Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цифрлы қазақстан: білім беру саласы мәселелері

Мақалада біріншіден, авторлар тарапынан ҚР-ның білім жүйесіндегі цифрландыру үрдісінің даму бағыттары айқындалып талдауға түсті. Екіншіден, мәселе мектепке дейінгі мекеме, орта және жоғары мектеп буындарыарқылы сараланыпқарастырылды. Үшіншіден, білім саласын цифрландыру Елдің Жарқын Болашақ қадамын бекемдеу екендігін енгіздей келе, төртіншіден, үрдісті қарқындату жолындағы кемшілік тұстар айғақталды.

Цифрландыру бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтқан әлем мемлекеттері жаппай ұстанып отырған тренд. Аталған айтулы үрдіске ілеспеген, ең бастысы бел шешіп кіріспеген жағдайда, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болатындығы сөзсіз.

Ендеше ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасаудың қажеттілігін айқындап берді: «... Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет. Елде 3D -принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдер экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. ... Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс»[1, 3-б.].

2017 жылдың 12 желтоқсанында Үкімет тарапынан ұлттық компаниялардың, мемлекеттік корпорациялардың сарапшыларын, халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген бағдарлама қабылданды.

2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бес бағытты қамтиды.

Біріншісі экономика салаларын цифрландыру. Бұл бағыт еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыруды мақсат тұтып, серпінді технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді.

Екіншісі «Цифрлы мемлекетке көшу». Бұл бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңа сапаға көтеруді мақсат етеді; қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілуімен ерекшеленбек.

Үшіншісі «Цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру». Бұл бағыт мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығына қол жеткізуді міндет етіп қойған.

Төртіншісі «Адам капиталын дамыту». Бұл бағыт бойынша «білім экономикасына» көшу үшін креативті қоғам құру қолға алынады.

Бесіншісі «Инновациялық экожүйені құру». Бұл бағытқа сәйкес бизнес, ғылыми орта және мемлекет арасында тұрақты байланыс орнатылып, технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылып отыр.

Білім саласындағы цифрландыру мәселесі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытына, АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ үрдісімен сабақтасады.«Адами капитал» ұғымын алғаш рет ғылыми ортаға енгізген Нобель сыйлығынының иегері, экономист Теодор Шульц терминге «Адам бойындағы барлық қ аб і ле т ту а б і теді немесе өмірлік дағдымен қалыптасады. Тиісті қаржы бөлу арқылы дамытылатын адам бойындағы туа және жүре қалыптасқан құнды қабілеттерді адами капитал дейміз»сынды анықтама берген-ді.[2, 4-б.]. Ендеше капитал дегеніміз табыс әкелетін құндылық. Табыс әкелмеген кез келген байлық капитал бола алмақ емес. Демек адами капиталға айналмаған жан бәсекелестікке қабілетті болмайтындығы түсінікті жайт.

Адам капиталын дамыту үшін Қазақстанда сапалы кадрлық әлеует құру керек. Сол себепті«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында орта, техникалық жәнекәсіби, жоғары білім

беруде цифрлық сауаттылықты

арттырушаралары қарастырылған:

  • 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» пәні кезең-кезеңімен енгізіледі;
  • жоғары сыныптардағы бағдарлама роботты техника, виртуалдышындық, 3D принтинг және басқа пәндермен толығады;
  • талантты жастарды дамыту және қолдау

мақсатында тұрақты түрдехакатондар, олимпиадалар мен конкурстар

ұйымдастырылуда;

  • роботты техника мен

бағдарламалау бойынша түрлі үйірмелерашылуд а;

  • елді мекендерде тұрғындар, оның ішінде жұмыссыздар, сұранысқа ие цифрлық машықтарға оқытылатын болады және т.б.

Қазақстандағы цифрландыру үрдісі кәсіби мамандары дайындығыдеңгейі қандай? Бүгінде елдің 89 жоғары оқу орнында ақпараттық технологиямамандары оқытылады. 2013-2017 жылдар аралығында осы салада еңбек етуге тиіс 109 557маман даярланды [3, 1-б.].

Жетекші ІТ мамандарын дайындайтын ЖОО қатарына Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, НазарбаевУниверсиеті («Астана бизнес кампусы» хайтек паркінің базасы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,ҚазақБритан техникалық университеті және т.с.с. кіреді.

Сонымен қатар ЭКСПО кешенінде халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі құрылып, Алматы «Алатау» технопаркі, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Zerekтехнопаркі» ЖШС және т.с.с. әрекет етуде. Демек,білім және ғылым саласын цифрландыруды дамыту бойынша елде үш бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Біріншісі орта білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту, екіншісі білім беруді және ғылымды басқару үрдісін автоматтандыру, үшіншісі ІТ мамандарын даярлау.

Қазақстанның цифрлы қоғам орнатуға, соның ішінде білім саласыүрдісіне, қатысты анықтамалық мағлұматтарды сараласақ, төмендегідейміндеттер айғақталмақ.

Елде балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар ашу қолға алынды. Жоба аясында ел бойынша 1 мың сынып ашылып, 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында тереңдетілген білім алады [3, 1-б.]. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізілу көзделуде.

Арнайы WEB-сайт арқылы бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабағы оқытылады. Спорт алаңдары да қысқы және жазғы мезгілге сай қайта жабдықталып, сабақтан тыс уақытта ақылы негізде өзге азаматтарға пайдалануға беріледі. Осы бастамалар аясында елдің мектеп асханалары бірыңғай үлгі бойынша арнайы қондырғылармен жабдықталып, ас мәзірі де мемлекеттік стандарт бойынша дайындалады. Аталған жұмыстар жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүргізіледі. Сөйтіп, елдің 3 миллионға жуық мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалмақ.

