Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Батыс-сібір және дала генерал-губернаторлығында болыстық жүйенің құрылу үдерісіне салыстырмалы талдау

МақалаДа ХІХғ.ХХғ. басынДағы отаршыл Ресей империясының Қазақ ДаласынДа жүргізген әкімшілік саяси басқару жүйесіндегі реформалардың болыстар институтының құрылу принципіне тигізген әсері қарастырылады. Сонымен қатар «болыстық сұлтан» мен «болыстық билеушілердің» сайлану ережесі мен олардың қазақ тарихында алатын орнына үлкен мән беріліп, салыстырмалы сараптама жасалады. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы мен Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірген болыстар бойынша толық, нақты мәліметтер келтіріледі. Қарастырылып отырған кезеңдерге қатысты округ құрамындағы болыстар мен уезд құрамындағы болыстардың сандық, сапалық ерекшеліктеріне тарихи салыстыру жасалады. Әсіресе, болыс атауларларының алғашында ру-тайпа аттарымен тығыз байланысты болып, кейіннен жер-су аттарына байланысты атала бастағандығына үлкен мән беріледі. Сондай-ақ, мақалада болыстық сұлтандар мен болыстық билеушілер кезеңдерінің отаршыл империя құрамындағы қазақ тарихының ажырамас бір бөлігі екендігі көрсетіледі.

Қазақ даласында болыстар институтының құрылуы отаршыл Ресей империсының жүргізген жүйелі отарлау саясатының бір көрінісі болып табылады.Болыстық билеушілер қазақ қоғамында әкімшілік, шаруашылық және реттеушілік міндеттер атқаратын жергілік ұлт өкілдерінің ішінен сайланатын ең жоғары билік сатысы.Ресей империясының қазақ деріндегі әкімшілік саяси билігі Қазақстандық тарихнамада жақсы қарастырылған, оған дәдел С. Зимановтың, Г. Сұлтанғалиеваның, Б. Абдрахманованың, К. Жиренчиннің және С.Сейфулмаликовалардың еңбектері болып табылады. Бірақ аталған авторлардың еңбектерінде ХІХ ғасырдағы реформалардың жалпы сипаттамасы беріліп, болыстардың құрылуының ерекшеліктері қарастырылмайды. Болыстық билеушілердің қызметтік міндеттері, сайлану жүйесі т.б.Соңғы жылдарда болыстар институты жөнінде көптеген ғылыми мақалалар жарияланды. Солардың қатарында Т.Т. Далааеваның «Организация волостей системы управления в Казахской степи в контексте административной политики Российской империи в ХІХ веке» атты ғылыми мақаласында 1831ж. және 1841ж. Қазақ даласында құрылған болыстардың саны мен құрамына жан-жақты тоқталып кетеді[1, 213216 бб.].

К.Г. Калиеваның «Влияние особенностей управления чиновничества в лице волостных управителей и аульных старшин на их социальный статус» атты ғылыми мақаласында болыстық билеушілердің сайлану ережелері мен халық арасындағы қарым-қатынастары баяндалады [2, 78 б.].

Ф.А. Щербинаның басшылығымен ұйымдастырылған «Материалы по киргизскому землепользованию» атты Дала облыстарын зерттеуге арналған экспедиция материалдарында да тақырыбымызға қатысты нақты деректер бар. Автор өз еңбегінде Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы уездер мен балыстарға кеңінен сипаттама береді. Сонымен қатар болыстардың орналасуы мен әкімшілік территориялық жер бөлінуіне байланысты туындаған өзекті мәселелерді көтереді [3, 294297 бб.].

Аталмыш мәселе бойынша арнайы жұмыс жазылып, салыстырмалы сараптамалық зерттеу жасалмаған, тек жекелеген болыстар мен болыстық билеушілер бойынша жазылған еңбектер бар.

