Түркімен дәрігерлері эхинококктың имунопрофилактикасында сасық қурайды қолдану перспективті деп ойлайды. Сасық қурай шайыры айқын лейшманиальды және тырысуға қарсы әсер көрсетеді. Сонымен қатар, спазмолитикалық және гипотензивтік қасиеттері де бар [25].

Қорытынды. Сасық қурай өсімдігі фармакологиялық белсендігі кең спектрлі және де ерте заманнан әр түрлі елдердің медицинасында қолданылған. Сонымен қатар, биологиялық белсенділікке бай бұл өсімдік елімізде кең таралған, бірақ толығымен зерттелмеген. Сондықтан да, сасық қурай дәрілік өсімдік шикізатын ары қарай зерттеу актуальды болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Пименов М.Г., Клюйков Е.В. Зонтичные (Umbelliferae) Киргизии. М.: Изд-во КМК, 2002. -288 б.
  2. Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана. М.: Изд-во АН СССР, 1947. 203 б.
  3. Dzhanalieva K.M., Budnikova T.I., Viselov I.N. i dr. Fizicheskaya geografi ya Respubliki Kazaxstan. Almaty: Қazaқ Universiteti, 1998. 266 р.
  4. Д.А. Ахатаева, С.К. Мухтубаева, А.Е. Оразбаев. Оңтүстік Қазақстан облысындағы сасық қурай ресурсы бойынша берілген мәліметтер / / ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. 2013. №1(37). Б. 34-38.
  5. Arshiya Sultana, Asma K.Khaleequr Rahman and Shafeequr Rahman. Oleo-gum-resin of Ferula asafoetida: A traditional culinary spice with versatile pharmacological activities // Research Journal of Recent Sciences. 2015. Vol. 4. Р. 16-22.
  6. Srinivasan K. Spices for taste and flavour: nutraceuticals for human health. In: De AK, ed. Spices: The Elixir of Life. New Delhi, India: Original Publications, 2011. 162 р.
  7. A. Amalraj, S. Gopi . Biological activities and medicinal properties of Asafoetida // Journal of Traditional and Complementary Medicine. 2017. №7. Р. 347-359.
  8. Зубайдова Т.М., Джамшедов Дж.Н.Исупов С.Дж., Загребельный И.А. О фармакологическом изучении разных видов рода Ferula L. в медицине ХХ века // Вестник Таджикского Национального Университета. Серия Естественных Наук. 2014. №1(3). С. 225-229.
  9. Зубайдова Т.М., Джамшедов Дж.Н.Ходжиматов М., Назаро в М.Н.Исупов С.Д., Загребельный И.А., Самандаров Н.Ю., Сухробов П.Ш. Применение ферулы вонючей в древне-традиционной и народной медицине // Вестник Таджикского Национального Университета. Серия Естественных Наук. 2013. №1(2). С. 205-213.
  10. Холов А.К., Разыкова Г.В., Раупова П.Азонов Д.А. Влияние ферусинола на антитоксическую и экскреторную функции печени при токсическом поражении печени СС14 // Здравоохранение Таджикистана. 2011. №3. С. 75-79.
  11. Abd El-Razek M.H. A new ester isolated from Ferula assa-foetida L. // Biosci. Biotechnol. Biochem. 2007. №71(9). -Р. 2300-2303.
  12. Amalraj A.Gopi S. Biological activities and medicinal properties of Asafoetida: A review// J. Tradit. Complement. Med. 2016. №7(3). Р. 347-359.
  13. Al-Jenoobi F.I., Al-Thukair A.A., Alam M.A., Abbas F.A., AlMohizea A.M., Alkharfy K.M., Al-Suwayeh S.A. Modulation of CYP2D6 and CYP3A4 metabolic activities by Ferula asafetida resin // Saudi Pharm. J. 2014. №22(6). Р. 564-569.
  14. Abu-Zaiton A.S. Anti-diabetic activity of Ferula assafoetida extract in normal and alloxan-induced diabetic rats // Pak. J. Biol. Sci. 2010. №13(2). Р. 97-100.
  15. Chandran S.Sakthivel M., Thirumavalavan M., Thota J.R., Mariappanadar V., Raman P. A facile approach to the isolation of proteins in Ferula asafoetida and their enzyme stabilizing, anti-microbial and antioxidant activity // Int. J. Biol. Macromol. 2017. №102. Р. 1211-1219
  16. Bagheri S.M., Dashti-R M.H., Morshedi A. Antinociceptive effect of Ferula assa-foetida oleo-gum-resin in mice // Res. Pharm. Sci. 2014. №9(3). Р. 207-212.
  17. Abd El-Razek MH. A new ester isolated from Ferula asafoetida L. // Biosciiotechnol Biochem. 2007. №71. - Р. 2300-2303.
  18. Christensen LP, Brandt K. Bioactive polyacetylenes in food plants of the Apiaceae family: occurrence, bioactivity and analysis // J Pharm Biomed Anal. 2006. №41. Р. 683-693.
  19. Pangarova TT, Zapesochnaya GG. Flavonoids of Ferula asafoetida // Chem Nat Compd. 1975. №9. Р. 768775.
  20. Zargari A. Medicinal Plants. Sixth ed. Tehran: Tehran University Publications, 1996. 497 р.
  21. Gholamnezhad Z, Byrami G, Boskabady MH, Iranshahi M. Possible mechanism (s) of the relaxant effect of asafoetida (Ferula asafoetida) oleo-gum-resin extract on guinea-pig tracheal smooth muscle // Avicenna J Phytomed. 2012. №2. Р. 10-16.
  22. Bayrami G, Boskabady MH, Iranshahi M, Gholamnezhad Z. Relaxant effects of asafoetida extract and its constituent umbelliprenin on guinea-pig tracheal smooth muscle // Chin J Integr Med. 2013. №2. Р. 1-6.
  23. Moghadam FH, Dehghan M, Zarepur E, et al. Oleo gum resin of Ferula asafetida L. ameliorates peripheral neuropathy in mice // J Ethnopharmacol. 2014. №154. Р. 183-189.
  24. Vijayalakshmi, Adiga S, Bhat P, Chaturvedi A, Bairy KL, Kamath S. Evaluation of the effect of Ferula asafoetida Linn. gum extract on learning and memory in Wistar rats // Indian J Pharmacol. 2012. №44. Р. 82-87.
  25. Bagheri SM, Dashti-R MH. Influence of asafoetida on prevention and treatment of memory impairment induced by D-galactose and NaNO2 in mice // Am J Alzheimers Dis Other Demen. 2015. №30. Р. 607-612.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.