ІТ аясында адам капиталын дамыту бағытында орта және жоғары білім беру орындарының бағдарламасы қайта қаралмақ. Бастауыш сыныптарға арналған «Бағдарламалау» және «Робот техникасы» пәндері бойынша жаңа әдістәсілдер енгізілді. Бағдарламалар тілі жаңартылды. Қазіргі таңда 3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында роботтытехника бойынша элективті курс енгізілген [4, 2-б.].

Жоғары оқу орындарында студенттер Data Science, Enterprise Architekture сынды жаңа үлгідегі, сұранысқа ие бағыттар бойынша оқитын болады.

ІТ-мамандардаярлауісіжүзегеасырылады.

Бұлжобабойыншаелдежұмысберуші ІТ- компаниялар мен жоғарыоқуорындарыныңбазасында 20 ІТорталықашылып, жылына 35 мыңадамбілімалады [5, 3-б.].

Олардың қатарына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да жұмылдырылады. Аталған орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Javа, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады. Орталық түлектеріне бір жыл бойы қолдау көрсетіліп, олардың жұмысқа орналасуына да мейлінше жағдай жасалады. Сыныптар мен орталықтар Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен бірлесіп жұмыс атқармақ.

ІТ-орталықтар жобасы барысында ең алдымен қазақстандықтарға фриланс-биржада жұмыс істеуді үйрететін 40 ментор-тәлімгер даярланады [5, 3б.]. «Атамекен» ҰКП-ның есебі бойынша, осы бастамадан кейін 20 мыңға жуық азамат аталған биржада жұмыс істеп, ондаған мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба жемісті іске асқанда, елдің аудан орталықтары тұрғындары да әлемнің ең ірі мегаполистерінде орналасқан компанияларға қызмет көрсетуге мүмкіндік алмақ.

ІТ-хабтың базасында Эколь бағдарламалау мектебі мен арнайы шеберхана жобасы ашылады. Мұнда елдің экожүйесінің инновациялық стартаптарын дайындайтын жастар оқитын болады. 2018 жылдың ақпан айында үздік ІТ-жобалары бар жастар мен компанияларға арналған бағдарлама іске қосылды.

Цифрландыру үрдісіне ілескен өңірлер санатынан Қарағанды, Қостанай Оңтүстік Қазақстан және т.б. облыстары табылуда. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында ІТтехнологияның көмегімен мектеп

оқушыларының себепсіз сабақтан қалу көрсеткіші 22 мыңнан 2 мыңға дейін қысқарған, бұл, өз кезегінде, олардың оқу үлгеріміне де оң ықпалын тигізіп отырған игі қадам екендігі даусыз.Қолданысқа енгізілген электронды журналдар мен күнделіктер ата-аналарға балаларының үлгерімін бақылауға, оқу бағдарламасы мен үй тапсырмалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өңірде онлайнсабақтар секілді жаңашыл үрдістер шалғайда орналасқан аудандар мектептеріндегі мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуге жол ашуда.Интернет байланысы арқылы оқушыларға сабақ немесе мұғалімдерге семинарлар өткізу қолға алынбақ.

Жалпы электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша 6 мыңнан астам мектепте енгізілді [6, 8-б.].

ЖОО-да оқу үдерісін автоматтандыру процесі жүзеге асырылып жатыр. ҚР -ның ЖОО да студенттер электронды портал арқылы сабақ кестесін алады, барлық оқу-әдістемелік кешенді, тестілік және емтихан тапсырмаларды табады. Білім беру саласын цифрландыру үрдісінде белең алып отырған кемшіліктер де баршылық. Біріншіден, білім беру ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың басқа да жүйелерімен интеграциялануы төмен деңгейде. Екіншіден, білім беру ұйымдарының жеткілікті түрде жарақтандырылмауы, интернет желісіне қосылу жылдамдығының төмендігі өзекті проблемаға айналып отыр. Үшіншіден, білім беру жүйесін цифрландыруды қолдау бойынша бірыңғай оператордың жоқтығы келеңсіздік тудыруда. Төртіншіден, ақпараттықкоммуникациялық технология инфрақұрылымын қамтамсыз ету үшін бірыңғай техникалық талаптардың болмауы, бесіншіден, кәсіби құзіреттілік деңгейінің төмендігі кері әсер етуде.

2017 жылдың қыркүйек айында цифрландыру мәселесі бойынша өткен республикалық кеңесте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мелекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күрт артуы мәселе осында. Цифрлы экономика осыны береді»,-деп ескертті.

Елбасының сөзінен шығатын қорытынды Қазақстан цифрлы болашаққа қарышты да нық қад ам басуы керек. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шешуші мақсаты инновациялық экономиканы қалыптастыру, 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу және қоғам мен өндірісті жаңарту.

Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономиканың жедел технологиялық дамуына жол ашып, цифрландыру мәселесіне ерекше ден қою Елбасы қойып отырған маңызды стратегиялық міндет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.ҚР Презизенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауы.Егеменді Қазақстан.2017.31қаңтар
  2. Қастер Сарқытқан. Адами капитал мамандық таңдаудан қалыптасады // President & Halyq.2018. 29 маусым. Б. 6.
  3. Игілігі мол цифрлы қоғам // Егемен Қазақстан. 2018.2 ақпан. Б. 12.
  4. Абай Асанкелдіұлы. Білім саласын цифрландыру мәселесі қаралды // Егеменді Қазақстан.2018. 20 наурыз. Б. 21.
  5. Жаңа әлемге бастайтын жаңа жобалар. // Айқын. 2018. 24 сәуір. Б. 8.
  6. Егеменді Қазақстан. 2018. 3 қазан. Б.20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.