Отандық тарих ғылымындағы тарихнамалық ахуал, мені Батыс Сібір генерал-губернаторлығы қазақтарының территориясында, әртүрлі хронологиялық уақыттарда орналасқан болыстар институтына салыстырмалы сараптама жүргізуге итермеледі. Болыстық басқару жүйесі Қазақ даласында 1822 жылы пайда болды. «Сібір қазақтары туралы жарғыға»(1822ж.) сәйкес Ресеймен шекаралас және шекараға таяу орналасқан Орта жүз қазақтарының қоныстары ауыл, болыс және округке бөлінді. Бір округтың құрамына 15-20 болыс кірді. [4, 43 б.] «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» (1868ж.) бойынша қазақ даласында жаңа әкімшілік басқару жүйесі енгізіліп, облыс, уезд, болыс және ауыл болып бөлінді. Қазақстанның батыс, солтүстік, шығыс аймақтарында жаппай болыстар құрылып, уақытша ережеге сәйкес әр болыста халық саны 1000-2000 түтінге дейін жетті. [ 5,12 б.]Енгізілген әкімшілік органдар қазақ даласындағы дәстүрлі басқару жүйесін қиратып, ғасырлар бойы қалыптасқан әкімшілік билік иерархиясын ығыстырып шығара бастады.

Осы мәселеге байланысты, болыстар жүйесі құрылуының екі этапын қарастырамыз: біріншісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Болыстық сұлтандар, екіншісі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралығында өмір сүрген болыстық билеушілер. Қарастырылатын екі кезең болыстарының арасындағы ортақ тұстарын немесе ерекшеліктерді анықтап, тарихи баға беруге тырысамыз.Салыстыруға империя билігінің заңнамалық құжаты 1822 жылғы Сібір қазақтарының жарғысы мен 1868 жылғы Уақытша ереже, 1891жылғы Дала облыстарын басқару жөніндегі ереже негіз болады [ 6, 12 б]. Болыстық сұлтан мен болыстық билеушілерге қойылатын Ресей империясы тарапынан талаптардың өзгеруі әкімшілік басқару жүйесінде де үлкен өзгерістер алып келді. 1822 жығы жарғыға сәйкес Болыстық сұлтан болып сайлану үшін ең бірінші критерий төре тұқымынан яғни Шыңғыс ұрпағы болу міндетті болса, тек болыстық билеуші болып сайлану үшін ол критерий ескерілмей,1868 жылғы Уақытша ережеге сай 25 жасқа толған, халық алдында құрметті, халық сеніміне ие және сотталмаған кез-келген адам сайлана алды[ 5, 12 б.].

Сібір қазақтары туралы жарғының « Болыстық басқарама» деп аталатын екінші бөлімі сұлтандар туралы баптармен ашылады. Болыс сұлтаны өз қалауымен яғни өз жақын туысы немесе өз ұлын бірдей көмекші етіп алуға құқылы болды. Болыс сұлтандардың соңында мұрагері болмай қалған жағдайда халықтың көпшілік дауысымен өзге сұлтан тағайындалатын болды. Болыс сұлтандары он екі кластық шеніндегі шенеунік болып есептелінді[ 7, 72 б.].Сондықтан , соттау ісі мен жазалау үкімін шығаруда ешқандай құқы болған жоқ . Бір сөзбен айтқанда бұл істерде патша әкімшілгі сұлтандарды өзінің шабарман қолшоқпарына айналдыруды мақсат тұтқаны көрініп тұр . Жарғыда сұлтандар округтық приказға ел ішіндегі дау-жанжалды дер кезінде жеткізіп тұруға және приказдан әскери көмек сұрауға міндетті деп жазылды . Басқаша айтқанда , кейбір сұлтандар шынында патшалық әкімшіліктің «көзі» мен « құлағы» іспетпес еді.

Болыстық сұлтандарға жарғы бойынша жергілікті басқару органының бір сатысы ретінде империялық қазынадан жалақы төленіп отырды. Бұдан біз болыстық сұлтандаға патша үкіметі ерекше назар аударып, отарлау саясатының алғашқы кезеңдерінде оларға шенеунік деңгейінде мүмкіндіктер мен құқықтар бергенін байқаймыз. Дегенмен, болыстық сұлтандардың сайлануы мен мұрагерлік арқылы биліктің берілуіне байланысты «Казахские чиновники на службе Россиской империи» атты құжаттар мен материалдар жинағында Батыс Сібір генералгубернаторының 1860 жылы 9-наурызда императорға жазған ұсынысы көрсетілген « должность волостного управителя по закону непременно соединена с званием или по крайней мере родопроисхождением султанским. Между тем на деле, применение этого закона часто бывает весьма затруднительно, а иногда и совершенно невозможно;так как очень часто случается, что в некоторых волостях вовсе нет султанов, других же хотя есть,но лица эти оказываются или неспособными к управлению волостями...»[8, 48 б. ].Аталмыш құжаттан көретініміз болыстық сұлтандарды бекіту барысында кешенді қиыншылықтардың орын алып, талапқа сәйкес шені немесе шығу тегіне қатысты мәселелердің күрделелігін атап көрсетеді.

Осыған байланысты Батыс Сібір генералгубернаторы «Принимая в соображение, что эти обстоятельства указывают на необходимость изменения вышеприведенных статей закона, я покорнейше прошу ваше превосходительство предложить этот вопрос на обсуждение Областного совета, в котором составит проект новых правил избрания волосных управителей; » әкімшілік-саяси басқару жүйесінде өзгерістер енгізу қажеттігін баяндайды[8, 48 б. ].

Арада 8 жылдай уақыт өткесін,1868 жылғы «Орал,Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бойынша болыстық билеушілерге «жергілікті басқару» статусынан айырып оның орнына «қоғамдық басқару» статусын беріп, енді жалақы империя қазынасынан емес, түтін салығынан түскен қаражаттан ғана берілетін болды.

Болыстардың негізгі атқарған міндеттеріне: түтін салығын жинау, көшіп қону үдерісінің ұйымдастырылуы мен маршрутын анықтау, әкімшілік билік тарапынан тапсырмаларды орындау т.б. кірді. Болыстық сұлтан мен болыстық билеушінің атқарған қызметтерінде айтарлықтай үлкен айырмашылық болмады. Болыстардың құрылуындағы негізгі принцип 1822 жылғы Сібір қазақтарының жарғысында ру тайпалық ерекшелік ескеріліп, бір немесе бірнеше рулардан құралатын болса, 1868 жылғы «Орал,Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бойынша бұл қағидағы мән берілмей аймақтық территориялық принцип басшылыққа алынды [9, 12 б. ].

1822-1868жж. Батыс Сібір ведомствасының территориясындағы және 1868-1902 жж.арсындағы Ақмола мен Семей облыстарының территориясындағы болыстардың сандық

Кесте 1

құрамы жөніндегі анықталған материалдарды жүйелендіруге тырыстым.

Батыс Сібір генерал-губернаторы (1841ж.)

Дала генерал-губернаторы (1902)

Округ

Болыс

Облыс

Уезд

Болыс

Ақмола

12

Ақмола

Ақмола

17

Аягөз

28

Атбасар

12

Көкшетау

20(1831ж.),13

Көкшетау

8

Үшбұлақ

15

Омбы

5

Баянауыл

12

Семей

Зайсан

16

Қарқаралы

20(1831ж.),17

Қарқаралы

14

Көкбекті

10(1844ж.)

Павлодар

16

Аманқарағай

10

Семей

18

Өскемен

13

Барлығы

117

   

127

1-кестеде көріп отырғанымыздай Қазақ даласында 1841ж. мен 1902ж. құрылған болыстардың санында үлкен айырмашылықты байқаймыз. [ 10, 294-297 бб.]Ресей империясы ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырға дейін өзінің отарлау саясатын күшейтіп, қазақ жеріндегі өз билігін кеңейтіп отырған.

Қызығушылық туғызатын тағы бір мәселе, ол болыстардың атауларының 80 жылдың ішінде өзгеруі болып табылады. 1822-1868 жылдар арасындағы болыстардың атаулары, 1868 жылғы реформадан кейін атаулармен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырай бастады.

Кесте 2

 

1841жылғы болыстардың атаулары

1902 жылғы болыстардың атаулары

Қарқаралы округі

Қарқаралы уезі

1

Дюсенбай Чекчековская

Кзылтавская

2

Кара-Айтимбетовская

Нуринская

3

Карауыл Камбаровская

Берккаринская

4

Надан Тобуклинская

Аксаринская

5

Тюленгутовская

Кентская

6

Киреевская

Токраунская

7

Тараклинская

Темирчинская

8

Кучумовская

Абралинская

9

Ялыкбашевская

Борлинская

10

Байбуринская

Дегеленская

11

Айбике Чанчаровская

Акботинская

12

Нұрбике Чанчаровская

Эдринская

13

Куянчи Тягаевская

Кувская

14

Карсон Киреевская

Сартавская

15

Алтыке Сарымовская

 

16

Мамбетей Тобуклинская

 

17

Кучук Тобуклинская

 
 

Ақмола округі

Ақмола уезі

1

Инеле Тунгатаровская

Акмолинская

2

Кареке Алтаевская

Еременская

3

Муюн Алтаевская

Коржункульская

4

Теналы карпыкавская

Кызылтопракская

5

Айтхожа Карпыковская

Мончактинская

6

Алысай Алтаевская

Нуринская

7

Темешевские

Ишимская

8

Байдалы Алтаевская

Джиландинская

9

Кыргыз Туртугульской

Спасская

10

 

Черубай-Нуринская

11

 

Карагачская

12

 

Нельдинская

13

 

Ортавская

14

 

Актавская

15

 

Атасуйская

16

 

Мунглинская

17

 

Соранская

2-кестеде көрсетілгендей Ақмола округі мен Ақмола уезін, Қарқаралы округі мен Қарқаралы уезін салыстыратын болсақ, мынадай өзгерістерді байқаймыз.Біріншіден болыстардың саны мен құрамының өзгеруі, екіншіден округ құрамындағы болыстардың атаулары адам есімдері мен ру атауларына негізделсе,уезд құрамындағы болыстардың атаулары жер-су аттарына басымдылықпен аталған [1, 213-216 бб.]. Ресей отаршыларының мақсаттарының бірі жергілікті болыс атауларындағы ру-тайпа аттарын өзгерту арқылы халық жадындағы сақталып келген туыстық қарым-қатынас пен ауызбіршілікті жою болды.

Қорытындылай келе 1822 жылғы,1868 жылғы және 1891 әкімшілік саяси реформалар қазақ даласындағы дәстүрлі басқару жүйесіне үлкен өзгерістер алып келді. Ресей империясы әрбір реформа сайын отарлау саясатын күшейтіп, жергілікті ұлт өкілдерңне ең төменгі билік сатыларын ғана қалдырғандығын аңғару қиын емес. Ең бастысы халықты шын мәнінде өзін-өзі басқару құқығынан айырып, аянышты күйге түсірді. ХІХ мен ХХ ғғ.басында жүргізен Ресей империясының отаршыл саясатын жүзеге асыруда, болыстардың рөлі ерекше болды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Далаева Т.Т. Организация волостей системы управления в Казахской степи в контексте административной политики Российской империи в ХІХ веке // Материалы Международной научнотеоретической конференции «Теоретико-методологические подходы и проблемы изучения традиционных цивилизаций Центральной Азии». Алматы: 2015. С. 209-218.
  2. Калиева К.Г. Влияние особенностей управления чиновничества в лице волостных управителей и аульных старшин на их социальный статус // Вестник КарГУ.серия История. Философия. Караганда: 2010. 140 с.
  3. Материалы по киргизскомо землеползованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей Семипалатинская область, Каркаралинский уезд. Том ѴІ-й. СПб.: 1905. 1150 с.
  4. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: Власть, система управления, территориальное устройство в ХІХ веке. Астана: Елорда, 1998. 135 с.
  5. Временное положение об управлении в областях Уральской, Тургайской, Акмолинской и Семипалатинской. СПб.: Министерства внутренних дел, 1883. 50 с.
  6. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX начале XX веков. Алматы: 1996. 352 с.
  7. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины ХІХ веков. Алма-Ата: Изд-во АН. Каз ССР, 1960. 295 с.
  8. Г.С. Султангалиева, сост. Г.С. Султангалиева, Т.Т. Далаева, С.К. Удербаева Казахские чиновники на службе Россиской империи: сборник документов и материалов. Алматы: Қазақ университеті, 2014. 418 с.
  9. Положение о управлении областей Акмолинской, Семипалатинской, Семиреченской и Тургайской. Том ІІ, 1892г.,Санкпетербург.
  10. Материалы по киргизскомо землеползованию собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей Акмолинская область, Акмолинский уезд. Том ІІІ-й, часть 1-ая. СПб.: Типография «Т-ва Художественной Печати», 1907. 766 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.